Тасөткел орта мектебінде 2017-2018 оқу жылында Наурыз мерекесінің өтілуі туралы
Тасөткел орта мектебінде 20 наурыз күні 1-11 сынып аралығында «Наурыз көктем» атты мерекелік іс шара өтілді.

Наурыз мерекесіне мектеп директоры Г.М.Жолдыбаева құттықтау сөз сөйлеп, барша ата-аналарды, оқушыларды, мұғалімдерді мерекелерімен құттықтады. Шара барысында Жер ана жеті шырақ жағып, жамандықтардан сақтау үшін аластау рәсімін орындады және ұлттық салт-дәстүрден («Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Сүйінші») көрініс көрсетіліп, ұстаздар «Наурызға шашу» әнін тарту етті

Жиналған көпшілік қауымға шашу шашылып, Наурыз атаға құран бағышталып, жеті нан таратылды.

Мерекенің көркін әрі қарай кішкентай бүлдіршіндеріміз әсем биімен әрлендірді.

Әр класс өздерінің дайындаған ән билерін жиылған барша жұртқа паш етті. Мерекелік іс- шараның екінші бөлімі «Жігіт сұлтаны-2018» сайысымен жалғасты. Сайыс шарттары
-
Таныстыру
-
Өз өнері
-
Жігітке жеті өнер де аз
-
Қол өнер


Сайысқа ер балалар ағаларымен қатысып,өнерлерін көрсетті. Қатысқан өнерпаздарға номинациялар беріліп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Кешімізді бастауыш класс оқушыларының әдемі айтысымен аяқтадық. Мерекелік шарадан соң әр класс наурыз көжелерін ішіп, спорт залда ұлттық ойындар ұйымдастырылды.


Орындаған: ДТІЖО Жолдыбаева Г.Ф.
76-0-98
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Наурыз мерекесіне орай өтілген іс-шара туралы мәлімет
Наурыз мерекесіне орай өтілген іс-шара туралы мәлімет
Тасөткел орта мектебінде 2017-2018 оқу жылында Наурыз мерекесінің өтілуі туралы
Тасөткел орта мектебінде 20 наурыз күні 1-11 сынып аралығында «Наурыз көктем» атты мерекелік іс шара өтілді.

Наурыз мерекесіне мектеп директоры Г.М.Жолдыбаева құттықтау сөз сөйлеп, барша ата-аналарды, оқушыларды, мұғалімдерді мерекелерімен құттықтады. Шара барысында Жер ана жеті шырақ жағып, жамандықтардан сақтау үшін аластау рәсімін орындады және ұлттық салт-дәстүрден («Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Сүйінші») көрініс көрсетіліп, ұстаздар «Наурызға шашу» әнін тарту етті

Жиналған көпшілік қауымға шашу шашылып, Наурыз атаға құран бағышталып, жеті нан таратылды.

Мерекенің көркін әрі қарай кішкентай бүлдіршіндеріміз әсем биімен әрлендірді.

Әр класс өздерінің дайындаған ән билерін жиылған барша жұртқа паш етті. Мерекелік іс- шараның екінші бөлімі «Жігіт сұлтаны-2018» сайысымен жалғасты. Сайыс шарттары
-
Таныстыру
-
Өз өнері
-
Жігітке жеті өнер де аз
-
Қол өнер


Сайысқа ер балалар ағаларымен қатысып,өнерлерін көрсетті. Қатысқан өнерпаздарға номинациялар беріліп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Кешімізді бастауыш класс оқушыларының әдемі айтысымен аяқтадық. Мерекелік шарадан соң әр класс наурыз көжелерін ішіп, спорт залда ұлттық ойындар ұйымдастырылды.


Орындаған: ДТІЖО Жолдыбаева Г.Ф.
76-0-98
шағым қалдыра аласыз













