Нормативтік құқықтық актілермен жұмыс мәдениеті неден тұрады?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Нормативтік құқықтық актілермен жұмыс мәдениеті неден тұрады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтер портфолиосына жүктелетін эссеге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Нормативтік құқықтық актілермен жұмыс мәдениеті неден тұрады?


Негізгі нормативтік құқықтық актілері - негiзгi және туынды актiлер болып екіге бөлiнедi. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне: Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар жатса, туынды нормативтік құқықтық актілерге : Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық құжаттары жатады. Нормативтік  құқықтық актілер - белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталады. Нормативтік құқықтық акті - ресми құжат болғандықтан, оны құзыреті бар уәкілетті орган шығаратыны белгілі.

Қоғамның бір орында тұрмай дамуына сәйкес нормативтік құқықтық актілер де сан және сапа жағынан да күнделікті дамып, кейбір нормалардың бір – біріне қайшы келіп, қайталануы да, кемшіліктері де болып жатады. Өзгерістерге үнемі ұшырап жатқан нормативтік құқықтық актілерден өздеріне керектерін тауып алу, оны пайдалану, жеке тұлғаларға қиындық туғызуда. Сондықтан мемлекет қабылдаған нормативтік құқықтық актілер жіктеліп, топтастырып отырылады, оның әртүрлі әдіс – тәсілдері де болады. Қарапайым тілде айтатын болсақ, нормативтік құқықтық акт тұрақты негізде құқық нормасын туғызады.

Қазіргі қоғам нормативтік құқықтық актілермен жұмыс жасау мәдениеті көкірегі ояу азаматтардан  нормативтік акт мәтінінің мазмұнын түсіну, оны талдай білу, оның құрылымын түсіну, құжатты оқи білу және сол құжаттардан өзіне керегін тауып алуға үйренуді талап етеді. Заманымыздың азаматтары мен жастарынан сұранысы мен талабы - құқықтық білім алу  болып тұр. Нормативтік құқықтық актілермен жақсы танысқан, онымен дұрыс пайдалана білетін Қазақстан азаматы өзін кез келген жағдайларда қорғай алады, көмек қажет болған жағдайда көмек те көрсете алады.

Заңнама үнемі өзгеріп отыратындықтан, құқықтық білімді жаңартып отыру маңызды. Заңгерлер мен мемлекеттік қызметшілер үнемі біліктілігін арттырып, жаңа заңнамалық өзгерістерді бақылап, кәсіби семинарлар мен оқыту бағдарламаларына қатысуы керек. Бұл құқықтық жұмыстың сапасын арттыруға көмектеседі.

  Жастар арасында еліміздің заңдары мен халқына құрмет сезімін тәрбиелеу, құқықтық білім беру, оны насихаттау мақсатында құқықтық дәрістер жүргізу маңызды болып саналады. Бұл жұмыс түрлері арқылы заңды білу мен үйретуге жүзеге асырылады. Азаматтарды жалпы заңды білуге үйрету-құқықтық тәжірибені байытады. Көптеген әлеуметтік желілер, блогерлер мен заңгерлер халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруда үлес қосуда. Жұмыс барысында немесе кез келген жағдайларда адам құқығының бұзылуы сипатындағы жағдаятқа тап болғанда, одан шығу жолдарының шешімін табуға жетелеу керек немесе құқыққа байланысты мәселені қойып, соны шешуге бағытталады.

Нормативтік құқықтық актілермен жұмыс мәдениеті – бұл құқықтық білімді, заңнаманы дұрыс қолдану қабілетін, жоғары кәсіби этиканы, заманауи технологияларды меңгеруді және үздіксіз кәсіби дамуды қамтитын кешенді ұғым. Құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі қоғамдағы заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сондықтан әрбір азамат пен маман заңнамалық актілермен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыруға және жетілдіруге ұмтылуы тиіс.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі