400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

«Не? Қайда? Қашан?» викториналық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: оқушының өз мақсатын табуға көмектесу, мамандық таңдауда дұрыс шешім жасауға бағыттау, мамандықтың алуан түрлі екендігін ұғындыру, ой-өрісін кеңейту, ұйымшылдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Не? Қайда? Қашан?» викториналық сайыс


Мақсаты: оқушының өз мақсатын табуға көмектесу, мамандық таңдауда дұрыс шешім жасауға бағыттау, мамандықтың алуан түрлі екендігін ұғындыру, ой-өрісін кеңейту, ұйымшылдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар, алфавит, маркер, ватман қағазы, журналдар

Түрі: топтық жарыс

Ұйымдастыру:

Саламатсыздарма құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар! Адам өмірінде мамандық таңдау маңызды рөл атқарады және таңдау жасауда оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болу қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болу қажет. Қазіргі сәтте, оқушылар, сендер үшін болашақ мамандықтарыңды дұрыс таңдай білулерің маңызды болып табылады. Сондықтан да біз бүгін 5-8 сыныптар арасында «Не? Қайда? Қашан?» атты викториналық сайыс өткізгелі отырмыз.

Топтарымыз дайын, олай болса ойынымызға төрелік ететін әділ-қазылармен таныстырайық:

1.

2.

3.

«Танысу» кезеңі

Ойынның шарты: Кез-келген бір мамандықты атап, допты лақтырамын. Қағып алған оқушы, жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен асталатын кәсіпті айтады. Мысалы: мұғалім-механик-кондитер т.б. Ойын осылай жалғаса береді.


Ойынның шарты: 1. Таныстыру

2. Жұмбақ

3. Бұл қай мамандық?

4. Бейнедегі сұрақтар

5. Құпия сөздер


І. Таныстыру (топтың аты, ұраны)- 10 ұпайдан

ІІ. «Жұмбақ»

Әр дұрыс жауап- 5 ұпайдан

Жасыл желек көгалда,
Бірде артқа,
Бірде алға,
Желаяқ көп бала,
Таласып жүр бір шарға.
Футболшылар

Адамның жүзін,
Басы мен көзін.
Айнытпай келбетін,
Салатын кім суретін?
Бейнегер
Айдында жүзеді,
Тірі күміс сүзеді.
Балықшы


Маңдайға жағып шырақты,
Лавалардан тұрақты.
Ағызып отын өзенін,
Жылытқан кім өз елін?

Шахтер

Өнерге тән жаратқан,
Көкірегі кең аспан.
Барша жұртты қаратқан,
Бейнегер кім тым асқан?
Қылқалам шебері

Алатаяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.

Полиция

Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді.
Ұстаз


Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл?

Ұстаз


Білімнің жол басшысы,
Шәкірттің қолбасшысы.
Мұғалім

ІІІ. «Бұл қай мамандық?» Әр топқа мамандық аттары жазылған үлестістірме қағаздары беріледі. Сол мамандықты топ басшыларына қалған ойыншылар іс-қимылмен, ым-ишарамен көрсетуі тиіс. Әр табылған мамандыққа 1 ұпайдан беріледі.

1-топ: мұғалім, балықшы, жүргізуші, адвокат, гүл өсіруші(бағбан), биші, кітапханашы, спортшы, шахтер, сауыншы

2-топ: дәрігер, шаштаразшы, құрылысшы, әнші, аудармашы, электрик, психолог, етікші, продюссер, суретші,

3-топ: сатушы, тігінші, аспазшы, бизнесмен, актер, бухгалтер, журналист, дизайнер, визажист(гримдеуші), ұшқыш, боксшы,

4-топ: режиссер, баскетболист, экономист, милиционер, дефектолог, даяшы(официант), футболист, әлеуметтік педагог, фармацепт(аптекар), аудармашы

IV.Бейнематериалдар бойынша сұрақтар қою


V .«Құпия сөздер» топтық ойыны.

(Қажетті құралдар: ақ қағаз, қалам, әліпби)

Әр бір топ қазір көп сандар жазылған қағаздан алады.  Бұл сандардың артында жасырын сөздер бар. Сіздердің міндеттеріңіз: берілген әліпбиге қарап отырып, әр бір жасырын сөзді тауып, кейін толық сөйлемді құрап шығу. Барлығын өте тез, шапшаң орындау керек. Қай топ бірінші аяқтайтынын байқап көрелік. Кәне, бастайық!


1-топ(5-сынып):

17 1 17 1 18 7 37 15 25 37 7 27 23 37 24 25 1 1 7 1 26 - 20 16 21 17 38 23 10 20 16 37 18 37 19 24 2 25 24 2 25 25 38 16 38 5 38 18 38 19 18 8 5 38 11 38.


2-топ(6-сынып):

38 24 38 17 20 19 24 37 18 7 8 24 8 19 38 11 ,

24 20 16 38 24 25 38 19 17 1 17 1 18 37 3 20 16 37 19 37 11.

7 1 19 15 37 17 34 37 15 24 37 18 7 8 24 8 19 38 11 ,

14 21 22 34 38 16 38 14 25 38 18 1 7 1 17 37 3 20 16 37 19 37 11.


3-топ(7-сынып):

17 1 17 1 18 7 37 15 25 37 19 10 1 17 1 18 37 10 20 15, 3 38 23 1 15 20 18 37 19 14 8 11 14 8 16 5 8 18 38 18 8 12 14 8 17 7 38 16 38 14 15 1 10 8 25, 3 27 16 10 1 13 14 28 18 8 16 25 26, 25 1 17 1 15 1 24 37 23 1 26 7 37 19 6 1 18 1 10 20 16 37 8 17 8 24, 26 16 14 8 18 21 18 8 23 7 38, 11 20 23 34 8 3 8 23 16 38 14 25 38 15 1 10 8 25 8 25 8 25 38 18 18 2 23 24 8.





4-топ(8-сынып):

3 27 16 7 226 38 23 7 8 21 11 25 38 16 38 18, 2 7 8 3 12 8 25 38 18 3 38 16 17 8 5 8 18, 15 1 7 38 23 16 8 17 8 5 8 18 1 7 1 17 25 20 16 37 15 17 2 18 7 38 12 18 25 8 16 16 12 5 8 18 25 8 17 8 24 7 8 26 5 8 7 8 3 20 16 1 7 37. 24 8 3 8 3 38, 20 16 15 1 18 7 1 13 16 37 15 17 1 17 18 7 37 15 3 38 16 38 17 38 3 20 16 24 1 7 1 , 23 26 30 1 018 12 20 13 25 2 23 3 12 8 24 38 18 7 8 24 37 19 1 23 10 1 15 1 11 1 17 1 25 3 20 16 1 7 37.


Кілті:


Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі. (Э. Ф. Зеер)


Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз. (Әл-Фараби)


Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. (Ж.Аймауытов)

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады. (М.Әуезов)



Осымен бүгінгі біздің ойынымызда өз мәресіне жетіп қалды. Келесі кезекті төрешілерімізге берсек.


Қорытынды


Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін.

Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін.

Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін,

Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін.

Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін,

Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей қандай маман иесі болсақ та, ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
128
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі