жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ой мен ойын» интеллектуалдық сайысы
Күні: 17.10.2018 ж
Сыныбы: 4 а, 4 ә, 4 б ,4 в сыныптары
Тақырыбы: «Ой мен ойын»
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлақтары мен шапшаңдықтарын, өз ойларын еркін де, шешен сөздермен дәлелдеуге үйрету.
Көрнекілігі: суреттер, слайд, музыкалық сүйемелдеу.
Барысы:
Ұйымдастыру
Сәлемдесу
Топ оқушыларымен таныстыру
Негізгі бөлім
1-жүргізуші:
-
Сәлеметсіздер ме, оқушылар және ұстаздар! Бүгінгі 4 сынып оқушыларымен « Ой мен ойын » интеллектуалды сайысы өткелі отыр.
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық!
Кім білімді, кім дарынды
Талантты іздеп табайық!
Ойланып енді қарайық,
Қазылардың алқасын,
Ортадан сайлап алайық!
2-жүргізуші:
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Бастауыш сынып мұғалімі – Кәрібаева А
Бастауыш сынып мұғалімі – Мукумнияз А
Бастауыш сынып мұғалімі – Абдраманова Г
1-жүргізуші:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздей өренді,
Ғылымның биік шыңына – деп ортаға озық ойлы интеллектулды оқушыларымызды ортаға шақырайық.
2-жүргізуші:
-
Алдымен топтармен танысып алайық.
Қатысушылар: 4 сынып оқушылары. Әр сыныптан екі оқушыдан қатысады.
Сайыс кезеңдері:
-
«Кім жылдам?»
-
«Мені түсін»
-
«Тұлғаны тани біл»
-
«Әуенді тап»
Бірінші кезең «Кім жылдам?» деп аталады. Бірінші кезеңде топ оқушыларына 40 сұрақ қойылады. Әр берілген сұраққа оқушылар тез және нақты жауап беру керек. Тез және дұрыс жауап берген оқушы 1 ұпай алады. Барлық сұрақтар саны –40 , жалпы –40 ұпай.
-
Қазақтың үш биін ата.
-
Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім?
-
Қазақтың ұлттық аспабы?
-
Фигураның ауданын қалай табамыз?
-
Қосудың компоненттерін ата
-
Апорт алмасының отаны
-
Тұрлаулы мүшелерді ата
-
Тұрлаусыз мүшенің астын қалай сызамыз?
-
Ұлы Отан Соғысы қашан басталды?
-
Судың күйлерін ата
-
Бейбітшілік құсы
-
Физикалық картада шекара қандай түспен белгіленеді?
-
Азайтудың компоненттерін ата
-
Көбейтудың қасиеттерін ата
-
Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата
-
Айтыстың түрлерін ата
-
Дауыссыз дыбыстардың нешеге бөлінеді?
-
Мәтіннің неше түрі бар?
-
Физикалық картада өзендер мен көлдер қандай түстермен белгіленеді?
-
Өсімдіктер қандай табиғатқа жатады?
-
Тері қандай қызмет атқарады?
-
Периметрді латынның қай әрпімен белгілеміз?
-
Тік бұрышыты параллелепипедтің көлемін қалай табамыз?
-
Пырақ қай рәмізде бейнеленген?
-
М. Мақатаев жырлаған үш бақыт
-
Шындық - қарама-қарсы мағынадағы сөзді ата
-
Бірінші кластың 55 бірлігі және екінші кластың 115 бірлігі – бұл...
-
Масса өлшем бірліктерін ата
-
Жұрнақ дегеніміз не?
-
Жалғау түрлерін ата
-
Тоннаның жартысы
-
Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал
-
Көкжиектің неше тұсі бар?
-
Күнге тіке қарап ұша алатын құс
-
Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
-
Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?
-
Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
-
Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
-
Жылдың неше айында 28 күн бар?
-
Дайындауға болады, жеуге болмайды. Ол не?
Екінші кезең « Мені түсін» деп аталады. Екінші кезеңде зат есімдер беріледі. Топтан шыққан оқушы сөзді мимика немесе іс қимыл арқылы түсіндереді. Әр дұрыс табылған сөзге 5 ұпай беріледі.
1Топқа: балға, аю, қайшы, шемішке
2Топқа: орақ, қолшатыр, жіп, бор
3Топқа: домбыра, доп, сырға, ғарышкер
4Топқа: баян, шегіртке, бұлт, жарық
Үшінші кезең « Тұлғаны тани біл » деп аталады. Бұл кезеңде берілген суреттерден белгілі адамдарды тани білу керек. Әр тұлғаны тани білгенге 5 ұпай беріледі.
-
Н.Ә.Назарбаев
-
А.Құнанбаев
-
Т.Әубәкіров
-
Ы.Алтынсарин
-
Қ.Көшербаев
-
И.Ильин
-
Қ.Нұртас
-
Е.Хасанғалиев
Төртінші кезең «Әуенді тап» деп аталады. Бұл кезеңде ән тыңдатылады. Әнің атын, орындаушысын табу керек. Әр дұрыс табылған әнге 10 ұпай беріледі.
-
«Атамекен» Е.Хасанғалиев
-
«Ұстазым» А.Керімбекова
-
«Жаса, Қазақстан» Қ.Нұртас
-
«Көк тудың желбірегені» И.Іскедіров
-
«Жаяу» С.Ибрагимов
Көрермендер осымен біздің « Ой мен ойын» атты интеллектуалдық сайысымыз аяғына да жетті.
1-Жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Дарабозы, білімді мектептің жүрейікші.
Әділ қазы алқасына әділдікті,
Ал, балаларға сәттілікті тілейікші, – деп келесі сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
№ 278 орта мектеп
«Ой мен ойын» интеллектуалдық сайысы
Қатысушылар: 4 а, 4 ә, 4 б ,4 в сыныптары
Жауапты: А.Қоспақова, Г.Көпжасарова
Қызылорда, 2018-2019 оқу жылы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген