Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Неліктен Қарахан мемлекеті исламды мемлекеттік дін деп жариялады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы орта мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер

Мектеп: Шымкент қ. ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сүлейменова Г.М.

Сынып: 7"А"

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Неліктен Қарахан мемлекеті исламды мемлекеттік дін деп жариялады?

(2 сағат)

Кәсіби даму мақсаты

Сыни тұрғыдан оқыту арқылы оқушылардың жазбаша дағдысын дамыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 7.3.1.3 X – XIII ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру;

  • 7.2.1.2 ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау;

  • 7.3.1.4 тарихи ұғымдарды қолдана отырып Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Қарахан мемлекетіндегі ислам дінінің қоғамдық өмірдегі ықпалын түсінеді



Бағалау критерийлері


  • Жер иелену түрлеріне түсінікті сипаттама береді;

  • Ислам дінінің енуіне байланысты түркі қоғамындағы (сәулет өнеріндегі, тұрмыстағы, салт-дәстүрдегі, ғылымдағы) өзгерістерді анықтап, түсіндіре алады

Тілдік мақсаттар

Глосарий беріледі:

Мүліктік теңсіздік;

Жер иелену түрлері;

Мыс: Бұл оқиға маңызды/ірі болды, өйткені…

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы оқу; материалды білуге құмарлық, шығармашылық және сыншылдық тұрғыда зерттеу арқылы оқуға деген сүйіспеншілікті дағдыландыру;

Жаһандық азаматтық прогресс ислам дінінің таралуымен, саясат және саяси мәдениет арқылы ашылады

Пәнаралық байланыстар

Дүние жүзі тарихы пәнінен алған білімдерін пайдаланып, Араб халифатының шекаралары Қазақстан жеріне жақындағанын естеріне түсіреді

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту (интербелсенді тақта).

Бастапқы білім

Қарахан мемлекетінің аумағын, өмір сүрген жылдарын, ислам дінінің таралу нәтижесін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1 сабақ

Сабақтың басы Ұйымдастыру; 10 минут

І. Сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Ж Оқушыларға ортағасырлық мешіттердің, кесенелердің, моншалардың суреттерін көрсетіп, сұрақтар қою арқылы жаңа сабақ тақырыбына шығу.

  • Осындай құрылыстардың таралуын қандай себептермен байланыстырасың?

  • Араб халифатының шекаралары Қазақстан жеріне қалай жақындады?

Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне тоқталып өтемін.






С.Жолдасбаев, Д.Бабаев Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. Алматы "Атамұра" 2003ж. 46-51бб.

Кескін картамен жұмыс

10 минут









Мәтінмен жұмыс

15 минут


1 қадам:

Б Көрсетілген бейнебаян мен мәліметті пайдаланып кескін картаға Қарахан мемлекетінің шекарасын түсіру (визуалы және аудиалды қабілетті оқушыларға арналған).

Бірін бірі бағалау жүзеге асады.

Критерийлері:

  • Қарахан мемлекетінің алып жатқан аумағын біледі;

  • Екіге бөліну себебін ажырата алады

ІІ қадам:

Б Мұса қағанның ислам дінін қабылдау себептерін, берілген салаларға бөліп кестеге толтыру (кенестетикалық қабілетті оқушылар өздерін көрсете алады).

Қоғамдық құрылыстағы өзгерістер


Шаруашылықтағы өзгерістер


Мәдени өзгерістер


Мемлекеттің саяси жағдайындағы өзгерістер


Мүғалімнің кері байланысы жүзеге асады.

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия: "1 минуттық" эссе

Мұғалімнің кері байланысы

2 сабақ

Сабақтың басы

"Адасқан сөздер" әдісі

5 мин

Қарлұқ қағанаты, Сатұқ Боғра, Самархан, Қашқар, мемлекеттік дін, талас тартыс, кесене деген сөздерден сөйлем құрау (қолдауды қажет ететін оқушыларға арналған).

Критерийлері:

  • Берілген сөздердің мағынасын ажырата алады;

  • Қарахан мемлекетіне тән белгілерді біледі

Сабақтың ортасы

Пирамида сызбасы

10 мин





Салыстыру тапсырмасы

10 минут









Тарсия әдісі

10 минут

ІІІ қадам: Берілген пирамиданың сызбасын пайдаланып, Қарахан мемлекетіндегі әлеуметтік топтарды көрсету:


ІV қадам: Қарахан мемлекетінің VI – IX ғғ. мемлекеттерден негізгі үш айырмашылығын көрсету (визуалді және кенестетикалық қабілетті оқушылар өздерін көрсете алады).

VI – IX ғғ. мемлекеттер

Қарахан мемлекеті

1.

2.

3.

1.

2.

3.

Дескриптор:

  • Айырмашылықтарды ислам дінін қабылдаумен байланыстырады;

  • Билеушілердің өз билігін нығайтуда атқарған жұмыстарын салыстырады

Vқадам: Қарахан мемлекетіндегі жер иелену құқығын анықтау.

Критерийлері:

Жер иеленудің анықтамасын біледі;

Бір бірінен ажырата алады

Мұғалімнің кері байланысы беріледі.

Сабақтың соңы

рефлексия: 5 минут

Рефлексия: "Инсерт әдісі"

Білемін

Білгеніме сәйкес келеді

Білгім келеді





Б Үйге тапсырма: "Дешті қыпшақ жері – менің ата - мекенім"тақырыбында 100 сөзден тұратын эссе жазу (жазылым дағдысы).

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Саралау дағдыларын дамыту үшін құрылған тапсырмаларды орындау кезінде мені қолдауды қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетемін.

Тапсырмалар аудиал,визуал,кинестетик оқушылар үшін таңдалынып берілген. Интерпретациялау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.

Сабақ барысында жетістік критерийлерін қолдана отырып оқушыларға сараланған тапсырмалар беріледі. Жұмыс барысында қалыптастырушы бағалаудың бірнеше формасын іске асырылады.Ал кері байланысты үнемі ауызша беріп, оқушыларға қолдау көрсетіп отырамын.


Оқушыларға АКТ-ны қолдануда қауіпсіздік ережелері таныстырамын.Бөлменің жарық болуын ескеремін,оқушылардың орындықта дұрыс отыруын қадағалаймын

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

























Мемлекет басшысы – Хақан - сонымен бірге Қарахан әулетінің басшысы болып есептеледі. Бірақ оның билігі іс жүзінде көбінесе «ілек» атағын алған үлестік билеушілермен шектелген еді. Әсірелеп «әлем билеушісі» деп аталған Хақанның сарай маңындағы адамдары мен чиновниктерінің штаты болды. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзірі саналды; оны деректемелер атқосшымен, ал халық – сарайдың көрмесінде дайын тұрған атпен салыстырады. Уәзір жоғарғы билеушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі болып саналды Наместник

Қарахан елші-басшылары, бектер мен хандар ілектерге бағынды, олар үлес билеушілері еді. Хақандар тәрізді олардың әкімшілік орталықтары қызметін атқарған өз сарайлары және тұрақты ордалары болды. Ілектер үлесті жерлердің қалалары мен селолық округтерін басқарды. Шонжарлар арасында ілектің алдында жерді сүю дәстүрі болды, бұл вассалдың билеушіге тәуелділігінің белгісін білдіретін.[4] Алайда, бұл бектер мен хандардың, әсіресе, олардың атақтыларының кейде ілек хандар мен чиновниктеріне бағынбауына әсте де кедергі келтірмеді. Тұтас алғанда Қарахан қағанатының мемлекеттік – әкімшілік жүйесі феодалдық негізде орнықты. Ол отырықшы және көшпелі халық бұқарасын қанап, бағынышта ұстау мақсаттарына қызмет етті.

Хақан -

Кеңесші - наместник

Елші басшылары -

Ілік -

Бек -

Хан -





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.01.2019
1477
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12