Тақырып бойынша 11 материал табылды

Неге Мөде шаньюй "Жер- мемлекеттің негізі" деді

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ ҚМЖ 5 сыныпқа сабақ беретін ұстаздарға көп көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4А


Мектеп: Жасбуын орта мектебі


Мұғалімнің аты-жөні:

Серкешова Жадыра Болатовна

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Неге Мөде шаньюй «Жер - мемлекеттің негізі» деді



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

5.3.1.1 картада тайпалық одақтардың орналасуын көрсету

5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылу алғышарттарын білу

Сабақ мақсаты

Бәрі: Картада тайпалық одақтардың орналасуын көрсетеді, ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылу алғышарттарын білу.

Басым көпшілігі: Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым қатынастарын анықтайды.

Кейбіреулері: Тайпалық одақтарды кескін картасында белгілейді.

Ойлау деңгейлері

Білу, түсіну

Бағалау критерийлері

1.Картада тайпалық одақтардың орналасуын көрсетеді, 2.Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылу алғышарттарын біледі..

3.Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым қатынастарын анықтайды.

4.Тайпалық одақтарды кескін картасында белгілейді.

Тілдік мақсаттар


Жазылым: Оқушылар осы тақырыпқа қатысты тарихи диктант, эссе жазды.

Айтылым: тақырыпқа байланысты нақты жауаптар беріп, пікірлерін айтады.

Тыңдалым мен оқылым: оқулықтың 128 бетіндегі мәтінді оқиды және тыңдайды.

Сабақта қолданылатын лексика мен терминология:

шаньюй, түменбасы, тәңір.

Құндылықтарға баулу



Мәңгілік ел: Қазақстан Тәуелсіздігі және Астана құндылығына Мөденің ел дербестігін сақтау үшін «Жер мемлекеттің негізі» деген сөзін бүгінгі Тәуелсіздігімізбен байланыстыру арқылы отансүйгіштікке баулу, жерді қорғау,

Пәнаралық байланыстар

Тарих, әдебиет, жаратылыстану. М.Жұмабаевтың «Пайғамбар» шығармасы, көшпелі халық.

Бастапқы білім


Ежелгі тайпалар: сақ, үйсін, қаңлы туралы білімдеріне сүйенеді.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

(10 минут)


Псхологиялық ахуал арттыру: «Ақ тілек» әдісі білім алушылар бір-біріне Жебе, Қалқан беріп тілек айтады:

1.Жебе-көздеген мақсатына жет;

2. Қалқан-туған жерді қорға;

3.Мен көмектесем.


Уәждеу.

Тақтаға сақтар мен ғұндардың суреттері ілінеді. Білім алушылар сақтар туралы алдыңғы білімдеріне сүйене отырып, ғұндар жайында болжамдарын жасайды: мүмкін олар...

Көшпелі халық,

Жауынгерлер

Монголтиптес...


Тақырыпты ашу, мақсаттау.

М. Ғұн мемлекеті картасынан ғұндардың орналасқан орынын көрсете отырып, тақырыптың атын ашады, мақсат қоюға балаларды итермелейді.


Сабақтың ортасы

25 минут

1 мин

2 мин






3 мин
























5 мин





















2 мин


3 мин





3 мин






3 мин













3 мин




Балалар топтарға геометриялық фигуралар арқылы бөлінеді. Фигураларды таратып, бірдей түрлері бойынша 2 топ жасақталады.

Алдын ала сабақ барысында білім алушылар тапсырманы орындай келе жұлдызшаларды жинақтап отырады, сабақ соңында қорытындыланады да, қалыптастырушы бағалаудың нәтижесі шығарылады.

Ж. 1-тапсырма

Білім алушылар жұптасып, Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылу алғышарттарымен оқулық мәтінінен танысады, бірге алғышарттарын анықтап, тізбектейді, карта бойынша ғұндардың тайпалық орналасуын көрсетеді.

Т. Жұптар өз топтарында бірлестіктердің құрылу алғышарттарын талқылайды, карта бойынша ғұндардың орналасуын анықтап, кескін картаға белгілейді.

Бағалау критерийлері

дескрипторлары

1.Картада тайпалық одақтардың орналасуын көрсету.

Барлығы:

Картада тайпалық одақтардың орналасуын көресете алады


2.ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылу алғышарттарын білу.

Барлығы:

ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылу алғышарттарын біледі.

3.Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым қатынастарын анықтайды.

Басым көпшілігі:

Ғұндардың көрші елдермен қарым-қатынасын анықтап картадан көрсете алады.

4.Тайпалық одақтарды

кескін картасында белгілейді.

Кейбіреулері

кескін картада тайпалық одақтарды белгіледі.

Кері байланыс: жұлдызша, бас бармақ арқылы.


Т. 2 тапсырма.

І кезең.

Топтар оқулықтан мәтінді оқиды, соған сүйеніп

рөлдік ойын арқылы көрініс қояды.

Оқулықтың мәтіні:

Бір қарыс жер туралы аңыз. Ғұндардың көршілері дунхулар ғұндардың жерін тартып алуды ойластырады. Осы мақсатпен екі рет елшілерін жіберіп, Мөденің арғымағы мен әйелін беруді талап етеді. Мөде: «Арғымақ пен әйел – халқымның садағысы,алсын», - деп бергізеді.Үшінші келгенде малға қолайсыз, бір қарыс жерді беру талабын қояды. Мөде:«Екі талабын орындадым, арғымақ та, әйел де өзімдікі болатын. Жер жақсы болса да, жаман болса да - халықтың игілігі! Халыққа жерді тәңір берген. Жер болса, халық та болады, онда мемлекет құруға болады. Жер - мемлекетіміздің негізі мен ырысы, оны қалай береміз?» - деп қатты ашуланады. Содан соң дунхуларға қарсы жорық ұйымдастырып, оларды талқандап, жерін иеленді.

Топтар рөлдік ойын арқылы көрсетілім қояды.

ІІ кезең.

Топтар өз көрсетілімін сахналайды.

ІІІ кезең. Талқылау кезеңі.

М. Проблемалық сұрақ қояды:

Сіздердің ойыңша, Мөде неге осындай жауап берді?

Сіз Мөде болсаңыз, қандай жауап берер едіңіз?

Кері байланыс: қол шапалақтау арқылы жасалады.


Б. 3-тапсырма «Ыстық орындық» әдісі.

Әр топтан 1 баладан картаға шығады.

Өтілген тақырыпты қорытындылау үшін оған ғұндар бойынша, олардың тайпалық одақтары жайында, көрші елдер туралы, т.б. сұрақтар қояды. Сыныптың қалған бөлігі бұл «кейіпкерге» кезектесіп сұрақ қояды, ал ол сол «кейіпкер» сияқты жауап беруі керек.

Дескрипторлары: Картадан тайпалық одақтарды, ғұндардың орналасуын, көршілерін дұрыс атайды және көрсетеді.


Кері байланыс: Әр дұрыс жауап –жұлдызша.

Ж. 4 тапсырма. Тест.

1. Тайпалық одақтың мекендеген аумағын анықта?

A/Байкал, Ордос. B/Жетісу

2. Б.з.д. 3 ғ құрылған мемлекетті ата?

А/Ғұн. В/Парфия

3. Ғұндар қандай елдермен көршілес орналасқан? А/Қаңлы,Үйсін. В/Сарматтар

4. Ғұн билеушісінің титулы? А/Гуньмо.В/Шаньюй

5. Халық жиналысы жылына неше рет шақырылды? А/Бір рет. В/Екі рет

6. Мөде шаньюйдің билік құрған жылдары? А/206-174 б.з.б.В/ 203-206 б.з.б

7. Ғұн руларын кімдер басқарды? А/Көсемдер.В/Ақсақалдар

8. Ғұндар туралы дерек қалдырған Рим тарихшысы? А/Марцеллин.В/Геродот

9. Әскербасы кімдерден тағайындалды?А/ Туыстары. В/Шоңжарлар

10. Б.з.б. ІІІ ғ бытраңқы елді біріктіруші тұлға? А/Аттила.В/ Мөде

Оқушыларға тесттік тапсырма беріледі. Дұрыс жауаптарды арнайы парақшаға белгілейді. Тақтада орналастырылған кілт бойынша бір-бірінің жұмысын тексереді, бағалайды.

Бағалау критерийі

дескрипторлары

1. Ғұн тайпа одақтарының орналасқан жерлерін біледі.

1.А 2.А 3.А 4.В 5.А


2.Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылу алғышарттарын білу.

6.А 7.В 8.А 9.А 10.В


Кері байланысы:

8-10 – 5 балл

4-7 – 4 балл

1-3 – 3 балл

Жиналған балл санына қарай жұлдызшалар алады.




1 топ



DrawObject1




DrawObject2



128 б.





















DrawObject3































DrawObject4

Сабақтың соңы

(10 минут)

Рефлексия:

БББ кестесін толтыру арқылы жүргізіледі.

Б (Мен не білемін?)

Б (Менің не білгім келеді?)

Б (Мен не білдім?)







Қалыптастырушы бағалау.

Кері байланыс білім алушылардың сабақ барысында жинаған жұлдызшаларының саны есептеледі, жеңімпаз топ анықталады. Барлық топтарға тәтті сыйлық ретінде кәмпиттер таратылады.


Үй жұмысы:

Мөде, елші, түменбесы, қарапайым жауынгер атынан біреуін таңдап жер мәселесіне қатысты пікірін 3 сөйлемдік эссе ретінде жазу.














DrawObject5


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.02.2019
2506
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі