Неге Мөде шаньюй «Жер -мемлекеттің негізі» деді? 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Неге Мөде шаньюй «Жер -мемлекеттің негізі» деді? 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5.3.1.1 Қартада тайпалық одақтардың орналасуын көрсету деген мақсатта құрылған жаңартылған білім сабақ жүрісі, тәжірибе алмасу мақсатында қажеттілікке жараса пайдалануға беріп отрмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Күні:

Пәні

Қазақстан тарихы

Мұғалім аты-жөні

Зулхашева Замзагул

«Т.Амандосов атындағы орта мектебі»

Сынып: 5


Сабақтың тақырыбы

Неге Мөде шаньюй «Жер -мемлекеттің негізі» деді?

Оқу мақсаты

5.3.1.1 Қартада тайпалық одақтардың орналасуын көрсету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:Ғұндар туралы деректермен танысады


Оқушылардың басым көпшілігі: Ғұндардың аумағын анықтайды, қосымша материалдармен жұмыс жасайды.


Кейбірі: Ғұндардың бастапқы аумағын картадан көрсетеді және көрші орналасқан елдерді табады.

Бағалау кретерийі

1. Ғұндар туралы деректер келтіреді.

2. Ғұндардың тұрмыс-тіршілігін сипаттайды.

3. Картадан ғұндардың орналасу аумағын анықтайды.

Тілдік мақсаттары

Тілдік лексика және терминология: «ғұн»сөзінің мағынасы, шаньюй, қыш ыдыстар, ат әбзелдері, нефриттен жасалған бұйымдар.

Оқытудың тілдік мақсаты:

-мәтіндегі жазба деректерден ғұндардың орналасуы туралы және шаруашылығын әңгімелейді

Диалог құруға (жазылымға қажетті сөздер топтамасы)

  • Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар ...

  • Ғұндардың мекендеген жерлері ...

  • Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде ғұндардың ... жертөлелері табылған.

Құндылықтарға баулу

Ұлттың және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту, Мөде қағанның іс-әрекеттері арқылы, туған жерді сүюге және патриотизмге жетелеймін.

Пәнаралық байланыс

География- ғұндардың орналасқан жерін картадан көрсетіледі,

Ежелгі дүние тарихы –(Рим империясының құлауы», «Ежелгі Қытай».

Алдыңғы білім

Ғұн тайпасы туралы біледі, жер және мемлекет ұғымдарын түсінеді.


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

уақыты


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар




Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту кезеңі


3-мин











1-мин

І. Ұйымдастыру. Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру. Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгелдеу.

Ширату жаттығуы.

БЫМ. Бастапқы ынталандырушы материал ретінде Мөде шаньюй ғұн патшасын тану үшін үзінді беріледі. Слайдтағы мәтіндік дереккөзін «БББ» әдісімен қажеттілікті анықтау мақсатында жүреді.

Б (Мен не білемін)

Б(Мен не білдім)

Б( Менің не білгім келеді)





М) Сабақтың және оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Топқа бөлу

Сан бойынша топқа бөлу, топ басшыларын сайлау. Әр бір оқушыға цифр беріледі.



1 - топ «Аспан әскері»

2 - топ «Құдайдың қамшысы»

3 - топ «Аспан салт аттылары»



Мөде қаған туралы: http://e-history.kz/kz/books/education/read/235



Сабақтың ортасы

Мағынаны тану кезеңі



























































































Сабақтың соңы



























10-мин
























10-мин



























10-мин









































3-мин












3-мин




1-тапсырма (Б) Ғұндар туралы берілген деректі түсіндіру «Білу және түсіну» дағдысына негізделген

тапсырма. «Ойлан-топтас-талқыла» әдісі арқылы тапсырманы орындау


Ж/Т Оқушылар жұпта, содан кейін топ ішінде талқылау жүргізеді. Ұнаған жауаптарға жұлдызшалар таратып беремін.

(3 сұрақты 3 топқа бөліп беру ұсынылады).


Зерттеу сұрақтары:

1-топқа: Ғұндар орасан зор аумақты өздеріне қалай бағындыра алды?

2-топқа: «Тарихшылар Халықтардың ұлы қоныс аударуын неліктен ғұн тайпасымен байланыстырады?

