Негізгі және туынды сын есім.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Негізгі және туынды сын есім.

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік :Оқушыларға сын есім туралы толық білім бере отырып, сөйлем ішінен сын есімдерді тауып,сұрақ қоя білуге баулу. Негізгі және туынды сын есімдіктер туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.

Дамытушылық: ақыл-ой,логикалық ойлау жүйесін дамытып,сөздік қорларын жетілдіру, оқушыларды өз бетімен шығармашылық жұмыстар жасауға уйрету.

Тәрбиелік: кішіпейілділікке,адамгершілікке баулу,табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін дамыту.


Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

-амандасу

-оқушыларды түгендеу

-сабаққа дайындықтарын тексеру

Психологиялық ахуал: -Балалар, орнымыздан тұрып мені тыңдап , соңымнан қайталаңдар.

Армысың асыл күн

Армысың асыл жер,

Армысың досым

Міне менің қолым-деп бір-бірінің қолдарынды ұстап, іштей жақсы тілектер тілеңдер.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 17-жаттығу. Сәйкестендіру . 186 бет Ереже.

ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру. «Миға шабуыл» әдісі.

- Сын есім дегеніміз не?

- Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді? Мысалдар келтір.

- Сын есім заттың қандай белгілерін көрсетеді?

- Сын есім қандай сөз табымен байланысты айтылады?

- Сын есімнің қандай түрлері бар?

ІҮ.Жаңа сабақ: оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.

Терме диктант.
Дәрігер, аласа, күн, терең, жазды, қою, бесінші, өнерлі, айтты, сұйық.
(Осы сөздердің ішінен сын есімдерді теріп жазу)


Ү.Оқулықпен жұмыс. 22-жаттығу сөздерді салыстырып оқу, оларға сұрақтар қою, сөз құрамына талдау.

Ақыл-ақылды, тәртіп-тәртіпті,

біл-білгіш, айна- айнадай.

*Бірінші сөздер зат есімдер, ал екінші сөздер жұрнақтар арқылы жасалған туынды сын есімдер екен.


Ереже. Ережені оқытып жатқа сұрау.

Сын есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді. Түбір сөзден болған сын есімді негізгі сын есім дейміз: таза, әдемі.

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.:

Өнерлі, күшті.


23-жаттығу.

Мақалды түсініп оқу, мағынасын ашу, жатқа жазу. сын есімдерді табу, сұрақ қою, негізгі немесе туынды екендерін анықтау.

Сулы жер құрақсыз болмас,

Таулы жер бұлақсыз балмас.


ҮІ.Шығармашылық тапсырма: 24-жаттығу, сөздерді көшіріп жазу, туынды сөздерді сөз құрамына талдау:

Талапты, білімді, әдепті, ажарлы, сәнді, саналы, көңілді.

*Туынды сын есімдер қай сөз табынан жасалған? (Зат есім)

*Осы сөздерді қатыстырып 3- сөйлем құрау.


ҮІІ.Ауызша талдау: 25-жаттығу. Мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру.

Түннің салқын самал, таза ауасын жұтқым келіп,тысқа шықтым.Шығыс жақ сарғайып,таң да ал қызыл нұрға бөленген. Одан жоғары аспан кеңістігі ағарып айқындала бастаған. Жұлдыздар да сирепті. Тек қана электр шамындай жарқырап Шолпан жұлдызы тұр. Бұл- менің ағарып атқан жазғы таңды ең бірінші рет көруім.


*Мәтін не жайында?

*Аспан қандай болып тұр?

*Тапсырмаларды орындау: сын есімдерді табу, олардың қай түрге жататынын анықтау.


ҮІІІ.Сергіту сәті:  « Доп тастау » ойыны арқылы сын есім болатын сөздерді атау.


ІХ.Бекіту. 26-жаттығу берілген негізгі және туынды сын есімдерді сылыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табу: Венн диаграммасы

Негізгі сын есім

Туынды сын есім

Жаңа, көк, жүйрік.

Әдепті, сүтті, атақты, көктемгі.


Шығармашылық тапсырма. «Сөзден сөз шығару» ойыны.
«Қарапайым» сөзінен сөздер шығару.
(қар, қара, ара, апа, апай, ай, айым, ым). 3-сөзден сөйлем құрау.


Х. Қорытындылау.

-Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік?

-Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.

-Негізгі және туынды сын есімдер туралы не білдіңдер?


ХІ. Үйге тапсырма: 27-жаттығу, 189 –бет.

ХІІ. Оқушыларды бағалау







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.00.2018
1407
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі