400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Неге дәл мен грантқа лайықтымын?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен грантқа лайықтымын ба? Үздіксіз ізденіс пен талпыныс дәуірінде түлектердің, оның ішінде журналистика деп жүрек оты лаулаған талапкерлердің алатын орны ерекше. Әрбірінің өз бейімі мен қабілетіне сай ерекшелендіретін қасиеттері шексіз. Осынау білім мен мүмкіндіктер үшін бәсекелестік күшейіп келе жатқан уақытта көкейімдегі жалғыз сұрақ “Неге дәл мен грантқа лайықпын?”. Осыған байланысты мен өзімнің гранттық кандидатурамды және неліктен мемлекеттік марапатқа лайықты екендігімді баян еткім келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Неге дәл мен грантқа лайықтымын?


Мен грантқа лайықтымын ба? Үздіксіз ізденіс пен талпыныс дәуірінде түлектердің, оның ішінде журналистика деп жүрек оты лаулаған талапкерлердің алатын орны ерекше. Әрбірінің өз бейімі мен қабілетіне сай ерекшелендіретін қасиеттері шексіз. Осынау білім мен мүмкіндіктер үшін бәсекелестік күшейіп келе жатқан уақытта көкейімдегі жалғыз сұрақ “Неге дәл мен грантқа лайықпын?”. Осыған байланысты мен өзімнің гранттық кандидатурамды және неліктен мемлекеттік марапатқа лайықты екендігімді баян еткім келеді.

Біріншіден, менің мектепшілік мотивациям, шығармашыл ой-өрісім мен білімге деген құштарлығым мені грантқа лайықты үміткер етеді. Әрқашан білім беруді құрметтеп, негізделеген мәселенің стандартты емес шешу жолын қарастырып, жаңа идеяларды талқылауға, ортамды дамытуға талпынамын. Атаулы кештер мен мерекелерде ортамның жарып шыққан үздігі болуға, басқаларды жігерлендіруге және оларға лайықты үлгі болуға деген ұмтылысым менің білім мен ілімге ие екенімді көрсетеді.

Екіншіден, менің коммуникативтілігім, әлеуметтік белсенділігім мен жұрт қамын ойлаған шырылым менің грантқа лайықты талапкер екенімді дәлелдейді. Тек жеке басымның пайдасы үшін емес, қолымнан келгенінше мұқтаж хәлін түсінуге, оның арқа сүйер тірегі болуға, қорғансызға қорған, панасызға пана болуға ұмтыламын. Менің мақсатым – білім алу ғана емес, оны қоғамның игілігі үшін пайдалану.

Үшіншіден, бойымдағы жауапкершілік, адалдық, табандылық және еңбекқорлық сынды қасиеттер менің степендиат иегері болуға деген тынысымды ашады. Бастаған ісіме тиянақты, адал ниетпен, зор үмітпен, орта үздігі болуға деген қадамым тек өзімді емес, өзгені де жігерлендіреріне сенемін.

Қорытындылай келе, баян еткен 3 қасиетім мені грантқа лайықты үміткер етеді, степендиат үміткері атануға деген сенімімді арттырады. Бойымдағы асыл қасиеттерім мен шектеусіз мүмкіндіктерімді тек жекебас пайдам үшін емес, қоғамға сіңірер еңбегім үшін ары қарай да өрбітуге, жетілдіруге дайынмын. Мемлекеттік грант арқылы өзімнің болашағыма нық қадам басып, нағыз журналист қатарынан орын алатыныма сенемін. Грант тек бастамасы, шешен болып шешер, ел болып еңсерер, асуымыз әлі алда.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.01.2024
718
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі