400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Наурыз мейрамы

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының тұрмыс- салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер «патрих», бирмалықтар «су мейрамы», тәжіктер «гүл гардон», «бәйшешек», « гүлнаурыз» деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һаям, т.б. еңбектеріңде наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған.Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашқты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалақ» ұсынады;ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн символын» салады;үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз күні даланы Қыдыр аралайды.

Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген.Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып,төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне тілектер айтады.Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады.

Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірлуі –қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы-жаз тағамымен (сүт,ақ ) қауышуды білдіреді.

Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар – ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайы, дос –жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып,күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, Аударыспақ, күрес, қыз қуу, аотыбақан, тең көтеру,т.б.) ойналды. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.

Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде 1920- 25 шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен,1926 жылы ол діни мейрам, ескілік сарқыншағы деп танылып, тоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды.1988 жылдан Алматы қаласында, республикалыканың көптегенаудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.03.2019
546
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі