Наурыз құтты
болсын!
Жүргізуші: Жаңа жыл, кел
төрлет,
Ел достығын
өркендет,
Мол болсын ырыс,
құт,
Болсын елде
тыныштық.
Құтты болсын Наурыз
той,
Құлпырып тұр қыр мен
ой.
Күн мен түні
теңеліп,
Жер шуаққа
кенелді.
Құрметті қонақтар, ата-аналар,
балабақша ұжымы, сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймыз.
Өнерлеріңізге шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ынтымақ,
бірлік тілейміз.
Жүргізуші: құтты болсын
ағайын!
Жаңа жылың тағы
да.
Қол соғып қарсы
алайық,
Шақырайық
ортаға.
Ертеңгілік
басталсын,
Балабақша
тобында.
Балалар, Наурыз тойларыңыз
құтты болсын,
Наурыз тойына ән шырқайық. Ән:
«»
Көрініс.
Тұсаукесер.
Ата, әже, қаладан келген қонақ
балалар, немере қыз, тұсауы кесілетін
бала.
Немере қыз (жүгіріп келіп):
-Әже, әже, қаладан бізге қонақтар келе жатыр. (Сахнаға қаладан
қонақ балалар келеді.)
Әже: Мен өзім шақырған
балаларым екен ғой. Келіңдер, келіңдер, төрлетіңдер. Мен бұларды
кішкентай баланың «Тұсаукесер»-ін көруге шақырдым. «Құтты қонақ
келсе, қой егіз табады» деген осы екен ғой. Отағасы, тұр, балаларды
қарсы ал.
Бала: Армысыздар, ата-әже,
Наурыз тойы құтты болсын!
Наурыз тойы-көктем тойы, көңіл
тойы,
Жақсылық болса дейтін өмір
бойы.
Биыл да былтырғыдай ақ
көбейсін,
Елдегі бақыт, байлық, бақ
көбейсін!
Бала:Наурыз құтты болсын
ағаларға,
Наурыз құтты болсын
аналарға!
Жыл сайын тойланатын мәңгі
бақи,
Наурыз құтты болсын
баршамызға!
Жүргізуші: Құрметті жиылған
қауым! Қазағымыздың Жаңа жылы, Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз сіздерге арнап өздерінің
өнерлерін көрсетпекші, соны
тамашалаңыздар.
Әже: Білем-білем, бұл балалар-
өнерлі балалар. Мен бұлардың өнерлерін
тамашалағанмын.
Тақпақтар.
Би:
«»
Ата:Ата-бабамыздан қалған
дәстүр бойынша кішкентай бала жайлап жүре бастағанда оның тұсауын
кеседі. Бұл салт-дәстүрді «Тұсаукесер» деп атайды. Бүгін біздің
немереміздің тұсауын кесеміз.
Жүргізуші: Немерелеріңіз жақсы
жүріп кетсін.Халқына қалаулы, еліне елеулі азамат
болсын.
(Баланың тұсауын
кеседі.)
Жүргізуші: Ата, әже,
немерелеріңіз мына кішкентай бүлдіршіндердей өнерлі болсын.
Балалардың өнерлерін тамашалай
отырыңыздар.
Ән:
«»
Тақпақтар.
Би:
«»
Тақпақтар.
Бала: Ата, әже, біз ауылға
келіп, ауылдың таза ауасында біраз тынығып қалдық. Ауылға
келгеніміз өте дұрыс болды.
Бала: Ал енді біз кеш түспей
тұрып қалаға жетейік.
Әже: «Батаменен ел көгерер,
жаңбырменен жер көгерер» демекші, отағасы, мына Ұлыстың ұлы күніне
келген қонақтарымызға батаңды беріп жібер.
Ата: Ал, балалар, қолдарыңды
жайыңдар.
Күлімдесін көкте
күн,
Шуақ шашты
көктемнің.
Қырық шетен
жебесін
Көңіліңнің
кептерін
Түлек етіп
ұшырсаң
Ыстық ұя
бақшаңыз.
Шаттығымыз-жырымыз
Жаңа Наурыз
жылымыз.
Ақ тілеумен
осындай
Бақ боп үйге
кіріңіз!
Әумин.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар,
ата-аналар, алтын уақыттарыңызды бөліп біздің Наурыз мерекесіне
арналған ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға көп
рахмет.
Жүргізуші:Құрметті жиылған
қауым, осымен біздің «Құлпынай» тобы ұйымдастырған Наурыз мерекесі
аяқталды. Мерекелеріңіз құтты болсын!