3-топқа: Неге Мөде шаньюй «Жер -мемлекеттің негізі» деді?


Бағалау кретерийі

Дискриптор

1. Ғұндар туралы деректер келтіреді.


  • Ғұндардың бағындырған аумағын біледі;

  • Халықтардың ұлы қоныс аударуының ғұн тайпасымен байланыстылығын біледі;

  • Мөде шаньюйдің жер туралы дерегін біледі;


2-тапсырма Т Мәтінмен жұмыс.

«Бірлік» әдісі арқылы жүзеге асырамын. («Бірлік» әдісі. Оқушылар шағын топ құрамында бір қолын жұдырыққа жұмып, бір мезгілде саусақтарын ашады. Мақсат: оқушылардың барлығы да бірдей саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылардың біркелкі саусақ көрсеткенге дейін жалғасады.)


Мәтін: «Ғұндардың өмір салты туралы еуропалық авторлар да жазған. Рим тарихшы Аммиан Марцеллин ғұндарды: «Олар ертелі-кеш ат үстінен түспейді. Маңызды істер туралы кеңесетін болса, кеңесті де ат үстінде отырып өткізеді», деп сипаттаған...

1-қадам.

  • Обалардан табылған заттар ғұндардың тұрмыс-тіршілігі туралы сипаттама береді.

  • Ғұндардың негізгі шаруашылық түрлерін көрсетеді.


Топтарға бір-бірін бағалауды ұсынамын. «Бағдаршам» әдісі арқылы


Бағалау кретерийі

Дискриптор

2. Ғұндардың тұрмыс-тіршілігін сипаттайды.


- Ғұндардың тұрмыс –тіршілігі туралы ақпарат береді.

- Ғұндардың айналысқан шаруашылығын сипаттайды.





3-тапсырма. Кескін картаға ғұн аумағын түсіру. «Қолдану» дағдысына негізделген тапсырма. Картамен жұмыс.


Ж/Т Картамен жұмыс жасау.

1-қадам

-Ғұндардың басқа тайпалық бірлестіктердің жер аумағын анықтайды және салыстырады.

2-қадам

-Ғұндардың қоныс аудару бағыттарын белгілейді


Бұл тапсырманы бағалауда оқушыларға әуелі топ ішінде ең жақсы орындалған картаны таңдап алуды ұсынамын. Кейіннен таңдап алған кескін карталарды басқа топтармен алмастырып, өз бағаларын беру арқылы кері байланыс жүргіземін.




Бағалау кретерийі

Дискриптор

3. Картадан ғұндардың орналасу аумағын анықтайды.


- Ғұндардың территориясын басқа тайпалық бірлестіктердің жер аумағымен салыстырады.

- Ғұндардың аумағын кескін картаға түсіреді



Қ.Б «Басбармақ» арқылы өзін-өзі бағалайды.




Кері байланыс «Талқылау бойынша серіктестер» арқылы жүзеге асады. Сабақ басында өткен сабақта өтілген дүниелерді анықтау үшін немесе жаңа тақырып бойынша сабақ соңында қолданыңыз.

СЕРІКТЕСІҢІЗБЕН ТАЛҚЫЛАҢЫЗ:


1. Неліктен көрші ел Дунху Мөденің астындағы атын сұрағанда ол беруге келісті?

2. Мөде әйелін неліктен жауларына беруге қарсы болмады деп ойлайсыңдар?

3. Мөде мал жаюға қолайсыз жерді беруге неге келіспеді?



Р ефлексия мен кері байланыс


Бүгінгі сабақтан мен не білдім?

Сабақ барысында қандай қиындыққа кездестің?

Сабақ барысында қандай сұрақ туындады?



Б (Мен не білемін)

Б(Мен не білдім)

Б.К( Менің не білгім келеді)








Ғұндар туралы http://www.youtube.com/watch?v=GpNiLw6YP0w





Қазақстан тарихы

5сынып














Мұғалімге арн. нұсқаулық 75-бет
























Ғұндар туралы http://www.youtube.com/watch?v=GpNiLw6YP0w











Ежелгі Қазақстан картасы,

кескін карта







Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
1689
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі