Материалдар / Нысаналы мектеп тест жауаптары қазақ тілі мен әдебиеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Нысаналы мектеп тест жауаптары қазақ тілі мен әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен нысаналы мектеп бойынша тест жауаптары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2024
358
3 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1. Данияда суретші заманауи өнер мұражайында туындының орнына кенеп ілген. Суретші туындысында екі елдің жалақы айырмашылығын көрсетуі керек еді. Бірақ сол жылдың күзінде мұражай қызметкерлері екі үлкен қорапты ашқанда, екі бос кенеп тұрған. Олардың келісімі бойынша ақша ілініп, сол арқылы жалақы айырмашылығы көрсетілуі тиіс екен. Көрме жабылғаннан кейін суретші мұражайға ақшаны қайтаруы керек болған. 

Суретші өзінің іс-әрекетіне идеологиялық базаны енгізгенін айтады. Оның айтуынша, туындысы «Ақшаны ал да, қаш» деп аталады, сол үшін ол солай жасаған. Сондықтан бұл жағдайда шағым орынсыз дейді. «Мұражай қызметкерлері қаражатты қайтаруды талап еткеніне қарамастан, суретшінің көркемдік ойын жақсы түсінді. Оның туындысы капиталистік жүйенің бөлігі екенін мойындау керек. Тіпті қазір жоқ банкноттардың құны бар. Оны өнер ретінде қарасақ, бұл ақшаның мәні абстрактілі екенін көрсетеді», – дейді мұражай өкілі. 

Сот жағдайды ескеріп, суретші 70 000 доллардың 5,7 мың долларын шегеріп, 64,3 мың долларды (306 миллион теңге) қайтаруы керек деп шешті. Кейін дарын иесі мұражайдан өтемақы талап етті, өйткені мұражай оның жұмысының фотосуреттерін заңсыз жариялаған. Ол шамамен 78 мың доллар (372 миллион теңге) талап еткен, бірақ сотта жеңіліп қалды. Соттан жеңілген суретші ақшаны 14 күн ішінде қайтаруы керек, бірақ ол қазір қаражаты жоқ екенін айтады. Ол мұражай ақшасын жымқыру мақсатында емес, идеяны жақсырақ жеткізу үшін сондай қадамға барғанын айтты. 

«Бұл біздің күнделікті қаржымызбен, ақша табумен үндесуімізді көрсетеді. Менің жұмысымда бәрі ақшамен өлшенетін қоғамда өмір сүріп жатқанымызға қарамастан, банкноттар жоқ», — деп түсіндірді ол.  

  

Суретшіні туынды жасауға не итермеледі? 

Вопрос 1Ответ

Shape1

a.

Ақшаның құндылығын көрсеткісі келді.

Shape2

b.

Өзінің жеке табысын арттырғысы келді.

Shape3

c.

Қаражатқа қатысты ойын жеткізгісі келді.

Shape4

d.

Қаржыға тәуелді екенін көрсеткісі келді.

2. 1 тапсырмада берілген мәтінді оқып, келесі сұраққа жауап беріңіз.

Мәтінге қатысты қөзқарас пен факт қай тұжырымдарда берілген?  

1. Аталған туынды ақшаның мәні абстрактілі екенін көрсетеді. 

2. Қазіргі қоғамда адамдардың жұмыстары ақшамен өлшенеді.  

3. Заң өкілі жетпіс мың доллардан 5,7 мыңды кемітуді шешті.  

4. Суретші мұражайға 78 мың доллардай өтемақы төлеттірді. 



Вопрос 2Ответ

Shape5

a.

1 және 3 

Shape6

b.

1 және 4 

Shape7

c.

2 және 3 

Shape8

d.

және 4

3. 1 тапсырмада берілген мәтінді оқып, келесі сұраққа жауап беріңіз.

Мәтінде қандай мәселе көтерілген?

Вопрос 3Ответ

Shape9

a.

саяси

Shape10

b.

мәдени

Shape11

c.

әлеуметтік

Shape12

d.

моральдық

4. 1-бөлім. — Ербосын Нұрмұханұлы, «Қара жорғаға» не үшін жыл сайын музыкалық өңдеу жасадыңыздар? 

Ол кезде біздікі тек саудалық мақсат қана болды ғой. Сол себепті халықтың көңілінен шығу үшін жыл сайын өңдеп отыруға тура келді.  

Қара жорғаға ән жазу идеясы қалай пайда болды? 

Қара жорғаға халықтың сұранысы күшті болған соң, бұрынғы көне сүрлеуден шығып, жаңаладық, жаңғырттық. Күйдің, музыканың жеткізе алмай тұрған жерін өлеңмен, сөзбен жеткізсек қалай болады деп ойладық.  

Қара жорға биі қазақтың ұлттық биі деп халықаралық ұйымдарда тіркеліп, мойындалған ба? 

Ресми түрде халықаралық ұйымның мәдениет бөлімінде «Қара жорға биі қазақтың ұлттық биі» деп тіркеуде тұр. Оны мен өз көзіммен көргенмін. Халық әндері бұдан неше жүздеген жылдар бұрын шыққан болса да өз өміршеңдігін жоғалтпай әлі күнге дейін айтылып келеді. Қара жорға биі де тура сол халық әндері секілді. Дами берсе өміршеңдігін ешқашан жоғалтпайды. Өйткені ол жеке адамның шығармасы емес, «Қара жорға» – жалпы халықтың ортақ туындысы. 

2-бөлім. Бұл күнде ұлттық би туралы, оның ішінде, «Қара жорға» биі туралы ой толғамаған қазақ баспасөзі кемде кем. Бірақ біз әлі күнге «Биіміз бар ма, жоқ па?», «Қара жорға» қазақтікі ме, моңғолдікі ме?» деген сұрақтардан әрі аса алмай жүрміз. Ал өзге жұрт өз мәдениетін әлемге паш етуде. Тіпті, көрші Қытай елі сондағы өсіп-өркендеген қазақ биін «Қытай мәдениетінің айырылмас бір бөлігі» деп қарап, оның пісіп-жетілуіне барынша жағдай жасауда. 

Елімізде «Қара жорғаның» өзін «Сал күрең», «Келіншек» күйлерінің әуенімен билеп жүрміз. Осылардың аражігін ашып, бір үлгіге түсірмесек, біздің ұлттық би қайдан дамиды? Бізді алаңдататыны ән мен бидің заманында өз әнің, өз биің болмаса, басқаның қаңсығын таңсық көруің сөзсіз. Мысалы, қазақ биі үшін Қытай елі не жасады? 13000 адамға билетіп, Гиннес кітабына енгізді. Біз болсақ, «Қытай әйтіп жатыр екен, бүйтіп жатыр екен» дегеннен аспадық. Айдың-күннің аманында рухани, мәдени байлығымызды басқалардан тамашалап отырғанымыз елдігімізге жараса ма? Қазақ биі – талайды тамсандырған таңғажайып өнер, ұлттық құндылық. Домбырадан күй төгілгенде бір ырғақпен биге басқан қай қазақты көрдік. Өнер бір орында тұрмайды. Оны кезеңіне қарай лайықтап, жетілдіріп отыру керек, халыққа насихаттау қажет. Қолға аламыз ба, құр қаламыз ба? Ойланатын уақыт өтіп барады.  

1-бөлім қандай стильде жазылған?

Вопрос 4Ответ

Shape13

a.

ауызекі сөйлеу стилі 

Shape14

b.

публицистикалық стиль

Shape15

c.

көркем әдебиет стилі

Shape16

d.

ғылыми стиль

5. 4 тапсырмада берілген мәтінді оқып, келесі сұраққа жауап беріңіз.

2-бөлімнің құрылымы қандай ретпен берілген? 

Вопрос 5Ответ

Shape17

a.

көзқарас, дәлел

Shape18

b.

көзқарас, болжам

Shape19

c.

көзқарас, ұсыныс

Shape20

d.

көзқарас, тұжырым

6. 4 тапсырмада берілген мәтінді оқып, келесі сұраққа жауап беріңіз.

Би туралы екі мәтіннің ортақ тақырыбы қандай? 

Екеуі де ... 



Вопрос 6Ответ

Shape21

a.

биді заманға сай дамыту керектігін айтады.

Shape22

b.

бір оқиғаға қатысты түсініктеме береді.

Shape23

c.

биді жыл сайын өңдеу қажеттігін айтады.

Shape24

d.

бидің болашағына алаңдаушылық танытады.

7. 1-үзінді 

Ауа райы болжамдарында бұлттылық, жауын-шашын, ауа райы құбылысы, жел, бір түн ішіндегі ең төменгі ауа температурасы және бір күн ішіндегі ең жоғарғы ауа температурасы көрсетіледі.  

Дауылды ескертулерде тек өзінің өлшемдері бойынша қауіпті құбылыстарға немесе апатты гидрометеорологиялық құбылыстарға, ауа райының күрт өзгеруіне жататын құбылыстар айтылады. Ауа райының күрт өзгеруі – метеорологиялық құбылыстар қарқындылығы бойынша апаттық өлшемшарттарға қол жеткізбейтін, бірақ экономиканың жекелеген салалары мен халықтың өндірістік қызметін қиындататын ауа райы жағдайлары. 

Болжамдарда мынадай ауа райы құбылыстары көрсетіледі: бұрқасын, жаяу бұрқасын, боран, шаңды дауыл, тұман, дауыл, бұршақ, құйын, найзағай, көктайғақ, қатқақ, үсік. Жел болжамдарында желдің бағыты мен жылдамдығы көрсетіледі. Желдің жылдамдығы 15-29 м/с ауа райының қауіпті құбылысы (ҚҚ), 30 м/с және одан жоғары апатты гидрометеорологиялық құбылыс (АГҚ) болып саналады. Егер ауа райының біркелкі сипаты күтілсе, аумақ үшін бір болжам (ескерту) жасалады.  

2-үзінді  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы №42 «Қолайсыз ауа райы жағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде және қолайсыз ауа райы жағдайында оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ағымдағы жылдың 12 қаңтар күні бірінші ауысымда білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесінің келісімімен сабақ 30 минуттан өтетіні және екінші, үшінші ауысымда бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілетіні; 13 қаңтар күні аудандағы жалпы орта білім беретін мектептердің мектепалды даярлық және 1-4-сыныптары үшін сабақ қашықтан оқуға көшірілетіні және білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесінің келісімімен 5-11-сыныптар үшін сабақ 30 минуттан өтетіні туралы ЕСКЕРТІЛЕДІ! 

1-үзіндіні қайдан кездестіруге болады?

Вопрос 7Ответ

Shape25

a.

әдеби шығармадан

Shape26

b.

газет-журналдардан

Shape27

c.

ғылыми еңбектерден

Shape28

d.

оқу құралдарынан

8. 7 тапсырмада берілген мәтінді оқып, келесі сұраққа жауап беріңіз.

2-үзіндіде қандай тілдік құралдар қолданылған? 

Вопрос 8Ответ

Shape29

a.

ғылыми терминдер мен кітаби сөздер

Shape30

b.

ресми сөздер және стильдік қайталау 

Shape31

c.

дайын тіркестер мен құжат тілдері

Shape32

d.

қарапайым және көркемдік тәсілдер

9. 7 тапсырмада берілген мәтінді оқып, келесі сұраққа жауап беріңіз.


Екі үзіндінің айырмашылығы неде?

Вопрос 9Ответ

Shape33

a.

тақырыбында

Shape34

b.

стилінде

Shape35

c.

мақсатында

Shape36

d.

дәлелінде

10. 1. Қоршаған ортаны қоқыстан таза ұстау – әр адамның міндеті. Алайда бұл міндетті көбіміз ұмытып кетіп жатамыз. Тіпті қоқысты тастаудың өзінің тәртібі бар. Тәртіп пен тазалықты дәріптеуді көздеген қала әкімдігі «Мен сұрыптаймын» атты челлендж бастады. Салауатты өмір салтын ұстану үшін спортпен айналысып, денсаулығыңды жақсарту жеткіліксіз. Алдымен қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, экологияның жақсаруына септігімізді тигізуіміз қажет. Осындай мақсатта челлендж бастағанын қала әкімі өзінің әлеуметтік желісінде жазды. Бұл акция қоқысты сұрыптау мен экологиялық өмір салтын танымал ету жылы аясында өткізіліп отыр екен. Әкім: 

Бір-біріңізге қалдықтарды қалай сұрыптайтындарыңызды, бұл жағынан қандай нәтижелерге қол жеткізгендеріңізді айтып беріп, қала кәсіпкерлерінен сыйлық ұтып алуларыңызға болады, – дейді. 

2. Бұл челленджге қатысудың еш қиындығы жоқ, алдымен үйіңізде немесе жұмыс орныңызда қоқысты сұрыптау үдерісі қалай реттелгені туралы видео түсіріп, өз нәтижелеріңізбен және лайфхактарыңызбен бөлісесіз. Содан кейін ол видеоны #өскементазақала немесе #укачистыйгород хештегін қойып, Instagram немесе TikTok әлеуметтік желілеріндегі парақшаңызға жариялайсыз. Осыдан кейін айына бір рет @akimatoskemen парақшасында видео авторларының арасында жүргізілетін ұтыс ойыны бойынша тікелей трансляцияларды көріп отыру қажет. Алғашқы ұтыс ойыны мамыр айында өтеді. Нақты күні мен уақыты жеке хабарланады. Қоршаған ортаны таза ұстауға машықтанып, челленджге қатысу арқылы қаланың тазалығына үлес қосайық. 

Мәтіннің түрі мен жанры қандай?

Вопрос 10Ответ

Shape37

a.

түсіндіру, мақала

Shape38

b.

әңгімелеу, очерк

Shape39

c.

пайымдау, пікір

Shape40

d.

сипаттау, баяндама

11. 10 тапсырмада берілген мәтінді оқып, келесі сұраққа жауап беріңіз.

Қала әкімі «... нәтижелерге қол жеткізгендеріңізді айтып, ... сыйлық ұтып алуларыңызға болады» деп не туралы айтқысы келді?

Вопрос 11Ответ

Shape41

a.

тұрғындарға ұтыс ойынын өткізгісі келетіні туралы

Shape42

b.

тұрғындарға кәсіпкерлерді таныстыру керектігі туралы 

Shape43

c.

тұрғындарды іс-шараға қатыстыру мақсаты туралы

Shape44

d.

тұрғындардың қалдықты сұрыптау қажеттігі туралы

12. 10 тапсырмада берілген мәтінді оқып, келесі сұраққа жауап беріңіз.

Екінші абзацтағы 1 және 2-сөйлемнің арасында қандай күрделі құрылымдық байланыс бар?

Вопрос 12Ответ

Shape45

a.

күрделі фразалық тұтастық

Shape46

b.

күрделі логикалық тұтастық

Shape47

c.

күрделі лексикалық тұтастық

Shape48

d.

күрделі синтаксистік тұтастық

13. Қайран, балалық-ай десеңші! Алыста қалған арайлы адал таңдарым менің. Онда мен кіп-кішкентай сәби едім. Ал айнала таулар да, үйлер де, қойтастар да, жылқылар да – бәрі-бәрі үлкен болатын. Адамдардың бәрі «айналайыннан» басқа сөзі жоқ, кілең мейірімді жандар болып көрінетін... Қария кісілердің сақалынан қасиет-қадір белгісі көрініп тұрар еді маған. Ер мінез жігіттердің кесек тұлғаларынан, шашбаулары сылдыраған қыз-келіншектердің жүріс-тұрысынан мен адамзаттың асқақ сұлулығын түйсіксіз байқағандай болармын. Солардың бәрі мені аймалап, сүю үшін жаратылған жандар сияқты сезілуші еді. Ол ол ма, анау асқар таулар, етектегі еңісті шексіз дала, көгілдір аспан, түнде жымыңдаған жұлдыздар, толықсып туған ай, жасыл жайлау – бәрі-бәрі тек маған ғана елжірей қарап, мені ғана аймалап әлдилейтін сияқты еді. Дүние сенің сәби кезіңмен көргендегідей өмір бойы қайырымды, аспаны – күмбез, желі – жібек, әдемі ертек болып тұра берсе, кәне.  

Тек оқта-текте ауылдың үстін, тау бөктерін тұнжыр бұлт торлайтын. Бұлт сонда үн-түнсіз шаруақор менің әкеме ұқсайтын. Ал күн күркіресе, апамның ересек балаларына ақырып-зекіргені есіме түсіп, жым боламын. Жаңбыр жауса - жас баланың көз жасындай, кімді аяйтынымды білмеймін, әлдекімге жаным ашып, жаңбыр жауса жылағым келер. Биелер шұрқырап, құлындар құтырып, ауылды айнала шауып еріксіз елеңдетеді. Ала-құйын айдалаға сен де жүгіре жөнелгің келеді. Енді бірде аспанға аң-таң боп қарап қаласың. Буда-буда бұлттар жалы желбіреп шауып бара жатқан асау айғырлар сияқты. Кейде шөгіп жатқан түйелер сияқты. Кішкентай қолдарыңды созып, сол керемет дүниеге ұшып барып, әлгі қанатты тұлпардың жалынан сипалағың келеді. Баланың бақытты шағы сол кереметке сенгенінде шығар. Кейін есейе келе әлгі бұлттың су екенін, күннің қызуымен бу болып ұшатынын білу қандай қатал. Ертексіз өскен бала - рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері, не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқам. Менің қазіргі келіндерім немерелеріме бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын. Ал менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын, әлди әнді көп айтатын. Арада неше заман өтті! Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті, ал әлди ән айтқан үні әлі тұр құлағымда. 

Мәтінде кейіпкердің сезімі қандай ретпен сипатталады? 

1. сенім 

2. сағыныш 

3. өкініш 

4. үміт 



Вопрос 13Ответ

Shape49

a.

1,3,2,4

Shape50

b.

2,4,1,3

Shape51

c.

3, 2,4,1

Shape52

d.

4,1,3,2

14. 13 тапсырмада берілген мәтінді оқып, келесі сұраққа жауап беріңіз.

Мәтінде автордың бойында үрей тудырған не?

Вопрос 14Ответ

Shape53

a.

анасының балаларға айқайлап ұрсатыны

Shape54

b.

есейгенде сенім мен қиялдың жоғалатыны

Shape55

c.

ән естімеген саналы ұрпақтың болашағы

Shape56

d.

апасының әлдиін енді қайтып естімейтіні 

15. 13 тапсырмада берілген мәтінді оқып, келесі сұраққа жауап беріңіз.

Бірінші абзацтың екінші абзацқа қандай қатысы бар?

Вопрос 15Ответ

Shape57

a.

екі ойды салыстырады

Shape58

b.

ойды қорытындылайды

Shape59

c.

алдыңғы ойды дамытады

Shape60

d.

ойға қарсы дәлел айтады 

16. А мәтіні. Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесінен үзінді 

 

Естемес домбыраның құлағын бұрап күйге келтіріп алып, машықты әуенмен қағып-қағып жіберді. Епті ұзын саусақтар пернені жоғарыдан төмен бірнеше қайтара жүгіріп өтті. Ат жалына еңкейіңкіреп барып Естемес ырғалып, кеудесін көтере беріп, тың күйде бастап кетті. Майда ырғақты, жұмсақ әуен бояуы оңып кеткен шүберектей күзгі қуқыл даланың үстінде қалықтай берді. Сәл бәсеңдеп барып домбыраның кеудесінен екі-үш ырғалып әрең суырылып көтерілді де, ар жағы мұңды сазға, майда ырғаққа ауысты. Көңілі жүдеу бишараны жұмсақ алақанымен маңдайын сипап, алыстағы бір болмашы үмітті нұсқағандай елес береді. Күй шым-шымдап ішке кіріп көңілді босатып, қабақ астында қатып қалған жасты жібітіп, енді бір кез майда рақат самалымен желпіп сергіткендей болады. 

Домбыраны қатты қағып, нарды бір елең еткізіп алды да, күйді бастап кетті. Күйшінің мына тартысы бөлек еді. Енді манағы мұңды әуеннің мағынасы артып, аяғы арманға ұласып барады. Жібек сазды ырғақтың арасында домбыра аңырып қана күрсініп алғандай болады да, қайтадан сергіп балапандай талпынады. Оразымбет лыпылдаған қанат сусылын естігендей де болды. Діріл қаққан күй тарауға майда қоңыр сазды сарынға ауысты да, ақырындап көтеріле берді. Күйшінің саусағы домбыраның сағасына таман келіп безек қағып, күй аз бұлқынып жоғары өрледі де, қауырсындай суырылып барып асқақтап жүре берді. Алдынан кең өріс, алыс қиян ашылғандай оның да бойы сергіп қалды...   

Естемес күйге елігіп өзге дүниені ұмытып кетті. Талайдан бері арқаны құрыстатып, кеудені кернеп, булықтырып жүрген нәрсе түйіні шешіліп, қыртысы таралып, жанын сергітіп әсем сазды күй болып дүниеге келе жатыр. Сарылтып іздегені оңай табылып, шиеленісіп қинағаны тез шешіліп, күйші көңілі де күй қанатына ілесіп алысқа самғады. Естемес қиялынан сергіп нарға қарады.   

 

Ә мәтіні. І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасынан үзінді 

 

Күйші отыр домбыраны дүрілдетіп, 
Құмар қып тартқан күйдің ырғағына. 
Буынсыз он саусағы күй қағуға, 
Көңіліне тыңдағанның от жағуға. 
Бал тамған бармағынан домбырашы 
Жан терге түсіп отыр мынау дуда. 
Күйшінің қошаметке көңілі тасып, 
Бес бармақ маймаң қақты перне басып. 
Толқынтып тоқсан күйді дүрілдетті, 
Көңілді бірде шымшып, бірде қасып. 
Екі ішек жүрек жарып көңіл ашып, 
Бірде ойнақ, бірде баяу сыбырласып, 
Зарлы күй, ащы күйдің, тәтті күйдің –  
Бәрін де лақылдатып төгіп шашып. 
Күңіренген бір мұңды күй даланы алды, 
Табиғат тып-тыныш бола қалды. 
Қырдағы қоян құлан құлақ тігіп, 
Қамыстан жолбарыс та ыңыранды.. 
Алатау күй тыңдады ауылдай боп, 
Тас балқып толқып жатты бауырдай боп. 
Аңқылдап алтын күрек домбырадан 
Құйып тұр жазғы жылы жауындай боп. 
Қағылды кейде бір күй дабылдай боп, 
Бұрқырап кетгі түтеп дауылдай боп. 
Әлде күш, әлде дауыл, әлде ат шапқан, 
Әйтеуір қырдан көшкен сарындай боп. 
Мұз еріп, қатты аяздың кәрі қайтып, 
Қас батыр көңілі жұмсап, зәрі қайтып. 
Майрылып ақ семсерлер қалайы боп, 
Қажытты мұзбалақты күй мұңайтып. 
Құлпыртып бәйшешекті кетті шалқып, 
Аққудай көкте күйлеп, көлде қалқып. 
Ақтарып, лекілдетіп, лепілдетіп, 
Талдырып, тамшылатып сығып сарқып. 
Біресе ағытылып күй сылдырлап, 
Тербетіп тыңдағанның көңілін ырғап, 
Бұлақтай таудан тасып, тастан орғып, 
Аңқылдап жатыр жосып сайды құлдап. 
Күлдірлеп қоңыраудай, күй сыңқылдап, 
Бота күй маймаң қақты үн былқылдап. 
Үн қылып домбыраның өндіршегін, 
Тіл қылып сөйлеп, зарлап екі шегін, 
Күңіреніп жұрттың көңілі түйе болды, 
Шерткенде Тойтан тартқан «Боз інгенін». 
Күн тыңдап кірмей тұрды ұясына, 
Бұлт тыңдап мінбей тұрды тау басына. 
Мақұлық жерде, көкте маужырады, 
Қараған бір жан болмай шаруасына. 
Су ақпай жатты тоқтап арнасында, 
Қарғалар қалқып қалды жар басында. 
Сүйсініп домбыраны тыңдады жұрт, 
Тырп етпей, тілеулес боп зарласынға. 

Қалмақтың қақты қара жорғасына, 
Айналды ақ алмастар қорғасынға. 
Мәжіліс міне осындай болып жатты 
Бір кеште хан Кененің ордасында. 

Ә мәтінін А мәтінінен қандай жанрлық ерекшеліктер арқылы ажыратуға болады?

Вопрос 16Ответ

Shape61

a.

Өмір шындығын кең суреттейді, кейіпкерді терең ашып жан-жақты танытады.

Shape62

b.

Суреттеп отырған құбылысқа автор өз түсінігін, күйінішін, сүйінішін көрсетеді. 

Shape63

c.

Шындықты айрықша тәсілдермен, тартыс үстінде сөз бен іс арқылы көрсетеді.

Shape64

d.

Қарым-қатынастарды астарлап, жануарлар мен жәндіктер әрекетімен көрсетеді.

17. 16 тапсырмада берілген мәтінді оқып, келесі сұраққа жауап беріңіз.

«Күй аңызы» әңгімесінің негізгі тақырыбы қандай? (А мәтіні)

Вопрос 17Ответ

Shape65

a.

Екі күйшінің өнері

Shape66

b.

Күйдің өмірге келуі

Shape67

c.

Өнердің құдіреті

Shape68

d.

Күйшінің көңілі

18. 16 тапсырмада берілген мәтінді оқып, келесі сұраққа жауап беріңіз.

Берілген шумақ айшықтаудың қай түріне жатады? (Ә мәтіні) 

Алатау күй тыңдады ауылдай боп, 
Тас балқып толқып жатты бауырдай боп. 
Аңқылдап алтын күрек домбырадан 
Құйып тұр жазғы жылы жауындай боп. 
Қағылды кейде бір күй дабылдай боп, 
Бұрқырап кетгі түтеп дауылдай боп. 

Вопрос 18Ответ

Shape69

a.

анафора

Shape70

b.

антитеза

Shape71

c.

эллипсис

Shape72

d.

эпифора

19. 16 тапсырмада берілген мәтінді оқып, келесі сұраққа жауап беріңіз.

Үзіндіде Естемес ...

Вопрос 19Ответ

Shape73

a.

күйді ерекше шабытпен орындады.

Shape74

b.

күй арқылы өлі табиғатқа жан бітірді.

Shape75

c.

күйді төрт түліктің қасиетіне арнады. 

Shape76

d.

күйімен адам сезімін оятуға талпынды.

20. 6 тапсырмада берілген мәтінді оқып, келесі сұраққа жауап беріңіз.

А мәтінінің екінші абзацында көптеген сөздер құсты, оның қимылын сипаттайды. Құстың қимылына қанша сөз байланысты (зат есім, етістік, т.б.)? 

Вопрос 20Ответ

Shape77

a.

2

Shape78

b.

3

Shape79

c.

4

Shape80

d.

5

21. Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романынан үзінді 

Несіне таңданайын? Байлық деген ішуге, жеуге, киінуге, адам сияқты тұруға жарамаса, басқа неменеңе керек!.. Биыл бай болсаң, ендігі жылы тақыр кедей болып қалуың да оп-оңай. Тоқтай тұр әлі, біраз көрейін, көрмегеніме көзім үйренсін, білмегенімді біліп алайын. Тоқтай тұр әлі... Қазір бұлар сол Тобыл базарына келе жатыр. Есенейдің барлық базарлау жұмыстарын он бес жылдан бері басқарып жүрген Тілеміс орыс қалаларының шегінде пәуескемен қарсы алды. Есенейдің бұл құрметіне де Ұлпан таңданған жоқ. Таңданғанын білдіріп алса, ұят та болар еді. Дала қызы – табиғаттың ең жас перзенті. Көзіне көрінгеннің бәрін көңіліне тоқып келеді. Ол не көріп, не біліп өсті? Кең дала... көк дала... сары дала... сағым. Төрт түлік мал... соғым. Қысы-жазы киіз үй. Ұзақ түндей өзгерісі жоқ өмір. Сары ала етек сарпылтаңға көндігіп кеткен қазақ әйелі. Ұлпан да осыны көріп өсті. Қазір оның көңілінде әлденелер оянып келе жатқандай еді. Тоқтай тұрайық әлі...  

Осы күні үлкен Есеней жайына қалып, Ұлпан Есеней болып барады. Бірақ үлкен адам кішірейген сайын үлкейе береді екен. Бұрын Есенейге жатсырай қарайтын, ығыса қарайтын жұрт, енді бір жаңа Есенейге кездескендей, жақындаса беріп келеді. Осы кезде әртүрлі себептермен бай Есенейді, би Есенейді паналап келіп, аяғында оның малшысы, сауыншысы болып қарап қалған қараша деген ол бір өткен заман сарқыншағы еді. Ұлпанға ол түсініксіз нәрсе. Құлдық емес, емес те емес. Бай адамның айналасы осынша кедей, көзінен сорасы аққан сорлы бола ма екен? Өзгесін былай қойғанда, Есенейдің ауылы дейтін санатқа қосылатын қырық үйлі қарашаның қайыршыға айналып бара жатқанына ұялу да керек емес пе! Осыдан екі-үш күн бұрын қойдың жүн-жұрқасын, жылқының қыл-қыбырын қолды-қолға таратып бергенде, Ұлпан осыған намыстанып, осыған ызаланып еді. Бүгін соның түп тамырына көзі жеткеннен қуанды. Әйелдер шуласа сөйлеп бір кідірген кезінде Ұлпан оларға күлімдей қарап: 

Апайлар-ау, Есенейде қайсыңның қашаннан бергі аласыларың барын мен қайдан есептеп шығарайын. Әйтеуір, бәріңнің де аласыларың барына көзім жетіп отыр. Есеней өзі сол аласыларыңды түгел бер деді. 

Балалы-шағалы болсын!.. 

Есеней үй басына бір құлынды бие, үй басына екі қозылы қой берерсің деді. Бұдан былай қойшы жаздыгүні жүз қойдан бір қой алып бағады, қыстыгүні екі қой алады... Жылқышы екі жүз жылқыдан бір жылқы алады. Тағысын тағы көре жатармыз. Бүгін кешке қойларыңды алыңдар. Ертең жылқыларыңды алыңдар. Жайлауға көшуге бір-бір түйе берілер, — деді де, Ұлпан орнынан тұрып отауына кірді. 

Мырза келін-ай, сен келдің де көзіміз ашылды ғой!  

Жас әйел Ұлпан асқан ақылды адам еді. Өз айтарын әуелі Есенейге айтқызып алып, өз байламын әуелі Есенейге байлатып алып жүр. Есеней де «мына қатын былай деп еді» деп Ұлпанның атын шығара сөйлейді. Есеней Ұлпанына риза, Ұлпан Есенейіне риза, жарықшақсыз жарасым тапқан кездері еді.  

Ұлпан Адам-атаның ар жағында болмаса, оның бер жағында хан тұқымына да, би тұқымына да сорпасы араласпаған батыр Артықбайдың қызы. Ұлпанда мырзалық та жоқ, сараңдық та жоқ, атаққұмарлық та жоқ, ерекше бір жинақтылық бар. Кедей қызы кедейге жаны ашымаса, кедейлікті жек көрмесе, елінің кедейлігіне намыстанбаса оның сонысына ғана таңдануға болар еді. Ұлпанның, сүйегіне біткен құдайдың өз қолынан берген қасиеттері бар. Керексіз басы артықты жек көреді. Есенейдің қолына қарап бағынышты болып, албаты мақтанып, ынта-жігерінен айрылып бара жатқан еркекті жек көреді. Түптеп келгенде, Есенейдің үйін жалғыз қалдырса да мейлі, ел Сибан бір сілкінсе екен дейді. Әркім өзі үшін тіршіліктің бір пұшпағына жармасса екен дейді. Мұндай ойға жармаса кетпейтін қара шаруа да жоқ еді. Бірлі-жарымды малға қолы жетіп, өзіңдікі деген ойға тырнағы ілігіп еді, жабыса кетті. Құлынға ен салып, ерте бір, кеш бір түгендеп қояды. Ендігі армандары қысқы үй салып алу болып, Есенейдің жайлаудан тезірек қайтуын тілеп отыр. Есеней, әрине, Ұлпанның қолында. Ұлпан да елді көп сарылтқан жоқ. Бұрын жайлауда күзгі қара жаңбырға дейін ең кемі бес ай отыратын елді айналасы екі айдан кейін түбекке қарай қайта көшірді. Алыс жайлаудан болашақ қыстауларына жақын келіп қонған елге ең керегі Есенейдің бұғау-тұсауынан босану екен. Ұлпан сол бұғауды бұзып, сол тұсауды сыпырып тастағандай болды. Ел шөп шабу да біледі екен, қысқы үй салуға да қойшының таяғы мен жылқышының құрығына досы жатсырамай келіп қосылды. Есенейге еріп жазды еңбексіз өткізетін кедейге шілде, тамыз, қыркүйек деген үш еңбек айлары қосылды. Көшпелі елдің дегені тұрақты мекеніне айналар кезі жеткен екен. Осы жерге берік қадайтын қысқы үйдің ортан қазығын бастады. 

Қандай жағдай Ұлпанның өзгеруіне себеп болды?

Вопрос 21Ответ

Shape81

a.

Есенейдің еліндегі кедейлердің ауыр тұрмысы

Shape82

b.

Есенейдің байлығы мен елге жүргізген билігі

Shape83

c.

айналадан жаңадан көргендері мен білгендері 

Shape84

d.

Тобыл базарына бара жатып жолда көргендері 

22. 21 тапсырмада берілген мәтінді оқып, келесі сұраққа жауап беріңіз.

Автор кейіпкердің ойын қалай әсерлі жеткізеді?

Вопрос 22Ответ

Shape85

a.

шамадан тыс әсірелеп айту арқылы

Shape86

b.

басқа құбылыспен салыстыру арқылы

Shape87

c.

риторикалық сұрақтарды қою арқылы

Shape88

d.

сөздердің орнын ауыстыру арқылы

23. 21 тапсырмада берілген мәтінді оқып, келесі сұраққа жауап беріңіз.

Екінші абзацта кейіпкердің қандай сезімдері байқалады?

Вопрос 23Ответ

Shape89

a.

реніші мен разылығы

Shape90

b.

өкініші мен таңданысы

Shape91

c.

мұңаюы мен үміттенуі

Shape92

d.

қорқынышы мен сенімі

24. 21 тапсырмада берілген мәтінді оқып, келесі сұраққа жауап беріңіз.

Романда автор Ұлпанды тарихи бейне ретінде көрсетеді. Неліктен?

Вопрос 24Ответ

Shape93

a.

Ұлпан өмірі арқылы сол дәуірдегі әлеуметтік шындықты суреттеді.

Shape94

b.

Ұлпанның сезімі арқылы ғашықтық, шынайы махаббатты бейнеледі.

Shape95

c.

Ұлпан тағдыры арқылы аға буын мен жас буын тартысын көрсетті.  

Shape96

d.

Ұлпан әрекеті арқылы өркениет пен мәдениет сабақтастығын дәлелдеді.

25. 21 тапсырмада берілген мәтінді оқып, келесі сұраққа жауап беріңіз.

Үзіндідегі Ұлпанның әрекеттерін қандай тақырыптарға топтастыруға болады? 

Вопрос 25Ответ

Shape97

a.

ауыл тұрмысы, әйел тағдыры, отырықшылық

Shape98

b.

қала мен ауыл байланысы, жер дауы, әдет-ғұрып

Shape99

c.

жесір дауы, қалың мал беру, қыз айттыру

Shape100

d.

бай мен кедей тартысы, ерлік, барымталау







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!