жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Негізгі қимылдар бала бақша
Күні: 29.09.2020 жыл
Тобы: «Айналайын» тобы
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Таңертеңгі жаттығулар және негізгі қимылдар.
Мақсаты: Саптізбекте өзінің орнын таба білуге үйрету. Саптізбектен шығып
кетпей бір бағытты сақтай отырып, саптізбекте жүре білуді бекіту.
Достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
|
Қызмет кезеңі |
Тәрбиешінің іс - әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Ойнауды, жүгіруді және жүруді үйрену үшін, денсаулық алаңына баруды ұсынады (мақсат қою). Денешынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметіне қызығушылық тудыру үшін, спорт залының құрал-жабдықтарына көңіл бөледі. Балалармен бірге қимылдарды орындап, үйренетін ертегі кейіпкерін көрсетеді. Ұсынылған жағдаятқа қатынасын көрсету Спорттық снарядтарды және атрибуттарды зерттеу (қарайды, ұстайды, ойнайды) (2-3 минут). Ертегі кейіпкерінің келуіне және оны ойнауға, жаттығуға шақыруға қатынасын көрсету. |
Балалар дене тәрбие нұсқаушысының айтқандарын орындайды |
|
Ұйымдастырушы ізденуші |
Саптізбекте бір-бірден жүруді, бағытты сақтай білуді, саптізбектен шығып кетпеуді, саптізбекте өзінің орнын таба білуді көрсетеді. Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау үшін, шеңберге тұруды ұсынады. Сапқа тұру үшін бағдарды белгілейді (бормен салынған шеңбер). Жаттығуларды атайды. Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді. Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады: 1. Саптізбекке бір-бірден сапқа тұру. 2.Саптізбекте бір-бірден қалыпты жүру. Жүруге арналған бағдарларды белгілеу (сызықты бормен сызу). Балаларды жаттығуларды дұрыс және әдемі орындауға итермелейді. Балаларға бастарын төмен түсірмей, арқаларын тік ұстауын естеріне салады. Жаттығуларды орындауын қадағалайды. Балаларды қолдайды және мадақтайды. «Маған қарай жүгіріңдер» ойынын ұйымдастырады. Жүгіру барысында қажетті көмек және қолдау көрсетеді. Саптізбекке бір-бірден сапқа тұру, қатарда өз орнын таба білу. Саптізбекте бір-бірден жүру, (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, саптізбекте өзінің орнын табады). Шеңбер бойымен сапқа тұру, ажырау. Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау (қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, нұсқаушының көрсетуімен жаттығуларын сәйкестендіру). Негізгі әрекеттерді орындау (сапқа тұру және бір-бірден саптізбекте жүру, аяқ және қолдарының қимылдарын үйлестіруге тырысу, бағытын және тепе-теңдікті сақтау, саптізбекте өзінің орнын табады және сақтайды). Ойынға қатысу ( белгі бойынша нұсқаушыға қарай жүгіреді, түрлі бағытта қимылдау мүмкіндіктеріне қуанады). |
Негізгі әрекеттерді орындайды (сапқа тұрады және бір-бірден саптізбекте жүреді аяқ және қолдарының қимылдарын үйлестіруге тырысады бағытын және тепе-теңдікті сақтайды саптізбекте өзінің орнын табады және сақтайды) Ойынға қатысады белгі бойынша нұсқаушыға қарай жүгіреді, түрлі бағытта қимылдайды мүмкіндіктеріне қуанады
|
|
Рефлексивті коррекциялаушы |
Спорттық құрал-жабдықтарды және атрибуттарды жинауды ұсынады. Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесін талдайды: Не жасадық, ал не жасалған жоқ? Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан ертегі кейіпкерімен қоштасуды ұсынады. |
Ертегі кейіпкерлерімен қоштасады |
Күтілетін нәтиже
Біледі: Жалпы дамытушы жаттығуларды орындайды
Түсінеді: Саптізбекте бір-бірден жүруді, бағытты сақтай білуді, саптізбектен шығып кетпеуді, саптізбекте өзінің орнын табуды.
Меңгереді: Негізгі қимылдарды
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген