400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Н.Б.Ақыш және қазақ мемуарлық романы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала қазақ әдебиетінде қалыптасқан жанрдың түрін зерттеп, оның дамуына өз септігін тигізу мақсатында жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Н.Б.Ақыш және қазақ мемуарлық романы


Мұқаш Назерке


Қазақ әдебиеті ғылымының тарихында мемуарлық шығармаларды арнайы зерттеген ғалымдар, мемуарлық шығармаларды ғана талдаған ғылыми зерттеулер көп емес. Мемуаристиканы (мемуар (французша: memorіes, латынша: memorіa – еске алу) деген мағынаны білдіреді) әлем бойынша зерттеуде, орыс ғалымы Л.Я. Гинзбургтың мемуар туралы зерттеулері әдебиетші ғалымдардың зерттеулеріне жол салып берді. Ғалым еңбегінде мемуарлардың жанрлық табиғаты туралы мәселелер ғана емес, сонымен қатар автор мен бас кейіпкердің өзара қарым-қатынасы, бейнелеу, суреттеу тәсілдері қарастырылды.

Қазақ ғалымдарының ішінде де мемуарлық жанрға ерекше көңіл бөлген ғалымдар баршылық. Солардың ішінде осы саланы тереңдете зерттеген ғалым Н.Б.Ақыш туралы зерттеуді жөн көрдім.

Ақыш Нұрдәулет Бабиханұлы (1950 ж.) -жазушы,журналист, жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, Республикалықжастарфестиваль «Жігер» халықаралық сыйлығының иегері. конкурс жүлдегері, Қазақстан Республикасы Мәдениет Министрлігінің Дипломанты[1]және қазақ мемуарлық романдарын («Қазақ мемуарлық романы») зерттеуші ғалым.

Н.Б.Ақыш – қазақ әдебиетінде ерекшеленетін ірі тұлға. Жазушы туралы, ғылыми еңбегі туралы пікірлер жетерлік. М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғалымдары жас қызметкелері «Ғажайып туынды» атты бағдарламада Нұрдәулет Ақыш шығармаларына талқылау ұйымдастырды.Жазушы оқырмандары жазушының әр туындысының ерекше көзқарастар мен сезімдерге толы бір құпия күшпен жазылатындығын айтып өтсе, енді бірі шығармаларында жазушының әйелдер образын ерекше, кең тыныспен суреттейтінін айтты.

Қазақ әдебиетінде қарап отырсаңыз, мемуарлық жанрда шығармалар жазған жазушылар жеткілікті. Бірақ, оларды толығымен зерттеу үлкен ізденістерді қажет етті. Нұрдаулет Ақыш «Қазақ мемуарлық романы» аттығылыми монографиясы - қазақ мемуарлық романдарын тұңғыш рет монографиялық тұрғыдан зерттеген сүбелі еңбек. Ең бастысы, әр мемуарлық шығармалардың табиғаты, тарихи деректемелік сипаты, жанрлық-пішіндік қырлары қарастырылды. Мемуарлық шығармалардың тарих, этнография, әлеуметтану ғылымдары бойынша да сілтеме жасауға қажетті дереккөз екендігі айтылды. Н.Б.Ақышбұл ғылыми еңбегін осы қалпында әдебиет тарихы бойынша қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға болады.

Кітап жалпы оқырмандарға, әдебиеттанушы ғалымдарға, студенттерге, мектеп оқушыларына, бір сөзбен айтқанда, әдебиет саласында еңбек етіп жүрген барлық ізденушілерге арналады[2].

Нұрдәулет Ақыш – көп ізденетін, жастарға сенім арта білетін, тұлғалық қасиетімен халқына қалаулы, сыйлы дара жан.Оның шығармалары балаларға арналған мектеп бағдарламасының оқулықтарына енгізілген[2].Мысалы, 5-сынып оқушыларына жазушының «Нағыз әже қайда?» деген шығармасы енгізілген. Ондағы ойы «Мақсатым — қыздарыма өз әжем сияқты нағыз қазақи кейіптегі кейуананы керсету еді» деп түйіндейді. Бұл әңгіме әлеуметтік желіде оқырмандарға ұнап, өз пікірлерін толассыз білдірді.. ««Нағыз әже қайда?» әңгімесі қатты ұнады! Керемет! Расында да, нағыз қазақи әжелер қазір жоқ. Шашты бояп, тирнақты маникюр жасап,оны да боп,бетке макияж жасап,тойда билейтін әжелер көп. Ал автор ойлаған әже қазір өмірде кездеспейді. Өкінішті. Негізі жас келген соң жасқа лайықты киінген,әже болған дұрыс қой деп ойлаймын», «Бұл əңгіме өте қызықты болды. Қазірқазақи əжелер азайып барады. Əже мейірімді, ақкөңіл, керемет жан мен əжеді қатты жақсы көремін.», т.с.с. [3].

Нұрдәулет Ақыштың«Қазақ мемуарлық романы» монографиясы негізінен бірнеше бөлімдерден тұрады. Оның ғаламтор желісінде электрондық нұсқасы да бар. «Ұсынылып отырған еңбек қазақ әдебиетінде жақсы танымал болған мемуарлык романдармен бірге онша ауызға алына бермейтін жекелегентуындыларды да зерттей отырып, осы жанрға қатысты ділгір сауалдарғажауап іздестіреді. Олардың мазмұны мен такырыбындағы ұқсастықтар ментиптік тұрғыдағы ортақ көркемдік проблемаларының жүзеге асу жолдарын сараптал, саралайды. Зерттеу барысында ғылыми корытындылар ментұжырымдарды жүйелеп жеткізуде де біршама мән берілген [3]».Мемуарлық шығармалардың қазақ әдебиетінде, орыс әдебиетінде зерттелуіне тоқталады. Және де мемуарлық роман дегеніміз не екенін түсіндіріп, анықтама береді.«Мемуарлық роман дегеніміз, бір жағынан, тарихи оқиғаларды, деректерді, фактілер мен кұбылыстарды кейінгі буынға қаз-қалпында жеткізу болса, екінші жағынан алып қарағанда, болған шындықтың біршама көркемделген, эстетикалық мұраттар тұрғысынан икемделген түрі. Мемуарлық роман халық тарихын мүмкіндігінше өмір шындығына жақындата бейнелеуге бейім, оқырманды өзіне тарта алатын қолайлы жанрдың бірі екендігі айқындалды. Оның тарихи шындық пен көркемдік шындықты ұштастыра отырып, өзі бейнелейтін кезеңнің кескін-келбетін жан-жақты ашуда атқаратын рөлі зор. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бұл жанрда жазылған шығармаларды зерттеп-саралау, жүйеге түсіріп, белгілі бір қорытындылар жасау омір қажеттілігінен Бір ауыз сөзбен түйіндеп келгенде, осы айтылғандардың барлығынан қазак мемуарлық романдарының әдебиетімізге үстемелеп экелген тарихи- көркемдік табыстары дәйектеліп. мемуардың жанр ретіндегі сипатына айқындама бірінші. Сөйтіп туындылар жанрлық белгілері бойынша төл әдебиеттану ғылымымызда алғаш рет топтастырылып. жүйеленіп. Тұтастай зерттелген қалпында алғаш рет докторлық диссертация деңгейінде ғылыми айналымға түсіп отыр»[4].

Қазақ мемуарлық романдарыныңКеңес дәуірі кезеңіндегі бастапқы үлгілері көркемдік-идеялық талаптартұрғысынан әр кезеңде, әр жылдары едәуір зерттелгенін атап айту керек.Әсіресе, С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», С. Мұқановтың «Өмірмектебі», С. Көбеевтің «Орындалған арман». Мұстафиннің «Көз көрген»мемуарлық романдары баспа жүзін көргеннен бергі дәуірлерде түрлізерттеулердің нысанынаайналыпотырды.Олар Б. Кенжебаев,Е. Ысмайылов, М. Қаратаев, Б. Шалабаев,Т. Нұртазин, С. Қирабаев,Ш Елеукенов, Х. Әдібаев, А. Нұрқатов, Б. Сахариев, Т. Кжіптев, М. Атымов,М. Хасенов, Р. Нұрғалиев, М. Бекбергенов, M. Xaзин,Ж. Дәдебаев,Т. Сыдыков, Б. Майтанов, Қ. Әбдезұлы, Қ. Ергөбеков, Р. Тұрысбеков.К. Мәдібаева, Б.Сұлтанова және басқа да ғалымдардың ғылыми зерттеулерінде талданған. Аталғантуындылар кеңестік қазақ әдебиетінін көрнекті табыстары ретіндебағаланып келе жатқандығы да әдебиет тарихынан жақсы белгілі. Бірақ тазакөркем туындылармен бір санатта қарастырылып келгендікген, олардыңмемуар жанрының табиғатына тән өзіндік белгілері ерекшеленіп көрсетілеқойған жоқ[4].

Зерттеу барысында ғалым өзіне дейінгі ғылыми зерттеулерді саралай отырып, ғалым мемуарлық романдардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып, айқындап көрсете білді. Бұл жанрдағы шығармалардың өзіндік қырларын аша білді. Ол «Халық тарихындағы белгілі бір түйінді де айтулы сәттерді бейнелеп бере алуында, кейінгі ұрпақ санасына орнымен жеткізе білуінде», - деп құндылығын көрсетті.

Әдебиет саласында қаншама жазушыларымыздың мемуарлық жанрда соның ішінде роман жанрында жазылған еңбектерін зерттеу ол үлкен ізденісті қажет ететіні сөзсіз. Қазақ әдебиетінің ең үздік деген Қ.Ергөбектің «Сарасөз»[5], Ә.Кәкенованың «Қазақ прозасындағыМұқтар Әуезов бейнесі және шығармашалық тұлға концепциясы»[6],Б.Қ.Қожахметовтің «Әбділда Тәжібаев – мемуарист – жазушы»[7], Н.Балтабаеваның «Қазақ роман-эссе жанрының қалыптасу тарихы, оныоқытудың даралық-дәстүрлік ұстанымдары»[8], Н. Омаровтың «Қазіргіқазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық (автобиографиялық) романдардағытарихи дерек пен көркемдік шешім (Ә.Нұршайықов, М.Мағауин,Қ.Жұмәділов романдары бойынша)»[9], секілді ғылыми зерттеулердің, монографиялардың алар орны ерекше зор.



Пайдаланылған әдебиеттер:


1.kk.wikipedia.org ғаламтор сайтынан

2. adebiportal.kz сайты

3. bilim-all.kz

4. Н.Б.Ақыштың «Қазақ мемуарлық романы» монографиясы, 4-бет

5. Ергөбек Қ. Сарасөз. - Алматы, Алматы: ЖШС Қазақстанбаспаүйі, 2013. 572 бет. 

6. Кәкенова Ә. Қазақ прозасындағы Мұхтар Әуезов бейнесі жәнешығармашылық тұлға концепциясы. Алматы, 2010.

7. Қожахметов Б. «Әбділда Тәжібаев-мемуарист – жазушы»– А., 2010.

8. Балтабаева Н. Қазақ роман-эссе жанрының қалыптасу тарихы, оныоқытудың даралық-дәстүрлік ұстанымдары. – А., 2016.

9. Омаров Н. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық(автобиографиялық) романдардағы тарихи дерек пен көркемдік шешім

(Ә.Нұршайықов, М.Мағауин, Қ.Жұмәділов романдары бойынша– А., 2010.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
606
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі