Материалдар / Негіздердің химиялық қасиеттері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Негіздердің химиялық қасиеттері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәні мұғаліміне қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2021
437
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Қысқа мерзімді жоспар ЗПР

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: : 8.1 А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары

Мектеп: «Үміт» мектеп - интернаты

Күні: 23.04.2019 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Жарқынбекова В.А.

Сынып:8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Негіздердің химиялық қасиеттері»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

- негіздердің жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құру;

- суда еритін және суда ерімейтін негіздердің химиялық қасиеттерін зерттеу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздардың жіктелуі мен номенклатурасын, қасиеттерін біледі;

Бағалау

критерийлері

Оқушылар :

- негіздердің анықтамасын, негіздердің жіктелуін, алынуын және қасиеттерін, суда ерімейтін негіздердің қасиеттеріндегі ерекшеліктерді біледі;

- негіздердің формуласын құрастырып, атай алады, негіздік оксидтермен негіздерді өзара сәйкестендіре алады, негздер қатысындағы иондық теңдеулерді жаза алады;

Қалыптасатын дағдылары: иондық реакциялар жазу, ерігіштік кестесімен жұмыс жасау, күрделі заттердың формуласын құрастыру, химиялық тәжірибе жасау және байқалған құбылысты сипаттау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-8 мин

  1. Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу,

Оқушылады түгендеу. Жағымды атмосфера қалыптастыру. (2 мин)

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1 оқушы тақтада, 1 оқушы тексереді, түзейді (3 мин) -

(слайд №1)

9-12 мин

Сабақ барысы:

Оқушылар біз бүгін химиялық қосылыстардың өте маңызды класымен танысатын боламыз. Бұл қандай заттар екенін білу үшін жұмбақты тыңдаңыздар. .

Сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында оқушыларға жұмбақ жасырылады.

(слайд №2)

Сабақтың ортасы

13-25 мин

Сонымен сабағымыздың тақырыбы «Негіздердің химиялық қасиеттері»

Негіздердің анықтамасын құрастыру

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда бірнеше негіздердің формуласы берілген: KOH, Ca(OH)2, Fe(OH)3.

- Бұл заттарға ортақ не бар? Ұқсастықтарын табыңыздар (құрамында металл бар, ОН- тобы бар)

-Берілген заттар класына анықтама құрастырыңыз.

Негіздер – бұл құрамында металл атомдары мен бір немесе бірнеше гидротоптары бар күрделі заттар.

Оқушылар негіздерге электролит ретінде қарастырып анықтама берейік.

Негіздер – диссоциация нәтижесінде металл катиондары мен ОН- тобы аниондарын түзетін электролиттер.

Біз негіздердің анықтамасын құрастырдық. Енді тапсырма орындаңыздар.

1 тапсырма (кестеде көрсетілген формулалар тұсына гидроксидтердің атауларын жазыңыз)

Негіздердің химиялық қасиеттері

Негіздердің өздеріне тән химиялық қасеттері болады.

Сабақтың басында жұмбақты тыңдаған кезде негіздер қауіпті заттар екені айтылған болатын және олармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтану керек.

Негізгі ережелер слайдта көрсетілген

Жалпы негіздер – күйдіргіш заттар, теріні, ағашты, қағазды күйдіреді. Бұл қасиеттері кейбір сілтілердің атауларынан да көрінеді – натрий гидроксиді NaOH - «күйдіргіш натр», ал калий гидроксиді КОН – «күйдіргіш кали» деп аталады

Химиялық қасиеттерін зерттей келе, сіздер «Негіздердің химиялық қасиеттері» жадынамасын құрастырасыздар.

1) негіздер қышқылдармен реакцияға түседі: (Көрсетілім)

NaOH (Ф/Ф) + HCl=NaCl+H2O

Қорытынды: негіз +қышқыл = тұз + су

1. Реакцияның өткен, өтпегендігін қалай ажыратамыз (Қандай белгісіне байланысты)

2. Реакция теңдеуін аяқтаңыз

3. Реакция өнімдерін атаңыз

4. Қорытындылаңыз











2Line 1 ) негіздер тұздармен реакцияға түседі: (Көрсетілім)

2NaOH + CuSO4=Na2SO4 +Cu(OH)2

1. Реакцияның өткен, өтпегендігін қалай ажыратамыз (Қандай белгісіне байланысты)

2. Реакция теңдеуін аяқтаңыз

3. Реакция өнімдерін атаңыз

4. Қорытындылаңыз










Қорытынды: негіз + тұз = жаңа негіз (ерітінді емес) + жаңа тұз

3. Ерімейтін негіздер енжер қасиетке ие

Жоғары температураның әсерінен ыдырайды:

Cu(OH)2 = CuO + H2O

Қорытынды: Ерімейтін негіздер жоғары температура әсерінен металл оксиді мен суға ыдырайды.

(слайд №3)



(слайд №4)











(слайд №5)












(слайд №6)




























(слайд №7)

26- 33 мин

5) Игерілген материалды бекіту «Үшіншісі артық» ойыны. Тапсырма: Артығын сызып тастаңыз және қарсысына не себепті артық деп ойлайтындығыңызды жазып қойыңыз.

Парта

Заттардың формуласы

1 топ

Fе(ОН)2, Na2O, СаО, Al2O3.

2 топ

Al(ОН)3, NaOH, Сu(ОН)2, Zn(ОН)2.

3 топ

КOH, NaOH, Ва(ОН)2 , Fe(OH)2.


(слайд №9)

34-36 мин

6) Үй тапсырмасы: Шығармашылық тапсырма Негіздердің қолданылуы туралы коллаж дайындау

Мұғалім: Жарайсыңдар, бүгін сіздер өте жақсы жұмыстандыңдар.

Бүгін жаңа не үйрендіңдер?

Бұл тақырып бойынша тағы не білгіңіз келеді......

Бүгінгі сабағымыз ерекше болғандықтан, мен сіздерге өздеріңізді бағалауды сұраймын.

(слайд №10)




(слайд №12)

Сабақтың соңы

37-40 мин


Рефлексия:

«Қандай сурет?»


Бүгінгі үйренгеніңізге қандай сурет сәйкес келеді? Не себепті түсіндіріңіз?

(картинкалар = жаңа идеялар, тапсырмаларды шешу, талқылау, тәжірибе, топтық жқмыс, шыңармашылық)





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!