|
1-жүргізуші:
Енді сіздердің топ мүшелерімен, топ
атымен, ұранымен таныс болайық.
І – «SmartҰстаз»
тобы
ІІ- «ZerdeTeam
» тобы
2-
жүргізуші:
Қымбатты ойыншылар,
біздің ойынымыз ІV – айналымнан
тұрады.
I. «Білім бастауы»-
бейнесұрақтар бөлімі
II. «Түйдекті ой»
-фразеологизмдер бөлімі
III. «Құпия
ұяшықтар»- жасырын сұрақтар
IV. «Әріптер
лабиринті» сөз құрастыру
тапсырмасы
Ендеше
, 1 –
айналымды бастаймыз. Сіздерге бейне
сұрақтар қойылады.
І –
айналым
«Білім бастауы»-
бейнесұрақтар бөлімі
-
Бұл қай фильмнен
үзінді? («Жау жүрек мың
бала»)
-
7-ші қысқы Олимпиада
ойындарында еліміздің спортшылары қоржынға нешінші орын алып, неше
алтын, неше күміс, қанша қола
салды?
-
(1 орын, 70 медаль,32 алтын,21
күміс, 17 қола салды) 48/48
-
Сіздерге әйгілі
фильмнен үзінді көрсетіледі,бұл қай фильм
еді?
(«Шыңғыс
хан»)
ІІ –
айналым
«Түйдекті ой»
-фразеологизмдер бөлімі
-Ал,
енді 2-ші айналымды бастаймыз. Бұл айналым
2
асудан тұрады.Атам қазақ «Аңдымай сөйлеген,
ауырмай өледі» деген екен. Ал, біздің айналым аңдап сөйлеп,анық
айтқанға 1
ұпай сыйлайды. Бұл кезеңнің мақсатты
ойыншылардың сауттылығын тексеру. Әуелі сайыскерлерден сөздердің
дұрыс жазылуын қаншалықты білетінін
тексереміз.
1-ші
асу
І – топ
«Қайырымдылық»
ІІ- топ
«Сүйіспеншілік»
І – топ
«Адамгершілік»
ІІ- топ
«Жауапкершілік»
(Компютермен жазылып
отыру керек)
2-ші асу
-
Енді, қазір сіздермен тұрақты сөз
тіркесімен кездесетін боламыз.Қазір, экранға фразеологиялық
тіркестер беріледі.Сол тіркестің мағынасы мен баламасын дұрыс
айтуларыңыз керек. Дұрыс жауапқа 1 ұпай
беріледі.
І – топ Шашбауын
көтерді (жағымпазданды)
ІІ- топ Қасқалдақтың
қанындай (тапшы, өте аз)
І – топ Аузынан ақ май
ағызды (жарылқады, кенелтті)
ІІ- топ Жылан қарақ майы
жоқ (арық, көтерем)
ІІІ –
айналым
«Құпия ұяшықтар»-
жасырын сұрақтар

ІV –
айналым
«Әріптер лабиринті»
сөз құрастыру тапсырмасы
Шешуші
кезең:
-Барын салса, бәрін жеңуге
болады. Тапсырма жеңіл, дегенмен бұл кезең жылдамдықты керек етеді.
Сіздерге , әрқайсыларыңызға екі әріптен берілген. Қазір мен
сіздерге сауал қоям, осы әріптер арқылы жауап берулеріңіз
керек. Сөздер 4 әріптен құралады. Жауап беруге 1 мин
беріледі.
|
І – топ а, д, а, л
,ы, с, о, р
|
ІІ- топ
қ, ұ, л, а, ж, о,
б
|
-
Арамның
антонимі (адал)
-
Абай дана, Абай
.... (дара)
-
Майдың түсі
қандай (сары)
-
Өзіңмен.... бойында
таныстым (Арыс)
-
Ананың көңілі
балада,
Баланың көңілі
..... (дала)
-
Үлкен іске жабылып көмек
беру (асар)
-
Біржанмен айтысқан ақын
қыз (Сара)
-
Қазақстандағы қаланың
бірі (Орал)
-
Өз....
маманы (сала)
-
Жүз
теңгесі болғанша, жүз .... болсын (досы)
|
-
Жылқының
түсі (құла)
-
Қалыңның
антонимі (жұқа)
-
Нан қоқымын баспа,
...болады (обал)
-
Жүзге жатпайтын
ру (қожа)
-
Қолынан түк келмейтін
адам (олақ)
-
Тас темір дәуірі, тағы қандай дәуір
бар (қола)
-
Жөн... (жоба)
-
Біреуді
айыптау (жала)
-
Кездейсоқ пайда
табу (олжа)
-
«Намыс дода» ойынында адамның соңынан қалмайтын
жануар (бұқа)
|
Бүгінгі «Ой мен
ойын» сайысы – ұстаздардың даналығы
мен тапқырлығы тоғысқан, шеберлігі мен ізденімпаздығы сыналған
ерекше сәт болды. Әріптестеріміз өз білімін ғана емес, ұжымдық
бірлікті, шығармашылық ойды, жүрек жылуын да көрсете
білді.
Бұл жарыс бізге бір
нәрсені тағы дәлелдеді:
– Мұғалім тек оқушыға
білім беруші ғана емес,
– Өмір бойы
ізденуші,
– Жаңашылдыққа
ұмтылушы,
– Жарысқа түсе отырып,
жеңісті де, жеңілісті де мәртебемен қабылдай
білуші.
Қорытындылай келе,
барша қатысушыларды шын жүректен
құттықтаймыз!
Бұл білім додасында
жеңімпаздан бұрын – әрбір ұстаз
жеңімпаз.
Себебі сіздер
балаларға үлгі, ұлтқа тірек, болашаққа жол
ашушысыздар!
Бүгінгі «Ой мен
ойын» нан алған қуатымыз – ертеңгі еңбегімізге шабыт
болсын!
«Ой мен Ойын»
мұғалімдер арасындағы интеллектуалды жарыстың қысқаша
бейнежазбасы:
https://youtube.com/shorts/xJf4tM0SC_w?si=bT_r-8q1HDW7ZFZo
|