Облыстық үздік президент байқауы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Облыстық үздік президент байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп парламенті бойынша дарынды оқушыларды анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы








«Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару

ұйымдары арасындағы «Үздік мектеп Президенті» облыстық

сырттай байқауын ұйымдастыру және өткізу

ЕРЕЖЕСІ


1.Жалпы ережелер


1.1.Байқаудың мақсаты мен міндеті:

- Қазақстан Республикасының «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасына сәйкес білім алушылардың бойында азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын қабілетті және көшбасшылық қасиеттері жоғары мектеп Президенттерін анықтау, оларға қолдау көрсету;

- Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді және оқушыларды қолдау және марапаттау.

1.2. Байқаудың қатысушылары:

Байқауға «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының Президенті қатысады (8-10 сынып оқушылары).

1.3. Байқауды ұйымдастырушылар:

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарын» қосымша білім орталығы байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.


2. Байқауды ұйымдастыру тәртібі


2.1.Байқаудың аудандық/қалалық кезеңі 2022 жылдың 1-18 қараша аралығында өткізіледі.

2.2. Байқауға қатысу үшін 2022 жылғы 18 қарашаға дейін daryn_uralsk@mail.ru электронды поштасына келесідей құжаттар қабылданады:

1) облыстық сырттай байқауға қатысуы туралы мекеме бұйрығының көшірмесі мен білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған өтінімі (білім алушы мен жетекшісінің жұмысын облыстық сырттай байқауға жолдау туралы);

2) қатысушылардың және жетекшінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

3) байқау жұмыстары;

4) аудандық (қалалық) кезеңінің хаттамасы.

Байланыс телефондары: 8 (7112) 21-75-33, 8702 911 80 34 (Асылзада Бекжанқызы)

2.3. Байқауға келіп түскен жұмыстарды байқау комиссиясы 2022 жылдың 24 қараша күні қорытындылайды.

Қазылар алқасы шешімі өзгертілмейді және талқыланбайды.



3. Байқауды өткізу тәртібі


3.1. «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» - Мектеп Президентінің бағдарламасы.

Байқау жұмыстарының талаптары:

- Power Point форматында жасалған презентация;

- Слайдтың саны 8-ден кем және 10-нан артық емес болуы тиіс;

- Презентацияны әуенмен сүйемелдеуге, суреттер қоюға болады;

- Слайдтың бірінші бетінде білім беру ұйымының және жұмыстың атауы, автордың аты-жөні, электронды поштасы мен байланыс нөмері көрсетілуі тиіс;

- «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының 8 фракциясына жеке-жеке тоқталып, өткізетін шараларын ашып көрсету.

3.2.«Мектеп Президентінің бір күні» - бейнеролик.

Байқау жұмыстарының талаптары:

- Байқауға қатысу үшін берілген тақырыпқа сәйкес бейнеролик дайындау қажет: жұмыс, оның мазмұны, сюжеті, сахналық тұлғалардың және кейіпкерлердің әрекеті Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы болмауы қажет;

- Ұсынылған байқау жұмыстарында жалған мәліметтерді пайдалануға рұқсат етілмейді;

- Бейнелер дұрыс қамтылуы қажет, онда зорлық көріністердің болмауы, сондай-ақ ұлтаралық және діни өшпенділікті тудырмауы қажет;

- Бейнероликтің ұзақтығы – 3 минутқа дейін;

- Бейнеролик MPEG4 форматында ұсынылады;

- Қатысушылар бейнеролик жанрын өздері анықтайды (сұхбат, репортаж, сюжет және т.б.).

3.3. «Кемел келешектің көшбасшылары» - «Мектеп парламенті» тарапынан 2021-2022 және 2022-2023 оқу жылдары іске асырылған үздік жоба.

Байқау жұмыстарының талаптары:

- Power Point форматында жасалған презентация;

-Слайдтың саны 7-ден кем және 8-ден артық емес болуы керек;

- Презентацияда жоба атауы, өзектілігі, мақсаты, жоба аясында іске асырылған шаралар туралы қысқаша сипаттама (3-4 сөйлем), қол жеткізген нақты нәтижелер, жобамен қамтылған оқушылар саны, фотосуреттер (3-4 фото) қамтылуы тиіс.


4. Бағалау критерийі


4.1.Байқау жұмыстарын бағалау барысында келесі критерийлер қолданылады:

Мектеп Президентінің бағдарламасын бағалау критерийлері:

- Шығармашылық тәсіл – ерекше және жаңашыл ұсыныс - (5-10 балл);

- Тақырыпты ашу (мазмұнның толықтығы) - (5-10 балл);

- Еріктілерді тарту - (5-10 балл);

- Бағдарламаның әлеуметтік бағыттылығы (мектептің мәдени, экологиялық, әлеуметтік мәселелерін шешу) – (5-10 балл);

- Мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен серіктестік орнату – (5-10 балл);

- Жұмыс нәтижелерінің практикалық маңызы, жалғастыру мүмкіндігі – (5-10 балл).

«Мектеп Президентінің бір күні» тақырыбындағы бейнероликті бағалау критерийлері:

- Тақырыпқа жұмыстың сәйкестілігі - (5-10 балл);

- Байқау жұмысының әлеуметтік маңыздылығы, оңтайлығы және шығармашылығы - (5-10 балл);

- Бейнежазба сапасы, жұмыстың эстетикасы, баяндау сауаттылығы (титрлары, дыбысталуы, сөйлеу мәдениеттілігі) – (5-10 балл).

«Кемел келешектің көшбасшылары» - Мектеп парламенті тарапынан 2021-2022 және 2022-2023 оқу жылдары іске асырылған үздік жобаны бағалау критерийлері:

- Тақырыпқа жұмыстың сәйкестілігі – (5-10 балл);

- Презентацияда бір стильдің сақталуы (түсі, қаріп – көлемі, сызылуы) - (5-10 балл);

- Жоба мазмұнының толықтығы – (5-10 балл);

- Жоба медиасы (БАҚ-та және әлеуметтік желіде жоба туралы жарияланымдар) – (5-10 балл).


5. Қорытынды ережелер


5.1.Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін тиісті сала мамандарынан қазылар алқасы құрылады.

5.2. Байқау жеңімпаздары Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.


Қатысушы өтінімі

Қатысушының

толық аты – жөні, туған күні, айы, жылы

Ауданның, білім беру ұйымның толық атауы

Сынып

Байланыс телефоны

Жетекшісінің

толық

аты-жөні, байланыс телефоны, эл.поштасы

Әлеуметтік жағдайы













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.03.2023
333
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі