«Нұрлы
жол - болашаққа апарар
бағыт»
Елбасымыз
Н. Назарбаев « Нұрлы жол – болашаққа
бастар жол » атты жаңа экономикалық
саясат, Қазақстан халқына кезекті
жолдауын жариялады. Бұл дәстүрлі жолдау
«Мәңгілік ел» идеясын, «Нұрлы жолға»
айналдыру жөнінде бастама, осы жаңа
жолдаудың өн бойынан орын алған. Елімізге
арналған Жолдаудың мерзімінен бұрын
халыққа арнауының ең басты себебі,
қазіргі бүкіл дүниежүзілік жаңа
дағдарыстың жақындап келуімен тікелей
байланысы бар десек, артық айтқандығымыз
емес.
Елбасымыз
Н.Назарбаевтың әр жылғы халқына жариялаған
жолдаудың – өз жаңа жаңалықтары мен
еліміздің дамып өркендеуіне, халқымыздың
қуатты болып күшеюіне, өмір сүру сапасының
дамуына бағытталған. Қай жолдауды алып
карасақ та, стратегиялық маңыздылығы
мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер
мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз
етуге бағытталғанын көреміз. Осы жолғы
елбасымыздың жолдауы – болашаққа
сенімді қадам деп айтуға толық негіз
бар. Көтеріліп отырған мәселе – қазіргі
еліміздің жастарының алдына үлкен
мақсат міндеттер қойып, өсіп келе жатқан
ұрпаққа үлкен жауапкершілік жүктеп
отыр. Осы орайда елдің барлық даму
салаларына жастар бедсенді түрде қатысуы
керек деп, өскелең ұрпақтың алдағы
уақыттағы белсенділігі, еліміздің
дамуына, өркендеуіне, отанымыздың бет
бейнесі - жастарымыздың белсенділігіне
байланысты.
Алтыншы
тапсырма тікелей білім жайлы айқындалып
айтылды. Бұл
негізде Н. Назарбаев әлеуметтік
инфрақұрылымдарды дамыту және Ұлттық
қордан қаржы бөлінетіндігін айтты.
Бірінші кезекте, бұл – апатты мектептер
мен үш ауысымда оқыту мәселесін шешу.
Бұл – біздің сайлауалды тұғырнамамыздың
негізгі индикаторларының бірі. Үшжылдық
бюджетте қарастырылған қаржы бұл
проблеманы 2017 жылға дейін шешуге
мүмкіндік бермейді. Сондықтан Үкіметке
қосымша 70 миллиард теңге бағыттауды
тапсырамын. Балалар бақшасының
жетіспеушілігі – басқа мәселе. Мектепке
дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын
түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы
қосымша 20 миллиард теңге бағыттауды
тапсырамын. Индустрияландыру бағдарламалары
шеңберінде базаларында ғылымның
экономика салаларымен және мамандар
дайындаумен байланысы қамтамасыз
етілетін 10 ЖОО анықталды. Осы мақсаттарға
2017 жылға дейін 10 миллиард теңге бағыттай
отырып, жоғары оқу орындарының
материалдық-техникалық базасын
қалыптастыруды тапсырамын - деп
тапсырмалар берді.
Бүгінгі
оқушы, болашақ маман жоғары деңгейде
білім алып, елін сүйсе, еліміздің дамуына
орасан зор үлес қосатынына сенімдіміз.
«Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі
бақытымызға мақтаныш та, гүлденген
келешекке сенім де «Мәңгілік ел» деген
құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю
– бабалардан мирас болған ұлы мұраны
қадірлеу, оны көздің қарашығындай
сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және
кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау
деген сөз. Барша қазақстандықтардың
жұмысының түпкі мәні – осы!»,- деді
Елбасы Н. Назарбаев.
Қорыта
келіп айтқанда, бүгінгі күн ертеңгі
болашақ екенін ескерсек, «Қасым ханның
қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолдары»
сияқты Н.Назарбаевтің «Нұр жолы да»
тарихта қалатындығына сенімдімін.