жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ньютон заңдары 9-сынып
Сабақтың тақырыбы:Ньютон заңдары. Салыстырмалылық принципі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ньютон заңдарының терең мағынасын түсіндіре отырып, оларға осы заңдарды күнделікті өмірде, әр түрлі қозғалыстарды қарастырғанда және есеп шығаруда дұрыс қолдана білуді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Қарым-қатынас арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, өз ойын толық жеткізе алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: семинар сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: математика,қазақ әдебиеті
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу,түгендеу,сабаққа даярлықтарын тексеру.
Сыныпты екі топқа бөлемін: Импульс, Инерция.
I-ші топ: «Импульс»
«Аш бала тоқ баламен ойнамайды».
II-ші топ: «Инерция»
«Тоқ бала аш болам деп ойламайды»
Сабақ осы екі топтың арасындағы жарыс түрінде өтеді. Әр топқа бірдей ұқсас 5 тапсырмадан беріп отырып, орындалуына байланысты әр тапсырмаға «3», «4» және «5» деген бағалар қоямын. Сабақ соңында орташа бағаны есептеп, топ мүшелеріне бірдей «орта» бағаны қоямын.
1-тапсырма: Ньютонның ІІ-ші заңын пайдаланып, кестені толтыру (әр топтан үш оқушыдан шығып, жеке-жеке есептеп F, m, a мәндерін табу керек).
|
F (H) |
150 |
200 |
180 |
|
a (м/с2) |
2 |
4 |
6 |
|
m (кг) |
75 |
50 |
30 |
1.F=ma; F=50·4=200 H
2.a=
; a=150:75=2 м/с2
3.m=
; m=180:6=30 кг
|
F (H) |
48 |
90 |
120 |
|
a (м/с2) |
4 |
3 |
2 |
|
m (кг) |
12 |
30 |
60 |
m=
; m=48:4=12 кг
a=
; a=90:30=3 м/с2
F=m·a; F=60·2=120 H
2-тапсырма:
Сұрақтарға ауызша жауап беру. Сұрақ саны – 14 (Әр топтан кезек-кезек бір оқушыдан шығып,сұраққа жауап беру керек, оқушы өзі жауап бере алмаса қол көтерген кез келген оқушы жауап беруіне болады, бірақ ол жауап топқа ұпай әкелмейді. Міндетті түрде сұрақтардың бәріне жауап берілуі керек, оқушылар айта алмаған жағдайда, қиын сұраққа түсіндіре отырып жауапты өзім беремін).
1. Күшті қандай прибордың көмегімен өлшейді? /динамометр/
2. Күш қандай шама? /векторлық/
3. Ньютонның 1-ші заңының тұжырымдамасын айт?
4. Ньютонның 2-ші заңының тұжырымдамасын айт?
5. Ньютонның 3-ші заңының тұжырымдамасын айт?
6.Инерция дегеніміз не?
7.Күштің өлшем бірлігі не? /Н – Ньютон/
8.Ньютон заңдарында масса мен үдеу қалай байланысқан, формуласын жаз?
9. Күштің өлшем бірлігі Ньютонды ашып жаз 1Н=? /Н=кг·м/с/
10. Жүгі бар арбаны аққу аспанға, шортан суға, шаян алға тартады. Арба орнынан қозғала ма? Тең әсерлі күш неге тең? ( сурет бойынша )

/қозғалмайды, Ғ=0/
11. Сындырып ішін ашпай-ақ піскен жұмыртқаны шикі жұмыртқадан қалай ажыратуға болады? ( шикі жұмыртқа мен піскен жұмыртқаныкөрсету)
/айналдырғанда піскен жұмыртқа ұзақ айналады/
12. Көлде екі қайықпен жүзіп жүрген ағайынды екі бала қайықтарынан жағаға секірді. Інісінің массасы 40 кг, ал ағасының массасы 60 кг болса, қайсысының қайығы көлдің ортасына қарай көбірек ығысып кетеді? /ағасының/
13. Стақанның бетін қатты қағазбен жауып, оның үстіне тиын қойыңдар. Қағазды саусақтарының ұшымен шертіп қалыңдар. Қағаз ыршып кеткенде тиын неліктен стақанның ішіне түседі? ( тәжірибе түрінде көрсету)
/инерция құбылысы бойынша/
14. Кестеде F күш әсерінен массасы мен алған үдеулердің мәндері берілген. Осылардың қайсысына 4 Н күш сәйкес келеді? ( дайын кесте) / Г /
|
|
А |
Ә |
Б |
В |
Г |
|
m |
2 г |
2 г |
2 кг |
2 кг |
2 кг |
|
a |
2 см/с2 |
2 м/с2 |
2 см/с2 |
0,2 м/с2 |
2 м/с2 |
3-тапсырма: Графиктік жұмыс.
Қозғалыстың әрбір кезеңіне сәйкес денеге әсер ететін F күшті табу керек (тақтаға әр топтан кезек-кезек үш оқушыдан шығу керек).
«Импульс»
F1=ma1
a1= υ1-υ0/t=40-40/20=0
F1=0
m=5 кг
a2= υ-υ0/t=20-40/20=-20/20=-1 м/с2
F2=5·(-1) =-5 H F2=-5 H
a3= υ-υ0/t=40-20/40=20/40=0,5 м/с2
F3=5·0,5=2,5 H
F3=2,5 H
«Инерция»
F1=ma1υ,м/с
a1= υ-υ0/t=30-10/20=1 м/с2
F
1=3*1=3 H
F1=3 H
m=3 кг
a2=υ-υ0/t=40-30/20=0,5м/с2
F2=3*0,5=1,5 H
F2=1,5 H
a3= υ-υ0/t=10-40/20= -30/20= -1,5 м/с2
F3=3*(-1,5) = -4,5 H
F3= -4,5 H
Сергіту сәті.Физика өмірде (Жұмбақтар шешу)
1.Қозғалысқа келтіріп
Жылдамдығын береді
Өлшемдерін қарасаң
Ньютонға ол келеді (Күш)
2.Туыстарын шетінен
Өбеді де бетінен
Бала-шаға ұсағын
Бауырына қысады (Магнит)
3.Тар шеңберді айналып
Тұр құдыққа байланып
Қаға берер таңдайды
Әдетінен танбайды (Сағат )
4-тапсырма: Ортаға әр топтан бір оқушы шығып, кеспеге жазылған тапсырмаға ауызша жауап беру керек («Бай баласы мен жарлы баласы» - деген ертегіні есімізге түсіреміз: ауылдары көшіп кеткенде ойнап жүріп жұртта қалып қойған Асан мен Үсен ауылдарын артынан қуып жеткенше өз тамақтарын өздері тауып күн көреді. Асан - бай баласы, Үсен - жарлы баласы).
«Импульс» – «Үсен»
«Тұзаққа түскен құс қыл жіпті 15 Н күшпен бір жағынан, ал Үсен екінші жағында дәл сондай күшпен тартып тұр. Егер қыл жіп 20 Н - дық керілуге шыдайтын болса, ол осы күштердің әсерінен үзілер ме еді. (жоқ, қорытқы күш F=15 Н)
«Инерция» – «Асан»
Қармаққа ілінген шортан балық оның бір ұшын 25 Н күшпен тартса, Асан оны судан шығарып алу үшін қармақты қандай күшпен тарту керек?
Қорытынды.
Импульс – «Аш бала тоқ баламен ойнамайды».
Инерция – «Тоқ бала аш болам деп ойламайды».
Әр топқа Үсен жарлы баласы - аш және Асан бай баласы - тоқ,солардың сырт бейнесіне сипаттама беру.
Импульс Инерция
Арық Толық
Жіңішке m1 Семіз m2
Жеңіл Ауыр
Шапшаң Шабан
Жылдам а1 Баяу а2
Тез Ақырын
Өздерің көріп отырғандай,Үсен жарлы баласы - арық ,бірақ шапшаң,ал Асан бай баласы – толық, сондықтан баяу қозғалады екен,яғни бұл масса мен үдеудің кері пропорционалдығының қарапайым дәлелдемесі сияқты.
a1/a2 = m2/m1
![]()
F1= -F2
F=m·a
Сонымен, балалар, біздің айналамызда болып жатқан алуан түрлі қозғалыстар: мысалға желдің есуі, жолмен жүйткіген автомобильдер, теңізде жүзген кемелер, ауада ұшқан ұшақтар, аспандағы жұлдыздар, алып планеталар... осылардың бәрі Ньютон заңдарына бағынады. Күш және дене әрқилы болуы мүмкін, бірақ барлық күштер және барлық денелер үшін Ньютон заңдары ортақ, мұның өзі табиғаттың бір тұтастығының дәлелі. Ньютон заңдарының қарапайым ғана екі формуламен осыншама күрделі ұғымды түсіндіруі де оның құдіреттілігінде.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру: §10-14 ,
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген