Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні».
Мақсаты: а )Білімділік: Оқушыларға Наурыз мерекесі туралы кеңінен түсінік
беру,ұлттық салт- дәстүрмен таныстыру.
ә)Тәрбиелік: Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге ,
бірлікке ,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
б)Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін ,сөздік қорларын
жетілдіру.
Көрнекілігі:тақырыбы, мерекелік құттықтау, суреттер, ұлттық киімдер,ұлттық
аспаптар,гүлдер,ленталар,жемістер,шарлар,қоржын, сөзжұмбақ,үнқағаз,ұлағатты сөздер,т.б
Әдісі:сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.
Шара барысы
Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Балалар, міне Наурыз да келді. Бүгін Наурыз мейрамы «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» құтты болсын!
Адамдар Наурызға дайындалады.
Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар
үйлерінде дастархан жаяды. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.
Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы,
ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық
қастерлейтін күн. Биылғы жыл атаулы жылдардың
бірі болмақ. Себебі биыл біздің тәуелсіздік алып, көк туымызды
биіктен желбіреткенімізге 25 жыл. Олай болса, тәуелсіздігіміз мәңгі
болып, еліміз өсіп-өркендей берсін.
Ақтың молаятын,
Жарықтың ұзаратын,
Нұрдың молығатын,
Тіршіліктің жаңаратын,
Өмірдің жаңғыратын,
Пейілдің түзелетін,
Көңілдің кеңейетін кезеңі – наурыз мейрамы құтты болсын.
Алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Сабыржан Миржанұлына береміз.
1 қыз Диана
Күн жаңарып, күн туды
Ай жаңарып, ай туды
Өзен, көлдің жағасы бәйшешекпен гүл туды
Мың бір ана толғатып, күн маңдайлы ұл туды
2 қыз Ақторғын
Басымды бұрам бір ауылға,
Қырларға шықты ауылда,
Көктем келді күнімен,
Көктем келді арулар.
Көктембе көктем сағыныш,
Сағым неткен әдемі
1 қыз:
Көктем гой кәусәр, қанып іш
Жасасын жанның әлемі.
Райымбек:
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Келіндер:
Әз наурыз келді.
Дастархан Жаяйық.
Наурызға дайындалайық.
Абысындар қазан көтеріп наурыз көже әзірлейік.
(келіндер келіп дастархан жайады )
1 қыз:
Уа халайық
2 қыз:
Ағалар мен женгелер.
1 қыз:
Ұмай ана келеді.
Ұмай ана. Жадыра апа
Көктегі нұр, күн жалғыз.
Күннің жұбы ай жалғыз
Әлемнің аңсап күткені,
Келеді Науырз көктемі.
Ақ түтек пен төрт түлік иесі
Бәйшешек жапты белесті,
Жұлдыздар дерге жақындап,
Күн менен түн теңесті
ООО жас ұрпақ
Бабан етті түйелі,
Асыл еді сүйегің
Анаң етті нұр таңы
Алтын еді құрсағы
Наурыз келді төріне
Домбыра жыр тиегі
Күн менен түн теңесті
Шуақ шашып шаңыраққа киелі. (Ұмай ана дастарханға отырады)
Ән: «Нұр көктем» Мәсәлім Айгерім
Аластау. Мәриам апа
Алас, Алас
Бәледен алас
Алас, алас
Бәле жала жерге енсін
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Бәле – жала жерге енсін
Еліміз аман болсын.
Мектебіміздің мерейі үстем болсын,
Ұлымыз ұлықты,
Қызымыз қылықты болсын
Алас, алас
Бәледен алас
Бәле – жала жерге енсін.
Алас, алас
Мың бұралықты бәледен сақта
Жүз бұралықты жаладын сақта
Алас, алас
Бәледен алас
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаңда жол болсын.
Көктем аруын шақырамыз.
Арухан:
Көктетіндер жасыл шөп, бәйшешегім
Төрлетсін нұрға толған көңілдерің
Адам зат пен табиғатқа нұр сыйла
Орындалсын үміт артқан сенімдерің
Биле биле жайнасын даланың гүлдері
Нүрға толсын Наурыздың күндері
Жайна, жайна барлық дүние тіршілік
Құт береке дарысыншы үнемі
Қадірлі ағайын, Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын. Биылғы жыл еліміз үшін табысты, тоқшылық жыл болсын.
Би: « Көктем аруы» биі 8- сынып қыздары
Шашу шашамыз.
Назым:
Шашу, шашу,
Шашу шаштым халқым үшін
Сақтаған ежелдегі салтым үшін
Ұлыстың ұлы күнін тойлайықшы
Әр елде халықтаған даңқым үшін
Райымбек:
Ұлыс тақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын
Ұлыс береке берсін,
Ортаға балдай тәтті Наурыз көже келсін
Әже: Нәзип апай
Ұлыс күні 7 түрлі заттан соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, сүт, езілген құрт, бидай, сәбіз және пияздан қазан толы көп көже пісіріледі. Әр үйдің дастарханына 7 түрлі тағам қойылады. Бұл ас Наурыз көже деп аталады.
Наурыз тойы әдемі
Халқым неткен сүлделі
Сіздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді.
Қасиеті көп демейді
Өмірдің ол өзегі
Дәмі аузыңнан кетпейді
Татып көрсен көжені
(музыкамен көже тарату)
Ән: Дастархан (Үстелдегі жеңгелеріміз бен әжелеріміз)
Райымбек бата:
Көже істеген келіндерімізге бата берейік
Көпке жаққан көпшіл бол,
Боз торғайдай дүршіл бол.
Сиырын баспақты болсын
Қазаның қақпақты болсын
Ұлын он шақты болсын
Қызын моншақты болсын
Бастарын берекелі болсын
Ортамыз мерекелі болсын
Аумин!
Райымбек:
Көжеден кейін көңіл
көтермеймізде. Ал, қанеки арқан тартқанын көрейік. Сайдың
іріктелген тасындай, қазақ елінің ұландары, көк аспанның қырандарын
күш сынасуға шықрайық.
1 сынып ұлдары арқан тартыс.
2, 3 сынып ұлдары асық ату.
4 сынып ұлдары күш сынасу
Би: Қамажай 6 – сынып қыздары
Ән: «Ауылға сағыныш» Құзайыров Шалқар 7 – сынып
Наурыз тойы –береке,
Наурыз тойы -жыр-аңыз.
Қызып дулы мереке ,
Қызық думан құрамыз.
«Қара жорға» биімен қыздарды ортаға шақырамыз. Диана, Арухан.
Ән+Би «Қазақстан» Мүтиғоллин Саят , 5 сынып қыздары
Қызбен жігіттің әзіл айтысы. Бөкеев Шыңғыс пен Шангереева Шұғыла 9 сынып
.«Қыз бен жігіт »айтысы.
1-айтыскер:
Айтыс айтыс болады,
Өлең айтса жөнімен
Наурыз тойын қыздырып,
Кім айтысар менімен?
2-айтыскер:
Біздің гүлден шиқылдап ,
Ұқсайды екен шөжеге.
Шөлдеп қапты шөжелер,
Шөлдегенге көже бер.
1-айтыскер:
Шуылдаған қозыдай
Ойнайтұғын ,Мақсат-ай.
Көже көрсе тауыспай ,
Қоймайтұғын ,Мақсат-ай.
2-айтыскер:
Қадай алмай түймеңді,
Жылауыңды қойдың ба?
Сабағыңды апаңнан
Сұрауыңды қойдың ба?
1-айтыскер:
Сүрінгенді мазақтап,
Жөнің жоқ қой күлетін .
Сен дейсің бе саусағының
Санын білмей жүретін.
Екеуі :
Жылдың басы -Наурыз.
Жырдың басы-Наурыз.
Наурызға жыр арнап,
Айтысармыз әлі біз.
Күллі дүние жайдары.
Желкілдеген гүлдерін,
Жер-анамыз жайнайды.
Наурыз –шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас-кәріміз,
Би билейік бәріміз.
Би: «Айгөлек» 2,3,4 – сынып қыздары
Ән: «Келді Наурыз» Уали Бибі, Мәсәлім Айгерім 9,11– сынып қыздары
1 қыз:
Уа халайық!
Ұлыстың ұлы күнінде өзінің ақ батасымен Қыдыр ата келеді
Райымбек. Ал қанекей қалайық Ұлыстың ұлы күнінде баршамыз қол жайып Қыдыр атадан бата алайық.
Қыдыр ата: Еділ
Ұлыстың ұлы күнінде,
Пейілдерің кең болсын
Көкте күннің сүйгені,
Алтын бесік жер болсын.
Қадамдарың ақ болсын
Жақсылыққа жол болсын
Маңдайыңнан сыйпайтын
Көктем шуақ жел болсын
Сабыр, Төзім, Қанағат
Денсаулықта ем болсын.
Достық, Бірлік, Ынтымақ
Қуат қосар дем болсын.
Білім құштар жас ұрпақ
Өнегелі ер болсын.
Қазақ елі әлемде,
Рухы биік ел болсын.
Қазақ,Түрік көшінде,
Тек жақсылық той болсын.
Ән «Наурыз келді»
Күттіріп келген жыл басы ,
Бізбен бірге жырлашы .
Елімнің дастарханына
Береке ,ырыс сыйлашы .
Ата-бабам тойлаған .
Наурызым армысың !
Жер шуаққа кенелді ,
Қуанышта ел енді
Наурыз келд ,салтымыз
«Көгерсін » деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы –береке,
Наурыз тойы -жыр-аңыз.
Қызып дулы мереке ,
Қызық думан құрамыз.
Наурыз -шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз .
Ән салып жастарымыз,
Би биледік бәріміз.
Би «Наурыз думан» биі
Егін өңін тоқытқан ,
Елдің көңілін шалқытқан ,
Бас иеміз саған ,Наурыз!
Қасиет еткен халқымыз ,
Жаңғырар дәстүр-салтымыз.
Сән-салтымен көрікті ,
Салтты, дәстүрді сыйлау үлкен міндет!
ІҮ.Ұлттық ойын «Бәйге».
Наурыз тойы -береке ,
Наурыз тойы -жыр-аңыз .
Қызық дулы мереке ,
Қызық думан құрамыз»
Ү.«Қыз бен жігіт »айтысы.
1-айтыскер:
Айтыс айтыс болады,
Өлең айтса жөнімен
Наурыз тойын қыздырып,
Кім айтысар менімен?
2-айтыскер:
Біздің гүлден шиқылдап ,
Ұқсайды екен шөжеге.
Шөлдеп қапты шөжелер,
Шөлдегенге көже бер.
1-айтыскер:
Шуылдаған қозыдай
Ойнайтұғын ,Мақсат-ай.
Көже көрсе тауыспай ,
Қоймайтұғын ,Мақсат-ай.
2-айтыскер:
Қадай алмай түймеңді,
Жылауыңды қойдың ба?
Сабағыңды апаңнан
Сұрауыңды қойдың ба?
1-айтыскер:
Сүрінгенді мазақтап,
Жөнің жоқ қой күлетін .
Сен дейсің бе саусағының
Санын білмей жүретін.
Екеуі :
Жылдың басы -Наурыз.
Жырдың басы-Наурыз.
Наурызға жыр арнап,
Айтысармыз әлі біз.
Күллі дүние жайдары.
Желкілдеген гүлдерін,
Жер-анамыз жайнайды.
Наурыз –шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас-кәріміз,
Би билейік бәріміз.
Би «Қазақ биі»
ҮІ. «Наурыз көжеден» дәм тату.
Наурыз тойын әдемі
Анам еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді .
Ашылды да кебеже ,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем Наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.
Бидай ,күріш ,тары бар,
Ащы құрты тағы бар.
Көже -елдің ырзығы ,
Бұл көжеде бәрі бар.
Ана:Оу ,құрметті аналар.
Айналайын балалар!
Жеп-ішсін деп тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім.
Шақырамын бәріңді.
Мұғалім:Ұлыс күні қазан толса ,
Сол жылы ақ мол болар.
Жаңа жылға бата алсаң ,
Сонда олжалы жыл болар.
ҮІІ.Көрініс:«Бата беру» рәсімі
Бата
Бата (беру ,бата алу) -дәстүр .Ақ тілеудің белгісі-бата.Ол кез-келген жерде айтыла бермейтін қасиетті ұғым.Ең жақсысын халық «ақ бата» деп қастерлейді.Батаның бірнеше түрлері бар:
1.Жас талапкерге бата.
2.Дастарқанға бата.
3.Алғыс батасы.
4.Жаңа айдың батасы.
5. Наурыз батасы.
Соның бірі-осы Наурыз батасы.Ұлыстың ұлы күнінде «наурыз көжеге» шақырғандарға , «Наурызнама » тойын өткізіп, халықты риза қылған адамдарға ақсақалдар мен әжелер , ел ағалары , билер қол жайып бата береді.Бұл бата жалпы көпшілікке бағышталады.Талапкер жастар Наурыз күні дуалы ауыздың уыз батасын алуға тырысады.Наурыз батасының орны ерекше.
Қыдыр ата:
(Бата береді)
Елдеріңнің іргесі берік болсын ,
Жасқа құрмет ,кәріге күтім болсын ,
Сөздерің серттей берік болсын,
Ісің ілгері ,ақылың серік болсын.
Еккендерің өнімді болсын ,
Өмірлерің көңілді болсын.
Төрт түлік төлді болсын,
Баққандарың шелді болсын.
Ақ көп болсын ,
Қайғы жоқ болсын .
Пейілдерің кең болсын.
Сапарларың оң болсын.
Мына Ұлыстың Үлы күні әрбір отбасына
қуаныш, бақыт әкелсін!
Ұлыс оң болсын!
Аумин!
ҮІІІ.Қорытынды.
Жаңа жыл-Наурыз құтты болсын!
Молшылық жылы болсын!
Жылан жылы тек жақсылық әкелсін!
Наурыз құтты болсын !
Дендеріңіз сау ,мықты болсын.
Наурыз той келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Еліміздің несібесі көп болсын!
Қош ,сау болыңыздар,халайық,
Көріскенше күн жақсы болсын!
Ұлыс күні құтты құтты болсын !