400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесіне арналған танымдық сағат.Наурыз мерекесі туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Ұлыстың ұлы күні екенін ашып көрсету;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!

Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Ұлыстың ұлы күні  екенін  ашып көрсету;

Дамытушылық: -оқушылардың санасына халықына деген мақтаныш сезімін ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей білуге дамыту;

Тәрбиелік: -мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына, адамгершілікке, елін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар,ұлттық киімдер, арқан,асық.

Сабақтың барысы.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні - Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлыс мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін! Ортада Назарбекова Жұлдызайдың орындауында «Қазақ биі»

1-оқушы: Уа жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық...
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырық
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Жарапазан жыры бар.

2-оқушы: Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата–бабам тойлаған
Наурызым армысың!

3-оқушы: Келе жатыр жылымыз
Мейрамдаймыз мұны біз
Жас балаша нұрланып,
Жадырасып бәріміз.
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды.

4-оқушы: Наурыз келсе құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып, ел болып қарсы алайық!
Ақ әже Наурыз шашуын шашады.
Наурыз: жайнатамын бар гүлді, сайратамын бұлбұлды
Мейрам етіп бұл күнді.
Ән: «Наурыз думан»

5-оқушы: Хош келіпсің, Наурыз!
Арман тойы халықтың
Қуанышы халықтың
Құтты болсын қадамың!
Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік біз сізге!

11-оқушы:Бата беру.

1-жүргізуші:

Ілесіп Наурызбенен көктем жетсін

Көңілін үлкен-кіші көкке өрлетсін.

Еңсесі көтеріліп ер-азамат,

Ескі жылмен реніш , өкпең кетсін! Ендігі кезекті Қазақтың ұлттық ойындарына берсек.



2-жүргізуші:
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсін!

Осымен Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош, сау болыңыздар!









Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі» МКҚК













Наурыз мерекесіне арналған

«Нұр себеле Ұлыстың Ұлы күні»

(танымдық сағат)







Өткізген : ҚББП Есқожина М.А



















2020 -2021 оқу жылы















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 қараша
515
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі