"Наурыз мейрамы" Түзете-дамыту сабақ жоспары 2 сынып

Тақырып бойынша 12 материал табылды

"Наурыз мейрамы" Түзете-дамыту сабақ жоспары 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Наурыз мейрамы". Түзете-дамыту сабақ жоспары, 2 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні: Қуекесова Г.Т.

Күні: 17.03.2021

Сыныбы: 2 – сынып

Пәні: Ана тілі

Оқушылар саны: 4 Сабаққа қатысқан оқушылар саны: ____

Сабақтың тақырыбы: Наурыз мейрамы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың Наурыз туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорларын молайту, жаңа сөздерді пайдаланып ауызекі сөйлеуге үйрету.

Түзету-дамытушылық: оқушылардың танымдық ықыласын молайту, қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Өз ой пікірлерін еркін жеткізу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларға төл мерекеміз Наурызды насихаттау, еліміздің салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру және құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: түрлі-түсті қарындаштар, қалам, Наурыз мерекесі туралы мәтін, шапанның суреті, жазылым тапсырмасы, сәйкестендіру тапсырмасы, ассоциация, презентация, Наурыз мерекесіне арналған плакаттар, бейнетаспа.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, көрсету, түсіндіру, ойын.



Сабақ барысы

І. Ұйымдастырушылық кезеңі.

Психологиялық дайындық

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Күн жарығын алақанға саламын

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі әрі нәзік,жарық,мейірімді

Болып кетер сонда менің жан-жағым

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды. Жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.



ІІ. Негізгі бөлім.

-Қазір жылдың қай мезгілі ?

-Көктемнің ерекшеліктері қандай?

-Саған жылдың қай мезгілі ұнайды?

-Көктем мезгілі неліктен ұнайды?

-Наурыз  айында  қандай  мерекелер  бар? (8 наурыз, 22 наурыз)

Оқушылардың жауаптары тыңдалады

Тақтада Наурыз мейрамы туралы бейнетаспа көрсетіледі.



- Наурыз жылдың әрі көктемнің бірінші айы. «Нау»-жаңа, «руз»-күн деген мағынаны білдіреді. Наурызда күн мен түн теңеледі. Қазақша жаңа жыл басталады. Бар табиғат оянып, түлеп, жасарған күн бұл «Ұлыстың ұлы күні» деп аталады.

Наурыз – достық, еңбек мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген реніштерін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген.

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн  мен түн теңеледі. Табиғат та, Жер Ана да,  жан-жануарлар да түлейді. Адамзаттың бойында қан жүгіріп, тал-теректер бүршік жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезіп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы еріп  гүлдер, шөптер шыға бастайды.

Ұлыстың ұлы күні дастарқанның басты асы Наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалады.

1.Бидай

2.Ет

3.Күріш

4.Су

5.Тары

6.Тұз

7.Айран, сүт

Наурыз көжені тойып ішу кажет. Дастархан басында жастар үлкендердің батасын алған.

«Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң да жол болсын!»

Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында түрлі ойындар ойнап, ән шырқап, би билеп, мақал айтып, жұмбақ шешіп жарысқан.



Қандай қазақ ұлттық тағамдарын білесіңдер?
- Балалар, жеті түрлі тағамнан қандай тағам пісіріледі?( Наурыз көже)
- Жеті түрлі тағамдарды атайықшы?
- тары, құрт, жүгері, арпа, айран, тұз және ет.



ІІІ. Тапсырмалар орындау.

1-тапсырма.

Оқылым. Оқушылар мәтінді мұқият оқиды және сұрақтарға жауап береді.



Наурыз мерекесі.

Наурыз - шығыс халықтарында жыл басы мерекесі. Парсы тілінен "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деп аударылады. Жаңа жылдың бірінші күні дейді. Адамдар наурыз мерекесіне дайындалады. Олар бұлақтарды тазартады, бақта ағаштарды отырғызады. Әдемі ұлттық киімдерін киеді, бір-бірін мерекемен құттықтайды, сыйлық сыйлайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Бұл күні жер иесі Қыдыр Ата даланы аралап, баршаға бақыт пен береке тілейді. Мерекеде жастар ән айтады, би билейді және ұлттық ойындар ойнайды. Үлкен кісілер бата береді. Мереке көңілді өтеді.



  1. Наурыз сөзінің мағынасы қандай?

  2. Наурыз мерекесінде қандай ерекшеліктер болады?

  3. Бұл күні даланы кім аралайды?

  4. Мереке қалай өтеді?



2-тапсырма.

Жазылым. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.

Күн мен түн .................................... .

Әр үйде наурыз көже ....................... .

Наурызда адамдар ұлттық ойындар ......................... .

Керекті сөздер : пісіреді, теңеледі, ойнайды



3-тапсырма.

Сөздерді сәйкестендір



Наурыз

Қар

Күн мен түн

Наурыз көже

Жеті түрлі

Бұл күн

теңеледі

тағам

демалыс күні

мереке

ериді

әзірлейді



ІV.Сергіту сәті.

«Қара жорға» биі. Бейнетаспада көрсетіледі.



4-тапсырма.

«Артығын тап» ойыны. Наурыз көжеге қоспайтын тағам түрін тап.





5-тапсырма

Қазақ халқының ұлттық киімі Шапанды боя.



Picture 2



V. Кері байланыс

Сұрақ-жауап әдісі арқылы.

-Наурыз мерекесі қандай мереке?

-Қандай елдер наурыз мерекесін тойлайды?

-Наурыз қандай мағына береді?

- Қандай қазақ ұлттық тағамдарын білесіңдер?
- Балалар, жеті түрлі тағамнан қандай тағам пісіріледі? (Наурыз көже)
- Жеті түрлі тағамдарды атайықшы?
- Тары, құрт, жүгері, арпа, айран, тұз және ет.

Оқушылардың жауабы тыңдалады



VІ. Қорытынды

Сабақтың басты сәттеріне тоқталу



- Балалар, бүгін сабақта не туралы өттік?

- Наурыз туралы не білдік?

Оқушылардың болжамды жауаптары тыңдалады

Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!









Жетекшісі: Дефектолог: Ғиниятова Н. Т.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2024
168
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі