400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Наурызым қорығы- мақтанышым! мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәндерінің мұғалімдері сабақта қосымша материал ретінде қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы



Наурызым қорығы- мақтанышым!



Шыңға биік Ел көз тіксе асқарлы,

Шайыр жазбай, кім жазады дастанды?!

Сүйінші, Алаш! Тарихыңда толғаулы

Рух жаңғырар жаңа дәуір басталды!

Серік Сейтман



Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы бойынша біздің мектебімізде үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Айта кетсек , қырқүйек айында Үшқарасу негізгі мектебінің директоры Касенов А.Н. басшылығымен өз өңіріміздегі Наурызым қорығына мектеп оқушылармен барып қайттық.

Наурызым қорығы– Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық.1931 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87,7 мың га), қайта құрылды. Оған Терсек(көлемі 4,7 мың га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37,2 мың га) орман алқаптары мен ЖаркөлАқсуатСарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың га тың жазық дала кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қысы – суық, ызғарлы; жазы – ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 250 мм. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғытал, мойыл, қырыққұлақ, т.б.) өседі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, ор қоянелікборсықтүлкісуыр, т.б. мекендейді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Бұл аймақта су көздерінің мол болуы көктемде жыл құстарының ұшып келуіне, ұя басуына мүмкіндік береді. Қорықта “Табиғат мұражайы” жұмыс істейді.

Ең алғашқы сапарымыз Наурызым ауданында орналасқан мұражайдан басталды. Мұражайдан оқушылар сондай таңқалу , қызығушылық әсерімен шықты. Мұражайдан Наурызым қорығында өсетін өсімдіктер, құстар мен жануарлардың мүсіндерін көріп, көптеген ақпараттарды бойларына сіңіріп, өте жақсы көңіл күймен, қорықтың өзіне жол тарттық. Жолда оқушылар Наурызым қорығының табиғатына сүйіспеншілікпен көз тоймай қараумен болды, сол уақытта орманнан тосыннан шыққан бұланды көрген оқушылардың қуаныштарында шек болмады. Ақсуат көлінен алыстан дүрбімен

аққуларды көрдік. Көл бетінен Аққулардың санын санау мүмкін емес еді, көлдің бетін аппақ ақ ұлпа қар басқандай. Оқушылар таңқалумен болды. Қаншама жәндіктерді, ағаштарды оқушылар өз көздерімен көріп мәз- мейрам болды. Ағаш діңінен тиіннің інін және қысқа дайындаған жартылай кепкен азығын көрді. Оқушылар 200 жыл өмір сүрген ағашты көріп, алақандарын тигізіп, іштерінен тілек тіледі. Сонымен қатар түс ауа тамақтануға киіз үйге барды. Өзіміздің салт -дәстүрімізді бойымызға дәріптеп оқушылар кезек -кезек алтыбақан теуіп, киіз үйде оқушылар Наурызым қорығында көрген білгендерін ортаға салып, самаурынмен бұлақтың суынан шай ішіп, өздері үйлерінен әкелген тамақтарымен тамақтанып алды. Оқушылардың айтуы бойынша «Осы кезге дейін өз өңірімізде орналасқан Наурызым қорығын қағаз бетінен көріп келіп едік, енді міне, өз көзіңмен

көргенде, одан асқан бақыт жоқ екен» деген тоқтам айтты. Сол мақсатпен мектепте оқушылар арасында эссе жазу конкурсы ұйымдастырылды.Оқушылар белсене атсалысуда.

Осы сапардан оқушылардың табиғат анаға деген сүйіспеншіліктері арта түсті. Рухани жаңғыру бағдарламасының өскелең ұрпаққа берері мол екеніне сенім артамыз.

Өз атымнан мектеп басшысына, оқушылардың ата -аналарына алғысым шексіз.

Әулиекөл ауданы Үшқарасу ауылы

Үшқарасу негізгі мектебінің

биология пәні мұғалімі Маржан Барсакбаева

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
716
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі