Тақырыбы:
«Ой
мен ойын»
Мақсаты:
Оқушыларды
ойната отырып ойлануға баулу, топта
жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақтың
түрі: сыныптан
тыс жұмыс, интеллектуалды ойын
Көрнекіліктер:
интербелсенді
тақта, слайд-презентация, сандықша,
мадақтамалар, А4 қағазы, маркерлер,
тапсырма парақтары.
Барысы.
ҰЙЫМДАСТЫРУ
КЕЗЕҢІ.
Мұғалім:
Армысыздар
ұлағатты ұстаздар мен құрметті ойыншылар!
Біздің «Ой мен ойын» атты сыныптан тыс
интеллектуалды сайысымызға қош
келдіңіздер! Ендеше бүгінгі сайыстың
әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
Директордың
тәрбие жұмысы бойынша орынбасары: Өжекей
Зәурегүл
Бастауыш
сынып мұғалімі: Маханова Замира
Абдигалиевна
3
«А» сынып жетекшісі: Еркенова Анар
Ризабековна
Мұғалім:
Ал
енді, топ капитандары, өз топтарының
мүшелерін таныстыруды өтінемін.
(оқушылар
топтың атын, ұранын, топ мүшелерінің
есімдерін айтады)
1-топ.
«Барыс»
Ұранымыз:
Тапқырлық
таныту мақсатымыз,
Біліммен
шықсын тек жақсы атымыз.
2-топ.
«Қыран»
Ұранымыз:
Қандай
сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашан
да ұмтыламыз жеңіске.
3-топ.
«Жалын»
Ұранымыз:
Жарыс
десе жанамыз,
Бүгінгі
біз жеңісті
Алғырлықпен
аламыз.
1-БӨЛІМ.
Мұғалім:
Бүгінгі
сайысымыздың кезеңдерімен таныс
болыңыздар.
1-кезең:
«Ұшқыр ой».
Берілетін
уақыт 10 секунд.
2-кезең:
«Құпия сандық».
Берілетін
уақыт 1 минут.
3-кезең:
«Ойлан, тап!».
Берілетін
уақыт 10 секунд.
Мұғалім:
Балалар,
сендер білесіңдер ме, алғаш ғаламторды
кім ойлап тапты? Білмесеңдер мен
айтайын,Тим Бернес Ли. Ал WIFI-ді шығарған
кісіні кім біледі? Ол ағылшын ғалымы
ВИК ХЕЙЗ екен. Ал бүгінгі біздің
сайысымызға ғаламтордың да керегі жоқ.
Қатысушыларымыз өз білімдерін ортаға
салмақ.
Олай
болса,
ойынымызды бастайық!
2-БӨЛІМ.
1-кезең:
«Ұшқыр ой».
Бұл кезеңде сіздерге қазақ тілі,
математика, дүниетану, жаратылыстану,
әдебиеттік оқу пәндері бойынша 10,20,30
ұпайлы ұяшықтарды кезек-кезекпен таңдап,
жауап бересіздер. Берілетін
уақыт 10 секунд.
Мұғалім:
Әділқазы
алқасы, ұпай сандарын шығаруларыңызды
сұраймыз.
3-БӨЛІМ.
2-кезең:
«Құпия сандық». Көрермендердің
ішінен біреуі сандықтан бір сөзді
таңдап, оқиды. Сол сөзден топтар барынша
көп сөз құрастыруы керек. Сөздерін А4
қағазына жазып, әділқазыларға тапсырады.
Берілетін
уақыт 1 минут.
(Ойыншықтар:
ой, ойын, ай, шықты, ашық, қар, тар, ар,
нар, шық, тары, отыр, от, қан, қарын, орта)
4-БӨЛІМ.
3-кезең:
«Ойлан, тап!». Интербелсенді
тақтада көрсетілген қазақ тіліндегі
сөзді орыс, ағылшын тілдерінде, яғни үш
тілде айту. Берілетін
уақыт 10 секунд.
Мұғалім:
Әділқазы
алқасы ұпай сандарының қорытындысын
шығарғанша, қатысушыларымызға көрермен
қауымы қызықты сұрақтар дайындапты.
Ойнаймыз ба? «Көрерменнен
базарлық»
Суда
туып, құрғақта өмір сүреді. (бақа) Қуаныш
Өрмекшіде
қанша аяқ бар? (8) Бауыржан
Қалталы
аң. (кенгуру) Б.Аружан
Пингвин
құс па, әлде аң ба? (құс) Нұрасыл
Басын
төмен қаратып ұйықтайтын құс. (жарғанат)
Аллаһберген
Жабық
көзбен нені көруге болады? (түс) Суреина
Тауық
өзін құспын деп айта ала ма? (жоқ, ол
сөйлей алмайды) Мадина
Ол
сізге тиесілі, бірақ адамдар оны сізден
жиі қолданады. (сіздің есіміңіз) Мансур
Теңізде
қандай тас болмайды? (құрғақ) Диас
Мұғалім:
Жер
бетінде адам өмір өткізер
Бар нәрсеге
білім қолды жеткізер
Бар ізгілік тек
білімнен алынар
Білімменен
болашаққа жол салынар – дегендей
білімділік пен ізгілікті бойымызға
дарыта берейік деп сайысымызды аяқтаймыз.
Енді әділқазылардан топтардың қорытынды
ұпай санын сұрап, марапаттау кезегіне
береміз.
Осымен
«Ой мен ойын» интеллектуалды сайысы өз
мәресіне жетті. Қатысқандарыңыз үшін
үлкен рахмет,қош сау болыңыздар!