2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / ОББ негізгі принциптерін меңгереді
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

ОББ негізгі принциптерін меңгереді

Материал туралы қысқаша түсінік
ОН 1 Компьютерлік құрылғыларды алгоритмдеу және бағдарламалауды жүзеге асыру. «Алгоритм ұғымын, оның қасиеттерін біледі» тақырыбында жарыс сабақ
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Абай облысы білім басқармасының

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледж»коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны














ЖАРЫС САБАҚ



Модуль атауы: ОН 1 Компьютерлік құрылғыларды алгоритмдеу және бағдарламалауды жүзеге асыру Тақырыбы : Алгоритм ұғымын, оның қасиеттерін біледі







Оқытушы : Нұрғалиева Т.Т.









2022-2023 оқу жылы


Форма



«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы – экономикалық колледжі» КМҚК

Оқу сабақтарының жоспары

(теориялық және кәсіптік оқытудың)



Алгоритм ұғымын, оның қасиеттерін біледі ___
(сабақ тақырыбы)

Модуль атауы /пән:

Дайындаған оқытушы: Нұрғалиева Т.Т.


"14"______09______ 2022 жыл

    1. Жалпы мәліметтер

Курс, тобы: І, 22 AQ-1

      Оқыту түрі

      2. Мақсаты, міндеттері

      2.1 Оқыту процесінде білім алушылар меңгеретін кәсіби дағдылардың тізбесі: Python-да алғашқы бағдарлама құру, енгізу-шығару функцияларын қолдану.

      3. Сабақты жабдықтау

      3.1 Оқу-әдістемелік жабдықтау, анықтамалық әдебиеттер тізімі: Лутц М. Программирование на Python

      3.2 Техникалық жабдықтар, материалдар: ДК, Python

      4. Сабақ барысы

    Ұйымдастыру

  1. Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру

  2. Оқушылармен амандасу

  3. Оқушыларды түгендеу

  4. Сабақтың мақсатымен таныстыру

Үй тапсырмасын сұрау.

1. ЭЕМ дегеніміз не?

2 ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері.

Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм ұғымын, оның қасиеттерін біледі

Жаңа сабақты бекіту

  • Алгоритм түсінігі

  • Алгоритмнің қасиеттері және оған қойылатын талаптар

  • Алгоритмнің берілу тәсілдері

  5. Сабақтағы рефлексия

Жаңа сабақ бойынша өз ойларын жеткізу

  6. Үй тапсырмасы: тапсырма орындау













Курс тақырыбы: Алгоритм туралы ұғымдар мен қасиеттер принциптері , деректер түрлері,негізгі құрылымдар

Сабақ тақырыбы: Алгоритм ұғымын, оның қасиеттерін біледі

1.Алгоритм түсінігі

Туғаннан бастап баланы тәрбиелеу, оларды әртүрлi ережелердi сақтауды,  ертеңгiсiн жуыну, киiну, шешiну, тамақ iшу, сабаққа бару, жолдан өту .т.б. меңгерудi және қатаң орындауды талап етемiз. Одан әрi бала-бақшада және мектепте тәрбиеленудiң күн тәртiбi болады. Оларды оқыту белгiлi ретпен өтедi. Ал барлық мүмкiн болатын ойындар ереже бойынша ұйымдастырылады. Демек кез-келген iс-әрекеттер анықталған жарлық бойынша жүзеге асады, яғни анықталған алгоритм бойынша орындалады.

Адам жас кезiнен бастап күнделiктi өмiрде алгоритмдi меңгередi және орындайды. Яғни, алгоритм дегеніміз – жеке қадамдардан тұратын, формальды түрде жазылған реттелген нұсқаулар тізбегі.

Алгоритм сөзі IX ғасырда өмір сүрген ұлы өзбек математигі Әл-Хорезмидің атымен аталған жазудың латындық формасы. Әл-Хорезми бірінші рет арифметикалық амалдарды орындаудың ережелерін тұжырымдаған ғалым.

Алгоритм ұғымы кез-келген программа құру кезінде негізгі орын алады, себебі программа – енгізілген берілгендерді өңдеу үшін арнайы және қатаң түрде қандай да бір программалау тілінде дайындалған алгоритм. Кез-келген алгоритм қандай да бір орындаушыға негізделген. Орындалған командалар жиынтығы орындаушының командалар жүйесі болып табылады. Орындаушы ретінде – адамдар және техникалық құрылғылар, яғни роботтар, компьютерлер және автоматтар болуы мүмкін.

2.Алгоритмнің қасиеттері және оған қойылатын талаптар:

1.Алгоритмнің дискреттігі (үздіктілігі) – ақпаратты өңдеу процесі ретімен жазылған,  аяқталған нұсқаулардан құралған тізбектерден тұруы тиіс, яғни орындаушының келесі қадамға өтуі алдыңғы қадамның аяқталуынан кейін жүзеге асуы керек;

2.Алгоритмнің түсініктілігі – алгоритмді құру барысында оның орындаушыға түсінікті болатындығы ескерілуі керек;

3.Алгоритмнің анықтылығы – алгоритм жалпы түрде қабылданған символдарды, алфавитті пайдаланып жазылуы тиіс. Орындаушы (адам, компьютер) алгоритмді түсініп, орындай алатын болуы керек. Оның үстіне түрліше түсінілетін нұсқаулар енгізілмеуі тиіс. Ол орындаушыға алгоритмді орындау үшін басқа нұсқаулар іздеуіне жол қалдырмайтындай етіліп және орындалу реттері дәл көрсетіліп қатаң түрде жазылуы қажет.

4.Алгоритмнің көпшілікке бірдейлігі – қарастырылып отырған ақпараттың кез-келген мәндерінде нақты бір ғана тапсырманы емес, соған типтес бүкіл тапсырманы шеше білуі. Мысалы, квадрат теңдеуді шешу алгоритмі – коэффиценттің кез-келген мәнінде оның түбірін табуға мүмкіндік береді немесе жолда жүру ережесі барлығымызға бірдей.

5.Алгоритмнің нәтижелілігі. Нұсқаулар шексіз көп болмай, қорытындысында оның нәтижесі болуы тиіс. Егер алгоритм бойынша құрылған сандық программа шексіз есептеулерге әкелсе, онда алгоритмнің талапқа сай жазылмағаны не есептің шешуі жоқ болғаны.

3. Алгоритмнің берілу тәсілдері

Алгоритмнің келесі берілу тәсілдерін қарастырайық:

*табиғи тілдегі алгоритм – орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары – қазақ, орыс және ағылшын алфавиті;

*графикалық тілдегі алгоритм – орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары – әрбір әрекеті түрлі жазықтықтағы геометриялық фигура ретінде бейнеленіп, олардың арасындағы байланыстар түзу сызықтар мен бағыттаушылар арқылы көрсетіледі;

*алгоритмдік тіл – орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары – жаратылыстану тіліндегі қандай да бір мағынаны, бұйрықты білдіретін сөздер жиынтығы;

*программалау тілі – орындаушысы компьютер, қажетті құрал-жабдықтары – арнаулы программалау тілінің командалары.

Алгоритмнің тұрғызылу тәсілдерінің құрылысын зерттеу үш түрде беріледі:

*алгоритмдік тілде;

*блок-схема түрінде;

*программалау тілінде.

Алгоритмдік тіл – табиғи тілде жазылған алгоритм сияқты өзіміз күнделікті пайдаланып жүрген тілге жуық, бірақ ол құрылымы нақтыланған, бірыңғай және дәл жазылатын арнайы символдар мен түрлі ережелер жүйесінен тұрады. Кез келген тіл сияқты ол символдар жиынтығынан (алфавит), алгоритмдік тілдерді жазу ережелерінен (синтаксис) және жазуларды түсіндіру мәтіндерінен (семантика) тұрады.

































Оқытушы : Нұрғалиева Т.Т.























31 Мамыр 2023
256
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі