Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оғыз мемлекеті(IX-X ғасырдың ортасы).

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰМЖ бөлімі: 1А - ҮІ-ІХ ғғ Қазақстан

Мектеп: Ақтоған шағын орталықты орта мектебі

Сабақтың тақырыбы

Оғыз мемлекеті (IX-X ғасырдың ортасы).

Сабақтың зерттеу сұрағы:

«Оғызнама» жыры қандай мәлімет береді?

Өтетін күні: қазан 2018ж

Мұғалімнің аты-жөні:Дарменова Эльнара Тураровна

Сыныбы: 7 «Ә»

Барлығы: 20


Оның ішінде қатыспағандар саны: -

Сабақта көзделген оқу мақсаттары

6.3.1.2 – VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін

түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

Сабақтың

мақсаттары Табыс критериі

Барлығы: Оғыз мемлекетінің қалыптасу мен шаруашылығы туралы түсінеді, біледі;

Көпшілігі: Оғыз мемлекетінің саяси құрылымын салыстырмалы талдайды;

Кейбірі: Оғыз мемлекетнің құрылу себептерін жазба деректерді қолдана отырып, пайымдайды;

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау

критерийлері

Алғашқы мемлекеттік бірлестіктер мен Түрік қағанаты арасындағы

байланысты анықтау

Тілдік мақсат

Оқушылар: Батыс Түрік және Түргеш қағанаттарының тарихына салыстырмалы талдау жасайды

Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология): қара түргеш, сары түргеш

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

Түргештердің өз мемлекетін құруға не түрткі болғанын айта аласың ба?

Түргеш мемлекетінің жағдайы құрылған кезден бастап, ауыр болды дегенді қалай түсіндіруге болады?

Соғдылардың Жетісуға қоныс аудару себеитері неде?

Жазылымға арналған тапсырмалар: «Ашық тест»

Алдыңғы түсініктер

Қазақстан территориясындағы алғашқы қағанаттар мен мемлекеттердің пайда болуы, құлдырауы туралы біледі

Құндылықтардыдарыту

Азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық

Пәнаралық

байланыстар

Дүние жүзі тарихы, География

АКТ қолдану

дағдылары

Интернет ақпарат материалдарын пайдалану.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер, жаттығулар, тапсырмалар:

Ресурстар


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


САБАҚТЫҢ БАСТАЛУЫ

1.Ұйымдастыру кезеңі:



2.Үй тапсырмасын тексеру:





3.Қайталау:
















Топтастыру – «Оғыздардың мемлекет басшылары»

1-топ «Жабғу», 2-топ «Сюбашылар», 3-топ «Атабектер».

Оқушылар қима қағаздар бойынша ІІІ топқа бөлінеді.





Қима қағаздар.

«Санквейн» әдісін қолдана отырып үй тапсырмасының орындалуын пысықтау:

-1-топ «Жабғу»Түркі халықтарының тағдырындағы Атлах шайқасының тарихи маңызын атандар.

- 2-топ «Сюбашылар» Қарлұқтардың VІІІ ғасырдың бірінші жартысында Жетісу аумағына қоныс аударуы;

- 3-топ «Атабектер» Х ғасырдың ортасында Қарлұқ қағанатын әлсіретіп, құлауына қандай жағдайлар себеп болды?






Үлгі жауаптары: «Жабғу» тобының жауабы: Атлах түбіндегі шайқастың түркі халықтарының тағдырына үлкен тарихи маңызы болды:

1.Қытайлар Жетісудан қуылды;

2.Арабтар Орта Азия аумағына шегінді. Бұл аймақта ислам тез тарала бастады;

«Сюбашылар» тобының жауабы:

Қарлұқтардың Жетісуға қоныс аударуының себептері:

-көші-қон үшін жаңа жерлердің қажеттігі;

-ұйғырлармен бәсекелестік;

«Атабектер» тобының жауабы:

-Араб басқыншылығы нәтижесінде қағанат әлсіреді, ал Қарлұқ қағанатына үлкен қауіп Қашғар жағынан төнді.

-940 жылы Қашғар түркілері Баласағұн қаласын басып алды, осылайша Қарлұқ қағанаты өмір сүруін тоқтатты.

«Bilimlend. Kz» білім беру орталығының материалдары.

САБАҚ ОРТАСЫ

4.Жана білімдерді қалыптастыру.

5. Алған жаңа білімдерін тексеру:







Интерактивті тақтадан бейнежазба көрсетіу «Оғыз мемлекеті» туралы.

«Кубизм» стратегиясы әдісін қолдану арқылы жаңа материалды пысықтау:

Зерттеңіз: Оғыз тайпалары туралы жазба деректер тізімін зерттеңіз.

Сипаттаңыз: Оғыз тайпаларының жер аумағын сипаттаңыз.

Пікіріңіз: Оғыз қағанның: «Қозғала беріңдер, отырықшы болмаңдар: жоқшылықты білмей, көктемгі, жазғы және қысқы жайылымды сағалап, өзен бойымен көшіңдер» деген қағидасына пікір білдіріңіз.

Салыстырыңыз: Оғыз мемлекетінің тарихи рөлін салыстырыңыз. (өз қалауыңыз бойынша, қай мемлекетпен...)

Қолданыңыз: Оғыз мемлекетінің басқару жүйесін сипаттаңыз.

Суреттеңіз: «Оғызнаманың»

басты идеясысын суреттеңіз.

«Түртіп ал» оқушылардың тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларын дамыту.

Үлгі жауаптары:

Зертеңіз: Оғыз тайпалық құрамы туралы деректерді Махмұт Қашқари еңбектерінен, орыс жылнамаларында да оғыз туралы айтылған,(Еділ бұлғарларына қарсы бірлескен күреске байланысты торк деп аталған, Батыс Қазақстан аумағына келгенге дейін оғыздардың Жетісуда Ескі Грузия деп аталған ордасы болды.).

Сипаттаңыз: VIIІ ғасырдың екінші жартысында қарлұқтармен күрес нәтижесінде оғыздар Жетісуды тастап, Сырдария бойы аумағына қоныс аударды. ІХ ғасырдың басында оғыз көсемдері печенегтерді талқандады. Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал бойының далалық алқабын басып алды. ІХ ғасырдың соңында олар хазарлармен одақтаса отырып, печенегтерге соңғы соққы берді де, Жайық пен Еділ бойы аралығын толық иемденді. Печенегтермен болған ұзақ күрес оғыздардың ІХ ғасырда мемлекет құруына ықпал етті. Оғыздардың орталығы Янгикент қаласы Сырдария бойында, көшпелі және отырықшы мәдениет тоғысында орналасты...

Пікіріңіз: Оғыздардың көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Оғыз тайпаларының бір бөлігі Сырдари­яның төменгі бойын қыстап, жайлауға Каспий маңындағы далаға көшкен. Оғыздар негізінен жылқы, қой, ешкі, сиыр, өгіз, түйе өсірген. Әсіресе, қой өсіру шаруашылығы маңызды рөл атқарған. Сондай-ақ оғыз бай-феодалдары жер қайыстырған қалың жылқы үйірлерін ұстаған. Көшпелі оғыздар түйе, оның ішінде айыр өркешті ірі түйелер өсірген. Оғыздар аңшылықпен де айна­лысты. Оғыз кедейлері Арал теңізінен, Сырдариядан, тағы басқа да өзендерден балық аулап кәсіп қылған. Оғыз қағанның идеясы шаруашылықты дамыту...

Салыстырыңыз: Оғыздар мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князі Святославтың арасында хазарларға қарсы бағытталған әскери одақ жасалды. Мұның нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалды. Киев Русінің оғыздармен әскери-саяси одағы олардың саяси және сауда-экономикалық мүдделерінің бір болуынан туындады. Хазар мемлекетімен бәсекелес болған ежелгі орыс мемлекетіне одақтас керек болды; екінші жағынан, феодалданып келе жатқан көшпелі оғыз шонжарлары ездерінің малына жайылымға, Дон және Қара теңіз маңындағы далаларға өте мұқтаж болды, ал оған жетуге Хазария бөгет жасады. Оғыздарды Еділ бойынан, МаңғыстауданҮстірттен өтіп, Еуропаны Азиямен жалғастыратын аса маңызды жолдар барынша қызықтырды. Бұл сауда жолдарын өз бақылауында ұстауға ертедегі орыс мемлекеті де мүдделі болатын. Хазарияның талқандалуы орыс көпестеріне Шығыс елдерінің бай нарығына жол ашты. Осының бәрі оғыз жабғуларын сыртқы саяси бағытында орыс князьдерімен одақ жасасуға бағдар алуға итермеледі...

Қолданыңыз: Махмұд Қашғари оғыздардың бастапқы кезде 24 тайпаға бірігіп, боз оқ және үш оқ деген екі топқа бөлінгендігін келтіреді. Боз оқтар ерекше артықшылыққа ие болады. Оғыз мемлекетінің басшысы, жоғары билеушісі жабғу деп аталды. Әскердің бас қолбасшысы-сюбашылар әскери кеңеске сүйенді. Билеушіні ең мықты да ықпалды рулардан тұратын кеңесте сайлады. Оғыз мемлекеті біртұтас болған жоқ. Жоғары билеушінің билігі тайпалық ақсүйек қауымының кңесімен шектелді. Билеушілердің әйелдері де сарай өмірінде маңызды рөл атқарды. Мұрагерлер тәрбиелеу үшін арнайы қамқоршылар-атабектер тағайындалды...

Суреттеңіз: «Оғызнаманың»

басты идеясы-бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күресу болып табылады.

«Bilimlend. Kz» білім беру орталығының материалдары. Электронды оқулық. АКҚ.


САБАҚТЫҢ СОҢЫ:

6.Жаңа білімді бекіту:



















«Синкуин» стратегиясы бойынша: 5 жолдық тұжырымдама келтіреді:

Оғыз мемлекетінің саяси құрылымы:

1.жабғу

2.

3.

4.

5.

Оғыз мемлекетінің құлауы:

1.Салжұқтар

2.

3.

4.

5.

X-XI ғ. Оғыздардың қалалары:

1.Жент

2.

3.

4.

5.

Үлгі жауаптары:

1.Жабғу

2.Сюбашылар

3.Атабектер

4.Боз оқ, үш оқ

5. ақсүйек қауымы


1.Салжұқтар

2.Қыпшақтар

3.Шығыс Еуропа, Кіші Азия

4.Дешті Қыпшақ

5.Орталық Азия


1.Жент

2.Сауран

3.Сығанақ

4.Мауараннахр

5.Жетісу





Үлестірмелі карточкалар.

















10.Үйге тапсырма:


§ 5 оқу, «Оғызнама» жырының тарихи дерек ретінде құндылығын бағалайды.

Күнделіктеріне түртіп алады.

Күнделік


11. Сабақты қорыту:


Мұғалім сабақты қорытындылайды, бағалаудың балама түрі арқылы бағалайды.

Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау......

Күнделік


12. Рефлексия кезеңі:


«Кері байланыс парағы»

Білемін

Білгеніме сәйкес келеді

Жаңа материал

Тереңірек білгім келеді


Оқушыларға «Кері байланыс парағы» үлестіріп, кері байланыс жасау арқылы, ой-тұжырымдайды.

Кері байланыс парағы

Бағалау критериі Дескриптор

Оғыз қағанатының құры

луының басты оқиғаларын ажыратады.

Оғыз мемлекетінің құрылуының тарихи маңыздылығын анықтайды.

Оғыз мемлекетінің қалыптасу мен шаруашылығын талдай алады;

Оғыз мемлекетінің саяси құрылымын салыстырмалы сипаттай алады;

Оғыз мемлекетнің құрылу себептерін жазба деректерді қолдана отырып, пайымдай алады;

Рефлексия: Мен өз дағдымда нені дамыта алдым, нені өзгертуге болады?/

Сабақ мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін не білді?/ Сыныптағы ахуал қандай болды?

Оқыту неге бағытталған?

Жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма?

Белгіленген уақытқа үлгердім бе?

Жоспарыма қандай түзетулер еңгіземін?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
1592
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі