Ф-Е-10/5.4
№14 сабақ жоспары
Пәні: Құқық негіздері
|
Тобы: |
Эл-15-3 |
|
|
|
|
|
Күні, мерзімі: |
21.12.2017 |
|
|
|
|
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың тақырыбы: Неке және отбасы ұғымы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға неке және отбасы ұғымы туралы түсіндіру
Дамытушылық: Оқушылардың неке және отбасы ұғымы туралы ой өрісін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды құқықтық сауаттылыққа, құқықтық мәдениетке, отан сүйгіштікке тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс: Қоғамтану, тарих, саясаттану
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі: Ө.Қопабаев, Қ.Айтхожин, Н.Қыдырқожаева, Ғ.Жайлин, А.Жұмағали. Құқық негіздері., 2006 ж.
Қосымша: Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы заңы.,1998 ж.
Сабақтың барысы мен мазмұны:
|
Сабақтың кезеңдері |
Мазмұны |
Әдіс-тәсілдері |
Қолданылатын көрнекіліктер және ТОҚ |
Уақыты |
|||
|
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, аудитория тазалығына назар аудару,оқушылардың сырт-келбетіне зер салып,зейінін сабаққа аудару |
3 |
||||||
|
ІІ. Сабақтың жоспары мен мақсатын таныстыру. Оқушыларды өтілген сабақтың жоспарымен таныстырып, жүру барысын хабарлау |
2 |
||||||
|
III. Үй жұмысын тексеру, оқушылардың білімдерін бақылау |
1. Ой қозғау: Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында «Қылмыс жасаудың сатылары дегеніміз не?» деген сұраққа ассоцация жасау. 2.Қылмысқа қатысушылардың түрлері 3.Қылмысқа дайындалу 4. Қылмысқа оқталу 5.Аяқталған қылмыс 6.Орындаушы түсінігі 7.Азғырушы түсінігі |
Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, іздену, ойын элементтері |
Таратып берілетін материалдар, ситуациялық сұрақтар, сұрақ-жауап карточкалары |
20 |
|||
|
IV. Оқушылардың білімдерін бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды ынталандырып,тапсырманы орындау дәрежесіне қарай оқушыларды бағалау,журналға қою |
5 |
||||||
|
V. Жаңа тақырыпты жариялау, мақсатын айқындау, жазу (тақтада және дәптерде) Сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, мақсатын түсіндіру. Неке және отбасы ұғымы туралы үйренесіздер. |
3 |
||||||
|
VI Жаңа материалды түсіндіру: |
1.Отбасы ұғымы 2.Неке ұғымы 3.Отбасының қоғамдағы қызметтері 4.Неке және некенің түрлері 5.Неке және отбасы қағидасы |
Баяндау, түсіндіру |
кітап көрмесі, тірек сызбалар |
30 |
|||
|
VII. Жаңа материалды бекіту |
1. «Білгенге маржан»- терминдермен
жұмыс 5. Сөз жұмбақ "Құқық" 6. Әріптер сыры. |
Сұрақ-жауап, іздену, ойын элементтері |
Таратып берлетін материалдар, тест тапсырмалары |
10 |
|||
|
VIII. Сабақты қорытындылау |
Сабақ барысында оқушылардың білімдерін тексеріп, сабақты қорытындылау |
5 |
|||||
|
ІХ. Үйге тапсырма беру: Ө.Қопабаев, Қ.Айтхожин,Н.Қыдырқожаева, Ғ.Жайлин, А.Жұмағали. Құқық негіздері., 2006 ж.148– бет. Кроссворд сұрақтарын түзу. |
2 |
||||||
Оқытушы: ___________________________
Тексерілді: _________________Г.Хасанова. 20.12.2017 ж.
Кіріспе
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Міндеттері:
1. Ақпараттық және деңгейлеп оқыту технологиясының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану нәтижесінде дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс істеу.
2. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау...
3. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.
Ж.Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту технологиясында төмендегідей 4 деңгей көрсетілген:
Бірінші деңгей-«үйренушілік».( Репродуктивтік ) Оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту үшін, еске түсіріп, қайталау үшін және алған білімдерін практикада қолдана білуге жаттықтырады. Берілген есептер мен тапсырмалар өмірмен, қоршаған ортамен байланыстырылған болуы керек. Мұнда оқушының қызығушылығына, таным бірлігіне назар аударылады.
Екінші деңгей-«алгоритмдік». Мұнда кері байланысқан функцияларды орындау үшін тексеру тапсырмалары, іріленген материалдарды жүйеге келтіруге, реттеуге арналған, мазмұны өзгертілген жағдайға тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар ұлттық негізде құрылған, көбінесе танымдық және үйренушілік мәні бар тапсырмалар, мысалы, сөзтізбектер, ребустар, ойлауға арналған тапсырмалар беріледі.
Үшінші деңгей - «эвристикалық». Бұл деңгейде оқушылар тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы түрде меңгеруі керек.
Төртінші
деңгей-«шығармашылық», Оқушы өзіндік шығармашылық
деңгейін көрсетеді. Шығармашылық тапсырмалар – оқушылардың
білімділігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі
болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан
зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.
Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен
дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік
тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына
айналады.
Жетістіктерге жету үшін ең алдымен оқушылардың білім дәрежесін, ынтасын, ақыл–ой, еңбек дағдысын, өз жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет. Деңгейлік тапсырмаларды қандай дәрежеде орындай алса баға біліміне қарай қойылады.
Сабақ барысында топтағы барлық оқушылардың білім деңгейі анықталады. Бұл әдістің тағы бір тиімді жағы–оқушы өзінің білім деңгейін, нені оқу керектігін анықтап, өзінің ізденуіне болады. Өйткені ол білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Білім сапасы білім, біліктілік, дағды және тұлғаның қасиеттері мен қабілеттерімен бағаланады.
Сабақта оқушыларға өз ойларын талдауға, айтуға, қорытындылауға көп көңіл бөлу қажет. Сабақ барысында өздігінен еңбектенуге, шығармашылықпен ізденуге, қорытынды жасауға машықтанады. Тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беру керек. Оқытушы білімі төмендерге көмек беріп, қабілеттілермен жұмыс ұйымдастырып отыру арқылы ирформатика пәнін оқуға деген қызығушылығын, белсендігін арттырады. Тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргізуі керек.
Деңгейлеп-саралап оқыту
технологиясының оқушыларға
тиімділігі:
Топ оқушыларының барлығы
деңгейлік тапсырма орындауы;
Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы;
Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы;
Оқушылардың оқуға ынтасы мен мамандығына деген қызығушылығының артуы;
Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы;
Оқушы белсенділігінің оянуы;
Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы;
Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы.
Деңгейлеп-саралап оқыту
технологиясының оқытушыларға
тиімділігі:
Деңгейлеп-саралап оқытуда
білім игерудің үш деңгейінің
қарастырылуы;
Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі;
Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі;
Оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы;
Оқушы мен оқытушының шығармашылық қызметін белсенді түрде дамытуы;
Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы;
Осындай талаптарға сәйкес құрылған өз бетімен деңгейлік тапсырмаларды сатысы бойынша оқушының информатика сабағында өзіндік шығармашылық қабілеті дамиды.
№14 сабақ
Тақырып: Неке және отбасы ұғымы.
1. Отбасы және неке ұғымы.
2. Неке және некенің түрлері.
3. Неке және отбасы қағидасы.
1. Отбасы және неке ұғымы. Сендер неке, отбасы деген ұғымдарды күнделікті өмірде жиі естисіңдер. Отбасы дегенде әрқайсымыздың ойымызға әке-шеше, туыс-бауырларымыз, қамқор адамдардың жылы лебіздері кіреді. Отбасы деген не? Оның құқықтық негізі қандай?- деген сұрақтарға көп ойлана бермейтініміз рас.
Отбасы- табиғи, биологиялық, рухани және материалдық қатынастардың жиынтығы. Дүние жүзінің қай елінде болмасын мемлекет отбасын қорғайды, Қазақстан Республикасында да мемлекет отбасын өз қамқорлығына алады және отбасындағы арнайы қабылданған заңдар арқылы реттейді. Біздің еліміздегі отбасы қатынастарын реттейтін құқықтың дербес саласы отбасы құқығы болып есептеледі.
Отбасы- заңнамада жиі қолданылатын әлеуметтік ұғым. Бұл ұғымға әр түрлі ғылым салалары өзінше жауап береді.
1998 жылы Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңнамаға сәйкес: отбасы дегеніміз- некеден, туыстықтан, дүниеге бала әкеліп оны тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын өзара жәрдемдесуге тиісті адамдардың тобы. Отбасы мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерді туындатады. Туыстық қатынастар, некенің болуы, бала, бала асырап алу, т.б. негіздер отбасының ең басты белгілері. Ешкім де күштеу арқылы отбасына біріктірілмейді, оның негізі туыстық, сүйіспеншілік сезімдерінен басталады. Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғамға бірқатар қызметтер атқарады. Олар:
1) отбасы мүшелерінің өзара көмек көрсету қызметі;
2) өмірге ұрпақ әкелу қызметі.
2. Неке және некенің түрлері. Қоғамда жаңа отбасының пайда болуы неке ұғымымен тікелей байланысты. Неке дегеніміз - ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатында жасалған ер мен әйелдің тең құқықты одағы. Неке одағын құру негізінде ер мен әйелдің рухани және тәндік жақындығы, бірге өмір сүру, бала тәрбиелеуге, өзара қамқор болуға деген ортақ ниеті болуы керек. Махаббат, сүйіспеншілік, өзара түсіністік- отбасы бақытының қайнар бұлағы. Ешбір заң екі адамды бірін-бірі жақсы көруге күштей алмайды.
Сендер неке құру негізінде әйел мен ер адамның бірігіп өмір сүруге деген ортақ ниеті, сезімдері, т.б. мақсат-мүдделерінің болуы тиіс екендігін түсінген боларсыңдар. Алайда өмірде әр түрлі жағдайлар кездесіп жатады. Заңдық негізде некелері тіркелген, бірақ жеке бастарының мүліктік, материалдық, әлеуметтік мәселелерін шешіп алу мақсатында құрылатын некенің түрі болады. Мұндай некені заңда жалған неке деп атайды. Жалған неке ерлі-зайыптылардың арасында өзара құқықтар мен міндеттер туындатпайтын отбасын құру ниетінсіз, заңда белгіленген тәртіпте жасалған неке.
Мұндай неке сот тәртібімен жарамсыз деп танылады. Алайда мұндай некені тіркетген адамдар істі сот тәртібімен қарағанға дейін шынайы отбасын құратын болса, сот «Неке және отбасы туралы» Заңның 26-бабына сәйкес, некені жарамсыз деп тани алмайды, яғни мұндай отбасында заңда көрсетілген барлық құқықтық негіздер пайда болады.
3. Неке және отбасы қағидасы. Біздің елімізде неке ер мен әйелдің арасында пайда болады.
1991 жылы Францияда, Ирландияда бір жынысты адамдардың арасында некеге рұқсат етуді талап етушілер болса, 1991 жылы Нидерландыда бір жыныстылардың некесін тіркеуге заңды түрде рұқсат етілген. Қазақстан Республикасы Конституциясына сай: неке және отбасы қатынастары-ата-ана және бала мемлекеттің қорғауында болады. Мемлекеттің қоғау қызметі төмендегі қағидалар негізінде жүзеге асады:
Ер адам мен әйелдің некелік одағының еріктілігі;
ерлі- зайыптылардың отбасында, құқықтық жағынан тең болуы;
Отбасы өміріне ешкімнің де өз бетінше араласуына жол бермеу;
Отбасындағы мәселелерді өзара келісіммен шешу;
Балалардың отбасында тәрбиеленуіне, жағдайына көмектесу;
Кәмелетке толмаған, еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің құқықтарын, мүдделерін қорғау;
Отбасы мүшелерінің қорғану, соның ішінде сот арқылы қорғану құқығының болуы, т.б.

Пысықтау сұрақтары:
1. Отбасылық құқықтық қатынастар дегеніміз не?
2. Отбасы заңдары қандай қатынастарды реттейді?
3. Отбасылық құқықтық қатынастардың субъектілеріне кімдер жатады?
4. Отбасылық құқықтық қатынастардың объектілерін атаңыз.
5. Неке отбасы заңдары қандай қағидаларға негізделген?
6. Неке дегеніміз не?
7. Некеге отыру жасы неше жас?
8. Некеге отыруға қандай жағдайларда жол берілмейді?
9. Неке қандай жағдайларда тоқтатылуы мүмкін?
10. Неке қандай жағдайларда бұзылуы мүмкін?
1. Ситуациялық сұрақ.
Асқаров пен Оразова ұзақ уақыт тату-тәтті бірге тұрады, ортақ шаруашылық жүргізеді. Олар бірге өмір сүрген кездерінде некені заңды тіркеу міндетті емес деп санаған. Аз уақыт өткен соң екеуінің арасында дау туады да, Асқаров бөлек тұруға шешім қабылдайды. Азаматша Оразова ортақ иеліктеріндегі меншікті бөлу туралы жер, теледидар, жиһаз, т.б. Алмалы ауданының сотына шағымданады. Сенің пікіріңше Алмалы ауданының соты қандай шешім шығаруы мүмкін? Шешім шығару үшін сот қандай заң нормаларын басшылыққа алады?
2. Ситуациялық сұрақ.
Алматы қаласындағы АХАТ органдарының біріне осы қаланың тұрғыны Оспанова Қостанай қаласында тұратын азамат Тұрлыбековпен некесін тіркеу жөнінде өтініш береді. Арызда Тұрлыбековтың қызмет бабына байланысты Алматыға келе алмайтыны, осыған қосымша ретінде оның жұмыс орны растаған құжаттарды тапсырған. Алайда АХАТ органының меңгерушісі Оспанованың арызын қабылдаудан бас тартты. Меңгерушінің әрекетінде заңсыздық бар ма? Олардың өтінішінің орындалмау себебі неде? Некеге тұруға өтініш беру қалай жүзеге асады?
3. Ситуациялық сұрақ.
Азамат А.Айдаров азаматша М.Махмудова екеуінің арасындағы некесінің бұзылғанын, отбасында өзара түсіністіктің жоқтығын көрсете отырып, некені бұзу туралы сот органдарына шағымданады. Махмудова осы мерзім аралығында ұл туған, ол 4 ай мерзім өткен соң шетінеген. Судья Махмудованың некені бұзуға келісімі жоқ екенін сылтауратып талап-арызды қабылдаудан бас тартады. Осыған қосымша оған 10 ай мерзім өткен соң ғана сотқа қайта шағымдануын ұсынады. Судьяның әрекетінде заңсыздық белгілері бар ма?
4. Ситуациялық сұрақ.
Ажырасудың құқықтық салдары туралы әңгімелеңдер. Қазақ халқында қандай отбасын сақтап қалуға байланысты қандай дәстүрлер барын еске түсіріңдер?
Тест сұрақтары.
1-вариант.
1. Меншік нысандарының түрлері?
А) жеке меншік
Ә) мемлекеттік меншік
Б) коммуналдық меншік
В) республикалық меншік
Г) дұрыс жауап жоқ
2. Жеке меншік түрлері?
А) жеке тұлғалардың меншігі
Ә) заңды тұлғалардың меншігі
Б) мемлекеттік меншік
В) коммуналдық меншік
Г) республикалық меншік
3.Мемлекеттік меншік түрлері?
А) жеке тұлғалардың меншігі
Ә) заңды тұлғалардың меншігі
Б) дұрыс жауап жоқ
В) коммуналдық меншік
Г) республикалық меншік
4. Міндеттемелердің тараптары?
А) азаматтар
Ә) заңды тұлғалар
Б) мемлекеттер
В) дұрыс жауап жоқ
Г) барлық жауап дұрыс
5.Мемлекеттік меншік түсінігі?
А) ҚР Конституциясының 6-бабы, 3-тармағына сәйкес меншіктің белгілі бір түрлеріне айтылады.
Ә) азаматтар жеке тұлға екенін білдіреді.
Б) Қазақстан облыстарындағы жайласқан мүліктерге айтылады.
В) барлық жауап дұрыс.
Г) дұрыс жауап жоқ..
6. Жеке меншік түсінігі?

7.Коммуналдық меншік түсінігі?

Г) дұрыс жауап жоқ.
8.Еңбек даулары түсінігі?
А) Қызметкер мен жұмыс беруші ортасында туындайтын қатынастарды реттейді.
Ә) жұмысшылар, қызметшілер еңбек міндеттерін орындаған кезде, олар мен жұмыс берушілер араларында келіспеушіліктер туындайды.
Б) Еңбектің қауіпсіздігіне бақылауды және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды айтуға болады.
В) барлық жауап дұрыс.
Г) дұрыс жауап жоқ.
9. Еңбек құқығы түсінігі?

10. Еңбекті қорғау түсінігі?

2-вариант.
1. Әкімшілік-құқықтық әдістері қайсылар?
А) тапсырма беру
Ә) рұқсат беру
Б)тыйым салу
В) барлық жауап дұрыс.
Г) дұрыс жауап жоқ..
2. Тапсырма беру түсінігі?
А) бұл субъектінің әкімшілік құқықпен белгілеген қандай да бір нақтылы әрекетті жасау міндеті
Ә) бұл құқық шеңберінде субъектіге қандай бір әрекет жасауға немесе өз қалауы бойынша оны жасаудан қалыс қалуға рұқсат беру
Б) бұл заңмен тыйым салынған әрекеттерді жасауға тыйым салады
В) барлық жауап дұрыс.
Г) дұрыс жауап жоқ..
3. Рұқсат ету түсінігі?

4. Тыйым салу түсінігі?

5. Әкімшілік құқық түсінігі?
А) ол мемлекеттік басқарудағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылықты белгілейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының саласы
Ә) бұл мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мінез-құлықтың мемлекет белгілеген жалпыға міндетті ережелері
Б) бұл мемлекеттік басқару саласында қоғамдық қатынастарды әкімшілік құқық нормаларымен реттеу
В) барлық жауап дұрыс.
Г) дұрыс жауап жоқ..
6. Әкімшілік-құқықтық нормалар түсінігі?

7. Әкімшілік-құқықтық қатынастар түсінігі?

8. Құқық нормалары элементтері?
А) гипотеза
Ә) диспозиция
Б) санкция
В) барлық жауап дұрыс.
Г) дұрыс жауап жоқ.
9.Гипотеза түсінігі?
А) норманы іске асыру үшін қойылатын талап, шарт
Ә) белгіленген мінез-құлық ережесі
Б) қылмыстық құқықта ол-жаза.
В) барлық жауап дұрыс.
Г) дұрыс жауап жоқ.
10. Диспозиция түсінігі?

3-вариант.
1. Санкция түсінігі?

2. Әкімшілік жауаптылық түсінігі?
А) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға заңмен белгіленген жаза беру шаралары тәртібінен көрініс табатын заңды жауаптылық түрі
Ә) ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін мемлекеттің уәкілетті органы қолданатын мемлекеттік мәжбүр ету шарасы
Б) қылмыс жасалған сәттен бастап мемлекет пен қылмыс жасаушы тұлғаның арасында туындаған қатынастарды реттейтін құқық саласы
В) барлық жауап дұрыс.
Г) дұрыс жауап жоқ.
3. Әкімшілік жаза түсінігі?

4. Қылмыстық құқық түсінігі?

5.Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі қашан қабылданған?
А) 1997 ж
Ә) 1998 ж
Б) 1996 ж
В) 1995 ж
Г) 1994 ж
6. Қылмыс құрамы элементтері?
А) объект
Ә) объективтік жағы
Б) субъектісі
В) субъективтік жағы
Г) барлық жауап дұрыс
7. Қылмыс жасау сатылары?
А) қылмысқа дайындалу
Ә) қылмысқа оқталу
Б) аяқталған қылмыс
В) барлық жауап дұрыс.
Г) дұрыс жауап жоқ.
8.Қылмысқа қатысушылардың түрлері?
А) ұйымдастырушы, азғырушы
Ә) орындаушы
Б) көмектесуші
В) барлық жауап дұрыс.
Г) а,ә,б жауаптар дұрыс.
9. «Неке және отбасы туралы» заңы қашан қабылданды?
А) 1998 ж
Ә) 1999 ж
Б) 2000 ж
В) 1997 ж
Г) 1996 ж
10. Отбасы түсінігі?
А) некеден, туыстықтан, дүниеге бала әкеліп оны тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын өзара жәрдемдесуге тиісті адамдардың тобы
Ә) ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатында жасалған ер мен әйелдің тең құқықты одағы
Б) мемлекет арқылы қабылданған отбасындағы қарым-қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормалардың жиынтығы
В) барлық жауап дұрыс.
Г) дұрыс жауап жоқ.
Сөз жұмбақ: "Құқығым"
Мен және менің
Қ
Ұ
Қ
Ы
Ғ
Ы
М
1. Конвенция қай айда
қабылданған?
2. Конвенцияны қай ұйымда қабылдады?
3. Құқық бұзушылық деген не?
4.ҚР-ғы балалар құқығы туралы Заңы қай айда
қабылданған?
5.
Заңның 34- бабы не туралы ?
6. Конвенцияның қабылданғанына неше
жыл?
7.
Заң қай жерде қабылданған?
Қорытынды
Сонымен, саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері-оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады. Өз тәжірибем бойынша білім сапасын арттыру жолдарын қарастыратын болсам, түрлі дидактикалық дамытпалы ойындар, шығармашылық тапсырмалар колдандым.
Психологтар қолайлы жағдай жасалған кезде баланың оқуға деген қабілеті жақсы дамитындығын атап көрсетіп, мұғалім оқушыға осындай жағдай жасауы тиіс деп көрсетіледі.
Жаңа технолгияларды үйрену кезінде көптеген міндеттер шешіледі. Мысалы: педагогика мен дидактиканың кейбір мәселелері жаңа аспектіде қаралады. Мұғалімдер жаңа технологиялар туралы жаңа білім алады, технологияны практикада қолданып үйренеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы., Алматы., «Жеті жарғы»., 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы., 1996ж., №38., 412-құжат.
3. М.С.Сарсенбаев. Право и иностранные инвестиции в Республике Қазақстан., Алматы., Ғылым., 1996ж.
4. Юридическая газета., 1996., 11-17 қаңтар.
5. Хозяйство и право., 1996., №9.
6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының материалдары., 1996 ж.
7. А.П.Сергеев, Ю.К.Толстой. Азаматтық құқық., 1998 ж.
8. Қ.Д.Жоламан, А.Қ.Мұхтарова, А.Н.Тәукелов. Мемлекет және құқық теориясы., 1999 ж.
9. Ө.Қопабаев, Қ.Айтхожин, Н.Қыдырқожаева, Ғ.Жайлин, А.Жұмағали. Құқық негіздері., 2006 ж.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Неке және отбасы ұғымы.

шағым қалдыра аласыз