15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Нұр-Сұлтан қаласы ұлт мақтанышы
Астана – ұлт мақтанышы.
«Елорда», «Ару Астана» мадақ етіп жырға қосарлық шынайы тақырып. Астана Сарыарқаның төрінен орын тепкен ерекше сұлу қала. Иә, астанасын жаңғыртқан мемлекеттер баршылық. Алайда, бас аяғы бес жылда жаңа астанаға қоныс аудару тарихта болмаған жаңалық екен. 1997ж Елордасы Ақмола қаласына ауыстырылуы туралы шешім қабылданып, келесі жылы ақ жас қала қоныс тойын тойлап жатты. Астанаға 1999ж ЮНЕСКО шешімі бойынша «Бейбітшілік қаласы» деген атау берілді, арнайы медальмен марапатталды. Тәуекел ердің қадамы. Біздің ел жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа осындай ерлікпен енді.
Астана болашақтың қаласы. Ол өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасы. Ол саяси, әлеуметтік, қоғамдық диалог, іскерлік пен озат жетістіктер алаңы.
Қазіргі уақытта қалада көптеген заманауи сәулетті құрылыс жобалары іске асырылып жатыр. Қала күннен күнге көркейіп, өз келбетін көз алдымызда өзгертуде. Елорда құрылыс ауқымы жөнінен елде көш бастап тұр. Астана мәртебесін алғалы бері қалада он миллион шаршы метр тұрғын үй салынды. Астана құрылысына жүздеген отандық және шетелдік құрылыс компаниялары қатысты. Астананың сәулеткерлік тұжырымдамасын жасау барынысында елордада батыс пен шығыстың мәдени дәстүрлері үйлесім тапқан ерекше еуразиялық стиль қалыптастыру идеясы негізге алынды. Ұлттық ұстаным мен бүгінгі заман өрнектерін астастырған «Астана Бәйтерек», «Отан Ана», «Қазақ елі»монументтері, «Хан Шатыр», «Думан», «Мега» сауда және ойын сауық орталықтары, атақты тұлғалар мен қайраткерлердің ескерткіштері, алаңдар мен көшелердегі декоративті мүсіндер, салтанатты Ақорда, сәулеті келіскен сол жағалау, келбеті өзгеше «Бейбітшілік пен келісім сарайы» сынды ғажайыптары бар сұлу шаһар Астананың көркіне көзің тоймайды. Зиялылық пен мәдениеттің рухын асқақтатып тұрған Астана арман мен қиял әлемі.
Сондай бір ерекше қиял мен арманның үйлескен туындысы, бұл күнде Елордамыздың, тіпті мемлекетіміздің символына айналған «Астана Бәйтерек» монументі. «Астана Бәйтерек» Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі заманауи қаланың көркем бейнесін аша түскендей.
Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 метр (Астана қаласының елорда мәртебесіне ие болған жылғабайланысты таңдалған), диаметрі 27 метр. Металдан, әйнекпен бетоннан жасалған бұл «теректің» ұшар басында алтын шар орналасқан.күннің шапағына шығылысып әртүрлі түске құбылып тұратын «хамелеон» әйнегінен жасалған шардың диаметрі -22метр, салмағы 300 тонна, ауданы 1553 шаршы метр. «Бәйтерек» монументі осындай алып шардың ең биікке көтерілуі бойынша әлемдік рекордқа ие болды. «Астана Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады. Жерасты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендей кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғары жағында «Аялы алақан» комплзииясы орын тепкен. Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың бүгінгі сәулетін тамашалауға болады. Панорамалық залдың ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17түрлі әлем діндері өкілдерінің қолы қойылған ағаш глобус орналасқан. Ал қасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алақанының ізі бар.
Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Астана Бәйтерек» қазіргі Қазақстанның нышан символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дарқандықтың көрінісі іспетті.
Қалада әр жыл сайын түрлі халықаралық форумдар, көрмелер, конферениялар, музыкалық шаралар және фестивальдар өтеді. Мұның бәрі елмізді күллі әлемге танытып қана қоймай, сонымен қатар ел экономикасының жақсаруына да үлкен үлес қосады.
Қала экономикасының қарқынды дамуы көптеген инвесторлар үшін тиімді болып отыр. Қала экономикасының негізі сауда, өнеркәсіп өндірісі, көлік, байланыс және құрылыс салалары. Еуразия құрлығының ортасында орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан қолайлы көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндіктранзиттік көпірге айналдырды.
Шаһардың өнеркәсіп өнд ірісі,негізінен, құрылыс заттарын, азық түлік өнімдерін шығару мен машина жасау ісі төңірегіне шоғырландырылған. Астана Қазақстанда құрылысқа қажетті металл бұйымдарын, бетон мен бетоннан жасалған құрылыс заттарын шығару жөнінен алдыңғы орынды иеленеді.
Қаланың ірі кәсіпорындары қатарына «Целиноград» вагон жөндеу зауытын, «Цесна Астық» концернін, «Тұлпар Тальго» ЖШС жолаушылар вагонын құрастыру зауытын, «Еврокаптер Казахстан инжиниринг» ЖШС тікұшақ құрастыру зауытын айтуға болады.
Қала Қазақстандағы ірі бизнес орталығының біріне айналды. Кәсіпкерлік мәдениеті қарыштап дамып келеді. Астанада 128мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейді.
.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген