жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
НҰРЫМ ЖЫРАУДЫҢ АЛТЫН ҚАЗЫНАСЫ - ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ КЕПІЛІ
НҰРЫМ ЖЫРАУДЫҢ АЛТЫН ҚАЗЫНАСЫ - ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ КЕПІЛІ
СЭЗ-19 тобының студенті Бисенов Сәнболат. Жетекшісі Джакаева Г.Б.
Жыраулық поэзия – бойы қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен сөз өнеріміздің асыл мұрасы, дамыған ұлт әдебиетінің ғажап көркемдік белгісі. Ә. Тәжібаев: «Жырау – сөз жоқ, ақын. Ақын болмай, жұрт қадірлейтін жырау атану мүмкін емес. Ақындығы күшті жыраулардың жалынды жырлары үнемі жаңғырып, кейінгі ұрпаққа сиқын бұзбай көрікті күйінде жетіп отырады. Ал, жыраулық - ертеден келе жатқан халық поэзиясының үлкен бір дәстүрлі саласы» - деп жыраулық дәстүрді әдебиетте орны бөлек жеке сала ретінде алып қарастырады.
Елбасымыз “Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетіміздің ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн.Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр" деген болатын. Қазақта мынандай мақал бар: «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз». Сондықтан жыраулардың бай мұраларын қазіргі жастардың пайдаланатын тәлімдік құралы етіп, оларды елін, жерін сүюге, құрметтеуге баулып, адамгершілік қағидаларының басты ұстанымы екендігін жастар санасына сіңіру қажет.
ҚР Мәдениет қайраткері Амандық Көмеков «Жыр – идеялогиялық құрал іспеттес. Ауыз әдебиетінің көптеген үлгісін бүгінгі күнге жеткізген жыраулар. Жыраулық дәстүрге сәйкес, әр аймаққа сәйкес жырдың әуендері де өзгеріп отырады. Жырау сөзін жоққа шығарып жүргендер көп. Бұл тектілікті қажет ететін өнер, жыраулық өнер тектілікті қажет етеді», - дейді.
Нұрым шығармашылығын жинаушы, зерттеуші, оның ғұмырнамасына байланысты талай адамдармен пікірлесіп, мағлұматтар жинаушы филология ғылымдарының кандидаты, ғалым Қабиболла Сыдиықұлы Нұрым шығармашылығы жайлы былай деп жазған: «Нұрым Тайсойған жерінде туып-өссе де, жыршы-жыраулардың ежелгі дәстүрімен Хиуа, Маңғыстау, Жайық бойы, Ақтөбе қырын жайлаған елдерді аралап, өнерпаздармен кездеседі, көне жыршыларды жаңғырта жырлап, терме, толғаулар шығарады. Жаскілең, Берішқызы, Балмырза, Қашаған ақындармен айтысқа түсіп, «Тоғыз ауыл» сияқты ерлік дастандар толғайды» (Қ.Сыдиықұлы. «Біртума жыр саңлақтары», Алматы: «Ғылым», 2001, 78 б.).
Ұрпақты
патриотизмге тәрбиелеу тұрғысынан
жыраулар мұрасы өз мәнділігін жоғалтпақ
емес және ақын-жыраулар толғаған жырлар
арқылы олардың бойына патриоттық сезімді
қалыптастыруымыз қажет.
Қазақ халқы
ғасырлар бойына талай аласапыран тарихи
жайттарды басынан өткізгенін қазіргі
жаңаша баяндалған ғалымдардың тарихқа
байланысты ғылыми тұжырымдарынан
көз алдымызға шынайы түрде елестете
бастадық. Өткен замандардағы қазақтың
басынан кешкендері сол кез жырларында
көрініс тапты. Себебі әдебиет – халық
өмірінің көркем бейнесі. Тарихтың
ұмытылмауына әдебиеттің қосқан үлесі
мол екені белгілі. Сондықтан өткен
ғасырлардағы ақындар, жыраулар,
жыршылардың туындыларын ерекше мән
беріп қастерлеп, әдеби шежіре деп
қарауымыз керек.
Маңғыстау өлкесінде
ерте кезден-ақ ел өміріндегі елеулі
оқиғаларға байланысты
туған аңыз-әңгімелер мен батырлық
жырлар молынан
сақталып, осы заманға дейін жеткен. Бұл
өлкеде сонау
ежелгі сақтардан бастап, оғыздар мен қыпшақтар, ноғайлар мен қалмақтар өмір
сүрген. Осы тайпалардың салт-тұрмысына
орай «Жеті жұрт» жайындағы аңыздар
өмірге келген. Бұған қоса мұнда сол
ертеде өмір кешкен тайпалардан кейінгі
ұрпаққа жеткен материалдық мұралар да
көптеп сақталған. Небір ескерткіштер
талай аңыз-әңгіменің, өлең-жырдың өзегіне
айналғаны да тарих бетінен
белгілі. Түбекте өмір
кешкен елдің еркіндік пен ерлікті
жырлауы да табиғи арманы болатын.
Әсіресе, жырау мен ақын елдік пен ерлікке
үндейтін жырлар толғауы да сол заманның
белгісіндей еді. Бұл
жөнінде Қазақстанның өзге өлкесінен
гөрі Атырау мен Маңғыстауда
батырлық жырлардың мол болуын кезінде
жазушылар мен әдебиетші ғалымдарда
(ақын С.Сейфуллин,әдебиетші
ғалымдар М.Ғабдуллин, Қ.Жұмалиев,
Е.Ысмайылов, С.Садырбаев, т.б.) атап айтып,
өздерінің кесімді ой-пікірлерін
білдірген. Осы өлкеден ел сүйіспеншілігіне
бөленген көптеген ақын-жыраулар шыққан.
Олар қалдырған құнды әдеби мұралар
елдің рухани игілік-қазынасына айналды.
Соның ішінде,
суырыпсалма
ақын Нұрым
Шыршығұлұлы Абыл
бастаған ақындық ортадан өз орнын алған
көрнекті тұлға. Ақынның өлең-жырлары
терме, өсиет, толғау, белгілі бір адамға
арнау түрінде болып келеді. Ол өмірдің
өтпелігі туралы толғанып, елдің бірлігін,
сыйластығы мен татулығын жыр етті.
Өткен
ХІХ ғасыр көрнекті ақын-жырауларының
бірі – Нұрым Шыршығұлұлы. Нұрым – Атырау
өңірінің жырауы және суырыпсалма ақыны.
Нұрым бала кезінде арып-ашып ел аралап
жүріп, далада шаршап келе жатып, бір
жерге келіп ұйықтап кетеді. Түсінде ақ
киімді адам аян беріпті:
– Балам,
шөлдедің ғой, – деп, сүттей ақ, балдай
тәтті сусын береді. Сусынды ішсе,
сусын мұздай болады. Оянып тұра келсе,
іші кеуіп бара жатқан көрінеді.
Айқайлап өлең айта жөнеледі. Өлең
айтқаннан жаны жай тауып, сергіп,
жазыла бастапты. Содан соң Нұрым
суырыпсалма ақын болыпты.
Ақындық
қасиеттің қонуы туралы кейде ақындардың
өздері, кейде халық осындай аңыздар
таратқан. Бұл асқан өнерпаздықтың
ерекшелігін жоғары бағалағандықтан
болса керек. Қаншама «сыртқы бір
әсерлерден ақындық дариды» деп
ертегідей сендіргенмен, ақындық
өнерпаздық ортаның жемісі екендігін
мойындағысы келмеген жұртшылық бұны
құдірет сыйлығы деп түсінген.
Нұрым
Шыршығұлұлы ақиық ақын, төгілме жырау
боп танылған.
Ақынды Мұрын жырау өз
көзімен көрген. Ол Нұрымның түр-тұрпатын
былайша суреттеген:"Нұрым – денелі,
шоқша сақалды, жазық маңдай, қыр мұрын,
қияқ мұртты кісі. Жиын-тойларда домбырасын
алып, суырып салып қоя беретін, салмақпен
төкпелеп айтатын". «Абыл ақынның
қасына 17 жасымнан ердім» депті. Бес жыл
бірге жүріп, бата алдым деген. Ақын
қазіргі Қызылқоға ауданының (Атырау
облысы) Тайсойған деген жерінде 1831 жылы
дүниеге келген. Руы – адай. Әкесі Шыршығұл
1879 жылғы «Ақ қоян» аталған жұт жылы
аталастарына – Маңғыстауға көшіп
кеткенде, Нұрым отбасымен туған мекенінде
қалған. Көп жылдардан кейін әкесі қатты
сырқат боп жатқанда қасында болып, ақ
жуып, арулап мәңгілік мекеніне
тапсырыпты.
Нұрым
жыраудың “Мен - қашанғы жүйрігің” атты
термесіндегі замана шындығында ақын
өзінің ақындардың ішіндегі ең жүйріктерінің
бірі екендігін айтқан.
Қ.Сыдиықұлының
Алматы «Нұрлы әлем - 2007» баспасынан
шыққан «Ақберен» таңдамалы жинағының
141 бетінде Нұрым Шыршығұлұлының «Мен –
қашанғы жүйрігің» атты термесі бар. Бұл
терме туралы Қадыр Жүсіп, Х.Досмұхамедов
атындағы Атырау мемлекеттік университетінің
оқытушысы, филология ғылымдарының
докторы, профессор ана тілі газетіне
өзінің мақаласын жариялаған. Термедегі
«Бабам Қадыр қолдаған», «Көре алмаған
біреулер, сөз айтады сыртымнан» деген
жолдармен арызын көпшілікке арнай келе,
өзінің мықты ақын екенін мына жолдармен
көрсеткен:
Қас
жүйріктің белгісі, Дуды көрсе,
жұлқынған.
Айтулы жүйрік мен едім,
Салдырмай қамшы ұмтылған. «Ұсынсам
қолым жетер ме» атты жолында мақал-мәтелге,
афоризмге айналған сөздер тұнып тұр.
Бұл жырын ақын жастарға, өзінен кішілерге
арнаған дер едік. Жыр ақынның жасы
ұлғайған кезінде жырланған сияқты.
Өйткені онда өзінен кейінгілерге айтқан
ұлағаты, әр сөзінде тасқа қашалғандай
ақыл-ой, философиялық тұжырымдар мол.
Айтсам
сөзім өтер ме,
Ақылсыз туған жаманға
– деген сөзі жастарды жігерлендіру
үшін айтылған сияқты.
Содан
кейін ақыл-кеңестер кестелене жөнеледі.
Мысалы:
Қайыра
қамшы сілтеме, сүйекке біткен шабанға,
Екі
жақсы дос болса,
Бірін-бірі қия алмас.
Екі жаман дос болса, бір мекенге сия
алмас, – деген халық арасына кең тараған
мақал Нұрымның осы жырынан алынған
екен. Ақын одан әрі ой-тұжырымдарын
төкпелете берген.
Мысалы,
мына келтірілгендер өмір шындығы екеніне
дау бар ма?
Қас жаманға мал бітсе,
ебіменен жидым дер.
Қас жаманнан ұл
туса, қатарымнан оздым дер, бұл күнде
өзім болдым дер.(141 б)
Ақын әрі қарай ерлерді дәріптеген асыл сөздерін төккен. «Астана жұртын меңгерген», «Хандарды тақтан тайдырған», «Ақ сүңгісін өңгеріп, жауға жалғыз жөнелген» деген жолдардан ерлерді дәріптегендігі көрінеді. Толғаудың келесі бөлімі адам өміріне шолу жасайды. Ғұмыр-тіршіліктің ұңғыл-шұңғылын, ой-қырын көрген ақын өзінен кішілерге, әсіресе жастарға ұлағат айтады. Не жақсы, не жаман екеніне көздерін жеткізуге тырысады, жастықты құр өткізбеуді кеңес етіп, өмірден құр қалмауды үлгі етеді. Ғұмырдың мәңгілік емес екенін, қандай батыр, қандай төкпе ақын, төгілген шешен болсаң да, бір кезде өмірдің шегіне жетпей қоймайтынын түсіндіреді. Өлім айласынан ешкім асып кете алмаған деген ой айтады. Бір өлімнің айласын, шыбын жанның пайдасын, ешкім ойлап таппаған. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі жаңашылдандыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін әр оқу орнының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қабиболла Сыдиықұлы. «Ақ берен» таңдамалы
2.Қадыр
Жүсіп, Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау
мемлекеттік
университетінің оқытушысы, филология
ғылымдарының докторы, профессор. Ана
тілі газеті.20.01.2012ж.
3. Маңғыстау хрестоматиясы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген