Туберкулез ауруына қарсы санаторлық түрдегі «Нұр» балабақшасы
Тақырыбы: «Төрлет, төрлет Наурыз!» ертеңгілік

Тәрбиеші: Бимашева Г.Б.
2023-2024 оқу жылы
Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Төрлет, төрлет Наурыз!» ертеңгілік
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.
Фанфары ойнатылады.
Тәрбиеші:
Аманбысың, армысың халқым менің!
Ақтарған кең даланың алтын кенін
Мереке басы болсын берекенің
Ардақты наурыз тойы салты-елдің
Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар, қадірлі қонақтар! Күн мен түнді теңеген, бәрімізді қуанышқа бөлеген, Ұлыстың ұлы күні – наурыз мерекесі құтты болсын!
Салт-дәстүр: «Бесікке салу»
(Сәбидің жылап, күлген даусы шығады)
Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен қадірлі аналардың бірі әкеліп, сыйға береді. Ең алдымен бесікке салушы әйел бесіктің өзін жын-шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен аластап шығады. Содан кейін көрпешелер мен жастықшаларды баптап салады. Баланы жатқызып, бөлейді. Қолбау, белбеу және аяқбаумен тартып байлап қояды. Әйел тілектерін айта отырып бесіктің үстіне алдымен көрпе жабады. Бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады,ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі,көз тимесін деп тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды.
Тәрбиеші:
Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
ӘН:
«Той-той
Наурыз»
Көрініс: «Хан мен уәзірлері»
Хан: Уа, уәзірім бері кел!
Уәзір: Иә, хан ием!
Хан: Мен мына «Өрнек хандығында» ұланғасыр той өткізгелі жатырмын. Сол тойда қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс болады. Сол жарысты бүкіл халыққа жария қыл. Жарыс жеңімпаздарына өзімнің алтын қылышыммен, алтын сақамды тарту етемін.
Уәзір: Құп болады!
Уәзір: (Қағазды ашып жарлықты оқиды)
Уа, халайық, халайық. Өрнек хандығында ұланғасыр той болғалы жатыр. Хан қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс ұйымдастырады. Қыз қуу, арқан тартыс, қой көтеру, садақ ату, күш сынасу, ханталапай. Жарыс жеңімпаздарына ханның алтын қылышымен, алтын сақасы сыйға беріледі.
Тәрбиеші: Жарысқа қатысамыз ба?
Балалар: Иә
Хан: Ой, жарайсың батырым! Барлық өнерлеріңді, күштеріңді көрсеттіңдер.
Ән: «Домбырам»
Тәрбиеші:
Тойла бүгін тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым!
Береке бол ешқашанда тозбаған! – дей отырып,
ертеңгілігімізді
аяқтаймыз.
Сөз кезегі
ба
лабақша директоры: Шара Тлектесқызына беріледі.








жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Наурыз мерекесі
Наурыз мерекесі
Туберкулез ауруына қарсы санаторлық түрдегі «Нұр» балабақшасы
Тақырыбы: «Төрлет, төрлет Наурыз!» ертеңгілік

Тәрбиеші: Бимашева Г.Б.
2023-2024 оқу жылы
Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Төрлет, төрлет Наурыз!» ертеңгілік
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.
Фанфары ойнатылады.
Тәрбиеші:
Аманбысың, армысың халқым менің!
Ақтарған кең даланың алтын кенін
Мереке басы болсын берекенің
Ардақты наурыз тойы салты-елдің
Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар, қадірлі қонақтар! Күн мен түнді теңеген, бәрімізді қуанышқа бөлеген, Ұлыстың ұлы күні – наурыз мерекесі құтты болсын!
Салт-дәстүр: «Бесікке салу»
(Сәбидің жылап, күлген даусы шығады)
Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен қадірлі аналардың бірі әкеліп, сыйға береді. Ең алдымен бесікке салушы әйел бесіктің өзін жын-шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен аластап шығады. Содан кейін көрпешелер мен жастықшаларды баптап салады. Баланы жатқызып, бөлейді. Қолбау, белбеу және аяқбаумен тартып байлап қояды. Әйел тілектерін айта отырып бесіктің үстіне алдымен көрпе жабады. Бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады,ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі,көз тимесін деп тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды.
Тәрбиеші:
Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
ӘН:
«Той-той
Наурыз»
Көрініс: «Хан мен уәзірлері»
Хан: Уа, уәзірім бері кел!
Уәзір: Иә, хан ием!
Хан: Мен мына «Өрнек хандығында» ұланғасыр той өткізгелі жатырмын. Сол тойда қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс болады. Сол жарысты бүкіл халыққа жария қыл. Жарыс жеңімпаздарына өзімнің алтын қылышыммен, алтын сақамды тарту етемін.
Уәзір: Құп болады!
Уәзір: (Қағазды ашып жарлықты оқиды)
Уа, халайық, халайық. Өрнек хандығында ұланғасыр той болғалы жатыр. Хан қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс ұйымдастырады. Қыз қуу, арқан тартыс, қой көтеру, садақ ату, күш сынасу, ханталапай. Жарыс жеңімпаздарына ханның алтын қылышымен, алтын сақасы сыйға беріледі.
Тәрбиеші: Жарысқа қатысамыз ба?
Балалар: Иә
Хан: Ой, жарайсың батырым! Барлық өнерлеріңді, күштеріңді көрсеттіңдер.
Ән: «Домбырам»
Тәрбиеші:
Тойла бүгін тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым!
Береке бол ешқашанда тозбаған! – дей отырып,
ертеңгілігімізді
аяқтаймыз.
Сөз кезегі
ба
лабақша директоры: Шара Тлектесқызына беріледі.








шағым қалдыра аласыз













