Материалдар / Нені үйрендім Жазба жұмысы 4-тоқсан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Нені үйрендім Жазба жұмысы 4-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

    

Бөлім:

Демалыс мәдениеті. Мерекелер.

Мұғалімнің аты-жөні


Күні:

23.05.2023ж

Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Нені үйрендім? Жазба жұмысы (эссе)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.2.1 – шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру.

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді анықтау

3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтайды, шағырма тақырыбына сәйкес сұрақтар қояды және жауап береді.

Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбын, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтайды, сұрақтар құрастырады және жауап береді.

Кейбір оқушылар: мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді анықтайды, тақырыпқа сәйкес сұрақтар құрастырады.

-мәтін мазмұны бойынша қолдануға негізделген сұрақтар құрастырады;

- сұрақтарға толық жауап береді.

- мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді анықтайды.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру



8 мин

Ширату тапсырмасы

Үй тапсырмасын сұрау

Алдыңғы білімді пысықтау
О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде...
Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – Қазақ тілі.
Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан “Ана тіліміз” дейміз. Қазақтар “Ананың тілі” деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу - әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте, – дейді талантты ақын Қадыр Мырза Әли ағамыз.

Жаттығу жасайды.


Топқа бірігеді.

Үй тапсырмасын мазмұндайды

Сұрақтарға жауап береді.





Бейнежазба қарайды

мәліметтермен танысу сәті





«Ауызша мадақтау» әдісі:

Жарайсың!

Тамаша!

Жақсы!




Дескриптор:

Үй тапсырмасын айтады - 2 балл





Мәліметтер суреттер
















Жаңа білім

15 мин

















2 мин











Бекіту

15 мин






ЭССЕ (ұсынылатын жоба)
Тақырып: «Қасиетті тілім менің»

Тілім менің - таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, өз ана тіліммен сусындап келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт - дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын. Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр қазақтың жүрегінде Әнұранымыз айтылды, өзіміздің қазақ тілімізбен қайтадан қауыштық. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы қабылданды. Бұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.

Б. Момышұлының "Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту"- деген болатын. Сондықтан тілімізді ұмытпай, әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек деп білемін. М. Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарап, орынсыз шұбарлануына қарсы тұруымыз керек.

Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – әр қазақ баласының бірден - бір міндеті болып табылады. Біз, болашақ жастар тіліміздің абыройын асқақтатамыз. биікке көтереміз деп нық сеніммен айтқым келеді.



ЕҚҚЕО

Мәтінге мазмұнына

қатысты сұрақтар мен суреттер беріледі

Ақпаратпен ықыласпен жұмыс жасайды. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды.

Кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады.

Оқушылар тақырып бойынша ашық сұрақтар құрастырып, жүргізушіге береді. Сұрақтар құрастырылып біткен соң, оқушылар кез келген сұрақты алып, дауыстап оқиды, толық жауап беруге тырысады










Мұғалімнің сұрақтарына жауапты бірі- біріне айтады.

Қабілеті жоғары оқушының және мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі

Дескриптор:

Тақырыптың мағынасын ажыратады

-2б\1б

Мәтіннің мазмұны бойынша оқиғаны өрбіте алады

-2б\1б


Сөйлемдердің байланысын дұрыс келтіреді

-2б\1б

Өз ойымен жеткізе алады-2б\1б


Орфографиялық және грамматикалық қателерге мән береді

-2б\1б

Таза, ұқыпты , талапқа сай жазады

-2б\1б
























Көмек қажет ететін оқушыларға түсіндіру жұмысымен бірге қосымша уақыт беріледі. Қабілеті жоғары оқушылар кестені өз бетінше жалғастырады


Оқулық








Сергіту сәті. «Заряд алу»

Шаттық шеңберге барлығы тұрып, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады, бұл бастапқы бастаушыға барғанда қанша заряд жібергені бойынша қайта келу керек.











«Ауызша кері байланыс» «Жарайсың!», «Керемет!», «Жақсы!».





Кері байланыс

5 мин

Оқу тапсырмасы:

Ана тіліне бес тілек сөз жаз



Сабақтан түйген ой-пікірін айтады.

12-11б=5

10-9-8б= 4

7-6-5б=3

4-1б= 2




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!