№ 51 «Арғымақ» балабақшасы
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

№13 «Қызғалдақ» ересек топ тәрбиешісі:
Унгарбаева А.К.
Ақтау қаласы
2020-2021 оқу жылы
«Бекітемін»
№ 51 «Арғымақ» балабақшасының
директоры
_______________ Клычбаева Р.Б.
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Не дәмді» ертегісі.
Ересек «Қызғалдақ» тобының тәрбиешісі: Унгарбаева А. Қ.
Ересек «Қызғалдақ» тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Күні: 13.11.2020ж.
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Не дәмді» ертегісі
Мақсаты: Ненің дәмді екенін ажыратуға, дәмінің айырмашылығын, пішінін айта білуге үйрету.
Дамытушылық: Кейіпкелердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сырын, айтылу керек ой – түйсігін, мән мағынасын бұзбай, байланыстыра баяндай білуге үйретуді дамыту.
Тәрбиелік: Асты қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жануарлар маскасы, коржында көкөністер мен жемістер муляждары.
Сөздік жұмыс: сүт, тары. сүйек, шыбык .
Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің қызметі балалардың қызметі.
Шаттық шеңбері
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті ,
Торімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басыгой,
Ал,қанекей бәріміз
«Сәлем» дейік үлкенге.
Қайырлы таң!
Доброе утро!
Good morninq!
Ғажайып сәт: балалар алманы иіскеп көреді.
-Алма сендерге ұнайдыма?
-Ал мұнда алманы жұлдызқұртта жақсы көреді екен.
«Жұлдызқұрттарға алманың дәніне жетуге көмектесейік!» тапсырмасын орындау.
-Жұлдызқұртымыз ненің дәмді екенін білмейді екен.
- Кане, барлығымыз жұлдызқұртқа «Не дәмді» ертегісін айтып берейін.
-Барлығымыз топ болып ертегіні айтып корейк.
-Амандасу. Алма салынған себетті көрсету. Әрине, ұнайды. Себебі алма тәтті, дәмді жеміс. Алма ағашта өседі. Ол қызыл ,сары кейде жасыл болып келеді. Алма дөңгелек болады.
Тапсырманы орындауға тырысады.
Ұйымдастырушылық ізденістік «Не дәмді?» ертегісі:
Бір бас қосқанда құстар мен хайуанаттар нендей тамақтың дәмді екенін талқылапты.
Сонда Тауық: -Ең дәмді тамақ - тары, - депті қыт-қыттап.
-Тапқан екенсің, дәмді тамақты! Кеміріп жейтін сүйекке не жетсін!- дейді Ит абалап.
-Бәріңде білмейсің. Күтірлетіп жейтін сәбізден артық ештеңе жоқ, -дейді Қоян, екі құлағын тікірейтіп.
-Жас шыбықтың қабығынан дәмді не болушы еді,- деп, Ешкі маңырапты.
-Шіркін , қою сүтті айтсаңдаршы!- деп мысық тамсанды.
Сөйтіп аркім өзі сүйетін тамақты мақтап, қызыл кеңірдек болысып, бәтуаға келе алмай, таласыпты. Ешкі шыбықтың қабығын, мысық қою сүтті аңсапты. Сөйтіп құстар мен хайуаннаттар бір не дәмді деген сөзге келе алмапты.
-Ал. Балалар ертегіден не түсіндіңдер?
-Балалар өз үйлеріңде аналарың немесе әкелерің және озің нені жақсы көресіңдер?
- Көрдіңдерме ар адамдардың да өз сүйікті тағамдары бар. Қандай да тамақ болсын жеркеніп жеуге болмайды. Астың бәрі дәмді де, тәтті.
-Балалар бір үзім нан жерге түсіп кетсе немесе қиқымы шашылса, не істейміз?
Қостілділік компонент : сүт- молоко, тары- пшено, сүйек- кость, шыбық –шпиндель.
Сергіту жаттығу:
Алма баққа барайық,
Алма жинап алайық,
Ең үлкенін дәмдісін,
Әжемізге сыйлайық.
Дидақтикалық ойын: «Бұл не?»
Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді ажыратып, дәмінің айырмашылығын және пішінін айтып, атын атау керек.
Әрине, ұнайды.
Ойынның шарты:Баланың көзі жұмылады.
Қоржынға салынған көкөністер мен жемістерді қолдарына алып, оның дәмі қандай болатынын және пішінін айтып, атын атау керек.
Себебі: алма тәтті, дәмді жеміс. Алма ағашта өседі. Ол қызыл, сары кейде жасыл болып келеді.
Алма дөңгелек болады.Балалар мұқият тыңдап мазмұнын айтуға тырысады.
Анам етті, әкем палауды тамақты, ал өзім бәліш жегенді ұнатамын.
Қайталайды.
Сергіту жаттығуын орындайды.
Ойынды балалар қызыға ойнайды.
-Балалар бүгін қандай ертегімен таныстыңдар?
-Ертегіге қандай кейіпкерлер қатысқан?
-Ертегі сендерге ұнады ма?
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жемістердің көкөністерден айырмашылығын жылдам айта білу ;
Игереді : Көкөністер мен жемістерді ажыратуды
Меңгереді: Тез ойланып, тез жауап беруді біледі.
Менің Отаным - Қазақстан!
Өз Отанының, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын даланы – ата –бабаларымыз көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында тәуелсіздікке жетіп отырмыз . Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиеттіміндет.Отанды сүю яғни, туған анаңа , туған жұртыңа деген махаббаттан басталады. Одан соң Отанға деген махаббатқа ұласады. Қазақстан жерін әуелден қоныстанып кележатқан ел - қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған басшыларымыз, батырларымыз кең- байтақжерімізді сырттан төнген қауіптен қорғап келді. Қазақ халқы – ержүрек , достыққа адал , бауырмал , қонақжай халық.Көп жылдан соң 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Содан ел басы болып Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Тәуелсіздік алғаннан кейін тіл де рәміздерімізде қалыптасты. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі.Туымыздың көк түсі бейбітшілікті, ашық аспанды білдіреді.Оның ортасында алтын орайлы күні мен қыраны бар. Ою өрнегі шетінде орналасқан.Елтаңбада шетінде екі алтын пырақ,ортасында щаңырагы бар.Қазақстан Республикасыныңмемлекетік рәміздері –Туы, елтаңбасы және Гимні 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды.1991 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекетер Достығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа ұйымдарға кіріп, 2010 жылы Азияданы өткізді.Біздің еліміздің көптеген жетістіктері бар.азақстан Республикасы басқа елдерге қарағанда эканомикасы да, елі де тез дамып келеді.Қазақстан жерінің мақтанарлықтай жерлері жетістіктері өте көп.Соның ішінде Қазақстан ең басты мақтанышы ол өз астанасы – Астана.Астана қаламызға шетелден келетін адамдар өте көп болады . Астана қаласында парламент үйі , Ақ орда және бәйтерек орналасқан. Қазақстанның бұдан Алматы,Атырау,Ақтау,Көкшетау,Қостанай, Орал,Петропавл,Павлодар,Семей, Өскемен,Қарағанды,Жесқазған,Шымкент,Тараз,Қызылорда қалаларымен көп деген ауданы, ауылдары бар.Әр қаланың, ауылдың өз мақтаныштары бар.Мен мысалы ретінде өз туған жерім Манғыстау обылысы Ақтау қаласымен мақтанамын. Біздің мақтанышымыз шыгып жатқан мұнайымыз , каспейіміз және бүкіл Қазақстанға аты шығып жүрген өнерлі азаматтарымыз. Мен өзімнің әсем , көркем,көрікті, байтақ еліме, жеріме өте мақтанамын.Қазақстанның барлық азаматтары да өз елін мақтан тұтады деп ойлаймын.Қазақстанның жері барынша әр алуан. Оның кең байтақ аумағында тауарлар да, ораман-тоғайлар да, кең жазақтар да бар. Біздің Қазақстан жері тәуелсіздік мемлекет ретінде көптеген табыстарға жеткен ел . «Отан үшін отқа түс күймейсің» демекші . Отан – бұл сөз әр адамның жанына жақын , жүрегіне жылы тиер сөз. Осы сөздің астарында қанша мағына жатыр.Отан дегеніміз –туып өскен жеріміз. Отан дегеніміз - тәуелсіздікті мүлде жоғалтқан, қазақ халқының бастан кешкен тарихы, Отан дегеніміз –ел бірлігін, бостандығын , елін,жерін қайтсек сақтап қаламыз деп кұрбан болған апаларымз бен есіл ерлеріміз. Құс ұясыз болмайтындай,адам Отансыз болмайды . Ал менің Отаным – сонау Каспийден,Алтайға дейын созылып жатқан қасйетті өлке –Қазақстан. Қазақстан дегенде көз алдымызға шалқыған жайлау , түтіні бұрқыраған ауыл , жазық дала елестеп,бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған дауысы құлағымызға келеді.Қазақстан –тәуелсіз ел.Сол тәуелсіздікті алу жолында ата-бабаларымыз,азап та,аштық та,сұм соғысты да басынан кешірді.Әсіресе , ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.Менің елім –менің Қазақстаным!Осы құдіретті сөзді әр азамат асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алады деп ойлаймын . Өйткені біздер ,асқақ арман жетегінде отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздары , қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп ,мекен етіп ,береке-бірлікте,достық қарым-қатынаста , тыныштықпен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз осы жарасымды тыныс тіршілігімізді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жан-жақты ойлап, кемел ойлы , кемеңгер ата –бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл-парасатының азаматтық саясатының нәтижесідеп білеміз. Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келмеді.Біз ұлы ата-бабаларымыздың арқасында ғана тәуелсіздікке жеттік. Олар көптеген шайқастарға қатысып,қан төгіп,Отан үшін отқа түсті.Әрбір адам бала кезінен «Қазақстан-менің Отаным,оны мен үшін жауапты екені сйяқты,мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсуі керек деп ойлаймын.Әр адамның өз туған жеріөзіне ыстық болып келед.Өз басымҚазақстан-менің Отаным екенін мақтан түтамын.
Қазақ жері - Қазақстан!
Мөлдірегенашақ аспан.
Алыс кетсем сағынамын,
Отаным сен – Қазақстан!.
Менің көшбасшым !
Менің өмірдегі көщбасшым өзімнің – әкем. Менің әкем қарапайым ғана ауыл шаруашылығын кәсіп еткен жан. Біздерді тарбиелеп, оқытып, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған абзал әке. Біз бала кезімізде әкемнің төрде ешкім ұстамайтын қара домбырасы, гармоны болатын. Әкем ол аспаптарды кешке жұмысынан келгенен кейін кешкі ас ишілген соң ғана қолына алатын . Қара домбыраның құлақ бұрауын келтіріп, әдемі әуендер шертетін.
Саттіғұлдан бастап, Қашаған , Сүгірдің жырларын бірінен соң бірін айтып беретін. Сол әуендер құлағымызда жаттап қалғаны соншалықты қай әуенен кейн қайсысын айтатынын біліп отырушы едік. Ал гармонды сирек ұстайтын, бірақ біз сол гармонды ұстағанын күтеміз, себебі ол аспаппен әкеміз бізге өлең айтуға мүмкіндік тер беретін. Кейде әкем кешкі астан кейін біздерге әдемі әңгімелер айтып беретін. Әңгімені өте әсерлеп, оқиғаның ішінде жүргендей етіп, кейде естеліктер айтып , өзінің де көңілі босап жылап , біресе күлдіріп отыратын.
Бізге әңгімені неден бастадым ұмытып қалмаң, қазір сұраймын дейді, әртүрлі аңыз әңгіме, тарихты, батырлар жырын , арсында Қырымның қырық батырын домбырамен де жырлап жіберетін . Әңгімені неден бапстадым деп сұрағанда мен ғана айтып беретін болғанмын, ал қалған бауырларым оқиғаға елітіп ұмытып кететін. Сонда әкем айтатын зейінің мықты, ойың зерек, балам сен мұғалім бол деген. Талайдың көкірек көзін ашасың, дұрыс тәлім –тәрбие бересің деп айтып еді. Әкем өте шешен сөйлейтін, даусы өте құлаққа жағымды естілетін, ешқашан дауыс көтеріп ұрыспайтын. Бірақ қабағындағы ызғарынан артық сөйлеп , қатты күлуге сескеніп тұратынбыз. Әр баласын әр түрлі еркелетіп отыратын. Соның ішінде мен әкемнің «жекеменшік» қызы атандым.
Балаларға ұстауға болмайтын қара домбырасын тек маған ғана ұстауға рұқсат еткен , ал басқа балаларда дүкеннің домбырасы болатын.Апаларым неге ол ғана ұстайды , бізге неге ұстауға болмайды десе оның да бір мәнісі бар деп қоя салатын. Қарапайым ғана еңбек адамы әкеміз бәрімізді жоғары оқу орындарына оқытып, тәрбиелі етіп өсірді. Өзінің балалық шағы әкесіз, соғыс кезіне тап келіп, 4 сыныптың сауатының бар екендігіне өкініп отыратын. Сол сауатымен де заман ағымынан қалмай қайта құру кезінде «Маңғыстау» шаруа қожалығын құрып, балаларын материалдық жағынанда үлкен қолдау көрсетіп , ата кәсібін жалғастырып кетті.
Біздің үйде кешкі аста міндетті түрде түгел қалмай отыруымыз керек болатын. Ол біздің үйдің жазылмаған заңдылығы , ертеңгі күні кім қайда , не жұмыс атқару керектігі , сол жерде айтылып , әкем бағыт- бағдар беріп , жол сілтеп отыратын еді. Кешкі ас біз үшін тәрбие сағаты сияқты. Әкеміз сол кезде тәрбиені айтып емес, өзі көрсетіп ,үлкенге қарсы келмеу, асты қалай ішу, артық сөйлемеу , жүріс –тұрысының өзін жаймен түсіндіріп отыратын. Мен алғаш бірінші сыныпқа барғанымда оқып, жаза алатынмын, менің әріп танушы ұстазым - Әкем. Математиқалық пайыз, сапа, көбейтудің ең оңай жолын үйреткен әкем болатын. Немерелерінің өзі де әкемнің шәкірттері болатын, арнайы жиендері келіп әріп танып кетуші еді.
Адам жанын түсіне білетін менің абзал әкем, менің рухани көшбасшым , қиналғанда сүйенегерім, тарыққанда демеушім. Әкем сексенге келіп, өмірден озды. Ұрпақтарын жинап , тек ауыздарын бір болып , Етіректің ұлдарын – қыздарын айт деп отыратындай болың.Бір –біріңді қолтықтан демеп , құлағанда жанына табылың. Ұл- қыздарыңа жақсы тәрбие берің, тәрбиені ауызбен айтып емес , өздерің тәрбиелі дұрыс жүріп көрсетіп отырың деп аманат айтып кетті. Біз ұрпақтары әке аманатына қиянат жасамауға , әкені мәнгілік сапарға аттанар алдында уәде беріп, іштей қимай қощтасып отырдық.
Әкеміз берген , көрсеткен сара жолдан ауытқымай отырсақ, ұрпағымыздың алдында ұялмай еңсеміз биік болатынын бәріміз сеземіз.
Аналарды сүйеміз Достықты біз ойлаймыз
Ақылын ойға түйеміз Бірге күліп – ойнаймыз
Әжені де ардақтап Қыздарды да құттықтап
Әдеппен бас иеміз. Мерекесін тойлаймыз.
Әлпештеген баласын Ана – біздің күніміз
Ана бақыт, ана –күн Ананың біз гүліміз
Әркім сүйіп өзінің Балаларды қуантып
Мақтан етер анасын. Ұзақ өмір сүріңіз.
Әр сөзіңді жаттаған Аялаймыз ананы ,
Жүрегімде сақтаған Құрметтейміз бағамыз
Анашым деп мақтанам Сіздер үшін аналар
Айналайын ақ анам! Шырқап әнге саламыз.
Ертегі қандай көп еді Өмірге бізді келтірген
Күнде айтып береді Жарық дүние сыйлаған
Қуанатын балаша Жамандыққа баласын
Әжем менің тамаша Ешқашан да қимаған
Көрмесін қайғы балалар
Аман болсын аналар!
Күздің қазан айындай
Алма ,алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр,сыбдыр етеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Не дәмді?" ертегісі

шағым қалдыра аласыз