жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Нұр - Мүбәрак университеті
М.Жұмабаев атындағы орта мектеп КММ
Тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі
Даирбекова А.Б
Нұр –Мүбарак униветситетінің шет елдегі діни білім орталықтардан артықшылығы
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті – Қазақстан Республикасының жоғары білімді имамдар, исламтану, дінтану, екі шет тілі (араб-ағылшын, ағылшын-араб тілдері) мамандарын дайындайтын бірегей жоғары оқу орны
Іргетасы қаланған бастама 2000 жылы, сол кездегі Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі мырзаның Египетке сапары барысында мемлекеттің ресми өкілдерімен келіссөздер жүргізу нәтижесінде қолға алынып, алғашқы студенттерді қабылдау шаралары жүргізіліп, бір жылдан кейін 1 қыркүйекте алғашқы дәріс беріле бастады.
Қос мемлекет басшыларының келісімі ҚР Парламентінде ратификацияланып, 2003 жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарғысымен күшіне енді.[1]
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Қазақстандағы ислами жоғары білім беретін жалғыз оқу орны ғана емес, ислами ғылыми білім беру орталығына айналып келеді. 2011 жылдың 7-желтоқсанында университет ректорының бұйрығымен (№ 662 бұйрық) Әбу Ханифа атындағы ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Орталықтың негізгі мақсаты: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының барлық дәрежелі діни оқу орындарына оқыту-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу, исламның негізі мен құндылықтарын қамтыған шетелдік әдебиетті аудару, әртүрлі дәрежелі сөздіктерді дайындау, ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ, ханафи мазһабына сай қазақ және шетелдік дін мамандарының еңбектерін жинақтау, зерттеу және жариялау. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының саясаты мен бағыттарының таңдау негіздерінде еліміздегі діни мамандардың ғылыми деңгейі мен сауаттылығын арттыру, діни тұтастық, діндераралық татулық пен дәстүрлі ислам мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрді үйлестіру секілді маңызды мақсаттарды межелейді. Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу тақырыптарын таңдау, ғылыми-зерттеу жұмыстарының басымдықтары мен даму барысын және орындалуын университеттің ғылыми кеңесі үнемі бақылайды.
Ғылыми жұмыс жоспарлары ҚР Білім және ғылым министрлігінің, университеттің нормативтік актілері мен құжаттары негізінде жасалады. «Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер» кафедрасы «Білім беру арқылы оқыту мен тәрбиелеу бірлігі ұстанымын жүзеге асыру», «Араб тілі және әдебиеті» кафедрасы «Салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салыстырмалы тіл білімі», «Әдебиет теориясы, риторика», «Шетел тілдерін оқыту әдістемесі» атты ғылыми тақырыптар ауқымында және де «Дінтану», «Исламтану» кафедралары ханафи мазһабы аясында жұмыс жасайды. Академиялық алмасулар мен өзара студенттерді оқыту мен машықтандыру мақсатында ынтымақтастық келісімшарттары мен меморандумдар аясында ТМД елдері мен алыс шетелдердің жетекші ЖОО-мен ұзақмерзімді байланыс орнатылған. Нәтижесінде, магистратура, докторантура тәлімгерлеріне қосымша Түркия, Ресей, Малайзияның белді университеттерінен ғалымдар келіп дәріс оқиды. Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша іріктелген 500 жоғары оқу орындарының санатындағы Каир университетінің профессорлары жыл сайын арнайы шақырылып, магистр-докторанттарға екі апталық лекция-семинар өткізеді. Бір ЖОО және 4 алыс шетелдегі ғылыми және ғылыми білім беру орталықтарымен келісім жасалғандықтан, соңғы 3 жылда Нұр-Мүбарак университетіне 11 ғалым арнайы шақырылып дәрістер өткізді. Университет Египеттің әл- Азһар, әл-Хелуан, Түркияның Стамбул, Мармара, Селжұқ, Неджеттин Эрбакан университеттерімен, Қырғызстан ислам университеті, Мәскеу ислам институтымен өзара әрекет пен ынтымақтастық жөнінде келісімшартқа қол қойды. Ал Малайзияның Ұлттық Сұлтан Зайнал Абидин университеті мен Қазан қаласындағы Ресей ислам институттарымен екіжақты меморандумдарға қол қойды. 9 ұлттың өкілі оқитын Нұр-Мүбарак университеті ТМД бойынша ғана емес, Орталық Азиядағы ислам ғылымын тереңдетіп оқытып, зерттеуші бірегей ЖОО-на айналды. Әрине бұл бүгінгі есеппен 13 жыл десек те, негізгі тарих тамыры сан ғасырлық тереңдікте жатыр. Өйткені әу бастан Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабын ұстанған ата-бабаларымыз ислам өркениетін дамытып, бай мұра қалыптастырып қана қоймай, сонау араб елдеріндегі кітапханаларда өз қолтаңбаларын қалдырған. Міне көне қолжазбаларды зерттеп, атажұрттың игілігіне қолдану Нұр-Мүбарак университеті ғалымдарыныің жоспарлы межелерінің бірі.
Адамзат баласы пайда болғаннан бүгінгі күнге дейін қаншама кезеңдер өтіп, заман жаңа өзгерістерге бет бұрып жатса да «білім» өзінің өзектілігін еш дәуірде жоғалтқан емес. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген уақытта біздің алдымызға қойылған негізгі талаптардың бірі білікті де білімді кадрлар мен озық үлгідегі түрлі сала мамандарын даярлау мәселесі тұрды. Мұның ішінде дін саласындағы мамандар да қажет болды. [2]
Ендігі кезекте Қазақстан Республикасының шет елдерге оқуға кететін азаматтарына арналған дін мәселелері жөніндегі жадынаманың №1 ережесінде көрсетілгендей: -Жоғары оқуға түсу мақсатымен шетелге шығу алдында әр азамат таңдаған оқу орнының ресми мәртебесінің бар екенін анықтауы, ол туралы интернет (сайттар, ұсыныстар) мүмкіндіктерін пайдаланып, мәлімет алуы, ҚР Сыртқы істер министрлігінен, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасында аккредитациядан өткен сол мемлекеттің елшілігінен қажетті анықтама ақпаратты жинауы тиіс.
-Мұсылман діни білімін алуға ниетті азаматтар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен алдын ала кеңес өткізу керек.
-Христиан діни білімін алуға ниетті азаматтар Қазақстан Православиелік шіркеуінің Митрополит округінің алдын ала кеңесі қажет – деп нақты көсетілген [3]
Сондықтан, ел азаматтары өздерінің болашақ білім алатын елін таңдау барысында сол мемлекеттің қоғамдық-саяси және діни ахуалы туралы ой түйіп, оның тарихын, мәдениетін, діні мен ділін біліп алғаны жөн. Өкінішке қарай, көптеген ата-ана шетелдерде білім алудың кейбір тұстарына мұқият назар аудармастан, өз балаларының басқа елдерде оқуын қуана құптайды. Олар балалары білім алғысы келген елдің ыңғайына бейімделуі үшін уақыт керек екенін, басқа мәдениет пен өзге менталитеттегі адамдармен қатар өмір сүріп, араласатынын білулері тиіс.
Қорыта айтқанда шет елдердің діни оқу орындарында Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы және мемлекетаралық келісім негізінде болса магистратура және доктарантура оқуға болады. Ал бастапқы білімді яғни, бакалаврлық базалық білімді шет елдердің діни білім орталықтарында алудың қажеттілігі жоқ. Өз елімізде білікті мамандар дайындалып жатыр. Ойымызды түйіндеп айтар болсақ, болашағын дінтану мен теологиялық ілімдерді зерттеуге арнаған қазіргі жастарға өз Отанында кәсіби білім алудың барлық мүмкіндіктері жасалған.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.https://kk.wikipedia.org/wiki/Нұр-Мүбарак_Египет_ислам_мәдениеті_университеті
2. https://newtimes.kz
3.http://shu.zhambyl.kz/kk/pamyatka-po-voprosam-religii-dlya-grazhdan-respubliki-kazaxstan-vyezzhayushhix-za-rubezh-na-obuchenie/

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген