Материалдар / О.Бөкейдің "Тортай мінер ақ боз ат" шығармасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

О.Бөкейдің "Тортай мінер ақ боз ат" шығармасы

Материал туралы қысқаша түсінік
әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу мақсатына құрылған жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2024
155
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар


Пәні:

Қазақ әдебиеті


Бөлім:

«Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...»


Педагогтің аты-жөні

Мухамет Әмина Қойшыбекқызы


Күні:



Сынып 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тың тақырыбы:

О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» хикаясы


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.2.4.1 әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу


Сабақтың мақсаты:

Әдеби көркемдеуіш құралдардың қызметін талдау арқылы автор қолданысындағы портрет пен пейзажды сипаттап жазады


Бағалау критерийі:

Кейіпкерлер бейнесін аша алады.

Табиғат көрінісін суреттеп жазудағы көркемдеуіштердің қызметін ажыратады.

Кейіпкелер бейнесін өзге шығармадағы кейіпкермен салыстыра отырып автордың жазу стилін бағалайды.


Ойлау дағдыларының деңгейі:

Жоғары деңгей


Сабақ құрылымы:


Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

7 минут

Ұйымдастыру бөлімі

«Ассоцация» әдісі. «Бұлт» сөзін естігенде не елестейді? Ал «Арман» сөзін естігенде қандай деректі ұғымдар елестейді

Ой түрткі. Әр адам әр түрлі қиялдайды, оған көзіміз жетті. Ал оқушылар Тортай арманды қандай деректі ұғыммен ұштастырып еді?

Топқа бөлу. Төрт түрлі топ болады. Себет ішінде ақ боз, торы, жирен, қызыл түсті жылқыларды таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді.

Әр оқушы ойына оралған алғашқы сөзді айтып шығады, мысалы арман-ұшақ, арман-қанат...


Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Өз ойын білдіреді, өзара пікір алмасады.

Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен танысады.


І топ Ақ боз. ІІ топ Торы. ІІІ топ Жирен. IV топ Қызыл жебе

ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы


Интербелсенді тақта







Түрлі түсті жылқылар бейнесімен жасалған кеспе қағаздар


Сабақтың ортасы

13 минут

ЖЖ. Оқулықпен жұмыс. 9-тапсырма. Ауыспалы мағынады сөздерді жазып мәнін ашу, парталас досымен ақылдасып жасау.

ЕББҚ/ойлау деңгейі баяу оқушының тапсырмасын «Қос жазба» күнделігі арқылы жүзеге асыру

Ауыспалы мағынадағы сөздер

Тура мағынасы

Қоңыр үн – жағымды дауыс




Жұмсақ кілем табанымызды қытықтап – қалың жасыл шөп






ТЖ. 1,2-топқа «Қатені тап» әдісі

Шығармадан пейзаж бейнеленген үзіндіні сурет арқылы көрсетеді, суретте міндетті түрде 1-2 қате болуы керек

ТЖ. 3,4-топқа «Веер» әдісі

Веер пішінді қағаздың бір жағына пейзажды суреттеуші үзінділерді жазып шығады. Сосын екі топ веерлермен өзара алмасады, топтар бір-біріннің үзінділері бойынша көркемдеуіш құралдарды тауып, жасалуын

ауызша жеткізеді.

ЕББҚ/ ойлау деңгейі баяу оқушы:

Дайын ресурстар беріледі, асты сызылған сөздердің қандай тәсіл арқылы жасалып тұрғанын анықтайды, топтық жұмыс болғандықтан, топтағы оқушылар көмектеседі.

«Сергіту сәті» Табылды Досымовтың «Сәйгүлік» әнін тыңдап отырып оқушылар өз армандарын жылқы бейнеленген кеспе қағаздарға жазып «Арман тақтасына» іледі


Ауыспалы мағынадағы сөздерді табады, тура мағынасын жазады








ЕББҚ/ойлау деңгейі баяу оқушы

Дайын сөйлемдерден ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді ажыратып, тура мағынасын жазады



1,2-топ оқушылары табиғат көрінісі, оқиға орны берілген үзінді бойынша сурет салады, қарсы топ оқушылары суреттегі қатені тауып үзінді бойынша дәлелдейді.


3,4-топ оқушылары көркемдеуіш тәсілдердің жасалу жолына назар аударып өз пейзаждарын жазып шығады;


ЕББҚ/ ойлау деңгейі баяу оқушы асты сызылған сөздің қандай тәсіл екенін ажыратады;

ҚБ.Мұғалімнің бағалауы

Дескриптор: /2 ұпай/

* Көркем шығармадан табады 1 балл, тура мағынасын жазады 1 балл.












ҚБ.Мұғалімнің бағалауы Дескриптор: /3 ұпай/

- табиғат көрінісі суреттелген үзіндіні сурет түрінде береді 1 ұпай;

- суреттегі қатені табады 1ұпай

- дәлелдермен жұмыс жасайды

- көркемдеуіш құралдарды табады 1 ұпай;

-көркемдеуіш құралдардың қызметін баяндап айтады 1 ұпай;

- көркемдеуіш құралдың түрін ажыратады;




Оқулық














Қазақ әдебиеті

6-сынып, бағалау парағы

Түрлі түсті бояу












Арман тақтасы

https://www.youtube.com/watch?v=0-tdySrHHFE


20 минут

Ж. Берілген көркемдеуіштерді негізге ала отырып портрет жасаушы үзінділерді тауып, не түсіндіңіз сипаттап жазыңыз. Оқушыларды қолдауға бағытталған сұрақтар:

- Тортайдың сырт келбеті қалай суреттелген?

- Кейіпкердің өмір сүрген уақыты оның болмысына әсер етті ме?

- Тортайдың қандай қасиетін байқадың?

- Тортай қандай дос?

- Тортай неліктен арманына жете алмады?

ЕББҚ/ ойлау деңгейі баяу оқушы:

Берілген үзінді бойынша кейіпкердің қасиетін сипаттап жазады

Оқушылар кестеде берілген көркемдеуіштерге сай үзінділерді тауып, қалай түсінгенін, автордың портрет жасау ерекшелігін бағалау пікірін жазады





ЕББҚ/ ойлау деңгейі баяу оқушы Берілген үзінді бойынша Тортай қандай және Ораш қандай деген сұраққа жауап береді

ҚБ.Мұғалімнің бағалауы Дескриптор: /5 ұпай/

-портрет жасаушы тәсілді ажыратады 1 ұпай;

-көркемдеуіш құралдарға сай үзіндіні табады 1 ұпай;

-көркемдеуіш құралдардың қызметін баяндап жазады 2 ұпай (әр дәлелге 1 ұпай);

- кейіпкер бейнесін ашу арқылы арман, адал достық, мүмкіндік құндылықтарын тани алады 1 ұпай;


Оқулық және хрестоматия


Сабақтың соңы

5 минут


Кері байланыс.

«Бөлмедегі заттар» әдісі арқылы сабақты бекітеді әрі бағалайды, сабақта үйренген тәсілдерін қолданады.

Мысалы, « Мен тақтамын, маған бүгін армандарды жинап алып алысқа самғар ақ боз ат келіп қонды, бәлкім Тортайдың ақ боз аты ма екен... Шіркін, Тортай соғыс жылдарында емес қазіргі заманда өмір сүргенде ғой, оның арманын жүзеге асыруға мүмкіндігі көп болар еді, ол сонда тас күркеде жатып емес, мамық төсекте жатып армандар еді, тек қана армандап қоймай оны жүзеге асырар еді...» ары қарай кете береді.


«Бөлмедегі заттар» әдісі арқылы жансыз заттарға жан бітіріп, оларды сөйлетеді.

Ауызша кері байланыс





Сабақта қолданылған ресурстар


«Веер» әдісіне берілетін ресурстар

  • Күркіреп-сарқырамай, ұрлана жауған нөсер ұйқыны келтіреді;

  • сыбдыр-сыбдыр үн;

  • ұлардай шулап ойнап жүргеніміз;

  • шоқылар өркеш-өркеш болып;

  • көк күмбезіне найзадай кіріп;

  • ұшпалана қол бұлғайтын;

  • таудың таз төбесі;


Ж. Берілген көркемдеуіштерді негізге ала отырып портрет жасаушы үзінділерді тауып, не түсіндіңіз сипаттап жазыңыз

- Тортайдың сырт келбеті қалай суреттелген?

- Кейіпкердің өмір сүрген уақыты оның болмысына әсер етті ме?

- Тортайдың қандай қасиетін байқадың?

- Тортай қандай дос?

- Тортай неліктен арманына жете алмады?


Портрет жасауға қатысқан көркемдеуіштер

Үзінді

Не түсіндім?

Қаратпа сөз, теңеу

Біздер, балалар, күні бойы өгіз үйретіп, бұзау жаямыз, үш уақыт сиыр сауғызамыз. Ымырт үйіріле алтыбақан құрған азаматтардың маңайында арпалысып, тиіп-қашып, ұлардай шулап ойнап жүргеніміз.

Біздер, балалар қаратпа сөзі оқырманды соғыс жылдарындағы барша балалардың күнделікті өміріне назар аударуға жетелейді. Соғыс жылдары болғанымен алаңсыз балалық шақтың көрінісі ұлардай теңеу сөзі арқылы көрінеді. Тортай мен Ораштың әлі бала екенін аңғарамыз.

метафора



Интонация, бұйрық райлы сөйлем



Тортай қандай дос?

Қайталау, толымсыз сөйлем



эпитет




ЕББҚ/ойлау деңгейі баяу оқушы үшін сипаттап жаз тапсырмасы:


Портрет жасауға қатысқан көркемдеуіштер

Үзінді

Тортай қандай?

Ораш қандай?

Қаратпа сөз, теңеу

Біздер, балалар, күні бойы өгіз үйретіп, бұзау жаямыз, үш уақыт сиыр сауғызамыз. Ымырт үйіріле алтыбақан құрған азаматтардың маңайында арпалысып, тиіп-қашып, ұлардай шулап ойнап жүргеніміз.


метафора

Қолына не тисе, соны талғамсыз оқитын Тортай ортамыздағы білгішіміз, аузымызды ашып тыңдар абызымыз сықылды.


Интонация, бұйрық райлы сөйлем

Мен әкелген ірімшіктен бір асап, нарға қайта мінді. Ол мені алдап, тамақ үшін дос болмайтын, қайта «мен аш жүргенім жоқ, әкеле берме» деп ұрысатын-ды.


Қайталау, толымсыз сөйлем

Ақ жауын сіркіреп тұр. Тасошақтағы от қоламталанып, үңгірдің ішіне қорқыныш ұялап, қараңғылана бастаған. Тортай әлі сөйлеп жатыр, сөйлеп жатыр... Арманы таусылар емес.


эпитет

Мені жып-жылы қойнына алып, ағалық ақылын айтатын тым зеректігі еді


фразеологизм

Қой аузынан шөп алмас



Кері байланыс парағы

«Бөлмедегі заттар» әдісі арқылы сабақты бекітеді әрі бағалайды, сабақта үйренген тәсілдерін қолданады.

Мысалы, « Мен тақтамын, маған бүгін армандарды жинап алып алысқа самғар ақ боз ат келіп қонды, бәлкім Тортайдың ақ боз аты ма екен... Шіркін, Тортай соғыс жылдарында емес қазіргі заманда өмір сүргенде ғой, оның арманын жүзеге асыруға мүмкіндігі көп болар еді, ол сонда тас күркеде жатып емес, мамық төсекте жатып армандар еді, тек қана армандап қоймай оны жүзеге асырар еді...» ары қарай кете береді.


Бағалау парағы:


Тапсырма

Белсенді әдіс-тәсілдер

Бағалау критерийі:

Дескриптор:

1-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. 9-тапсырма. Ауыспалы мағынады сөздерді жазып мәнін ашу, парталас досымен ақылдасып жасау. ЕББҚ/ойлау деңгейі баяу оқушының тапсырмасы:

Ауыспалы мағынада тұрған дайын үзінділер беріледі, тура мағынасын ажыратып жазады.



«Қос жазба» күнделігі әдісі


Ауыспалы мағынадағы сөздердің шығарманы әрлеудегі рөлін ұғынады


Дескриптор: 2 ұпай

Көркем шығармадан табады 1 балл, тура мағынасын жазады 1 балл.

ЕББҚ/ойлау деңгейі баяу оқушы

Берілген ресурстан ауыспалы мағынада жұмсалған сөздің астын сызады 1 балл, тура мағынасын жазады 1 балл.

2-тапсырма. ТЖ 1,2-топқа табиғат көрінісін бейнелеген үзінді бойынша сурет салу, әдейі 1-2 қате жібереді;

3,4-топ көркемдеуіштерді еске түсіру мақсатында келесі топқа тапсырма ұсынады және қарсы топтың тапсырмасын шешеді.


ЕББҚ/ ойлау деңгейі баяу оқушы:

Дайын ресурстар беріледі, асты сызылған сөздердің қандай тәсіл арқылы жасалып тұрғанын анықтайды, топтық жұмыс болғандықтан, топтағы оқушылар көмектеседі.


«Қатені тап» әдісі

«Веер» әдісі


1,2-топ оқушылары табиғат көрінісі, оқиға орны берілген үзінді бойынша сурет салады, қарсы топ оқушылары суреттегі қатені тауып үзінді бойынша дәлелдейді.


3,4-топ оқушылары көркемдеуіш тәсілдердің жасалу жолына назар аударып өз пейзаждарын жазып шығады;


Дескриптор: /5 ұпай/

-портрет жасаушы тәсілді ажыратады 1 ұпай;

-көркемдеуіш құралдарға сай үзіндіні табады 1 ұпай;

-көркемдеуіш құралдардың қызметін баяндап жазады 2 ұпай (әр дәлелге 1 ұпай);

- кейіпкер бейнесін ашу арқылы арман, адал достық, мүмкіндік құндылықтарын тани алады 1 ұпай;


3-тапсырма. Берілген көркемдеуіштерді негізге ала отырып портрет жасаушы үзінділерді тауып, не түсіндіңіз сипаттап жазыңыз. Оқушыларды қолдауға бағытталған сұрақтар:

- Тортайдың сырт келбеті қалай суреттелген?

- Кейіпкердің өмір сүрген уақыты оның болмысына әсер етті ме?

- Тортайдың қандай қасиетін байқадың?

- Тортай қандай дос?

- Тортай неліктен арманына жете алмады?

ЕББҚ/ ойлау деңгейі баяу оқушы:

Берілген үзінді бойынша кейіпкердің қасиетін сипаттап жазады

Кестені толтыру

Оқушылар кестеде берілген көркемдеуіштерге сай үзінділерді тауып, қалай түсінгенін, автордың портрет жасау ерекшелігін бағалау пікірін жазады


ЕББҚ/ ойлау деңгейі баяу оқушы Берілген үзінді бойынша Тортай қандай және Ораш қандай деген сұраққа жауап береді

Дескриптор: /5 ұпай/

-портрет жасаушы тәсілді ажыратады 1 ұпай;

-көркемдеуіш құралдарға сай үзіндіні табады 1 ұпай;

-көркемдеуіш құралдардың қызметін баяндап жазады 2 ұпай (әр дәлелге 1 ұпай);

- кейіпкер бейнесін ашу арқылы арман, адал достық, мүмкіндік құндылықтарын тани алады 1 ұпай;



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!