Материалдар / ң дыбысы және әрпін ажырату (логопедиялық түзету сабағы)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ң дыбысы және әрпін ажырату (логопедиялық түзету сабағы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі күні оқушылардың, жас жеткіншектердің арасында «н» мен «ң-ды» ажырата алмаушылар көбейді. Әсіресе, бастауыш сынып оқушылары «ң» дыбысын айта алмай қиналады. Бұл материалды пайдалану арқылы күнделікті тілін жаттықтырып, үйреніп алуына болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2019
2544
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Опорный орта мектебі» КММ











Коррекциялық сабақтар жиынтығы



















2019 ж.


Сабақтың тақырыбы: Н мен Ң-ды ажыратудың ең тиімді 3 жолы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «Н», «Ң» дыбысы мен әрпімен таныстыру және сөз ішіндегі «Ң» дыбысының ерекшелігін меңгерту,сөздерге дыбыстық талдау жасату. «Ң» дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіру арқылы сөздік қорларын дамыту, балалардың сөйлеу мәнері мен байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Фонематикалық қабылдауын дамыту. Артикуляциялық моторикасын дамыту.


І. Ұйымдастыру бөлімі.

Н мен Ң-ды ажыратудың ең тиімді 3 жолы

Қазіргі күні оқушылардың, жас жеткіншектердің арасында «н» мен «ң-ды» ажырата алмаушылар көбейді. Әсіресе, бастауыш сынып оқушылары «ң» дыбысын айта алмай қиналады.

Әріпті дұрыс айтуды мұғалім оқытсын, ата-ана үйретсін деп қатып қалған дүние жоқ. Талпынған адам өзі-ақ күнделікті тілін жаттықтырып, үйреніп алуына болады. Ол үшін мына тиімді әдістер көмектеседі деген сенімдемін:

Дыбыстарды айтқан кезде, оның қалай жасалғанына, яғни ауаның ауыз қуысынан қалай шыққандығына мән беріңіз. Мәселен, «н» дыбысын айтыңыз да, оны дыбыстаған кезде, ауыз қуысында болған әрекеттерді сипаттаңыз. Яғни тілдің ұшы тіске тиеді.

Ал енді «ң-ды» айтып көріңіз. Тіл кері (артқа қарай) шегінеді.

Дыбыстардың жасалуының өзінде едәуір айырмашылық бар.

Дыбыстарды жеке-жеке тағы да қайталап айтыңыз. Және де мұқият өз дауысыңызды тыңдаңыз. «н» дыбысын айтқанда, «н-дан» кейін «ы» дыбысы қосарлана естіледі. Яғни «ны» түріндегідей, бұл жазылуы емес, естігеніміз.

Ал «ң» дыбысын айтқан кезде, керісінше «ы» дыбысы «ң-ның» алдына шығып кетеді. Яғни «ың» түрінде. «Ы» дыбысының көмегімен дыбыстарды оңай ажыратуға болады деген сөз.

Кейбір әдістерде «ң» дыбысы сөздерде аз кездеседі, сол себепті мұндай сөздерді жаттап алып-ақ үйренуге болады деп жатады. Бұл да дұрыс шығар. Дегенмен барлық сөзді емес, сол сөздің түбірін ғана жаттап алсаңыз, жетіп жатқаны. Сол түбірден өрбіген сөздердің мағынасы бірдей болмағанымен, дыбысталуы бірдей келіп, бір сөздің қайта қайталануын көріп отырсыздар.


Мысалы, жаңа – жаңалық, жаңаша, жаңашыл;

Жең – жеңіл, жеңілдік, жеңілтек, жеңіс, жеңімпаз, жеңге;

Тың – тыңда, тыңдалым, тыңшы, тыңайт, тыңайтқыш, тыңғылықты және т.б.

Таң – таңғы, таңертең, таңшолпан, таңба, таңдай, таңғажайып, таңда, таңдау және т.б.


ІІ. ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР




1-ЖАТТЫҒУ
Төмендегі ң дыбысы кездесетін буындар мен сөздерді дұрыс айтқанға дейін оқы. Өзіңе таныс әуенге салып айтуға болады.
аң – даң – жаң – заң – ұң – қаң– лаң – маң – оң – паң – раң – саң – таң – шаң – ең – бең – жең – зең – кең – лең – мең – пең – рең – сең – тең – шең – мың – тың.
2-ЖАТТЫҒУ
Өзіңе таныс (ң) дыбысын дұрыс айта отырып, бір буынды сөздерді оқы, жазылуын есте сақта.
Аң–заң–лаң–маң–оң–паң–таң–шаң–ең–жең–кең–мең–рең–сең–тең–көң–өң –мың–тың.
3-ЖАТТЫҒУ
Өзіңе таныс (ң) дыбысын дұрыс айта отырып, көп буынды сөздерді оқы, жазылуын есте сақта.
Аңға – даңғаза – жаңа – жаңбыр – заңдар – ұңғы – қаңғыбас – лаңкес – маңдай оңқай – паңданба – саңырауқұлақ – таңданба – шаңырақ – еңіреме – жеңесің– зеңбірек – кеңірек – леңгір – меңіреу – реңк – сеңгір – теңбіл – шеңбер – маңай– тыңдарман – мыңдаған – шыңға – оңға – тоңба – мұңайма – сыңай–кеңейт.

ІІІ. ДЫБЫСҚА ЕЛІКТЕУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ.

Аң – сан,

Оңға – онга,

Оң -он,

Сең – сен,

 Дидактикалық ойын: «Дыбысты ұста»

Құрамында [ң] мен [н] дыбыстары бар сөздерді айтады. Егерде [ң] дыбысы естілсе,

бір рет, [н] дыбысы естілсе екі рет шапалақтауды ұсынады

Аң,ана, жаңғақ, нан кеңірдек, шың, он, ұңғы, оң т.б


Суретпен жұмыс:

-Алдымен суреттерді атап шығыңдар.

- [ң] дыбысы кездесетін сөздерді тауып, қарындашпен қоршап қойыңдар.


Дидактикалық ойын: «Сөз ойла»

[Ң] дыбысынан басталатын сөз тауып айтуды ұсынады.

-[Ң] дыбысынан басталатын сөздер бар ма екен?

Балалар таппаған соң, [ң] дыбысынан ешқандай сөздің басталмайтынын түсіндіреді.

-[Ң] дыбысы сөздің ортасында немесе соңында тұрады, мысалы: таң, тоңдым


ІҮ. Көркем жазу сәті.

1-тапсырма.

Жаңбыр сөзіне дыбыстық талдау.(дәптерімізге көшіріп ң дыбысы бар сөздің астын сызу.)

н-ң дыбыстары қандай дыбыстар?

н-ң дыбыстары екеуі екі басқа дыбыс, екі басқа әріп. Жасалуы жағынан ң-н-ға мүлдем жуықтамайды.

Н-тіл ұшы дыбысы

Ң-тіл арты дыбысы.

2-тапсырма. Ой сергіту жаттығуы. «Кім көп біледі?»

Жұмбақ шешу.

1. Нанда бар, майда жоқ.

Ұнда бар, айда жоқ. (н)

2.Шаңда бар, гүлде жоқ

Аңда бар сайда жоқ. (ң)

Ү. Сабақтың соңы.Қорытындылау.

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бас бармақпен және бет жүздерімен, мимика  арқылы бағалау.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!