Наурыз мерекесіне арналған сценарий

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Наурыз мерекесіне арналған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәлімгерлерге және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

22 наурыз мерекесіне арналған сценарий

«Жарқыраған жас нұрлы, жаса, Наурыз, дәстүрлі!»

Нұрбек: Ар ма, ағайын!

Сезім:Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Нұрбек:Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз

Сезім: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді.

Ендеше, той құтты болсын!

Нұрбек:Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Сезім:Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

Нұрбек:Уа, халайық, халайық! Ақ сандықты ашайық, Бұл мереке, бұл тойдың Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады).

Сезім: «Ұлыстың ұлы күнінде»

«Оң болсын, - деп, - ұлысың!»

Төс түйісіп көрісер.

Көжедегі ырысын

Көпшілікпен бөлісер.

Төс түйісу дегені -

Тату болсын ел іші.

Бөліп ішу көжені -

Тоқшылықтың белгісі.


(Осы жерде «Көрісу» дәстүрі сахналанады).Осы кезде күй ойналып тұрады.


Сезім: Нұрбек ағай, ал енді Наурыз мерекесі қалай тойланатыны жайлы біраз мағлұматтар беріп өтейік.

Нұрбек : Өте дұрыс айтасың Сезім. Ал ендеше Бастайық.

Сезім:Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.

Нұрбек: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.

Сезім: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.

Нұрбек: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққан күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.

Сезім: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады екен.

(Осы кезде сахнаға Ерболат жүгіріп шығып, Мөлдірдің үйіне бастаңғы жасауға шақырады.)

(Бастаңғы құрып отырған ұстаздар сөйлейді)

Ән:-------------------------------------------------------------------

Нұрбек: Мереке қарсаңында бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік! Олай болса бір топ қыздар мен ұлдарды ортаға шақырамыз.

Сезім: Құтты болсын әр күнің,

Сыйла, бақыт баршаға.

Сәбидің әсем шат үнін

Тыңдат абзал анаға.

Наурыз – достық, Наурыз – күн

Барша халық бірлігі.

Тағы келді ұлыс күн.

Жалғасып ғалам тірлігі.

Нұрбек:Ерітіп қарын даланың,

Жинатып гүлін саланың.

Жетелеп жұмсақ самалын,

Келді Наурыз – жыл басы.

Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспаның бүркіп пүліш түн.

Ұлы күні Ұлыстың,

Келді Наурыз – жыл басы!

Кезекті әнге берейік

Ән:------------------------------------------------------------------------------------

Сезім: Ал енді жігіттердің күшін сынап көрсек қайтеді? Ендеше қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз.

1. Арқан тартыстан жарысып көрейік

2. Қол күрестен жарыс

Жеңілген жігіттер өз өнерлерін ортаға салсын.

Би:-----------------------------------------------------------------------------------

Нұрбек:Ұлыс күні кәрі – жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып көріскен.

Аталар бата беріскен

« Сақтай гөр» деп терістен.

« Кел, таза бақ, кел» десіп, Кел тілек бер десіп ....22 – Наурыз күні міндетті түрде отбасынан дәм татып, ақсақалдар мен әжелердің батасын алу парыз саналған. Ендеше осы жердегі үлкен ағамыз Серік ағайдан бата алайық.

Сезім:Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,

Аямай өнерпаздар ән мен жырын.

Тойлайық халық тойын Наурызымның,

Шуағын жерге төккен бақыт күнін.

ӘН: ----------------------------------------------------------------------------------------------


Нұрбек:Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,

Билейік, жыр жырлайық ән салайық.

ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,

Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!


Сезім: Қыздар мен жігіттер біз мына жақта ән айтып, би билеп жатқанда Мөлдірдің жеңгесі Наурыз көже әзірлеп те үлгеріпті. Олай болса жігіттеріміз Наурыз көже ішуден жарысқа түссін.Жеңілген жігіттеріміз өнерлерін көрсетсін.


Нұрбек:Ән-шашу жалғасын тапсын деп -------------------------ән сұраймыз.------------------------------------------------------------------------------әні орындалады.

(Бастаңғы құрып отырған жастар үйлеріне тарқасады)


Сезім:Құрметті, ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!

Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекеміз келіп қалды.

Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!

Нұрбек:

Қанекей, қарсы алайық жылдың басын,

Қосылып жасқа жасың, басқа басың.

Барайық келер жылға төрт көз түгел,

Аман боп алыс, жақын, кәрі - жасың.-деп бүгінгі «Жарқыраған жас нұрлы, жаса, Наурыз, дәстүрлі!» атты музыкалық бағдарламамызды аяқтаймыз.

Сезім: Қонақтарды Наурыз көже ішуге шақырамыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2019
1043
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі