Не сатып аламын

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Не сатып аламын

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды азық- түлік атауларымен таныстыру, нанның қасиеттілігін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Не сатып аламын?

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларды азық- түлік атауларымен таныстыру, нанның қасиеттілігін түсіндіру.

ә) Оқушыларды асты қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.

б) Оқушылардың ойлау, қазақша сөйлеу, өлеңді мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, азық- түлік суреттері

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, іздендіру

Пәнаралық байланыс: орыс тілі,әдеби оқу

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі 1-2 мин.

1. оқушылармен сәлемдесу

2. сабақта жоқ оқушыларды белгілеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өтілген модуль бойынша қайталап келу

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

«Жеті сұрақ»

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?

  • Аптаның қасиетті күні?

  • Қазақ тіліне тән дыбыстар қандай?

  • Апта атаулары?

  • Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

Грамматикалық тақырыппен жұмыс

Адам, мамандық атауларынан басқа сөздерге не? нелер?сұрақтары қойылады.Не? сұрағы- жекеше түрде (ед.ч), нелер? сұрағы- көпше түрде (мн.ч).

Мысалы: нан-не? қоян-не?

нандар- нелер? қояндар- нелер?

кәмпит-не? кітап- не?

кәмпиттер- нелер? кітаптар-нелер?

Лексикалық тақырыппен жұмыс





Shape1

Сөздікпен жұмыс

  • Азық- түліктер- продукты

  • нан- хлеб

  • май- масло

  • айран- кефир

  • қант- сахар

  • ірімшік-сыр

  • шұжық- колбоса

  • шай-чай

  • ішемін- пью

  • жеймін- ем

  1. Суретпен салыстыра түсіндіру

  2. Оқушыларға қайталату

  3. Буынға бөлу

  4. Сөз тіркесін не сөйлем құрау

Тапсырмалармен жұмыс

1-тапсырма

Мынау -дүкен. Дүкенде азық –түліктер сатылады. Азық- түліктер: нан, май, шай, кәмпит, шұжық, айран, ірімшік.

Дүкенге Әлия мен Айнұр келді.Әлия нан мен қант сатып алды. Айнұр айран мен сүт сатып алды.

  1. Мәтінді түсініп оқып шығу.

  2. Сұрақтарға жауап беру.

  3. Ішілетін, жейтін тамақтарды бөліп сызба құру.


Shape2 Shape3 Рисунок 26

Shape5 Shape4 Мен жеймін

Рисунок 28



Shape6 Рисунок 29

Shape7

Shape9 Shape8 Мен жеймін

2-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы

Нан иісі

Есіңде болсын, балам,

Нан- қастерлі тағам.

Қоқымын оның шашпа,

Жерге түссе,баспа,-

Дейді атам маған.

( Ә. Бостубаев)

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу

  2. Тақырыбын пысықтау

-өлеңнің тақырыбы не туралы?

-нан қандай тағам?

-нанды қалай қастерлеу керек?

Ширату сәті.

1. Қардай аппақ,

Балдай тәтті-ақ а) сүт, ә) қант, б) су

2. Сырты жасыл, қатты,

Іші қызыл, тәтті а) пияз, ә) алма, б) қарбыз

3. Қалың киімді ұнатады

Шешіндірсең, жылатады. а) қияр, ә) пияз, б)шие

4. Құрғақ жерде сақтайсың,

Онсыз тамақ татпайсың. а) тұз, ә) қант, б) сүт

5. Аппақ қардай,

Дәмі балдай а) сүт, ә) балмұздақ, б) айран

3- тапсырма. Көп нүктенің орнына азық- түлік атауларын қой.

Мен әкеммен дүкенге бардым. Біз .................. , ................ , .............. , ............... сатып алдық. Дүкенде ................ жоқ. Біз үйге келдік.

Жаңа тақырыпты бекіту

  • Азық- түліктің қандай түрлерін білеміз?

  • Айгүл, мұғалім, оқушы сөздеріне қандай сұрақ қойылады?

  • Мектеп, нан, айран, сынып сөздеріне қандай сұрақ қойылады?

  • Азық- түліктер қайда сатылады?

Үйге тапсырма

  1. 2- тапсырма.Өлеңді жаттау.

  2. «Азық- түлік дүкенінде» диалог құру.

Бағалау. Оқушыларды белсенділіктеріне қарап бағалау, мадақтау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
650
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі