«Даналық» элективті курс бағдарламасының тиімділігі
Бұл бағдарлама 4-сынып оқушыларына арналған. Бағдарламаны әзірлеуде ұлылардың ұлағатты сөздері басшылыққа алынған. Бағдарлама 34 сағатқа құрылған. 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қазақтың дана ақыны Абай Құнанбайұлының «Ғылым, білім, естілік, достық, өнер, жүрек, адамдық пен надандық, ақыл, еріншектік пен талапсыздық» туралы афоризмдері берілген. Алты алаштың қамын ойлап: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», – деп жырлаған қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының афоризмдері адамзатқа өрелі ой, келелі кеңес береді, өйткені ұлы ақынның сарқылмас мұрасы тәлім-тәрбиеге, тағылымға толы. А.Байтұрсынұлы «Қазақ» газетінде шыққан мақаласында: «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ», – деп жазды. Қазақ халқының дана да дара ақыны, философ, ағартушы, суреткер, сазгер, аудармашы, қазақ әдеби тілінің, жазба әдебиетінің негізін қалаушы – Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы мол. Ал мектеп оқушылары
«Абайтану» таңдау курс бағдарамасын тек 10-11 сыныптарда ғана оқиды. Осыны ескере отырып, мектеп бағдарламасында ұсынылмаған ұлағатты сөздерін оқытып, гуманистік тәрбие беру негізге алынған. Өскелең ұрпақ ұлылардың ұлағатты сөздерін оқып, талдау арқылы жақсыны бойына жиып, жаманнан жиренеді, гуманистік, патриоттық тәрбие алады. Шынайы өмірмен байланыстыра отырып, өмірдегі қажеттілігіне көз жеткізеді. Екінші бөлімде Бауыржан Момышұлының «батырлық, патриоттық» туралы қанатты сөздері ұсынылған. Тілге жүйрік, сөзге шешен хас батырдың қанатты сөздері ұрпақ тәрбиесінің алтын кілті іспеттес. Жас ұрпақты елін сүюге, әділ, батыр, ер мінезді нағыз патриот болуға баулиды. Үшінші бөлімде ата-бабамыздан қалған асыл мұра – мақал-мәтелдерді оқыту көзделеді. Берілген тақырыптарға байланысты мақал-мәтелдердің мәнін ашып, өмірмен байланыстыру ұсынылады. Бұл өз кезегінде оқушылардың гуманистік, патриоттық құндылықтарын қалыптастырып қана қоймай, отбасылық құндылықтарды
дәріптейді және тіл байлығын да арттырады. Ал қазіргі қоғамға мейірімді, жанашыр, өз ойын еркін жеткізе алатын, табысты, адал ұрпақ керек. Бұл бағдарлама оқушы бойындағы осы қасиеттерді жетілдіруге жұмыс жасайды.
Бағдарламаның өзектілігі – ұлылардың даналық ойларын жинақтау, дәріптеу.
«Даналық» элективті курс бағдарламасының мақсаты – оқушылардың бойында гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды қалыптастыру.
-
Ұлылардың ұлағатты сөздерімен танысу (білу, түсіну);
-
Даналық ойлардың мағынасын ашу (талдау);
-
Ұлылар ұлағатын өмірмен байланыстыру (жинақтау);
-
Қанатты сөздерді жаттау, өмірде қолдану (қолдану).
-
Абай Құнанбайұлының, Бауыржан Момышұлының ұлағатты сөздерімен танысады;
-
Даналық ойлардың мағынасын ашып, гуманистік, патриоттық тұрғыда талдайды;
-
Шынайы өмірден мысалдар келтіре отырып, ұлылар ұлағатын бүгінгі күнмен байланыстырады;
-
Қанатты сөздерді жаттап, қажетіне қолданады.
1
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Нұртаева Жамиля Болатовна
Нұртаева Жамиля Болатовна
«Даналық» элективті курс бағдарламасының тиімділігі
Бұл бағдарлама 4-сынып оқушыларына арналған. Бағдарламаны әзірлеуде ұлылардың ұлағатты сөздері басшылыққа алынған. Бағдарлама 34 сағатқа құрылған. 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қазақтың дана ақыны Абай Құнанбайұлының «Ғылым, білім, естілік, достық, өнер, жүрек, адамдық пен надандық, ақыл, еріншектік пен талапсыздық» туралы афоризмдері берілген. Алты алаштың қамын ойлап: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», – деп жырлаған қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының афоризмдері адамзатқа өрелі ой, келелі кеңес береді, өйткені ұлы ақынның сарқылмас мұрасы тәлім-тәрбиеге, тағылымға толы. А.Байтұрсынұлы «Қазақ» газетінде шыққан мақаласында: «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ», – деп жазды. Қазақ халқының дана да дара ақыны, философ, ағартушы, суреткер, сазгер, аудармашы, қазақ әдеби тілінің, жазба әдебиетінің негізін қалаушы – Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы мол. Ал мектеп оқушылары
«Абайтану» таңдау курс бағдарамасын тек 10-11 сыныптарда ғана оқиды. Осыны ескере отырып, мектеп бағдарламасында ұсынылмаған ұлағатты сөздерін оқытып, гуманистік тәрбие беру негізге алынған. Өскелең ұрпақ ұлылардың ұлағатты сөздерін оқып, талдау арқылы жақсыны бойына жиып, жаманнан жиренеді, гуманистік, патриоттық тәрбие алады. Шынайы өмірмен байланыстыра отырып, өмірдегі қажеттілігіне көз жеткізеді. Екінші бөлімде Бауыржан Момышұлының «батырлық, патриоттық» туралы қанатты сөздері ұсынылған. Тілге жүйрік, сөзге шешен хас батырдың қанатты сөздері ұрпақ тәрбиесінің алтын кілті іспеттес. Жас ұрпақты елін сүюге, әділ, батыр, ер мінезді нағыз патриот болуға баулиды. Үшінші бөлімде ата-бабамыздан қалған асыл мұра – мақал-мәтелдерді оқыту көзделеді. Берілген тақырыптарға байланысты мақал-мәтелдердің мәнін ашып, өмірмен байланыстыру ұсынылады. Бұл өз кезегінде оқушылардың гуманистік, патриоттық құндылықтарын қалыптастырып қана қоймай, отбасылық құндылықтарды
дәріптейді және тіл байлығын да арттырады. Ал қазіргі қоғамға мейірімді, жанашыр, өз ойын еркін жеткізе алатын, табысты, адал ұрпақ керек. Бұл бағдарлама оқушы бойындағы осы қасиеттерді жетілдіруге жұмыс жасайды.
Бағдарламаның өзектілігі – ұлылардың даналық ойларын жинақтау, дәріптеу.
«Даналық» элективті курс бағдарламасының мақсаты – оқушылардың бойында гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды қалыптастыру.
-
Ұлылардың ұлағатты сөздерімен танысу (білу, түсіну);
-
Даналық ойлардың мағынасын ашу (талдау);
-
Ұлылар ұлағатын өмірмен байланыстыру (жинақтау);
-
Қанатты сөздерді жаттау, өмірде қолдану (қолдану).
-
Абай Құнанбайұлының, Бауыржан Момышұлының ұлағатты сөздерімен танысады;
-
Даналық ойлардың мағынасын ашып, гуманистік, патриоттық тұрғыда талдайды;
-
Шынайы өмірден мысалдар келтіре отырып, ұлылар ұлағатын бүгінгі күнмен байланыстырады;
-
Қанатты сөздерді жаттап, қажетіне қолданады.
1
шағым қалдыра аласыз













