Нысанбай жыраудың "Кенесары -Наурызбай"дастанының тарихи құндылығы мен тілдік ерекшелігі 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Нысанбай жыраудың "Кенесары -Наурызбай"дастанының тарихи құндылығы мен тілдік ерекшелігі 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ашык сабактын жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: 5

Мектеп: № 19 жалпы орта білім беретін мектебі

Мерзімі:

Мұғалім: Шакетова Самал Есенгелдыевна

СЫНЫП: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Сабақтың тақырыбы

Нысанбай жыраудың "Кенесары – Наурызбай" дастанының тарихи құндылығы мен тілдік ерекшелігі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;

Сабақтың мақсаттары

  • шығармадағы ұрпақтар сабақтастығының көрінісін заманауи тұрғыда салыстырады;

шығарманың жаңашылдығына баға береді;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жинақтау, бағалау

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы














Ой қозғау

Ұйымдастыру кезеңі. Оқу мақсатымен, бағалау критерийімен танысады.

Зейінін шоғырландыру:

Егер сен өз заманыңның жырауы болсаң, қандай тақырыпта ой қозғар едің?

Топқа бөлу

Мұғалім сынып оқушыларын «Неге?» әдісі арқылы «Тарихшылар», «Әдебиетшілер», «Ғалымдар» топтарына топтастырады.


Үй тапсырмасын тексеру мақсатында 3 топқа «Таза тақта» әдісі 6 талқылау сұрақтары беріледі.

1.Дастан неге «Кенесары – Наурызбай» деп аталған? («Қырғыздағы қырғын», «Қазақтың соңғы ханы», «Көтерілістің күйреуі» емес ...)

2.Осы дастанды жырлаудағы ақынның басты мақсаты не деп

ойлайсың?

3.Кенесары-Наурызбай жырындағы кейіпкерлер кімдер, олар қандай ерлік істер жасады?

4.

5.



Жаңа тақырыпты болжау мақсатында бейнекөрсетілім ұсынылады

Бейнефильмде 1837-1847 жылдар аралығында болған Кенесары ханның патшаның отарлау саясатына қарсы көтерілісі жөнінде айтылды. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне бастан-аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген Нысанбай жыраудың Кенесары мен Наурызбайды жоқтауын тыңдадық. Нысанбай жырау осы тарихи оқиға жөнінде «Кенесары – Наурызбай» дастанын жазған. Бүгін осы дастанның көркемдік ерекшелігін, құндылығын талқылаймыз .


Сынып оқушылары


«Неге?» әдісі арқылы топтасады.


Топтық жұмыс






ҚБ «Нысана»

Оқушы

лар стикер жапсыру арқылы бағалай





















«Кенесары көтерілісі қырғыз жерінде» Марат Қаниевтың бейне-

фильмі,

үнтаспада Нысанбай жыраудың Кенесары

мен Наурызбай

ды жоқтауы

https://www.youtube.com/watch?v=Aj7omxQzbMs


Сабақтың ортасы































Топтық жұмыс.

1-топ «Тарихшылар» Тарихқа шегініс: Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Дастанның тарихи негізі туралы қандай дәлелді пікір айтар едіңіздер?

Кенесары – Наурызбай көтерілісі туралы мәлімет береді.

Қашан ?

Қайда?

Қандай оқиға?

1837 ж. қараша

Ақтауға

шабуыл

1838 ж. 26 мамыр

Ақмолаға

шабуыл

1843 ж. 27 маусым

Көтерілісті басуға

Лебедев отряды жіберілді

1845 ж. сәуір

Кенесары аулына

елшілер кірді

1847ж.

Қырғыз жеріне

Кенесары әскері басып кірді

Көтерілісшілер қырғыз жерінде

(сол жердегі көтерілістің барысы бойынша түсінік беру)


2-топ «Әдебиетшілер» тобы «Сәйкестендіру» кестесі


«Кенесары-Наурызбай» жыры мен батырлар жырындағы ұрпақтар сабақтастығын салыстырыңыз. Жырдың жаңашылдығын анықтаңыз, бағалаңыз.

«Кенесары-Наурызбай» жыры

Батырлар жыры (Нақты бір жырды алуға да болады)

Авторы




Тақырыбы




Идеясы




Басты кейіпкерлері, батырлар




Батырлар мұраты, ұрпақтар сабақтастығы



Өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылығы




3-топ «Ғалымдар» тобы “Шаңырақ”әдісі

1.Тарихи жыр

2.Реалистік жыр

3.Батырлық эпос үлгісінде жазылған

4.Батырларды психологиялық жағынан айқын бейнелеген

Тапсырма: Берілген ойды топта талқылай отырып, себебін анықтаңыздар.

1. Автор – оқиғаны баяндаушы, себебі ...

2. Автор батырлардың ерлігін бұрынғы батырлар жыры дәстүрінде бейнелейді, себебі ...

3. Автор – заман шындығын тебірене жырлаушы, себебі ...

4. Автор – ұлт-азаттық көтерілістің жыршысы, себебі ...

5. Автор – өмір шындығын көркем шындыққа айналдырды, себебі ...

Бағалау критерийі

Дескриптор

автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасайды;

автор бейнесіне шығарма үзінділерін байланыстыра талдау жүргізеді;


Жырдың көркемдік ерекшелігін талдау

Жаңа тақырып «Wordwoll» әдісі арқылы бекітіледі

Түйін:

«Нысанбайдың бұл поэмасының бір зор қасиеті – эпикалық оқиғаға ақын лирика дәнін тамаша еге білген. Поэмада оқушының жан жүйесін босататын, ойын тербететін лирикалық мотивтер көп. Бұл поэмамен Нысанбай XIX ғасырдағы қазақ ақындарының арасында төрден орын алады.»

Сәбит Мұқанов «Кенесары, Наурызбай туралы» ,1991 жыл


Әдебиет – тарих емес, тарихи күрестің, оқиғалардың сәулесі ғана. Сондықтан тарихи мәліметтерді алып, сонымен тұп-тура шығуын талап етуге болмайды. Кейде дәл келсе, кейде тарихи шындықтан ауытқып жатуы мүмкін. Олай болуы заңды.

Түйінді ой: «Нысанбай жырында оқушының көз алдында ағып отырған қандай қызулы, жанды шындық бар. Барлық сөзінде сол жорықтың қуанышы мен қайғысы кеше ғана көз алдынан өткізген, көзі көргеннің жаңалығы бар. Көп қолмен бірге кешегі тарыққан қайғы, мұң, арманы бар. Өзі – сол оқиғаның адамы.»

Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихы», 1927 жыл.





Топтық жұмыс. Жырды салыстыру.



Дескриптор:

  • Кенесары – Наурызбай көтерілісі туралы мәлімет береді.

  • Көтерілістің мезгілін анықтайды;

  • Мекенін анықтайды;

  • Оқиғаны анықтайды.














ҚБ «Нысана»



































ҚБ «Нысана»


























Кесте


















2 минут


Рефлексия

  1. Мен алған қосымша ақпарат:

  2. Мен үшін қажетсіз, артық дүние:

  3. Ой елегінен өткізіп, әлі де қарастыруым керек:



Суреттер























Әдебиетшілер тобына:

Қосымша мәлімет

Бұл дастанды Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық кетерілісіне бастан-аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген Нысанбай жырау Жаманқұлұлы шығарған. Нысанбай көлемді, тарихи-реалистік сипаттағы жырда Кенесары мен Наурызбайдың бейнесін батырлық эпос үлгісімен жырлап, ұлт-азаттық көтерілісінің соңғы кезін терең танып, үлкен ақындық шеберлікпен суреттеген. Ұлттық батырлар Кенесары мен Наурызбайдың психологиялық жағынан ең бір айқын айшықталған бейнесі жасалынған. Бұл жырды тарихшы ғалымдар да, жазушылар да өздерінің зерттеу жұмыстарында, шығармашылық қызметтерінде дерек көзі ретінде пайдаланған. Ұлт-азаттық көтерілісінің ішінде жүріп, оның жалынды жыршысына айналған Нысанбайдың аузынан тараған жыр тарихи жәдігер ретінде де, көркемдік ескерткіш ретінде де ете құнды дүние.

Жыр Кенесары-Наурызбай көтерілісінің шырқау биікке жетіп, әлсіреген кезін, көтеріліс басшысы хан Кененің мұздай каруланған патша әскерінің екпініне тойтарыс беруге шамасы жетпей, атамекенінен еріксіз кетіп, торға түскен жаралы жолбарыс күйін кешкен күйзелісін бейнелейді. Нысанбай жыраудың халық атынан қос батырын жоқтаған мұң-шерге толы зарлы жоқтау жырында көтерілістің, өзекті арнасын үлкен ауқымда қамтып, Кенесары, Наурызбай ерліктерін бұрынғы батырлар жыры дәстүрінде бейнелейді, эпикалық оқиғаға лирикалық сипат беріп, заман шындығын тебірене жырлайды.

Қазақтардың жеңілген себебі - Кенесары қолында алауыздық туады, барымтаны олжалауға таласады. Ақын мұны да жасырмай жырлаған. Бұл Нысанбайдың өзге акындардан ерекшелігін, сыншыл жыршы екенін көрсетеді. Жыр керкемдік қуатымен ғана емес, тарихи деректі сипатымен де кұнды.







Ғалымдар тобына:


  1. Автор – оқиғаны баяндаушы, себебі өзі ұлт азаттық соғысқа қатысқан,батырлардың ерлігін өз көзімен көрген куәгер


  1. Автор батырлардың ерлігін бұрынғы батырлар жыры дәстүрінде бейнелейді, себебі бұл жырда да батырлардың ерлік істері кейінгі ұрпаққа дәріптеледі




  1. Автор – заман шындығын тебірене жырлаушы, себебі ...


  1. Автор – ұлт-азаттық көтерілістің жыршысы, себебі ...



5. Автор – өмір шындығын көркем шындыққа айналдырды, себебі ...



«Нысанбайдың бұл поэмасының бір зор қасиеті – эпикалық оқиғаға ақын лирика дәнін тамаша еге білген. Поэмада оқушының жан жүйесін босататын, ойын тербететін лирикалық мотивтер көп. Бұл поэмамен Нысанбай XIX ғасырдағы қазақ ақындарының арасында төрден орын алады.»

Сәбит Мұқанов «Кенесары, Наурызбай туралы» ,1991 жыл


«Нысанбай жырында оқушының көз алдында ағып отырған қандай қызулы, жанды шындық бар. Барлық сөзінде сол жорықтың қуанышы мен қайғысы кеше ғана көз алдынан өткізген, көзі көргеннің жаңалығы бар. Көп қолмен бірге кешегі тарыққан қайғы, мұң, арманы бар. Өзі – сол оқиғаның адамы.»

Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихы», 1927 жыл.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.04.2025
197
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі