«Қош келдің, әз Наурыз!»
Мақсаты:
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт – дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, ата – аналар, қонақтар.
Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз
құтты болсын!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата – бабаларымыз,
арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл
басы мерекесі.
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып,
тілектеріңіз қабыл болсын!
Ата апа бүгінгі күн ерекше болайын деп тұр яғни бүгінгі күнде тұсау кесер тойын тойлайық деп жатырмыз. Қазақ халқында балаға қатысты наным-сенімдер өте көп. Қазақтар балаға, әсіресе бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген халық. Жалпы бала дүниеге келгеннен бастап, есейген шағына дейін 20 шақты әдет-ғұрып жасалады.
Тұсаукесер – сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр. Бала екі табанымен тұрып, алғашқы қадам жасауға талпына бастаған сәтте дана қазақ “баламыз тез жүріп кетсін” деген ниетпен, сәбидің тұсауын кестіріп, думандатын той жасайды.
Тұсау кесу рәсімі үшін жіпті таңдау – ерекше назар аударуды қажет ететін маңызды қадам. Бұл жерде қолданылатын жіптің түрі мен түсі де үлкен рөл атқарады:
-
Түсі: Көбінесе жіп үш түсті болуы мүмкін: ақ, қара және көк. Ақ – тазалықтың, адалдықтың, қара – өмірдің қиындығы мен шыдамдылықтың, көк – ашық аспанның, кең өмірдің символы.
-
Материалы: Жіп табиғи болуы керек. Көбінесе қойдың жүні немесе таза жібек пайдаланылады, себебі бұл табиғи материалдар баланың өміріне жылы әсер береді деп саналады.
Көк шөп. Жердегі көк шөпті өріп баланың тұсауын кесу қазір кең тарамаса да, аракідік кездесіп қалып жатады. Бұл ғұрыптың мәні – ұрпағым көбейсін, өніп-өссін, туған жерінде көгерсін деген ниетте жатыр.
Тоқ ішек. Баланың тұсауын тоқ ішекпен кесу - сәбидің болашақ өмірі тоқшылықта, байлықта өтсін деген тілекке саяды.
\Бөбек тобының
тақпақтары\
Жүргізуші:
Алқа – жұртым, той – думан,
Ортамызда ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық!
Ән орындалады.\Дастархан әні Айару
Санжар\
\Гуля апай шашу шашып кіреді балалар тақпақ және батыр биін билейді\
Жүргізуші:
Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – асық ойыны. Бұл ойын ертеден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыздың қолданысында келе жатқан көне ойын түрі. Ерте кезде әр қазақтың балалары мен жастарының бас қосуының негізінде асық ойыны ойнатылатын. Асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеген.\Асық ойыны бөбек тобы\
Жүргізуші:
Жай далаға алаша,
Наурыз келді тамаша.
Ағайлар мен апайлар,
Қуанып жүр балаша –Кесе би\мад
тобы\
Жүргізуші:
Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі.Қазақ ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты. Сондықтан оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды. Қазақтың ұлт ойындары шамамен алғанда осыдан бес мың жылдар бұрын ойналған. Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе,арқан тарту тұлпар және сұнқар тобы
Жүргізуші:
Жүн өңдеу – жүнді май мен шайырдан, шаң-тозаңнан тазартып жуу, жүн дайындау стандартына сәйкес сұрыптау (сорттау), бояп өңдеу, иіріп жіп алу немесе одан әр түрлі бұйымдар дайындау.
Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен рөл атқарған және оны ұқсатуды халық бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Жүннен бау-шу, арқан-жіп, киім-кешек, қазақ үйдің киізін, әр түрлі төсеніштер мен қап, шекпен сияқты ең қажетті мүліктер жасалған. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы, түйенің шудасы.\Бөбек тобы\
Жүргізуші:
Мол, мол
болсын ырыс құт,
Жасай берсін туыстық.
Дейді атам,- салтанат,
Құра берсін
тыныштық-
дей отырып
ортамыз
сұнқар тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар
ӘН
Жүргізуші:
Қанекей,
қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасың, басқа басың.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс, жақын, кәрі –
жасың.
-
ТҰЛПАР ТОБЫ
ТАҚПАҚ
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.\Абылай\
Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса. \Аден\
Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық. \Амир\
Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін.\Алдияр\
Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.\Асылбек\
Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.\Нұрасыл\
Жүргізуші:
Ұлыс күні
қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар.
– деп бүгінгі
тойға атамыздан бата
сұрайық.
Ата менің балаларымда бата біледі қанекей бәріміз тыңдап көрейік
Ұлысың оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барса да жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле — жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!\Амир
бата\
Дастархан мол болсын
Денсаулық зор болсын
Күнде күнде той болсын
Бақыт үйде көп болсын \ Мехришат\
Рахмет балалар,тұлпар және мад тобының қыздарының дайындаған ұлттық биін қарсы алыңыздар\Би қыздар тұлпар және мад тобының қыздары камажай\
Наурыз құтты
болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош, сау болыңыздар, халайық!
Көріскенше күн жарық
болсын!
Барлықтарыңызды наурыз көжеше ауыз тиуге шақырамыз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Наурыз мерекесіне арналған сценарий

шағым қалдыра аласыз