400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

О. Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мұғалімнің аты-жөні:

Пән/Сынып:

қазақ әдебиеті, 6-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

3-тоқсан, 7-апта №14-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

3-бөлім: «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...»

Сабақтың тақырыбы:

О. Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат»

Оқу мақсаты:


Б/С3 Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Сабақ мақсаты:

 Кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады.

Бағалау критериі:

  • Кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдайды;

  • Әдеби эссе жазады

Саралап оқыту тапсырмалары


Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

1-3 минут


Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме,оқушылар!

6-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!

Қызығушылықты ояту.


Зымыран сұрақтар
1. «Әңгіменің кейіпкерлерін атаңыз»

2. «Әңгімеде қандай кітап айтылады?»
3. «Ауыл қайда орналасқан?»
4. «Тортай ақ боз атқа міне алды ма?»
5. «Басқа балалардан Тортай несімен ерекшеленеді?»

6. «Тортайдың арманы қандай?».
7. «Әңгімеде қай жылғы оқиға баяндалады?»
8. Тортайдың түсіндегі арғымаққа айналған қандай мал?
9. Ораш оқуға кетерде Тортай оған не сыйлады?

Өзіңді тексер!

1. Әңгіменің кейіпкерлерін атаңыз (Ораз, Тортай)
2. Әңгімеде қандай кітап айтылады? («Аласталған Алитет»)
3. Ауыл қайда орналасқан? (Салықсалғанның иығында)
4. Тортай ақ боз атқа міне алды ма? (жоқ)
5. Басқа балалардан Тортай несімен ерекшеленеді? (Таңертеңнен кешке дейін бас алмай кітап оқи беретін. Қолына не тисе, соны талғамсыз оқитын) 
6. Тортайдың арманы қандай? (кітап жазып, жазушы болу)
7. Әңгімеде қай жылғы оқиға баяндалады? (соғыстан кейінгі)
8. Тортайдың түсіндегі арғымаққа айналған қандай мал?
(көк өгіз)
9. Ораш оқуға кетерде Тортай оған не сыйлады? (кітап)




Ой қозғау.

-«Қарым-қатынас қандай болу керек?»

  • Ораш пен Тортайдың қарым-қатынасы қандай болды?

  • Бір-бірін қадірлей алды ма?

  • Неліктен Ораш Тортайдан алыстап кетті?














Дескриптор:

Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтарға шапшаң жауап береді.















Оқушылар кезекпен-кезек бір сөзбен өз ойын айтады. Сұрақтарға жауап береді





4-слайд











5-слайд















6-слайд










3-5 минут

Мағынаны тану кезеңі

Әдеби эссе

Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Біріншіден, ол әдеби шығармаларға негізделген. Екіншіден, автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді. Ол үшін тәжірибе керек. Таңдаған шығармаңызға басқа көзбен қарасаңыз, ерекше қолданылған әдеби жанрлар, күтпеген сюжеттер мен оқиғаларға, тіл ерекшеліктеріне толы болады.



Эссенің жазылу талаптары

Эссе жазуда абзац құрылымын ескеру.

Абзац жазудың негізгі шарттары.

Мәтіндер негізінен бірнеше абзацтан тұрады.

Бір абзацта бір ой толықтай ашып жазылады.

Әр абзац тақырыптық сөйлемнен, қолдаушы сөйлемнен және қорытынды сөйлемнен тұрады.

Тақырыптық сөйлем – абзацтың негізгі идеясын көрсетеді.

Қолдаушы сөйлемдер – тақырыптық сөйлемдегі ойды ашатын сөйлемдер.

Қорытынды сөйлем – абзацтағы ойды қорытындылайтын сөйлем.

Сонымен қатар, ойды толықтыру үшін деректер мен мысалдарды да қосуға болады.

Ең бастысы абзац жаңа азат жолдан басталып жазылады.

Эссенің жазылу жоспары:

- Кіріспе (эссенің 30 % көлемі)

- Негізгі бөлім (эссенің 60 % көлемі);

- Қорытынды (эссенің 10 % көлемі);


Эссе



Кіріспе

Кіріспе бойынша жұмыс жасағанда мына сұрақтарға жауап көмектесуі мүмкін: «Мен ашатын тақырып қазіргі кезде маңызды ма?», «Менің ойымша тақырыпқа қандай түсініктер енуі мүмкін?»

Негізгі


Дәлелдер мен талдаудың дамуын болжайды, сонымен қатар бұл сұрақ бойынша бар мәліметтерге қарағанда басқа дәлелдер мен ұстанымдардың негіздеу қажет.

Эссенің негізгі мазмұны осында. Сондықтан маңыздысы тақырыпшалар, олардың негізінде дәлелдемелердің жүйеленуі (логикалық мәліметтерді қолдану немесе ой толғаулар) жүзеге асады, яғни ұсынылған дәлелдемелерді/талдауды негіздеу қажет.

Қорытынды


Тақырып бойынша дәлелді қорытынды мен жинақтау. Эссені қорытындылайды немесе негізгі бөлімде айтылғанды мәні мен мағынасын тағы да анықтайды. Қорытындыда «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады?» деген сұраққа жауап болу қажет.





7-слайд































8-слайд



























5-7 мин

Тапсырмалар

1-тапсырма. Берілген тақырыптардың бірін таңдап әдеби эссе жаз.

  1. Тортайдың отбасының болмауы тағдырына қалай әсер етті?

  2. Тортай арманының орындалмауына кім кінәлі: Тортай ма, тағдыр ма?

  3. «Бұл дүниеде пір тұтар, жалғыз ақ нәрсем бар,ол- кітап»-, дейді Тортай. Сендер нені пір тұтасыңдар? Неліктен?

Эссенің сөз саны - 120-150



Дескриптор:

  • Берілген тақырыптың бірін таңдап әдеби эссе жазады;

  • Эссенің жазылу талаптарын сақтайды;

  • Сауатты, көркем жазады.



9-слайд





1-3 минут

Бекіту

Бүгінгі сабақта:

  • Қарым-қатынас қандай болу керектігін білдіңіз;

  • Кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасы-лық құндылық тұрғысынан талдадыңыз;

  • Эссе жазу талаптарын еске түсірдіңіз;

  • Берілген тақырыптардың бірін таңдап, әдеби эссе жаздыңыз.







10-слайд

1 мин



Қосымша тапсырма:

  • Әңгіменің мазмұнын толық оқу;

  • Тортайды көз алдарыңызға елестетіп шығарма негізінде сурет салыңыздар.

Дескриптор:

Әңгіменің мазмұның толық оқып шығады;

Тортайды көз алдарына елестетіп шығарма негізінде сурет салады.



11-слайд











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 мамыр
132
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі