Бөлімі:
|
|
Педагогтің
аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы:
9
|
Қатысушылар саны: 16
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың
тақырыбы:
|
Ньютонның
екiншi заңы. Масса
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу
мақсаты
|
9.2.2.2 Ньютонның екінші заңын тұжырымдау
және оны есептер шығаруда
қолдану
|
Сабақтың
мақсаты:
|
Барлық оқушылар
істей алады: Ньютон заңдарының тұжырымдамасын
білу
Көптеген оқушылар
істей алады: Ньютон заңдары бойынша мысалдарды түсіндіріп,
есептерді шығарады
Кейбір оқушылар істей
алады: Әртүрлі денелердің өзара
әрекеттесуі бойынша тәжірибелердің нәтижелерін түсіндіре
алады
Дене жылдамдығының өзгеруі мен
оның массасы арасындағы байланысты түсіндіре
алады
|
Бағалау
критерийлері
|
-
Дене жылдамдығының өзгеруі мен
оның массасы арасындағы байланысты түсіндіре
алады
-
Дене қозғалысы жылдамдығының
өзгеру себебін біледі
-
Ньютонның екінші заңы бойынша
мысалдарды түсіндіріп, есептерді
шығарады
|
Құндылықтарға
баулу
|
-Өзін-өзі реттеу және бақылау дағдыларын
дамыту;
|
Сабақ
кезеңі/
Уақыты
|
Педагогтің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың
басы
3
мин.
|
-Ұйымдастыру
кезеңі
-Оқушылармен
амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын
бақылау.
-Психологиялық ахуал
қалыптастыру, «Өзіме не тілеймін,
сіздерге соны тілеймін» тренингі
-Оқушыларды 3 топқа бөледі,
топ басшысын сайлап алады, әрбір топқа бағалау парақтарын
таратады.
|
Оқушылар орындарынан
тұрып, бірі-біріне / по цепочке/ тілек
тілейді.
Оқушылар топқа
бөлініп отырады, топ басшысын сайлап
алады.
|
Ынталандыру
|
|
«Жақсартуға арналған
уақыт» әдісі 5 мин.
|
Өткен материалды
меңгергендерін тексеру мақсатында
қайталау
жүргізу.
1. Ньютонның бірінші
заңын сипаттаңыз.
2. Ньютонның бірінші
заңы қандай жағдайда
орындалады?
3. Санақ жүйелері
деген не?
4. Ньютонның бірінші
заңына мысал келтіріңіз.
5.Ұшақтың ауаның ішіндегі
жылдамдығы мен қозғалысы Ньютонның бірінші заңының қалай жұмыс
істейтінін түсіндіре алады
ма?
|
Оқушылар алдыңғы тақырыпты
еске түсіреді, топ басшылары жауап берген оқушыларға 1 балдан
береді.
|
Дескриптор:
-Ньютонның 1 заңын
біледі, мысалдар келтіре
алады;
Жалпы балл
-1
|
Оқулық 9–
сынып
|
Жаңа тақырыпты
түсіндіру
10
мин
|
-
Жаңа сабақтың
мақсатын анықтау үшін бейнематериал көрсету
https://youtu.be/kojhs5iYa3U?si=BicaFpj6mOy6ojZP
-
Жаңа сабақтың
тақырыбын ашу үшін жасанды интеллект мүмкіндіктері пайдаланылған
видеоға назар аудару https://v.inshotapp.net/invite
-
Жаңа сабақ тақырыбы бойынша
түсінік береді.
|
Оқушылар жаңа сабақтың
мақсатын, тақырыбын анықтайды, бейнематериал
қарайды.
|
|
Интербелсенді
тақта, https://youtu.be/kojhs5iYa3U?si=BicaFpj6mOy6ojZP
|
Жұппен
жұмыс
12мин
|
Жаңа сабақты
бекіту.Есептер.
-
Массасы 2 кг дене жоғарыдан 9,8
м/с2 тұрақты үдеумен Жерге түседі. Денеге
әсер етуші күші неге
тең?
-
Күш әрекетінен массасы 1 кг
дене 10 м/с2 үдеу алады. Осы күш массасы 0,5 кг
денеге қандай үдеу
береді?
-
Ұшақтың массасы 60 т қозғалтқыштыңтарту күші
90 кН болса, ол ұшар алдындағы жолда қандай үдеу
алады?
-
Массасы 0,2 кг
тыныштықта тұрған денеге 5 с бойы 0,1 Н күш әрекет етеді. Осы дене
қандай жылдамдық алады және сол уақыт ішінде қандай жол
жүреді?
|
Оқушылар есептерді
шығарады.
Топ басшылары есептерді дұрыс
шығарған оқушыларға балл беріп
отырады.
|
Дескриптор:
Өлшем бірліктерін
ХБЖ-не келтіре алады
-Ньютонның 2 заңын
формуласымен танысады.
Ньютонның 2 заңын
есептер шығарғанда қолдана
алады.
|
слайд
|
Топтық
жұмыс
7
мин
|
«Егер мен Ньютон болсам» атты тәжірибелік
тапсырмаларды
орындау.
1топқа
тапсырма: Масса мен күшті өзгерту арқылы үдеуді
өлшеу:
Құралдар: динамометр, дене (шар), өлшеуіш
лента немесе жылдамдықты өлшеуге арналған құрал
қажет.
Тәжірибе:
Бірдей күшпен әртүрлі массалы денелерді
бірдей жолмен жылжытыңыз.Әр дененің үдеуін өлшеңіз (жылдамдықтың
уақытқа қатысты
өзгерісі).
2 топқа
тапсырма: Масса мен күшті өзгерту арқылы үдеуді
өлшеу:
Құралдар: динамометр, дене (білеуше), өлшеуіш
лента немесе жылдамдықты өлшеуге арналған құрал
қажет.
Тәжірибе:
Бірдей күшпен әртүрлі массалы денелерді
бірдей жолмен жылжытыңыз.Әр дененің үдеуін өлшеңіз (жылдамдықтың
уақытқа қатысты
өзгерісі).
|
Оқушылар QR арқылы сканерлеп,
берілген тәжірибелік тапсырмаларды орындайды, бір топ екінші топқа
түсіндіреді.
|
Дескриптор:
Әртүрлі денелердің өзара
әрекеттесуі бойынша тәжірибелердің нәтижелерін түсіндіре
алады.
|
Құрал-жабдықтар.
|
Жеке
жұмыс
5мин
|
Тест тапсырмасы
беріледі.
1-сұрақ:
Масса – бұл қандай
физикалық шама?
a) Дененің
инерциясына қарсы тұру
қабілеті
b) Дененің
көлемі
c) Дененің
жылдамдығы
d) Дененің
жүктемесі
2-сұрақ: Егер
дененің массасы екі есеге артып, күш өзгеріссіз қалса, онда дененің
үдеуі қалай өзгереді?
a) Үдеу екі есеге
артады
b) Үдеу екі есеге
кемиді
c) Үдеу
өзгермейді
d) Үдеу нөлге тең
болады
3-сұрақ: Егер бір
денеге бірдей күш қолданылып, біреуі массасы 5 кг, ал екіншісі 10
кг болса, қайсысының үдеуі көбірек
болады?
a) 5 кг массасы бар
дене
b) 10 кг массасы бар
дене
c) Үдеулері
бірдей
d) Үдеуді анықтау
үшін қосымша ақпарат қажет
4- сұрақ: Ньютонның
екінші заңы бойынша, үдеу мен күштің қатынасы
қандай?
a) Үдеу күштін тура
пропорционал
b) Үдеу күштін кері
пропорционал
c) Үдеу күшке
тәуелсіз
5-сұрақ: Массасы 3
кг денеге 12 Н күш әсер етіп жатыр. Дененің үдеуі
қандай?
a)
2м/с2
b)
4м/с2
c)
5м/с2
d)
6м/с2
6-сұрақ: Массасы 3
кг денеге 2м/с2 үдеумен қозғалады.Күшті
анықта
a)
6Н
b)
4Н
c)
5Н
d)
9Н
|
Оқушылар wordwall платформасы
арқылы тест тапсырмасын
орындайды.
|
Жалпы бал-
6
|
https://wordwall.net/resource/81922936
|
Сабақтың
соңы.
Рефлексия
3
мин
|
«Сабақтың
рефлексиясы.
Сөйлемді
аяқтаңдар:
Осы сабақта мен үшін
маңызды болғаны: _________
Сабақта мені
қуантқан…______________
Енді мен біліп
жүретін
болдым…________________
Маған ұнамаған
нәрсе…_______________________
Менің мұғалімге қояр
сұрағым…_________________
Үйге
тапсырма:
|
Оқушылар сөйлемді
аяқтайды.
|
Топ басшылары топтағы
оқуышлардың балын санайды, бағаға
шығарады.
|
Таратпа
карточкалар
|