Нейрогимнастика бала үшін
тиімді.
Нейрогимнастика дегеніміз –
бұл мидың жан-жақты және екі жарты шардың жаттығуына арналған көп
бағытты жаттығулар жиынтығы. Бас миы бұл өте күрделі әрі қиын
құрылым және оны дамытудың көптеген түрлері де бар. Бас миыда
бұлшықет ал денедегі бұлшықеттерінізді қалай физикалық жаттығулар
арқылы дамытатын болсақ бас миындағы бұлшықеттіде дамыту қажет. Бас
миы екі жарты шарға бөлінеді оң жақ және сол жақ. Сол жақ жарты шар
логикалық ойлауға және ойлаудың шапшаңдығына, сөйлеу тіліне жауап
береді. Сол жақ жарты шарды дамыту үшін күнделікті математикалық
жаттығуларды, логикалық құрастырғыштарды, сөзжұмбақ, ребустар
сияқты істермен айналысу қажет. Ал, оң жақ жарты шар кеңістікті
қабылдауға, шығармашылық қабілетіне жауап береді. Оң жақ жарты
шарды дамыту үшін әр түрлі кино фильімдер, саяхаттау,
денешынықтырумен айналысу қажет. Ал нейрогимнастика болса екі жарты
шарды бірдей дамытуға арналған жаттығулар жиынтығы болып табылады.
Мұнда бала ең бірінші ол жаттығулардың жасалып жатқандығын көреді
және оны жасау үшін ойлануы керек, есте сақтау қажет және оны қимыл
түрінде көрсете алуы керек. Бұл жерде тек мидың бір жарты шары ғана
емес екі жарты жары да және қимылдардың үйлесулігі
дамиды.
Нейрогимнастиканың түрлері де
және оның қолдану тәсілдері де өте көп және ол барлық қажетті
жүйелерді біріктіреді. Нейрогинастиканың негізгі компаненттері
олар:
-
Тыныс алу жаттығулары бұл
баланың тыныс алуын реттейді. Егер, бала босаңсып ұйқысы келіп
отырса немесе керсінше өте жылдап белсеңді болып отырса тыныс алу
жаттығуларын жасап баланың қабылдауымен зейіннің тұрақталуына
көмектеседі.
-
Уқалау элементтерін ала отырып
жасалатын жаттығулар. Олар баланың зейініне, қабылдауына және
эмоциясына, көңіл күйін бір қалыпты деңгейге
түсіреді.
-
Дене жаттығулары және
релаксация – баланың бұлшықет тонустарын реттеуге көмектеседі.
Егер, бала дене жаттығуларын жасамаса онда оның шарщауы тез және
эмоциясы да тұрақсыз юолуы мүмкін. Бұл жаттығулар баланың физикалық
және эмоционалды жағдайын реттеуге тұрақтандыруға мүмкіндік
береді.
-
Саусақтар гимнастикасы – бала
өзінің дене мүшелерін сезінуге және олардың әр түрлілігіне өз
денесін орналасуын түсінеді және де баланың ұсақ маторикалары
дамиды. Саусақтар гимнастикасы балаға сурет салуды, жазу жазуды,
киініп, шешінуді, түймелер қадау сияқты ұсақ заттармен жұмыс
жасауға үйренеді.
-
Өз денесін бақылай алу
жаттығулары- бала өз дене мүшелерінің орналасуын сезінуге, өз
денесің еркін басқара алуға үйрету үшін
қажет.
-
Көру арқылы жасалатын
жаттығулар көздің қимылын, назар аударуға, бір затқа немесе іс-
әрекеттің толықтай қарай алуына және бақылай алуын, зейіннің,
қабылдауын тұрақталуына көмектеседі. Бұл жаттығудың негізгі мақсаты
бала көру арқылы қоршаған ортасындағы болып жатқан іс – әрекеттер
жүйесіне, тепе – теңділік және назар аударуын жақсартуға арналған.
Бұл жаттығулар жүйесі дәптер парағына немесе кітап оқығанда жолды
ұстай алмайтыңдарға өте пайдалы боллып саналады және де барлық
балалар үшін пайдалы. Себебі, олар ерікті және еріксіз зейіндерді,
мінез –құлықты жақсартады.
Нейрогимнастиканың жаттығулары
кез – келген жастағы балалар үшін тиімді болып саналады.
Нейрогимнастиканы үйде неемесе сабақтарда да қолдануға болады және
жаттығулар балалар үшін қызықты болып табылады. Осы жаттығулар
арқылы баланы қызықтырып оған мотивация беруге таптырмас құрал,
себебі, бала келесі жаттығулар түрін немесе өзініздің жасатып
жатқан нейрогимнастикалық жаттығуларды одан да жақсы жасаймын деген
мотив пайда болады және баланыздың нейралогиялық жүйесін
қалыптастырады, зейіннің, қабылдауын, есте сақтау, дыбыс шығару
қабілеттерін және өз денесің шынықтырады.
Логопед: Аманбаева Аяулым
Талғатқызы