О.Бөкейдің «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы

Тақырып бойынша 25 материал табылды

О.Бөкейдің «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы

Материал туралы қысқаша түсінік
О.Бөкейдің «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы
Материалдың қысқаша нұсқасы






Бөлім:

Мен-балаң, жарық күнде сәуле қуған...

Педагогтің Т.А.Ә.

Унербаева Айнур Аблазимовна

Күні:


Қатысушылар саны:

Ерекше біліміді қажет ететін оқушы саны: жоқ

Қатыспағандар саны:

Сынып:

6

Сабақтың тақырыбы

О.Бөкейдің «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

6.2.3.1.шығармадағы көркем ауыстыруларды (теңеу, эпитет, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді) анықтау.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы орындай алады:

  • Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсінеді;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • Шығармадағы көркем ауыстыруларды (теңеу, эпитет, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді) анықтайды;

Оқушылардың кейбірі орындай алады:

  • шығармадағы көркем ауыстыруларды (теңеу, эпитет, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді) тілдесім барысында қолданады.

Бағалау критерийі


  • Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсінеді;

  • Шығармадағы көркем ауыстыруларды (теңеу, эпитет, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді) анықтайды:

Ойлау дағдылары деңгейі

Білу-түсіну, қолдану

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті


Оқушының әрекеті


Бағалау


Ресурстар


Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі . Сәлемдесу.


ОЙ ШАҚЫРУ

-Балалар, өткен сабақта қандай әңгімемен таныстық? (С.Мұратбеков «Жусан иісі»).

-Біз осы оқу жылында көптеген ақын-жазушылармен таныстық. Солардың бірі- Сайын Мұратбеков. Жазушының «Жусан иісі» әңгімесін өткен сабақтарда қызыға оқыдыңыздар.

1. С.Мұратбековтің «Жусан иісі» шығармасы қандай жанр? (прозалық)

2. Аян халық ауыз әдебиетінің қай түрін шебер айтушы еді? (ертегі)

3. «Жусан иісі» шығармасының басты кейіпкері кім? (Аян)

4. Аян сауаттанған соң не істеді? (Хат жазды).

5. Аянның ұстазы (Иманжанов).

6. Оқиға қай жерде болған (Жусантөбе)

7. Аян Асылбек қартқа аяғын салдыртқанда қандай қасиет көрсетті? (төзім).

8. Аянның досы (Есікбай).

9. Балалар кімнің үйінің қасында жиналып ертегі айтушы еді (Бапай шал).

Сәлемдеседі.



Оқушылар экрандағы сұрақтарға өткен сабқаты естеріне түсіре отырып пысықтап, жауап береді.





«Мадақтау»


Сабақтың ортасы


Топтық тапсырма


«Кім көп біледі?» алаңында бақ сынап көрейік, балалар!


1-тапсырма.

«Мағынаны ажырату» (топтық жұмыстар).


Топқа бөлу «пазл құрастыру» әдісі арқылы

1-топ «Сілтеме табушылар»

2-топ «Ізденушілер»

3-топ «Дәнеркерлер»

4-топ «Бейнелеушілер»


1-топ «Сілтеме табушылар». Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» (мәтінмен танысып, негізгі идеяны табу).

Дескриптор

- Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесімен танысады

-Негізгі идеяны табады.


2-топ «Ізденушілер»

Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесіне байланысты ұқсас қандай әңгіме өттік?

Дескриптор

- Сайн Мұратбеков «Жусан иісі» шығармасындағы Аян бейнесі мен Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесіндегі Тортай бейнесін сомдайды.


3-топ «Дәнеркерлер». Жоғарыдағы талданған шығармадағы ұқсастық бүгінгі өмірде бар ма?


Дескриптор

Сайн Мұратбеков «Жусан иісі» шығармасы мен Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесіндегі ұқсастық бүгінгі өмірде бар ма? Венн диаграммасы тәсіліне салып салыстырады.


4-топ «Бейнелеушілер»

Мәтіннен Тортай бейнесін тауып, суретін салу. Біздің ішімізде менен екі-үш жас үлкендігі бар бір бала болушы еді. Әке-шешеден ерте айырылып, алыстан қосылатын аталастарының есігінде жүретін. Қой аузынан шөп алмас жуас, құлағының сәл мүкісі бар, бала болып көп ойнамайтын жасқаншақ еді. Бәрімізден гөрі ерекшелігі-таңертеңнен кешке дейін бас алмай кітап оқи беретін.


Дескриптор

Мәтіннен Тортай бейнесін тауып, суретін салады.








«Пазл құрастыру» әдісі арқылы төрт топқа топтасады. 4-топқа бөлінеді.




Дескрипторларына қарай жұмыс жасайды.








Дескрипторларына қарай жұмыс жасайды.










Дескрипторларына қарай жұмыс жасайды.









Дескрипторларына қарай жұмыс жасайды.










Топтық бағалау

































Ұжымдық тапсырма


2-тапсырма.

Ұжымдық тапсырма

Сатылай кешенді талдау.

Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»

Шығарманың композициялық құрылысы.


Шығарманың басталуы –

Шығарманың байланысы –

Шығарманың шиеленісуі –

Шығарманың шегі –

Шығарманың шешімі –

Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі –


Дескриптор

Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесіне сатылай кешенді талдау жүргізеді.



Шығарманың басталуы – Салықсалған ауылының көрінісі.

Шығарманың байланысы – Тортай мен Ораштың достығы.

Шығарманың шиеленісуі – Тортайдың үйінен кетуі.

Шығарманың шегі – Тортайдың түсі.

Шығарманың шешімі – Тортай мінер ақ боз ат... Менің тақымымда кеткендей еді...

Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі – жағымды кейіпкер-Тортай, Ораш, жағымсыз кейіпкерлер-Тортайдың туыстары.

Әңгімені мазмұндай отырып сатылай кешенді талдау жасайды.












Сатылай кешенді талдауды дұрыс нұсқамен салыстырады.










ҚБ

























3-тапсырма.

Шығарма бойынша жұмыс (теңеу, эпитет, мақал-мәтел, тұрақты тіркестердің анықтамасын айта отырып, мәтіннен теңеу, эпитет, мақал-мәтел, тұрақты тіркестерді табу).


Эпитеттер-

Теңеулер-

Мақал-мәтелдер-

Фразеологизмдер-


Дескриптор

  • Теңеу, эпитет, мақал-мәтел, тұрақты тіркестердің анықтамасын айтады;

  • Шығармадан теңеу, эпитет, мақал-мәтел, тұрақты тіркестерді табады.



Эпитеттер - жаймашуақ сәт, төңкеріліп тұрар аспан, бейбіт күннің шуағы, тас үңгір, көк мұнар дүние.


Теңеулер табанға кілемдей жүмсақ тию, ұлардай шулап, ұядай қылып жинау, Алтайдың шолпысындай жарқыраған Бұқтырма.


Мақал-мәтелдер Аш бала тоқ баламен ойнамайды, Ораза- намаз тоқтықта ғана.


Фразеологизмдер Қой аузынан шөп алмас, ит басына іркіт төгу.


Оқушылар теңеу, эпитет, мақал-мәтел, тұрақты тіркестердің анықтамасын айтады.















Шығармадан эпиттерді табады.



Шығармадан теңеулерді табады.




Шығармадан мақал-мәтелдерді табады.


Шығармадан фразеологизмдерді табады.




Өзін-өзі бағалау.


Дәптермен жұмыс

Мәтіннен алынған дәйек сөз.

Ықтимал жауап.

  1. Қой аузынан шөп алмас. (Жуас, момын, ұялшақ, жасқаншақ).

  2. Құлағының сәл мүкісі бар. (Саңырау, құлағы естімейді).

  3. Кетерінде сүйікті кітабын сыйлап тұрып: «Мен үшін де оқы. Бәлкім, мен міне алмаған ақ боз атқа сен мінерсің»,-деді. (Достыққа адал, мейірімді).

  4. Аузымызды ашып тыңдайтын абызымыз. (Білімді, оқып, тоқығаны мол).

  5. «Тоқ бала, аш баламен ойнамайды» (Жетімдікті, тауқыметті көп көрген).

  6. Кел жаныма, мен сені тым жақсы көремін. Бастықтың баласымен деп мұрныңды көкке көтермейсің, қарапайымсың. (Қамқор, ақылшы).

  7. «Әкем де,шешем де – сол кітап». (Кітапқа ерекше құмар).

Оқушылар ықтимал жауаптарын дәптерге жазады.

Мұғалім бағалауы


Сөздікпен жұмыс

Сөздікпен жұмыс


Күлтеленген шоқталып түйілген буда жіп.


Күреңсе саздау жерге шығатын шабындық шөп.


Жемтір-жемтір жұлма-жұлма.


Ымырт күн батып, оның қызылы тарағанға дейінгі уақыт.

Сеператор – сүттен қаймақ айыратын сүтмәшине.

Берілген сөздерді дәптерге жазады.



Сабақтың соңы.





Проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар.


  1. Салықсалғанда соғыстан кейінгі жағдай қандай болды?

  2. Әңгімеші бала мен Ораштың достығы қалай сипатталған?

  3. Тортайдың жеке басының арманы не?

  4. Тортайдың автор үйіне келудегі мақсаты не?

  5. Автор неге орнынан тұрып амандаса алмады?

  6. Тортай кітап туралы қандай пікірде? Кітапты неге пір тұтты?


Берілген сұрақтарға оқушылар жылдам (ауызша) жауап береді.




«Cізді толғандырған сұрақтар» алаңы.

Ой толғаныс


  • Балалар, сонымен бүгін не үйрендік?

  • Әңгіме неге «Тортай мінер ақ боз ат» деп аталған?

  • Тортай қандай бала? Сенің ойыңша жағдайы болып оқығанда ол өскенде кім болар еді?

  • Ораштың орнында болсаң сен не істер едің?

  • Шығарманың Сіз үшін тәрбиелік мәні қандай болды?


Сұрақтарды берілген парақтарға жазады.




Кері байланыс


Білім қоржыны


Мен үшін қызықты болды...

Мен бүгін білдім...

Менің қиналған жерлерім...



Қоржынға әкеліп салады.











Үйге тапсырма


«Айналамызда Тортай сияқты балалар бар ма? Олардың әлеуметтік жағдайы» қандай? Осы сұрақтарды негізге алып, «Бүгінгі күннің Тортайлары не істеп жүр?» деген тақырыпта эссе жазайық.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2025
138
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі