|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу
мақсаттары
|
5.2.3.1. Шығармадағы
тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы
мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын
анықтау
5.2.4.1. Көркем шығармадан
алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең
жазу
|
|
Сабақтың
мақсаты:
|
-шығармадағы тілдік
бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы
сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын
анықтайды;
-көркем шығармадан алған
әсерін сипаттап авторға хат, өлең
жазады
|
|
Сабақтың
басы
Қызығушылықты
ояту
|
Ұйымдастыру
кезеңі.
-
Оқушылармен
амандасу.
-
Сабаққа
назарларын аудару.
-
Жағымды
психологиялық ахуал орнату.
-
Өткенді пысықтау,
еске түсіру.
Кіріспе
Көркем сөз дегеніміз
не?

М: -Көркем сөз -болмысты әсерлі етіп
жеткізетін әдебиеттің ең алғашқы элементі. Көркем сөздің қадірі мен
құдіреті туралы қазақ халқының даналық ойлары мен мақал -мәтелдері
жеткілікті. Ұлы ақын Абай “Өлең сөздің патшасы сөз сарасы” немесе
“Кестенің бізі, өткірдің жүзі өрнегін сендей сала алмас ”деп көркем
сөздің құдіретін жоғары бағалаған. Ақын жазушыларымыз осы асыл
сөздің сиқырлы сырын ашып, әдеби шығармалардың көркемдігін
арттырады.Тіл байлығын байытып отырады.Олар осы бейнелеу
құралдардың дәлдігі мен айқындылығына, мөлдірлігі мен тереңділігіне
, қарапайымдылығы мен өрнектілігіне ерекше көңіл бөлген. Қазақ
тіліне көркем сөз терминін А.Байтұрсынұлы
енгізген.
Енді сабағымыздың мақсатына сәйкес “О,Ақтан
жас, Ақтан жас” өлеңінің көркемдік ерекшелігіне
тоқталайық.
|
Оқушылар
зейіндерін сабаққа
аударады;
Жаңа сабақтың
тақырыбымен, мақсатымен танысады.
Көркем сөз туралы түсінік
қалыптастырады
|

1-10
балл
Мақтау ,
мадақтау
Дескриптор:
-Көркемдегіш құралдарының анықтамасын дұрыс
сәйкестендір
Дескриптор:
1. Өлеңді дауыс ырғағын сақтай отырып
мәнерлеп оқиды;
2. Өлеңнен эпитетті
анықтайды;
3. Эпитеттің мағынасын
түсіндіреді;
4. Автордың эпитетті қолданудағы мақсатын
түсіндіреді (әсерлілік, бейнелілік, көңіл-күй
беру).
Дескриптор:
1. Өлеңді мәнерлеп,
дауыс ырғағын сақтап оқиды;
2. Өлеңнен ауыспалы
мағынадағы сөздер мен қайталауларды
табады;
3. Автордың
көркемдегіш құралдарды қолданудағы мақсатын түсіндіреді (ойды
әсерлі жеткізу, мазмұн тереңдігін ашу, эмоциялық әсер
қалыптастыру).
Дескриптор:
1. Хат құрылымын
сақтайды (кіріспе, негізгі бөлім,
қорытынды);
2. Өлең мазмұнына
сүйеніп, алған әсерін сипаттайды;
3. Өзіндік көзқарасын дәлелмен
жеткізеді.
|
Оқулық, жұмыс дәптер,
слайд
|
|
Сабақтың
ортасы
Мағынаны
ашу.
|
-
тапсырма. Көркемдегіш
құралдарының анықтамасын
сәйкестендіріңдер.

-
тапсырма. Өлеңді мәнерлеп
оқып, эпитетті табыңдар. Автордың көркемдегіш құралдарды
қолданудағы мақсатын
түсіндіріңдер.

-
тапсырма. Өлеңді
мәнерлеп оқып, көркемдегіш құралдарын (ауыспалы мағына, қайталау)
табыңдар. Автордың көркемдегіш құралдарды қолданудағы мақсатын
түсіндіріңдер.

-
тапсырма. Хат
құрылымын сақтай отырып, өлеңнен алған әсерлеріңді
жазыңдар.

|
Көркемдегіш
құралдарының анықтамасын
сәйкестендір
Өлеңді мәнерлеп
оқып, эпитеттерді табады.
Автордың
көркемдегіш құралдарды қолданудағы мақсатын
түсіндір
Өлеңді мәнерлеп
оқып, көркемдегіш құралдарын (ауыспалы мағына, қайталау) табады.
Автордың көркемдегіш құралдарды қолданудағы мақсатын
түсіндіреді.
Хат құрылымын сақтай
отырып, өлеңнен алған әсерлеріңді
жазады
|
Оқулық, жұмыс
дәптері, таратпа материалдар,
слайд,видео
|