Науырзым өлкесінде альтернативті энергия көздерін тиімді пайдалану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Науырзым өлкесінде альтернативті энергия көздерін тиімді пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Науырзым өлкесінде альтернативті энергия көздерін тиімді пайдалану
Материалдың қысқаша нұсқасы

КІРІСПЕ


Жұмысымыздың негізі екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жалпы ауданымызға жалпы сипаттама. Оның ішінде Шилі аулының тарихы мен физикалық географиялық орны, туған жерге деген ыстық ықыласымызымыз ауылымыздың тарихы жайлы жазуға түрткі болды. Туған жерімізде табиғатты тиімді пайдаланау болып табылады, сонымен қатар аудан экономикасын көтеруе өз үлесін қоспақ.

Жұмысымыздың екінші бөлімінде жалпы Наурызым ауданына қарасты Шилі ауылының төңірегінде орналасқан Торғай қолатынды альтернативті энергияны тиімді пайдалану, оның ішінде жел және күн энергиясы болып табылады. Жұмыс барысында аудан геогрфиялық орны жалпы мәліметтер мен ауданға қарасты Шилі ауылының географиялық орны мен ең басты жел мен күн энергиясын алатын құрылғыны орналастыру болып табылады.

Жел энергетикасы — жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергетиканың саласы.

Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғылардың бірі – Күн батареялары. Күн батареясы немесе фотоэлектрлік генератор – Күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын шала өткізгішті фотоэлектрлік түрлендіргіштен тұратын ток көзі

Жұмыс барысында ұсынып отырған қондырғының осындай артықшылықтарын анықтадық:

  • Алынатын энергия әлде қайда арзан.

  • Ротордың өлшемдерін үлкендетіп жасау арқылы қондырғының қуатын арттыруға болады.

  • Тұтынушыға жақын орналастыру арқылы энергия тасымалдау проблемасының жоқтығы.

  • Шу жоқ. Ландшафты бұзбайды. Энергияны алу тұрақты, себебі биікте үнемі жел оғады. Қондырғыны кез-келген жерге ауыстыруға болады.

І. Наурызым ауданы, Шилі ауылының физикалық географиялық орны

1.1 Наурызым ауданы Шилі ауылының физикалық географиялық орны

Наурызым ауданы — Қазақстанның Қостанай облысында орналасқан аудан. Әкімшілік орталығы — Қарамеңді ауылы. Облыстық орталық Қостанайға дейінгі арақашықтығы — 198 км.

Аудан аумағында ЮНЕСКО әлемдік мұра тізіміндегі №1102 нысан саналатын Наурызым қорығы орналасқан.

Қостанай облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік аудан 1965 жылы құрылған. Жерінің аумағы — 18,3 мың км². Тұрғыны — 12,1 мың адам (2015). Құрамында 8 ауылдық округ, 12 ауыл бар. Орталығы — Қарамеңді ауылы. Наурызым ауданы Торғай Үстіртінің солтүстік жағында орналасқан. Жер бедері едәуір күрделі. [1]

Шығыс жағындағы Торғай Үстіртінің орталық бөлігі ауданды бойлық бағытта бөліп жатыр. Аудан жерінің оңтүстік жағында өзен аңғарларымен бөлінген, беттері негізінен тегіс Қызбелтау, Қарғалы таулары мен Қыземшек шоқысы орналасқан. Ең биік жері Қарғалы тауында (308 м). Жер қойнауында Панфилов қоңыр көмір кені, Шошқалы құм-қиыршықтас кені, отқа төзімді балшық, Қарасу құм кендері бар. Наурызым ауданы жер беті суларына біршама бай. Өзендер жүйесі Үлкен Дәмді, Наурызым Қарасуы, Қаражылға, солтүстігінде Данабике өзендері мен олардың көптеген сай-салаларынан тұрады. Көлдерінің көпшілігі тұзды сулы. Наурызым ауданы құрғақ дала белдемінде орналасқан, климаты шұғыл континенттік. Қаңтардың жылдық орташа ауа температурасы — -18–-19°С. Өте суық қыста температура Ақсуат кені төңірегінде -46°С-қа дейін төмендеген. Жазы ыстық. Шілденің орташа температурасы — 22°С. Жаз тым ыстық жылдары ауа температурасы 40°С-қа дейін жетеді. Климаттың құрғақ болуына байланысты жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 200–250 мм-ден аспайды. Оның 70–75%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады. Желсіз тымық күндер аз. Соғатын желдердің жылдық орташа жылдамдығы 4,5–5 м/с шамасында. Жер қыртысы түгелдей дерлік қызғылт қоңыр топырақтан тұрады. Торғай және Сыпсыңағаш қолаттарының табанында сортаң және шақатты қызғылт-қоңыр топырақ тараған. Ауданның солтүстігінде бетеге мен селеуі басым әр түрлі астық тұқымдас шөп өскен. Наурызым қорығы алқабында қарағайлы, қайыңды-қарағайлы орман, Торғай қолатының және Қаражылға мен Наурызым Қарасуы өзендерінің бойы бұйырғын аралас қара жусан мен көкпектен және әр түрлі шөп аралас бидайық пен қияқ шөптерден тұрады.

Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, саршұнақ, суыр, қосаяқ, аламан, ормандарда тиін, тұяқтылардан елік, қабан, құстардан бүркіт, кезқұйрық, күйкентай, дуадақ, шіл, ақ және қара құрлар, өзен-көлдерде аққу, қаз, үйрек, тырна, қызғыш, жылқышы, т.б. мекендейді. [2]

























2.2 Шилі ауылының шығу тарихы мен қалыптасуы

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,

Бұдан артық рахат табылмайды,- деп туған жерге деген ыстық сезім жырға қосқан болатын. Міне осындай туған жерге деген ыстық ықыласымызымыз ауылымыздың тарихы жайлы жазуға түрткі болды. Жалпы аудан мұрағатында Шилі ауылының аталуының шығу тарихына қатысты деректер жоқ болып шықты.

Наурызым ауданына қарасты Шилі ауылының жергілікті тұрғыны Асипов Бауыржан Қонарбайұлы берген мәліметтері бойынша Шилі ауылы обылыс орталығынан 220-шақырым жерде орналасқан. Ауыл тұрғынының айтуларынша ауылдың аталу себебі «Ши» деген қамысқа ұқсас өсімдік ауыл төңірегінде өте көп өскен. Шиді өріп үйді,қораны көтеріп үстінен балшықпен сылаған. Сондықтан да ауыл атауы Шилі аталған деседі.

Ауылда дәулетті бай кісілер өзінің рулас туыстарын жақындарын қасына жинаған, солай көп ауыл болған. Қасындағы ауылдармен қарым-қатнас жасап, қыз беріп, қыз аласып құда-жекжат болған.Осылай Шилі ауылы жиімбет руының мененіне айналған. Оның маңайында Құмжота деген жерде Сүгір руы мекендеген, Жарыкөл ауылында Көтібақ руының мекені болған . [3]

«Атадан мал қалғанша тал қалсын» дегендей,ауылдың зәулі теректері, ақ қайындары, талдарға қарағанда көз сүйсіндіреді. Ал жерге қарасаң тоғай маңында өскен бүлдіргеннің көп түрін көресін әсіресе кіішентай қой бүлдіргендер, қаз жуа, дала бүлдіргендері көп кездеседі. Құмжота Жаркөлде кәдімгі бүлдіргендер сай маңында бұлақтарға жақын жерлерде өседі. Бұлақтар сан қырыққа жуық. Бұлақ демекші.... біздің ауыл бұлағымен танымал,суы тұщы, сапалы, сапалы «Tassay» суынан кем емес шипалы. Ауыл іргесінде Тасбұлақ деген үлкен бұлақ бар, басында үй салынған, маңайы долана қарағат , мойыл ағаштары өскен. Орта бұлақ ауылдан 3 шақырымдай жерде орналасқан. Бұдан басқа Аяқ бұлақ, Шиқұдық, Ыбырай бұлағы, Ақан бұлағы деген елді менен жерлер болған. Көзі ашылмаған қайнар бұлақтарды да кездестіруге болады. Бұлаққа келген қонақтар міндетті түрде бұлақ суын өздерімен бірге алын кетіп жатады. Көктемде жол бойы өскен қызғалдақтар бірнеше шақырымға созылып жатады. Шилі жерінің шөбі шүйгін малға жайлы,өрісі кең. Өзен мен көлдерде балықтардың бірнеше түрі бар. Көктем кезінде құс базары басталады. Наурызым қорығының көлдері ауылға жақын болғандықтан құстар күндіз ауыл егінінің ортасында жайылып, кеш түсе көлге қайтады. Олардың ішінде аққу, тырна, қоңыр қаз, қараша қаз, үйректің бірнеше түрі бар. Күзде аңшылар облысымыздың түпкір түпкірінен келеді, көрші Ақтөбе облысынан, тіпті Ресейден де аңшылар құс аулауға келіп жатады.

Шилі ауылының байырғы тұрғындарының айтуы бойынша, өткен ғасырдың 20-30 жылдары Шилі ауылының тұрғындары көп қиын қыстау кезенді бастарынан кешкен. 1930 жылдары Шилі,Құмжота, Жаркөл ауылдары өз алдарына жеке ұжымшар болып егін егіп, мал бағып кеңестік үкімет қойған жоспарларын орындаған.1937-1938 жылдардағы репрессия кезенінің азабын Шилі ауылының тұрғындары көрген. Ауылдың көптеген білімді оқыған көкірегі ояу көзі ашық колхоз басқармалары, ауыл мұғалімдерді «халық жауы» деген айыппен соттап, Сібірге жер аударған. Кері қайтіп оралғандар болған жоқ. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы басталған ауылдың кәмілеттік жасына толмаған ер азаматтарының бәрін әскер қатарына шақыртып майданға аттандырған. Ауылда қалған қарттар мен әйелдер, балалар «Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін» деген ұранмен аянбай еңбек еткен. Бір үйден кеткен ағайындылардан оралмағандар да бар.

1954-1958 жылдары тың игеру кеінде ауылдың өмрі өзгеріп, Ресей, Украина, Беларусия, Молдовиядан көптеген «тың игерушілері» келе бастаған. Содан 1961 жылы үш колхозды біріктіріп орталығы Шилі ауылы болды. Кейін Шилі ауылы «Первоя Семилетка» деген кеңестік шаруашылыққа айналды. Кеңшарда 500-жуық отбасынан тұратын үш бөлімшеге бөлінген. Кеңшарда 18-24 мың гектар егістік жер, 10 мың гектар шабындық тоғай бар аймақтың бір шеті Шолақсай ауылы, Қожа ауылы, Наурызым қорығы шектесіп жатқан.Орташа деңгейдегі кеңестік шаруашылық болып есептелген ауылдың шаруашлығында екімыңнан астам ірі қара мал, 28 мыңға жуық қой болған.Ауылдан жазғы балалар дем алатын пионер лагері ашылған. [3]

Кеңестік шаруашылық құлдырап ел нарыққа көшер тұста, Шилі ауылы да әлеуметтік-экономикалық дағдарысты бастан кешті. Пысықай «кәсіпкерлер» алаяқтық жасап, ауылдың шаруашылығын талан-таражға салған. Ауыл тұрғындарының көпшілігі жұмыссыз болғандықтан, күн көріс қамымен ауылдан көшіп кетті.

Бүгінде ауылда 90-жуық отбасы тұрады. 2013 жылы «Қызғалдақ» балабақшасы ашылды. Нарықтық экономиканың баспапқы тұсында ауылдың шабындық тоғайы көп жерлері Сарымойын, Әлекбай, Таңатбай, Кеңшарық, Жаркөл, Қарасу жерлері Науырзым қорыңына аударылды. Наурызым қорығы ЮНЕСКО тізіміне енгізген.
















ІІ. Альтернативті энергия көздері

1.3 Жел мен күн энергиясын өндеу технологиясы

Жел қондырғыларда жел ағынының кинетикалық энергиясы генератор роторларының айналу процесі кезінде электр энергиясына айналады. Конструкциясы жағынан желқондырғылардың генераторлары электростанциядағы отын жаққанда ток өндіретін генераторларға ұқсайды. Қалақшалы жел двигателінің айналу жылдамдығы олардың қалақшалар санына кері пропорционал, сондықтан агрегаттың қалақшаларын үштен артық жасамайды. Горизонталь айналдыру осі бар екі немесе үш қалақшадан тұратын мұнараның басына бекітілген қондырғылар – желқондырғылардың ең көп тараған түрі болып табылады. Горизонталь айналдыру осі бар турбинаның роторының басқарушы білігі де көлденең орналасқан. Ал көп қалақшалардан тұратын горизонталь осі бар моделін монолиттік деп атайды. Бұл қондырғылар төменгі жылдамдықта жұмыс істейтіндіктен, су тарту насосында пайдаланады.

Желқондырғылары мынандай негізгі бөліктерден тұрады :

қалақшалардан,

ротордан ,

трансмиссия ( двигательдің механикалық энергиясын машинаға беруге арналған механизмдер жиыны ) ,

генератордан ,

бақылау жүйелері .

Ротор орталық білікпен жалғанған қалақшалардан тұрады. Орталық білік басқарушы білікке трансмиссия арқылы жалғанған. Трансмиссия – белдік арқылы кинетикалық энергияны генератордың басқарушы білігіне беріп, электр энергиясын өндіретін механизмдер жиыны.[4]

Желқондырғының бақылау жүйелері алыстан компьютер арқылы басқарып және бақылап отырады. Бақылау жүйелері қандай да бір бұрышпен көлбеу орнаатылған және айнымалы, әр бағытта қозғалып тұрады. Сонымен қатар электрондық бақылау жүйелері жел жылдамдығы өзгерген кезде, өндірілген кернеу шамасының шамадан асып кетпеуін реттеп отырады.[5]

Күн панельдері жалпы жиектемеге оралған фотоэлектрлі ұяшықтан тұрады. Олардың әрқайсысы күн батареяларында жиі қолданылатын кремний сияқты жартылай өткізгіш материалдан жасалған. Күн сәулесі жартылай өткізгішке түскен кезде ол ішінара оның энергиясын сіңіру арқылы қызады. Осылайша, энергия ағымы жартылай өткізгіштегі электрондарды босатады. Сөйтіп, электр өрісі бос электрондарды жіберетін фотоэлементке қосылып, оларды белгілі бір бағытта қозғалуға мәжбүр етеді. Дәл осы электрон ағындары электр тоғын қалыптастырады. Егер металл контактілерді фотоэлементтің жоғарғы және төменгі жағына бекітетін болсаңыз, алынған тоқты сымдар арқылы жіберіп, әртүрлі құрылғыларды басқару үшін пайдалануға болады. Ал тоқтың күші ұяшықтың кернеуімен бірге фотоэлемент өндіретін электр қуатының күшін анықтайды.[8]

Күн батареясының құрылғысы алғашқысында көптеген еркін электрондар қалыптасса, екіншісінде – көп тесіктер пайда болды. Электрондар тесіктерді мүмкіндігінше тез толтыруға тырысады, бірақ егер бұл орын алса, екі жартылай өткізгіш те электрлі түрде бейтарап болады. Оның орнына, еркін электрондар p-типті жартылай өткізгішке енген кезде, осы екі заттың қосылысқан аймағы қызып, өтуге қиын болатын кедергі қалыптастырады. [6]

Күн батареясын жаңбыр мен желден қорғау үшін, оны әйнекпен жабу керек. Бірақ, заманауи күн батареяларынан келетін пайдалы әсер коэффициенті жоғары емес. Олардың көпшілігі өзіне түскен күн сәулесін 12-ден 18 ℅ дейін тиімді өңдейді. Ал үздік үлгілер 40 ℅ пайдалы әсер коэффициентіне өтті.[8]






2.2 Жел мен күн энергиясының артықшылықтары мен кемшіліктері

Жел энергетикасы — жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Елімізде арзан электр энергия көздерін іздеу мақсатында, “Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы” мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жел күшімен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады.

Жел энергиясының артықшылықтары мен кемшіліктері. [5]

Бір де бір ғылым саласы, өндіріс, мамандық тек жағымды немесе тек қана жағымсыз факторлардан тұрмайды. Әдетте әр заттың жақсы-жаман тұстары болады. Ендеше, жел энергиясының плюс-минустарын қарастыра кетейік.

Артықшылықтары:

  • Шикізатты сатып алу-тасымалдаудың, қалдықтарды шығарудың қажеті жоқ;

  • Электр қуатын беруші компаниялардан дербестік қамтамасыз етілген;

  • Ластаушы қалдықтар жоқ;

  • Табиғи ресурстар үнемделеді;

  • Отын, электр қуатының шығындары қысқарады;

  • Атмосфералық жылулық балансқа әсер етпейді;

  • Табиғаттың оттек қорын сақтайды;

Желдің кинетикалық энергиясын электр қуатына тегін айналдырады.

Кемшіліктері:

  • Жел қондырғыларының жұмысы эфир кедергілерін тудырады;

  • Үлкен аумақты қажет етеді;

Жел энергиясы Қазақстанда [5]

Қазақстанның жел энергетикасын дамыту әлеуеті өте жоғары. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламсының ұсынған мәліметтеріне жүгінсек, еліміздің потенциалы мыңдаған МВт немесе жылына 1 триллион кВт-сағ көлемінде – бұл дүние жүзі бойынша үздік көрсеткіштердің бірі. [10]

Күн энергетикасы дегеніміз – дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ. Күннің сәулеленуі – Жердегі энергия көзінің негізгі түрі. Оның қуаттылығы Күн тұрақтысымен анықталатындығы белгілі. Күн тұрақтысы – күн сәулесіне перпендикуляр болатын, бірлік ауданнан бірлік уақыт ішінде өтетін күннің сәуле шығару ағыны. [7]

Қазіргі заманды электр энергиясынсыз мүлдем елестету мүмкін емес. Сол себепті де, электр энергияны алудың шығыны аз, экологиялық таза көздерін табу бүгінгі күннің негізгі мәселесіне айналып отыр. Әлем бойынша электр энергиясын ең көп өңдіретін елдерге АҚШ, Қытай жатады. Бұл елдерде электр энергиясының өндірісі әлемдік өндірістің 20%-ын құрайды. Соңғы кездері экологиялық проблемалар, пайдалы қазбалардың жетіспеушілігі және оның географиялық біркелкі емес таралуы салдарынан электр энергиясын өндіру желэнергетикалық құрылғыларды, Күн батареяларын, газ генераторларын пайдалану арқылы жүзеге аса бастады.

Күн сәулеленуінен электр энергиясы мен жылу алудың бірнеше әдістері бар.

  • Электр энергиясын фотоэлементтер көмегімен алу.

  • Күн энергиясын жылу машиналарының көмегі арқылы электр энергиясына айналдыру (Жылу машиналарының түрлері: поршеньдік немесе турбиналық бу машиналары. Стирлинг қозғалтқышы.).

  • Гелиотермальдық энергетика – Күн сәулелерін жұтатын беттің қызуы мен жылудың таралуы және қолданылуы.

  • Термоәуелік электр станциялары (Күн энергиясының турбогенератор арқылы бағытталып отыратын ауа ағыны энергиясына айналуы).

  • Күн аэростаттық электр станциялары (аэростат баллоны ішіндегі су буының аэростат бетіндегі күн сәулесі қызуы салдарынан генерациялануы).[7]

Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғылардың бірі – Күн батареялары. Күн батареясы немесе фотоэлектрлік генератор – Күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын шала өткізгішті фото электрлік түрлендіргіштен тұратын ток көзі. Көптеген тізбектей-параллель қосылған ФЭТ-тер Күн батареясын қажетті кернеу және ток күшімен қамтамасыз етеді. Жеке фото электрлік түрлендіргіштентің электр қозғаушы күші 0,5-0,55 Ватт-қа тең және ол оның ауданына тәуелсіз Күн батареясындағы ток шамасы оның жарықтану жағдайына байланысты. [8]
























2.3 Жел генераторы мен күн батареяларын орналастыру

Наурызым ауданы Торғай Үстіртінің солтүстік жағында орналасқан. Жер бедері едәуір күрделі. Шығыс жағындағы Торғай Үстіртінің орталық бөлігі ауданды бойлық бағытта бөліп жатыр. Торғай үстіртінің батыс бөлінде торғар қолаты орналасқан. Қолат бойында біздің Шилі ауылы орналасқан. Торғай қолаты сайда орналасқандықтан, онда желсіз тымық күндер аз. Соғатын желдердің жылдық орташа жылдамдығы 4,5–5 м/с шамасында. Жел сайдан қырға көтерілетіндіктен біз осы қолат бойында жел генероторы мен күн батареясын орнатпақ ойымыз бар. Географилық жағынан бұл жер жел генераторына өте қолайлы , себебі жел сайдан қырға көтеріліп үнемі соғып тұрады. Жалпы жел энергиясы күн батареясы деген не? [1]

  • Жел энергетикасы қондырғысы  жел ағынының кинетикалық  энергиясын  энергияның басқа түріне түрлендіретін техникалық құрылғылар жиынтығы.

  • Күн батареясы, фотоэлектрлік генератор — Күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын шала өткізгішті фотоэлектрлік түрлендіргіштен  тұратын ток көзі.

Жобаны орналастыру орыны;

Онтүстігінде Наурызым қорығынан 5-6 км, солтүстігі Шилі ауылынан 4-5 км. Жел төменнен жоғарға соғады және осы жердегі тұрақты желдердің болуына байланысты, жел генераторын қыр баурайларына орнатып, күн батареяларын күнге қарсы қоямыз. [1]

Зерттеуіміз бойынша орташа есеппен 365 күннің ішінде 300 күнде жел қарқынды соғып тұрады. Жел генераторынан электор тоқ жинайтын құрыл энергия аккумуляторына қойып, тоқты жинаймыз.

Ал жел болмаған күндері энергияны күн батареяларынан алуға болады.

Күннен энергия алатын батарея тоқты айнымалы ток алып, оны қолданбалы ток жинағыш құралға энергия аккумуляторына жібереді. Ол токты күнделікті тұрмыста тұтынуға болады.

Жұмыс барысында ұсынып отырған қондырғының осындай артықшылықтарын анықтадық:

  • Алынатын энергия әлд еқайда арзан.

  • Ротордың өлшемдерін үлкендетіп жасау арқылы қондырғының қуатын арттыруға болады.

  • Тұтынушыға жақын орналастыру арқылы энергия тасымалдау проблемасының жоқтығы.

  • Шу жоқ. Ландшафты бұзбайды. Энергияны алу тұрақты, себебі биікте үнемі жел оғады. Қондырғыны кез-келген жерге ауыстыруға болады.

Ел болашағы бүгінгі білімді ұрпақ қолында. Келешекке үлкен сенімен көз тастасақ біздің ауылымыз сәулетті асқан, дәулетті тасыған берекелі құт мекен болады деп сенемін. Осындай жерде туып өскеніме мақтан етемін.

Болашақта еліміз дамыған отыз ел қатарына кірмек. Кең байтақ жеріміздегі байлықты сақтап, табиғаттын берген сыйын және қоршаған ортаға әсер етпейтін қондырғы құралдар тиімді пайдалануымы керек. Елімізді көркейтіп, жерімізді гүлденділер жас ұрпақтарымыздың көп болса туған өлкеміз, еліміз тек биіктен көнеді. [4]














ҚОРЫТЫНДЫ


Қорта келер айтпағымыз еліміз егемендік алып тәуелсіздік салтанат құрған заманда ауылымызды көркейіп гүнденеді деп сенеміз. Үкіметіміз ауылды көркейтуге, жұмыс орындарын ашуға көптеп көңіл бөліп келеді. Тек ауылым деп атқа мінер азаматтарымыз көп болса, ауылымыздың болашағы зор болуына сенемін.

Алдарыңыға ұсынған жобамыз, елміздің экономикасына азда болса өз үлесін қасады, себебі арзан тоқ қөзімен қатамасыз етпек. Сонымен қатар қоршаған ортаға зиян тигізбейді. Ауылымыздың жанынды осы жел генераторы мен күн батареясын орнатсақ, ол тек біздің ауылымызға ғана емес ауданымыздың экономикасына мен дамуына ісер етер еді.

Жұмыс барысында ұсынып отырған қондырғының осындай артықшылықтарын анықтадық:

  • Алынатын энергия әлд еқайда арзан.

  • Ротордың өлшемдерін үлкендетіп жасау арқылы қондырғының қуатын арттыруға болады.

  • Тұтынушыға жақын орналастыру арқылы энергия тасымалдау проблемасының жоқтығы.

  • Шу жоқ. Ландшафты бұзбайды. Энергияны алу тұрақты, себебі биікте үнемі жел оғады. Қондырғыны кез-келген жерге ауыстыруға болады.

Ел болашағы бүгінгі білімді ұрпақ қолында. Келешекке үлкен сенімен көз тастасақ біздің ауылымыз сәулетті асқан, дәулетті тасыған берекелі құт мекен болады деп сенемін. Осындай жерде туып өскеніме мақтан етемін.

Болашақта еліміз дамыған отыз ел қатарына кірмек. Кең байтақ жеріміздегі байлықты сақтап, табиғаттын берген сыйын және қоршаған ортаға әсер етпейтін қондырғы құралдар тиімді пайдалануымы керек. Елімізді көркейтіп, жерімізді гүлденділер жас ұрпақтарымыздың көп болса туған өлкеміз, еліміз тек биіктен көнеді.


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Науырзым ауданының әкімі. Наурызым ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы. Тексерілді, 27 желтоқсан 2016.

  2. kk.wikipedia.orgНауырзым ауданы

  3. Шилі ауылының жергілікті тұрғыны Асипов Бауыржан Қонарбайұлы берген мәліметтері

  4. libr.aues.kz› Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

  1. Национальная Программа развития ветроэнергетики в Республике Казахстан до 2015г. с перспективой до 2024г.

  2. Ғаламтор желісі https://kk.wikipedia

  3. Жадраев У. «Күн энергиясын ауыл шаруашылығында, ғылымда және техникада пайдалану» Алматы, 1974.

  4. Мақала: Күн батареясы. – “Қазақстан” ұлттық энциклопедиясы. 5-том, 127-бет. Алматы, 2003 жыл.

  5.  Қазақ энциклопедиясы, 7 том

  6. Ғаламтор желісі https://kk.wikipedia.org/wiki














14


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2025
157
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі