Әдеби - сазды кеш
Тақырыбы «О, поэзия! Менімен егіз бе едің?»
Мақсаты: Қазақ поэзиясының қайталанбас сөз зергері, ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірі, өлең – жырлары туралы мәліметтер беру, ақын туралы естеліктермен таныстыру; оқушылардың танымдық көзқарастарын дамыту; халықтың асыл ұлы Мұқағали жырлары арқылы бүгінгі жас ұрпақты поэзияны сүюге тәрбиелеу; Ақынды еске алу.
Көрнекіліктері: Ақиық ақынның суреттері, слайдтар, бейнебаяндар, ақын шығармалары бойынша кітаптар көрмесі, интернет сайттарының кітапхана материалдары
Шараның барысы:
№1 «Бүгін менің туған күнім...»
Сахнаға Мұқағали шығады Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.
Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
«Мынау шапан,
Мынау – атың, мін» демей.
Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!
Бекер өмір сүргенім бе, әлде мен?
Халқым, сенің қасиетіңді білем деп,
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!
Айтамын деп қуанышың, мұңыңды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,
Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды.
...Тойланбаса тойланбасын,
Не етейін.
Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін.
Қаламымды берші маған, бәйбіше,
Болашаққа арыз жазып кетейін...
(Мұқағалиға бәйбішесі қалам әкеліп береді. Ақын стол жанына жайғасып, өлең жазуға кіріседі).
№1 Бейнежазба
1-жүргізуші. Армысыздар, қадірменді қонақтар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орайластырып ұйымдастырылған
«О, поэзия! Менімен егіз бе едің» атты әдеби-сазды кешке қош келдіңіздер!
2-жүргізуші.
Жыл керуені алға жылжыған
сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық
жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай,
өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті
бар халық – шынымен бақытты халық.
1- жүргізуші:
Иә, Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол – бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын.
2-жүргізуші.
М. Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Әкесі Сүлеймен осы өңірде колхоз ұйымдастырушы болды. 1941 жылы майданға аттанып, содан оралмады. Шешесі Нағиман қарапайым шаруа адамы еді.
Әжесі Тиын мен анасы Нағиманың
тәрбиесінде жетіледі. Оның алғашқы өлеңдерінің тууына да өз әкесіне деген
балалық сағынышы себеп болады. Қазір ескі Қарасазда орны ғана қалған,
мұражайда сызбасы тұрған шағын лашық үйде Мұқағалидың балалық шағы өтеді.
№2 Бейнежазба
1.«Қарасаз» өлеңі. Өлеңді оқитын Игіліков Бағдат
№3
Бейнежазба
2.«Әке» өлеңі Өлеңді
оқитын Қуанышқалиев
Нұрберген
1-жүргізуші:
Ақын түс көрді. Түсінде «Шешем басында ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасынан қуана басып, маған күліп келе жатыр. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ толғаныстан соң «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келеді.
№4
Бейнежазба
«Шеше, сен бақыттысың»
өлеңі мәнерлеп оқитын Есеналы
Нұрай
2-жүргізуші:
Мұқағали ағамыз орта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болып, 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.
№5 Бейнежазба
«Майгүліме» Бірінші
өлең Өлеңді оқитын
Әбдрахманов Батырхан
«Майгүліме» Екінші өлеңді оқиды
Сансызбай Аян
1-жүргізуші:
Мұқағали әр күн, әр сағатта
халықпен бірге жүрді. Халықтан үйренді, халқын сүйді, оның әрбір
сөзін алтынға бағалады.
Бұл өмірден сұрамаймын ештеңе,
Сұрамаймын, алтын менен көрр жақұт.
Бір өзіме жетеді, маған берсе де,
Халық, Отан, Тіл дейтұғын үш бақыт.
№6
Бейнежазба
Байсалбаев Ерасыл «Үш бақытым» өлеңі
оқылады.
№7
Бейнежазба
Аманжолов Арсен «Отан» өлеңін
оқиды.
2 -
жүргізуші:
Ән сал, жаным!
Әніңмен тербет мені
Бір сәтке тынсын, тіршілік жер көктегі
Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтайды.
Оның сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен
берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан
серігіне айналды.
1-жүргізуші:
Мектеп қабырғасында жүргенде ақынға бірде мұғалима бақыт туралы шығарма жаздыртыпты. «Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...»дейді ақын.
№8
Бейнежазба
Ақынның «Бақыт деген» өлеңін
орындайтын ата-ана Сая және баласы Нұр.
