Сахнада әжесі, атасы,
қызы.
Атасы: Ау, кемпір! Бірлік
ауылындағы Асандар руына арнап ас бергелі жатыр екен. Соған барып
қайтайық. Бұған не дейсің?
Әжесі: Жарайды, отағасы.
Барсақ барайық. (Қызын шақырады) Қызым, келе ғой. Біз көрші ауылға
асқа кеткелі жатырмыз, мына үй-жай саған аманат. Бауырларыңа
бас-көз боларсың.
Қызы: Жарайды, апа.
Уайымдамаңыз. Әжесі мен атасы қызымен қоштасым шығып кетеді.
(сахнаға қыздың құрбысы келеді).
Құрбысы:
Аманбысың?
Қызы: Үйде бүгін жалғызбыз.
Ата-анам көрші ауылға ауылға асқа кеткен.
Құрбысы қуанып: Ендеше құрбым
бастаңқы жасасақ қайтеді? Көптен бері басымыз қосылмады
ғой.
Қызы: Жасасақ, жасайық.
(інісін шақырады):
Інісі: Ауыл жастарын үйге
шақыр. Біздің үйде бастаңқы болады дерсің.
Музыка: Інісі жүгіріп сахнаны
айналып хабарлайды. Халайық, біздің үйде бастаңқы болғалы жатыр,
келіңіздер.
Музыка. Құрбысы мен қызы ауыл
жастарымен амандасады.
Қызы: Қош
келдіңіздер!
Құрбысы: Ал, жастар бүгінгі
кешті жандырайық. Өненрлерімізді ортаға
салайық.
Ауыл жастары 1: Бәрекелді!
Олай болса, өненрімізді ортаға салайық.
Ауыл жастары 2: Келіңдер,
біздің ауылдың жастары шықсын. Келіңдер ортаға (9а
оқушылары)
Мадинаның орындауында
«Мереке»
«Қыздар»
биі
Сол жердегі жастар (9ә мен 9б
оқушылары) Бәрекелді, жарайсыңдар (қолпаштап
тұрады)
Ауыл жастары 3: біз де құр
келген жоқпыз. Біздің де ән-шашуымыз бар. Ал қанекей, достар
келіңдер ортаға. Шашуымызды шашайық! (9б
оқушылары)
Би «Қонақжай
қазағым»
(інісі сығалап
жүреді)
Қызы: Әй, жүгірмек, не істеп
жүрсің? Кел бері!
Інісі: Әпке, мен сендерді апам
мен көкеме айтамын. Үйде бастаңқы жасады деймін.
Көресіңдер!
Қызы: Сен де өскен соң осындай
бастаңқы жасайсың. Апам мен көкеме айтпа. Ақысына не
сұрайсың?
Інісі: Біз де өнер көрсеткіміз
келеді.
Қызы: Жарайды! Көрсетсеңдер,
көрсетіңдер.
Інісі: Достар, келіңдер.
Өнерімізді ортаға салайық. (4 сынып оқушыларының өнері: 4 «а» -
қазақша би, 4 «ә» - Арайлымның орындауында ән «Жеті қазына», 4 «б»
- әң «Әз-наурыз»)
4 сыныптарға сыйлық беріп
жатып,
Қызы: Інім, енді апам мен
көкеме ештеңе йтпайтын шығарсың.
Інісі: Жарайды, әпке. (інісі
достарымен шығып кетеді)
Құрбысы: Неге тоқтап қалдық?
Кешімізді жандандырайық. Өз ауылымыздың өнерін тамашалайық.
Нұрасылдың орындауында Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым»
күйі.
Жанболат: Жігіттер, біз қалай
қарап тұрамыз? Біз де өнерімізді көрсетейік. (сахнаға 9 «ә» сынып
ұлдары келеді). Қыздар жалғастырады.
Ауыл жастары бір-біріне сыйлық
береді.
Аналар бата
береді.