«Армысын,әз Наурыз!»
Күні : 03.04.2024
Тәрбиеші: Нуршатқызы Н
Тақырыбы: « Армысын,әз Наурыз!»
Мақсаты:
Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру.. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.
Жүргізуші:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды.
Көргендер де армандар,
Көрмегендер де армандар,
Қызықтан тыс қалмаңдар!
Жүргізіуші: Армысыздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
Осы көктемнің мерекесіне арналған әнімізді шырқап берейік
Фанфары Тұлпар тобы
Ән «Алақай Наурыз»
Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып, шашу шашатын кім екенін білесіңдер ме!
Балалар: Қыдыр Ата!
Наурыз Әже!
Жүргізуші: Ендеше
ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға Наурыз
әжемізді шақырайық! \Шашу шашып Қыдыр
ата мен әже кіреді\
ҚЫДЫР АТА:
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Әумин!
Наурыз Әже:
"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңдар бүгін біздің «Алтын дән»ауылында үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!
Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ.
(Ортаға барып отырады)
Тақпақтар
«Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын.
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле — жала жерге енсін.
Әумин!» \Адилина\
Наурыз тойы — салтанат,
Наурыз тойы — мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап. \Аружан\
Жыл басы мереке
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды \Арнұр\
Жылдың
басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.\Алима\
Наурыз келдi
елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне. \Аден\
Уа, ағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтын
Наурыз тойы бастайық!
\Жания\
Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.\Қайсар\
Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін.\Сафия\
Жүргізуші:
Қош келдің,
Наурызым ардақты,
Халқым саған
бар үмітті арнапты
Жылда солай
келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп,
нұрға бөлеп аймақты дей отырып
Сұңқар тобының
биі
Жүргізуші: Рахмет балалар. Енді біздің балалар ұлттық ойын ойнап көретсін
бесікке салу салт дәстүрі көрсетіп берсеңіз
Кішкентай бала қолында қамшы бар “Сүйінші, сүйінші” сәби дүниеге келді.
Қыдыр Ата: Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық!
Әже: Құндақталған сәбиді алып келеді!
Қыдыр Ата: Сен наурыз мерекесі күні дүниеге келгесін сенің атыңды Наурызбай қоямыз деп Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” үш рет құлағына айқайлайды.
Наурыз Әже: Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық! Балалар, бесікке салу үшін Бесік, қолбау, аяқбау, шүмек, көрпе, көпшік . Бесік - қасиетті мүлік. Бесікті аластап, тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді. Бәле-жаладан сақтасын деп, ырымдап, оған тұмар тағып қояды.
Бала: Әже! Бесікке баланы жатқызбас бұрын қандай ырым жасалады?
Әже: Баланы қырқынан шығарады.
Бала: Баланы қырқынан қай кезде шығарады?
Әже: Туылғанына қырық күн толғанда қырқынан шығарады. Қырық қасық суға түсіріп, ит көйлегіне тәттіні түйіп, оны иттің мойынына байлап жібереді. Балалар итті қуып жетіп, тәттіні бөліп жейді.
Ойын : Қол күрес және арқан тарту сұңқар және тұлпар тобы
Қыдыр Ата: Не деген күштері көп батыр ақылды балалар жарайсыңдар!
Жүргізуші: Қыдыр ата,наурыз әже менің балаларымның өнерлері ұнап жатырма?
Қыдыр Ата: Барлығы шеттерінен өнерлі мықты балалар екен!
Жүргізуші: Олай болса сұңқар тобының әз наурыз әнін қабыл алыңыздар!
Әже: Тамаша балаларға қолдау ретінде шапалақ ұрып қояйық
Жүргізуші:
Наурыз тойын
бастаймыз
Бимен оны қостаймыз
БИ: «Қазақ
биі»\ұлдар\
Әже: Менің балаларым осы наурыз біздің жаңа жылымыз осы мерекеде мен үнемі наурыз көже пісіремін. Сол менің жеті түрлі дәм салған наурыз көжемнен ауыз тейіңдер! Ақ мол болсын!
Қыдыр Ата: О, халқым кішкентай менің балаларым! Сендердің бүгін өнерлеріңді тамашаладым үлкен тойының куасі болдық халқымыз тыныш, еліміз аман болсын! Мен еліме қайтайын аман сау болыңдар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Наурыз мерекесіне арналған сценарий

шағым қалдыра аласыз