2-жүргізуші:
Қазаққа тән қара өлеңге
табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап
үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш
еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы,
- деп Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап
көрейік.
№ 9
Бейнежазба
«Поэзия» өлеңі оқитын
Есеналы Нұрай
1-жүргізуші. М.Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқымайтын, тыңдамайтын адам жоқ.Ақын
ағамыздың қалам тартпаған тақырыбы қалмаған. Ана мұның, әке зарын, жетім-
жесір қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббатты, достықты жырға қосқан. Өз
халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлей білген ұлтжанды ақын.
№ 10 Бейнежазба
-
«Сәби ана» Өлеңді оқитын Сүюндік Назия
№ 11 Бейнежазба
-
«Бесік басында» өлеңі. Өлеңді оқитын Игіліков Бағдат
3.«Сәби болғым келеді» әні орындайтын
2-жүргізуші:
Ақын Фариза Оңғарсынова: «Мұқағали - біздің заманымыздың поэзия дүниесіндегі құбылыс, Мұқағали поэзиясы - азаматтық пен адамгершіліктің симфониясы»деген екен. «Мені түсінгісі келген адам менің өлеңімді оқысын»,- деген ақынның сөзі расқа шықты. Мұқағали жырлары тіршіліктің тамырындай өміршең, мәңгілік жырлар. Ендеше, сол бір мәңгілік жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ түрелік.
№ 12
Бейнежазба
Сүлейменова Анель «Фариза» өлеңі
оқиды.
№ 13
Бейнежазба
«Досым саған сенемін» өлеңі. Өлеңді оқитын
Әбілқайыр Анель
1-жүргізуші.
Қазынам
бар
Біреуге берсем бе
екен?
Өкпелейді –ау
бермесем,
Берсем
бөтен.
Бар байлықты қойныма тығып
алып,
Әлде мына құмдардай өлсем бе
екен?
Мұқағали қазынасы - өлең,
досы да өлең. Олай болса, келесі кезекті ақынның жырларына
берейік.
№ 14 Бейнежазба
1.«Шыда, шыда» Өлеңді оқитын Құдайберген Еркеназ
№ 15 Бейнежазба
2.«Мен таулықпын ! » Өлеңді оқитын Мұрат Диас
№ 16 Бейнежазба
-
«Арманым,тіріл,көз ілген. » Өлеңді оқитын Асхатова Таңшолпан
№ 17 Бейнежазба
4. «Апырмай,туған жер-ай!» Өлеңді оқитын Қуанышқалиев Нұрберген
2-жүргізуші:
«Естеліктер» кітабындағы
Нұрғиса Тілендиевтің мына бір жазғанын тыңдап көрелік:
Мұқағали өткен соң қатты күйзелдім, жүрегім әлсіреп, айға жуық
емханада жаттым. Арада екі ай өткенде жұмысқа киетін бешпентімнің
қалтасынан хат шықты. Мұқағалидың жазуы: «Аға мен ғой. Дертім қозып
барады. Не боларын білмеймін. Мынаған назар аударып көріңіз» Жаным
күйзеліп отырып, ақын інім көз жұмғаннан кейінгі екінші айдың бір
ауыр күнінде әлгі өлеңге ән жаздым.
Бұл «Есіңе мені алғайсың» әні
еді.
«___________________________» әні орындалады.
№ 18
Бейнежазба
1-жүргізуші:
Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік
болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін
қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне
арнаған лебізіне берейік. /оқушылар әріптер алып
шығады/
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық
деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы
бірге.
Рахмет!
2-жүргізуші:
Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?
Әр әні толы ғой армандарға
Шерте білген мұңдарын жас қайынға
Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?
1-жүргізуші:
Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!
2-жүргізуші:
«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!
1-жүргізуші:
«Ақын болсаң, алмас бол
тайпалмаған!
Сен айт менің ойымды, айта алмаған» - деп
болашақ ұрпаққа жол
сілтеген
Мұқағали Мақатаев жырлары, бүгінгі кеш
барысында оқушыларға шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын
шыңдауына арқау болады деген сенімдеміз. Олай болса, поэзия
кешіміздің қорытынды сөзін
береміз.
2-жүргізуші:
Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған « О, поэзия! Менімен егіз бе едің?» атты әдеби-жыр кешіміз аяқталды.
1-жүргізуші:
Келесі көріскенше амандықта болайық.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«О, поэзия! Менімен егіз бе едің?»

шағым қалдыра аласыз