жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Наурыз мерекесі" 4- сынып
|
Пәннің аты: Еңбекке баулу. |
3 «А» сынып. |
№ 39 сабақ |
Мерзімі: 01.02.2018ж. |
Мұғалім: Г.Умбеталиева |
Тексерілді: |
|
||||||
|
Сабақтың атауы |
«Наурыз мерекесі. |
|
||||||||||
|
Мақсаты |
Білімділік:.Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Халықтық мерекелермен және дәстүрлермен таныстыру. Дамытушылық:Танымдық қабілеттерін дамыту,ой-өрісін кеңейту. Тәрбиелік:Салт-дәстүрді құрметтеуге ,ұқыптылыққа,ептілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі : Арнайы суреттер,нақыл сөздер,интерактивті тақта. Қажетті құралдар: түсті қағаз түрлері,қатты қағаз,желім,қайшы. Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу,түсіндіру. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Пән аралық байланыс:әдебиет,тарих,бейнелеу. |
|
||||||||||
|
Күтілетін нәтиже |
|
|||||||||||
|
Психологиялық ахуал |
П Күн шуағын себеді, Нәр аламын бойыма. Осы күннің жылуын, Берейін досым бойыңа |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
|
|||||||||
|
Қызығушылықты ояту Мағынаны тану
|
Жаңа сабақ./Әр халықтың мерекелері бар екендігі жайлы түсінік беру/. 1. /Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.Қазіргі күнтізбе бойынша/наурыздың -22/күн мен түннің теңесуі кезеңіне келеді.Наурыздың 22-сі күні «Наурыз мейрамы»/жаңа жыл/ екенін қазақ баласының көбі біледі.Бұл мейрам –дін мейрамы емес,ұлт мейрамы.Наурыз – ұлт мейрамы болғандықтан оның терең тарихи маңызының тереңдігі бар.Ызғарлы қыстың кетіп,жан иесі өмір қуатын туғызған жыл,жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. 2./ Қазақтар үшін Наурыз мерекесі – жыл басы болып есептеледі. Наурыз –Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол күнтізбелік жылдың үшінші айы/31 тәулік/,көктемнің басы.Қазақтар бұл мейрамды «Әз – Наурыз»мейрамы деп те атаған.Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс/гуіл/естіледі.Бұл күні бүкіл табиғатқа,тіршілік иесіне,өсімдік,жан-жануарға ерекше сезім,қуат,қасиет нұры құйылады.Сол себепті,халқымыз «Әз болмай – мәз болмайды»деген. Жерге көк шығып,жыл құстары келіп,мал төлдеп,адамдар көктемгі егіске дайындалып жатады. Осы кезде Наурыз мерекесі тойланады.Наурыз мерекесі үлкен салтанатпен өтеді.Наурыз мерекесі күні - 7 дәмнен тұратын мерекелік тағам-көже дайындалады. 3. Ұлыстың ұлы күні деп неге атаған? Бұл жөнінде мынадай аңыз бар: Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрттың тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады.Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады.Содан,бұл күнді – «Ұлыстың ұлы күні»деп жариялайды. 4.Наурыз – неге жыл басы? Жеріміз Күнді бір айналып шығатын мерзім – жылдың шартты түрде үш-үш айынан болып бөлінетіні баршамызға белгілі.Астрономия ғылымында да бұл нақтылана түседі.Көктем наурыздың 22-сінен басталады екен.Ендеше,Жаңа жылымыз да дәл 22 наурыздан басталуы жыл мезгілдерінің астрономия заңдылығымен де дәл келеді екен. 5. Наурызды кім қалай тойлаған?/салт-дәстүр/ Наурыз мейрамын –әлемнің көп халықтары тойлаған,қазір де тойлайды.Ұлы ғұламалар /Әбу Райхан Беруни,Омар Хайям/тәрізді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектеріндегі Шығыс халықтарының Наурыз мейрамын қалай тойлайтындығы туралы деректерге назар аударсақ ,олар Наурыз күндерінде мынадай салт-дәстүр,ырымдар жасалған: 1/ Әр жерде үлкен от жағып,отқа май құйған. 2/ Жаңа өнген 7 дәнге қарап болашақты болжаған. 3/ Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалық»ұсынған. 4/ Ескі киімдерін тастаған. 5/ Ескірген шыны аяқты сындырған. 6/ Бір-біріне гүл сыйлаған. 7/ Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою «күн символын»салған. 8/ Үйлеріндегі тіреу ағашқа гүл ілген. 9/ Түрлі ұлттық ойындар ,жарыстар өткізген. 10/ Бұл күні кәрі-жас бір-біріне жақсы тілектер айтып,араздаспаған. Мақсат қою кезеңі. «Наурыз»аппликациясын құрастыру. Оқушының еңбегі, мұғалімнің көмегі. Оқушының өздігінен жасауы. Практикалық жұмыс. Техника қауіпсіздігін сақтау. / Еңбек қауіпсіздігі ережесін ескеру./ Жұмыстың орындалу реті: Ұзындығы 30см.,ені 20см.қатты қағаздың төменгі бөлігіне жасыл түсті жұқа қағазды,ал жоғарғы бөлігіне көкшіл түсті жұқа қағазды желімдейміз.Жайылып кетпеуі үшін желімді аздап жағамыз. Қатырма қағаздан киіз үйдің қалып үлгісін дайындап аламыз.Ақ түсті жұқа қағаздың бетіне дайын қалып үлгіні қойып,киіз үйді жасаймыз.Қызыл түсті қағаздан оюын дайындап,киіз үйге желімдейміз.Киіз үйдің есігін қиып,қайырып қоямыз.Одан кейін дайын киіз үйді негіздің бетіне жапсырамыз. Жылқылар мен қойларды ақ,қара,қоңыр түсті қағаздардан қиып алып,желімдейміз,және де құстардың суреттерін,алтыбақан жасауға,қазан – ошақ жасауға да болады.Міне осылардың барлығын осы аппликацияны орындау барысында орналастыруға болады. Көрсетілген үлгілердің элементтерін пайдалану арқылы немесе өз қиялдарыңа ерік беріп,шеберліктеріңді көрсетіңдер. Олай болса,іске сәт балалар! |
|
||||||||||
|
Сергіту сәті |
Наурыз – көктем жайында бата, өлеңдер айтқызу. |
Ой сергітеді,шашағандары басылады. |
|
|||||||||
|
Ой
толғаныс |
Наурыз тойы туралы әңгімелеу. 1926 жылы «діни мейрам» саналып,күрт тоқтатылған «Наурыз мейрамы» ол халқымызға 1988 жылы қайта оралды.Оған себеп болған: Наурызды Қазақстанда тойлау тоқтатылғаннан кейін 62 жыл өткенінде Мұхтар Шаханов бұрынғы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбинге «Наурызды»халыққа қайтару жөнінде арнайы хат жазды және де оған талап қойды.Осы хаттан кейін «Наурыз»мейрамы қазаққа қайта оралды. Міне, содан бері бізде «Наурыз»мейрамын тойлап келеміз. Мерекелік үлкен дастарқан жаямыз.Адамдар бір-бірін құттықтап,ақ тілеулерін айтады,бата береді. Ұлыстың ұлы күнінде: «Еліңе елеулі,халқыңа қалаулы бол!», «Бақ берсін, қыдыр дарысын!», «Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!», «Өркенің өссін,әр күнің бүгінгідей берекелі болсын»деген бата,тілектер беріледі. Мереке кезінде біз де дайындаламыз: сынып бөлмесін тазартамыз,сәндейміз, ата-анамызбен бірге ұлттық киімдерімізді дайындаймыз.Ашық сабақ ұйымдастырып, «Наурыз көжеден»дәм татамыз.Бір – бірімізге «Ашық құттықтау»хатын да ұйымдастыруға болады. Бұл мерекені Қазақстан Республикасында тұратын барлық басқа ұлт өкілдері де бірге тойлайды.Қазақтар бұл мейрамды « Әз мейрам» деп те атаған.Сол себепті де «Әз болмай-мәз болмайды» деген ұғым бар. Түсінгендерін тексеру. Наурыз мейрамы қандай мейрам? Наурыз мейрамы аппликациясын неге жасыл түспен алдық? Наурыз мейрамы қай мезгілде болады? Қорытындылау. Бүгінгі сабақта нені білдік?Сабақ ұнады ма? |
|
||||||||||
|
Үйге тапсырма |
Наурыз мерекесі жайлы түсініп оқу,бір-біріңе құттықтау ашық хатын ұйымдастыру. |
Күнделіктеріне жазып беремін. |
|
|||||||||
|
Бағалау |
Сабаққа белсенді қатысқан және құрастыру жұмысында жақсы нәтиже көрсеткен оқушыларды мадақтау және бағалау. |
Бағалау парақшасын толтырады. |
|
|||||||||
|
Кері байланыс |
|
Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып,мәуе ағашына жапсырады. |
|
|||||||||
|
|
|
|||||||||||
|
Пәннің аты: Еңбекке баулу. 2 «А,Б»сынып. |
Мерзімі: 03.03. |
№ 48 сабақ. |
Тексерілді: |
|
|
|
||||||
|
Сабақтың атауы |
Қазақ ою-өрнектерінің киімде орналасуы. |
|
|
|
||||||||
|
Мақсаты |
Қазақ ою-өрнектерінің киімде орналасуы. Түсініп оқуға дағдыландыру; ойлауын дамыту; байқампаздыққа баулу. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, үйрету. Көрнекілігі: түрлі мата, жіп, ине. |
|
|
|
||||||||
|
Күтілетін нәтиже |
|
|
|
|||||||||
|
Психологиялық ахуал |
Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
|
|
|
|||||||
|
Қызығушылықты ояту
|
|
|
|
|||||||||
|
Мағынаны тану
Ою - өрнек сөзінің
мағынасы, тарихы туралы түсінік |
|
|
|
|||||||||
|
Сергіту сәті |
Қағазды сұлба бойынша жырту арқылы ою оямыз. |
Ой сергітеді,шашағандары басылады |
|
|
|
|||||||
|
Ой толғаныс |
Ою - өрнектің қолданылу
топтарын слайд арқылы көрсетіп, түсіндіру. |
|
|
|
||||||||
|
Үйге тапсырма |
Жұмысты аяқтау |
Күнделіктеріне жазып беремін |
|
|
|
|||||||
|
Бағалау |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау |
Бағалау парақшасын толтырады. |
|
|
|
|||||||
|
Кері байланыс |
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
|
|
|
|||||||
|
Пәннің аты: Еңбекке баулу. 2 сынып. |
Мерзімі: 13.03. |
№49сабақ. |
Тексерілді: |
|
Сабақтың атауы |
Ұлттық зергерлік бұйымдар . |
||
|
Мақсаты |
Ұлттық зергерлік бұйымдар туралы мағлұмат. Зергерлік бұйымдардың түрлері (шашбау, білезік, сырға, жүзік, салпыншақ)Түсініп оқуға дағдыландыру; ойлауын дамыту; байқампаздыққа баулу. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, үйрету. Көрнекілігі: түрлі мата, жіп, ине. |
||
|
Күтілетін нәтиже |
|||
|
Психологиялық ахуал |
Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
|
|
Қызығушылықты ояту
|
|||
|
Мағынаны тану Әшекей тағылатын түрлеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді.
|
|||
|
Сергіту сәті |
Орманда кірпі
келеді, |
Ой сергітеді, шашағандары басылады. |
|
|
Ой толғаныс |
Ертеде қазақтар әшекейленген шытыра, зерен, сырға, зер, тұмар және т.б. зергерлік бұйымдарды мал бойына және ер-тұрмандарына да таққан. Тас дәуірінен жалғасқан тасшылық өнері қола дәуірінің осы өркениетіне тоғысып, гауһар, жақұт, алмас, қас тасы, меруерт сияқты аса бағалы тастардан көз орнатқан сәндік жабдықтарды, әсемдік бұйымдарды жасау технологиясын қалыптастырды. Мәселен, қазақтар ағашқа, ер-тұрманға асыл тасты не тассыз күміс әшекейлі шытыраны пайдаланған. Ал зейірді қойдың мұрнына өткізілетін зерлі шығыршық ретінде таққан. Ертеде қазақтар тіл-көзден сақтасын деген мақсатта жүйрік аттарының мойнына әйкел таққан. Зергерлер әшекейлеген тұрмыстық бұйымдар алтын аяқ, жағдан, адалбақан, алтын ер, пышақ және т.б. адамдар күнделікті тұрмыста жиі қолданған. Әшекей түрлері негізінен қоғам мүшелерінің әлеуметтік мәртебесін айқындайтын қызмет атқарады. Қазақ шеберлері зергерлік бұйымдар жасауға қажетті материалдарға алтын, күміс, бақыр, мыс, жез, темір, қалайы, қорғасын, ақық, березе, алмас, гауһар, зуһра, көк тас, лағыл, маржан, меруерт, інжу сияқты асыл тастарды пайдаланған. Қазақ зергерлері алтынмен аптау, алтынмен булау, алтын шабу, күміспен күптеу, қақтау, көз орнату, сымға тарту, қара ала жүргізу, сымкөп жүргізу, ою салу сияқты әшекейлеу, өңдеу тәсілдерін жиі қолданған. Әшекейді ерекшелеп, айшықтап ондағы әртүрлі зат тарды әдемі, сәнді көрсететін үкі, шоқ, әдіп, алтын-күміс ілгектер, шытыралар, салпыншақтар, қоңыраушалар сияқты құрамдас бөліктер де бар[ |
||
|
Үйге тапсырма |
Фольгадан әшекей жасау. |
Күнделіктеріне жазып беремін |
|
|
Бағалау |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау |
Бағалау парақшасын толтырады. |
|
|
Кері байланыс |
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
|
шағым қалдыра аласыз
сихологиялық дайындық









Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген